Махамбет поэзиясын зерттеу

Home » Рефераттар » Махамбет поэзиясын зерттеу
Рефераттар Комментариев нет

Бүгінде өрісті ғылым арнасына айналған махамбеттану тарихы — Махамбет поэзиясының кұндылығын ашып-айқындау, ғылыми негіздеудің тарихы. Махамбеттің көркемдік әлемін тану — Махамбеттің акындық алымын көрумен бірге белгілі бір дәрежеде қазақ өлеңінің табиғатын тану. XIX ғасырдағы поэзияның дәстүрлі үлгілерін өзгешелік сипаттарын шолу. Сол орайда қазақ әдебиеттану ғылымы Махамбет поэзиясын жанрлық, сөз айшықтау тәсілдері, сөз колданыс, өлең үлгісі, өлендік құрылым жөнінен карастыру арқылы қазақ өлеңінің теориясын байытты, негіздеді. Махамбеттің ақындығына алғаш көркемдік негіздер жөнінен баға берген Халел Досмухамедұлы. 1925 жылғы Ташкентте шығарған «Исатай — Махамбет» жинағының алғы сөзінде көтеріліс тарихын Исатайдың, Махамбеттің ата-тек өмір баян дерегін, мінез-құлық қырларын баяндай келіп, Х.Досмүхамедұлы былай дейді: «Махамбеттің Байекеге айтқан сөзіндей қазак арасында еш уақытта ханға сөз айтылған емес. Махамбет Исатайдың жолдасы, шәкірті» (9). Х.Досмұхамедұлы Махамбет жайлы әрі батыр, әрі жырау, әрі домбырашы болған. Жыраулығы күшті болған Махамбеттің сөзі өте көп болған. Көбі
жойылған. Орал, Торғай, Бөкейлік, Маңғыстау елдерінің арасында Махамбет сөздерін айтатын жыршылар болды. Қолымызда Махамбеттің Баймағамбет сұлтанға айтқанының ел ішінен жиналған бірнеше нұскасы бар. Бұл өлең Әлімұлы, Байұлы, Жетірудың арасында кең жайылған. Айтушылардың көбі Махамбеттің түрлі сөзін қосып шатастырып айтқан. Жетірудың ішінен жиылған нұсқаларда қателер өте көп, кейбір жерде сөз негізгі өзгерген деген мәліметтер береді. Бастырушылары Мұрат — ЬІғылман деп атайды. Халел Досмұхамедұлы шығармаларының туу себептерін «XIX ғасырдағы ел әдебиетіне көп әсер берген» (Х.Досмүхамедұлы) Исатайдың қимылымен байланысты қарайды. Махамбет мұрасының сақталу, жиналу, басылым жөнін, текстологиялық мәселелерін алғаш мәселе етіп қойды. Исатайдың тарихи тұлғасы, Махамбет өлендеріндегі Исатай батыр бейнесі жайлы айтты. Сол тоқталған жайлар арқылы Халел Досмүхамедұлы Махамбет ақындығын зерттеудің өзекті мәселелерін қозғап кетті. Махамбет өлендерінің сол кездегі бар шығармасының толық жинағын шығарды. Махамбеттанудың негізін салды. «Қанды көйлек жолдасты сары алтындай сақтаған Исатай еді. Жолдасы Махамбет батырдың сөздерінен, ел ішіндегі әңгімелерден Исатайдың көпті бастауға ылайық мінездері анық көрінеді. Исатай нағыз батыр. Орынсыз мақтанның батыры емес, керек орында батыр» (10). Мұхтар Әуезов Махамбеттің қазақ әдебиеті тарихындағы орнын, Махамбет поэзиясының биігін теориялық жақтан алғаш толық негіздеген зерттеуші Мұхтар Әуезовтің махамбеттанудың өрісін ұзартқан зерттеулері әуелде «Әдебиет тарихындағы» (1927). «Тарихи жырлар», «Зар заман ақындары» тарауларында берілді. М.Әуезов Махамбеттің әдебиеті тарихындағы орнын «Бұхарадан соңғы Зар заман ақындарының басы Махамбет» деп «Зар заман дәуірінің екінші, ісшілдік кезеңі Махамбеттің тұсы», т.б. көрсетті. М.Әуезов 1933 жылғы «Қазақ әдебиеті» окулығында (7кл. арналған. Ә.Қоңыратбаев. М.Жолдасбековпен бірігіп жазылған). Махамбет Өтемісұлының өмірбаян, шығармашылық мұрасынан толымды мәлімет бере отырып, Махамбет поэзиясының көркемдік сипатын алғаш рет теориялық негізде кең қамтып карастырады. «Махамбет бұрынғы, соңғы қазақ ақындарының ішіндегі ең бір күштісі деп саналуға тиіс. Бұның сөзі деген сөздің кесектік ірілігінен баска молдығы да жеткілікті екен» (11). Осында Махамбеттің ақындық жөнін М.Әуезов ұлы поэзияның бар асылын ғажайып сезімталдыкпен сұңғыла таныммен сұқтана, суырыла баяндайды «Осымен Махамбет жырлары өз заманындағы ең қилы, ең әсерлі сөз боп, көпшіліктің өз үні, өз тілі өз арман-талабы сияқтанып та жүрген».
