Махабхарата және Рамаяна

Home » Рефераттар » Махабхарата және Рамаяна
Рефераттар Комментариев нет

1108340047cМахабхарата. Ежелгі дүниедегі ән мен жыр-ға өте бай елдердің бірі — Үндістан.  Бізге өте ёрте кездердегі үнділіктердің өмірі мен түрмыс-салтынан хабар беретін бірнеше жыр-дастан келіп жеттіі Со-лардың ішінде көлемдісі және ең ертеректегісі екеуі ‘Ол — «Махабхарата» және «Рамаяна» деп аталатын жырлар. Ауыздан-ауызға таралып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп сақталған бүл екі жыр әлемдік әдебиеттегі ең үздік шығармалар қатарынан орын алады. Оларда жақсылық пен жамандық арасындағы күрес негізгі мәселе ретінде көтеріледі. Соның барысын-да, ақыр соңында әділеттілік жеңіп отырады.

»Махабхарата» дастанында он тайпа билік үшін күреседі. ‘Олардан кейінірек екі тайпа қалыптасты, Біреуі кауравтар, ал екіншісі пандавтар деп аталды. Екеуінің арасында билік үшін күрес басталды. Кауравтарды Ганг өзенінің солтүстік жағындағы, ал пандавтарды Ганг әзенінің оңтүстік жағындағы тай-палар қолдады. Екі жақтың арасындағы соғыс он сегіз күнге созылды. Бірде-бір жақ, келесіде екінші жақ жеңіске жетіп жатты. Тіпті қүдайлар да соғыс-қа араласты. Олардың өзі кай жаққа жеңісті берерін білмеді. Біресе бір жаққа, біресе екінші жаққа кемектесті. Ақыры пандавтар жеңіске жетті. Олар-дың патшалары таққа отырып, үзақ жылдар бейбіт билік етті.

Он сегіз кітаптан түратын «Махабхарата» дастаны осылайша аяқталады. Онда Үндістанның Ганг өзені бойындағы алғашқы мемлекеттердің қүрылу кезіндегі оқиғалар шындығы да көрініс тапқан. “Махабхарата” санскрит бойынша “ұлы Бхарата туралы аңыз” дегенді білдіреді.

 

 

 

 

ramayana-2003-cover«Рамаяна». Елдің оңтүстік бәлігіндегі кейбір жағдайлар «Рамаяна» дастанына арқау болса керек. Үнділіктердің Айодхий атты жерінде Дашарата есімді патша өмір сүріпті. Ол үнділіктердің арғы ата-сы Манудың үрпағы екен. Дашаратаның үш әйелінен үш үлы болыпты. Үлкен үлы Рама өзінің ерлігімен де, қайырым-дылығымен де, намысшылдығымен де ерекшеленді. Озінің сенімді жары Ситаны ертіп Рама шет елге аттанады. «Олар осылайша көп күн жүрді, көп өзен-дерден өтті, көптеген жат ауылдарды көрді, орман-нан көптеген аңдар атты» делінеді жырда. Рама оңтүстіктегі өр түрлі қүбыжықтар мен дәу-лерге қарсы күрес жүргізеді. Уақыт оте береді. Ол Ракша деп аталған зүлым қүбыжықтар еліне тап бо-лады. Қасиетті Индира қүдайдың семсерімен мың-даған ракшалықтарды өлтіреді. Оған Ланка (казіргі Цейлон) аралындағы он басы, жиырма қолы бар Ракша патшасы Равана қатты ыза болады. Равана қулықпен Раманың әйелі Ситаны үрлап алып, қараңғы үйге қамап тастайды. Рама болса Ситаны іздеп, қүбыжықтармен шайқасып, орман кезіп үзақ жүреді. Қанша жүргенімен Ситаны таба алмайды. Тіпті оның қайда кеткенін де біле алмайды. Сөйте жүріп, ормандағы маймылдар арасынан озіне сенімді комекшілер мен достар табады. Олар-ға өзінің әйелі Ситаны таба алмай, сергелдеңге түс-кенін айтады. Маймылдардың ішінде Хануман атты маймыл ете ақылды, әрі білгір еді. Ол Ситаның Лан-ка аралында, Равананың қамауында екенін біліп береді. Рама мен Хануман маймылдарға келіп, теңіз үстінен кепір салдырады. Маймылдардан үлкен әскер жасақтап, көпір арқылы Ланка аралына өтеді. Оларға қос дөңгелекті арбамен қүйындата шапқан Равана от жаудыра карсы шығады. Шайқас жеті күнге созылады. Ақыры Равана өліп, Сита құтқа-рылады. Рама өзінің еліне келіп, ұзақ уақыт дана әрі әділ патша болады. Міне, ежелден келе жатқан ұлы дастандардың бірі «Рамаянаның» кысқаша мазмұны осындай. Бір қызығы, Раманың құбыжықтардың патшасы Рава-наны жеңген күні бүгінгі таңға дейін тойланып келе жатқан тамаша мереке болып саналады. Бұл күні үнділіктер бамбуктен, сабаннан, түрлі түсті қағаз-дардан басы мен қолдары көп Равананың үлкен тұлыбын жасайды. Содан соң оны өртей отырып, асыр салып билейді. Біраз адам маймыл кейпінде киініп, Раманы кұдай көріп мақтап, мадақтайды. Ал Ситаны құтқарып, аралға өтіп, кұбыжықтар патша-лығын талқандауға көмектескен Хануманды да ма-дақтап ән айтады. Көрген адамға бұл мереке ерекше әсер етеді.

 

 

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.