«Махаббат мұнарасы»

Home » Рефераттар » «Махаббат мұнарасы»
Рефераттар Комментариев нет

«Махаббат мұнарасы» — әйгілі жазушы Әбіш Кекілбаевтың шығармасы бойынша жасалған сахналық туынды. Белгілі қаламгер Рахымжан Отарбаевтың кәсіби шеберлігі негізінде қағазға түскен Ақсақ Темір тағдыры қым-қуыт іс-әрекет үстінде көрсетілер осынау сахналық туындының кілтін табуға тәжірибелі режиссер Шапай Зүлхаштың белсене кіріскені байқалады. Жалпы, нобайы аңыз-эфсанаға құрылған аталмыш қойылым, жасы жағынан егде тартып қалса да, ешнэрсеге есесін жібере қоймаған Ш. Зұлхаш ой қуатының әлі де мығым екендігін айғақтайды. Қойылым аса зәрулігімен (актуальды) құнды деуге болады. Әмірші Ақсақ Темірдің өзі (Б.Зинуллин) тағдыр тэлкегінің алдында мүлдем шарасыз күй кешеді. Махаббат мұнарасын салдырып, элемдік деңгейде алып ғимарат тұрғызған кіші ханымның (Ш.Рамазанова) көлденең көзге арбалар тұсы сарай маңындағы сыбырлағыштар мен жыбырлағыштардың айызын қандырып, азуын айға білеген айбатты әміршінің жүзін төмен қаратады. «Аспан Алланікі болса, жер үсті менің иелігімде» деп жүрген адуын адамның кісі төзгісіз әбігерге түсіп, тіпті о дүниеге кеткенше жанталаса асығуы дене түршіктірерлік көріністер. Бүгінгі күн картиналары көзге ұрады. Зэрулігі де осында. Б.Зинуллиннің орындауындағы Ақсақ Темір бейнесі барынша заманауилығын сақтай алған. Оның кейіпкері «Махаббат деген не өзі?» деген сауалдың жауабын іздеп сабылады. Сөйтсе, ол тірінің азабы — өлінің тозағы болып шықты. Ондай үзілді-кесілді шешіммен келісе алмаған үлы Әмірші көрге түскеннен өзге жол таппай сенделіп, сергелдеңге түседі.

Б.Зинуллин — аталмыш рөлге лайық, әйтсе де, оның актер ретінде белсендірек болғанын қалар едік. Сөз кідірістері (пауза), нақтылы әрекеттер легі солғындау. Бәйбіше (А.Мұхтарова) бейнесі ұстамдылығымен, тәкаппарлығымен, үстем көзқарастарымен көпшілік көңілін баурады.Кіші ханым (Ш.Рамазанова) — көбіне-көп монологтарға бейімделген кейіпкер. Ол дегеніңіз, актрисадан неше түрлі үн кұбылуларын, дыбыс тербелістерін, дауыс өзгерістерін талап етері сөзсіз. Орындаушы осы түстарды тэптіштей ойланғаны жақсы. Шымылдық ішінде өзіне қадалған ғашық көзді үмыта алмай, жастықты жұлмалап, еркек сүрай есеңгірейтін сахна үлкен актерлік шеберлікті қажет етер жауапты сын. Өйткені, бұл сахна психологиялық түрғыда, драмалық ішкі тартысқа құрылған. Тәжірибесіздікті жеңудің бір жолы — тынбай ізденіп, өлшеусіз еңбектену. Әтек — А.Мұхамәжитов, Бәйітші шал — А. Бәдел, Бас шебер — С.Қожабеков, Жас шебер-Н. Съезханның сахналық шеберліктері аталған қойылымның шоқтықтана түсуіне әрқалай мұрындық болған. Қойылым суретшісі Г. Махамбетованың бояу нақыштары режиссер ойларымен шынайы астасып, аңыз-эфсананың тақырыптық мазмұнын аша түскен. Спектакльдің өнбойында ебедейсіз садақ ату, босалаң әмір беру, уақтылы жарық берілмеу секілді іркілістер кездесіп жатты. Сахна үшін үсақ-түйек жоқ. Осыны мықтап ескерер болар. Тәжірибелі режиссер Ш. Зұлхаш тұғырдан таймапты. Тарихи дүниелерді жанымен ұғудағы ежелгі алғырлығын бұл жолы да дәлелдегендей. Кезінде, элдекімдердің іштарлығынан республикалық байқауларда әділетсіз сынға ұшыраған «Сұлтан Бейбарысты» руханиятымызға енгізген талантты қаламгер Р. Отарбаев пен танымал режиссер Ш. Зұлхаштың шығармашылық ынтымақтары бұл жолы да өзінің табиғи жалғасын тапқан.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.