«Бүкіл XIX ғасыр әдебиетінде қимыл мен күрес жырын Махамбеттей қып жырлаған ерекше ақын болған емес. Алды да, арты да бір өзі сиякты». М.Әуезов Махамбеттің күрес жырын шығарылу себебіне карай үш кезеңге бөліп қарастырды. «Бұл ретте алдын ала айтып өтетін нәрсе: тақырыбы біреу ғана болғанымен, ақын сол тақырыбын әр кезде әртүрлі баян етеді. Сонда бір кезінен, екінші кезінің айырмасы: әр уақыттағы істің халіне орай. Содан туған ақын халінің айырмашылықтарына орай кеп отырады. Мысалы, алғашқы кезде бұлар соғысып жүреді. Ол кездегі көңіл екпіні, сөз тасқыны да бір алуан, өзгеше. Одан кейін жеңіледі. Бұдан туатын көңіл күй екінші түрде. Ең аяғында қашқын-пыскын болып, жүдеп-жадап жүріп хан-төреге жай-күйін айтып, жәрдем дәмететін халге келеді. Ондағы күй-қалып тағы бір басқа. Міне, Махамбет шығармаларының осындай үш кезең, үш дәуірі бар. Тексеруді де осы ізбен беттету керек» (12).
М.Әуезов Махамбеттің өлең үлгісіндегі өзгешелікті анық көрсетіп айту арқылы Махамбет поэзиясының теориялық негізделу мәселеріне қандай бұрылыс жасады. Кейінде әдебиеттану ғылымында, өлең сөздің теориясында құрылым жөнінен үнемі назарда болған Махамбеттің «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңінің өзгешелігін көрсеткен М.Әуезов пікірі XX ғасыр басында айтылған. Қазактың өлең өзгешелігін танудағы тың түйін. Өлең құрылымындағы дәстүрлі желілерді қарастыра отырып, М.Әуезов нактылы теориялық негіздеме жасайды. Өміршең қисындарын ұсынады.
«Ереуіл атқа ер салмай» Махамбеттің барлық өлендері сияқты ауызша айтылған, тындаушыға қолма-қол суырылып беріліп отырған өлең. Сол ретіне қарай, сапылдатып бір-ақ желдіртіп өткен бір шумақ өлең. Мағына жағынан ұзақ бір сөйлем есепті. Қатар жарысқан неше алуан ойдың байлауы «ерлердің ісі «бітер ме?» деген аяқкы жол. Ауызша айтылған желдірме болғандықтан ұйқасы кейде келіп, кейде келмейді. М.Әуезов Махамбеттің осы өлеңіне түсініктеме беруінде қазақ жырының оның ішінде ауызша жырдың арғы-бергідегі өзіндік сипаттарын саралайды. Қазақ әдебиетінің теориялық тарихын жасауда М.Әуезовтің осы теориялық негіздемелері кейінгі қазақ өлең құрылысын зерттеушілер аса назар аударып зерттеген қисындарға айналды.
