Магнит өрісі. Электромагниттік тербелістер

Home » Рефераттар » Магнит өрісі. Электромагниттік тербелістер
Рефераттар Комментариев нет

Магнит өрісі

         Электр зарядын қоршаған ортада электростатикалық өріс болатыны сияқты токтарды қоршаған ортада магнит өрісі болады. Магнит өрісі осы өріске әкелінген тоғы бар өткізгішке әсер ететін күш арқылы білінеді. Ток айналасында магнит өрісі болатынын бірінші рет 1820 жылы дат физигі Эрстед тәжірибе жүзінде ашқан. Ол тогы бар өткізгіш маңында магнит стрелкасын қойсақ, стрелканың ток бағытына қарай бұрылатынын байқаған. Магнит  өрісін зерттеу үшін тогы бар жазық тұйықталған контур қолданылады. Рамка арқылы ток жүргенде, ол белгілі бір бұрышқа бұрылады. Рамканың айналу бағыты  арқылы магнит өрісінің бағыты анықталады. Француз физиктері Био және Савар тәжірибелер арқылы әртүрлі пішінді тұрақты токтың айналасындағы магнит өрістерін зерттеген. Лаплас сол зерттеулердің нәтижелерін жинақтап кез келген пішіндегі контурдың бөліктеріне жарамды магнит өрісінің қорытқы индукциясын анықтауға болатын заңдылықты ашты.

Магнит өрісі магнит индукциясының күш сызықтарымен кескінделеді. Ол сызықтар тұйық болады және кез келген нүктесі арқылы жүргізілген жанама индукция векторымен бағыттас болады. Магнит индукция векторының бағытын  оң бұранда ережесі бойынша да анықтауға болады. Өлшем бірлігі тесла (Тл).

Магнит өрісінде тогы бар өткізгіш және контур орын ауыстырғанда істелетін жұмыс. Сыртқы біртекті магнит өрісінде тогы бар өткізгіш еркін қозғалатын болсын. Магнит өрісінде тогы бар өткізгіш қозғалып орын ауыстырғанда ампер күшінің әсерінен жұмыс істелінеді.

Мысалы ұзындығы түзу өткізгіштің бойымен ток өткенде, өткізгіш  қозғалып  орнына тоқтады   делік. Магнит өрісі контур жазықтығына перпендикуляр.

Магнит өрісі және Электромагниттік тербелістер туралы толық мәліметті мына жерден жүктей аласыз: Жүктеу

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.