Махамбет өлендеріне тоқталғанда М.Әуезов ауызша жырдың бірнеше ерекшелігін атап-атап айтты. Ол: бір жерінде қат-қабаттап кетіп, өзге бір жерінде шанжау-шанжау түсіп, тырағайлап отыратын ұйқас; сөз қыздырмаға айналған сайын аяқтағы ұйқас айнығыш; казақтың ертеректегі ауызша жырында екпін-тасқын аяқтағы ұйқастан шықпайды; сөз-сөздің басында келетін дыбыстар күйімен, үндесетін орайынап шығады. Махамбет өлеңінде жаткан ілгерідегі ауызша жырдың, Бұхар үлгісінің өрнегін аша отырып, М.Әуезов Махамбет сөзіндегі казақ жырының ендігі өзгелешік, ендігі алымын да тап басып табады, танытады. Махамбетте жалтартпа, түспал сөз, ой көмбесі жоқ, нақты, тура сөз. Оның «Ереуіл атқа ер салмай» жыры екпінді, келте, кесек бір кимыл жыры. От шашкдн, іші-тысы бірдей тұтас жыр. Бұл жыр — көтеріліске үндеген жыр. «Толарсактан саз кешіп» тұсында уақиғаның беті өзгерген. Ақынның халі өзгерген. Сыртқы халі жеңілушінің халі. Енді жырда ашу серпіні жатыр. М.Әуезов Махамбеттің «Арғымақтан туған казанат», «Баймағамбетке айтканы, өлендеріндегі ақын халін анық жеткізеді. Оның жеңілмейтін рухын өлеңінен таниды, танытады. «Жеңілдім деп бас ұру жоқ, кішіреймек емес» дейді. Сыртқы халі ғана жеңілушінің халі, осы бірнеше өлең төңірегінде М.Әуезов Махамбеттің ақындық рухын ақындық алымын, өлең жасаудағы әдіс-тәсіл, шеберлік сырларын тұтас таниды, тұтас көреді. Тұтас түйінмен тұжырымдайды. «…Бұрынғыша тізбек суреттерді (қоспақтың баласы, шабақ, қылқан, деген сияқтыларды) іштей байланыстырып, не қарсы қоюмен, не үйлестірумен байланыстырып отырып, алғашқы бірбеткей ереуіл-қарсылық шабуыл сарынымен бітіреді» (13).
Қазақтың жыр семсері Махамбетті XIX ғасыр әдебиетінің ғана шеңберінде қарастыру, жалпы біздің әдеби мұрамыздың құлақтап, құрсаулауға көнбейтін дәстүрлі, сабақтас, желілі құбылыс екендігі сияқты — мүмкін емес нәрсе. Махамбет ақын шығармаларының текстологиясына байланысты, бір пікірталасты тұжырымдай келіп, академик Зейнолла Қабдолов былай дейді: «Махамбеттің әр сөзі құйылған құрыш, қорытылған қорғасын. Оны өндеп-жөндеймін деп жасытпау керек. Махамбет пен Абайға редакция жүрмейді». Абаймен иықтас асылымыздың бірі — Махамбет поэзиясы күні-бүгін әр қырынан зерттеліп-зерделенді. Қазақ өмірінің аласапыран заманалар тоғысында туған ұлы поэзияның әлі де ішке бүккен сыры көп. Сол сырлар, әсіресе, XX ғасыр басында «барымызды түгендеп, жоғымызды табамыз» деген тарихи миссияның кесек тұлғаларының зерттеу, зерделеулерінде жатқаны даусыз. Сол түста қазақ тарихының, қазақ тағдырының ақиқат беттері жазыла бастаған…
Махамбет шығармашылығына ғылыми тұрғыда көркемдік, саяси баға берген-әуелде Халел Досмүхамедұлы. Исатай-Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің саяси себеп-салдарын саралай келіп Х.Досмүхамедұлы Махамбет өмірбаяны, шығармалары туралы сөз қозғайды. «Махамбеттің жыраулығы күшті болған». Сол тұста әдебиет тарихын жасау, дәуірлеу мәселесін 20 жылдары ғылыми негізде қолға алған М.Әуезов Махамбет шығармашылығына айрықша тоқталып, қадала зерттеп, қадау-қадау тұжырым жасады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.