Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық театры

Главная » Рефераттар » Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық театры

Қазақстандағы байырғы театрлардың бірі — Махамбет Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық драма театры. Ұлттық театрларымыздың дені музыкалық жағына бейім болғаны өзінен-өзі белгілі. Өйткені, халқымыз думаншыл, тойшыл, ойын-сауыққа құмар болған. Ән салу, домбыра шерту екі қазақтың біріне тэн десек, сондай өнершіл қауым, (әсіресе жастар жағы) әртүрлі үйірмелерге әуес келері басы ашық нәрсе. Ел-жұрттың мэдени талаптарын ескерген өнершіл топ, кең-байтақ қазақ жерінің қай тұстарынан да көптеп табылған. Бұрынғы Гурьев, бертінгі Атырау орталығында да (1930-шы жылдардан) үздіксіз жүмыс істеген драма үйірмелерінің болғанын атап өтпеске болмайды. Ауыл -ауылдан жиналған эн-күйге эуес жастар болашақ драма театрының іргетасын қалаған еді. Аталған үйірменің жандана түсуіне белсене атсалысқан болашақ сахиа шеберлері Қ. Доғалақов, Қ. Төлековтер болатын. 1930-1937-ші жылдар аралығында шағын пьесалар қойып, ән-күй аралас концерттік бағдарламалар көрсетуді әдетке айналдырған жас қауымның онерге деген сүйіспеншіліктері күннен күнге арта түсті. Өнермен эуестенуді тек ермек деп қабылдамай, оны мәдени-рухани мұқтаждық деп таныған зерек жастар 1935-ші жылы мұнайшылар мэдениет сарайының жанынан жаңа көркеменерназдар үйірмесін құрып, ойын-сауықтық көңіл-күйді бүрынғыдан да күшейте түсті. Орал, Петропавл театрлар ұжымы да Атырауға қоныс аударып, 1937-ші жыл түгелдей дерлік кэсіби драма театрының шымылдығын ашуға арналды. Жергілікті өнер отауы бірінші маусымын қарсы алу үшін, аянбай еңбек еткені тарихтан белгілі.
Сонымен, 1938 — ші жылы 9 — шы мамыр күні М.Әуезовтің «Түнгі сарын» атты пьесасы корермендердің көз қуанышына айналып, тұңғыш кәсіби театр емірге жолдама алды. 1916 — шы жылғы үлт-азаттық қозғалыстың шытырман оқиғаларын коркем бейнелеген пьесаның қойылымдық кілтін табуда, атыраулық жас артистер жойқын қимыл кор-сеткендей болды. Бас кейіпкерлер Жантас пен Тэнекені табиғи бейнелеумен козге түскен артистер Қ.Толеков пен Қ.Доғалақов өздерінің суреткерлік болашақтарын айқын бедерлеп берді. Жүзтайлақ роліндегі Ш. Жүмабаеваның да ертеңгі шығармашылық кокжиегі кэдімгідей кеңейе түсті. Майқан — Қ.Имашев, Нүрқан — О.Жақсыбаев, Кэрім-Ә. Сәкенов, нұсқалаған кейіпкерлер жандүниесі де шы-найылықтарымен кісі қуантты. «Спектакльде кемескі шыққан образ — Сапа образы. Бұл рольді Есенбаев жете түсінбегендіктен, образ ерекшелігін толық ашып бере алмаған» — деп жазды Н. Шәукенбаева кезінде («Облыстық қазақ театрлары». «Ғылым» баспасы, 1965 ж. 287 бет) Қайсыбір кемшіліктеріне қарамай, бүл туынды театр ұжымының елеулі табысы болып саналды. Театр сол жылдарда «Амангелді», «Айман-Шолпан» секілді қазақ драматургиясынан болек Батыс Еуропа классиктерінің де шығармаларын сахнаға шығарды. Ж.Б. Мольер, «Скапеннің айласы» т.с.с. Әсіресе «Айман — Шолпан комедиясын табиғи қалпында үғынған Жұмабаева, Қизатов, Иманқүлов, Ахме-това, Кэрібаев, Ибрагимова сынды орындаушылар едәуір шығармашылық табыстарға қол жеткізді. Сұрапыл соғыс ел тыныштығын шайқап өтті. Әйтсе де аталмыш театр үжымы оз келбетін сақтап қалды. Бірнеше бригадаларға бөлініп, қалың ел арасына шығып, ойын — сауықтың отын үрлеп, домбыра шертіп, эн шырқаған театр артистерінің ерен еңбегін елемеу, тарихи тұрғыда әділетсіздік болар еді. Сейтіп, майданға аттанған эріптестерінің орнын жоқтатпаған өршіл талант иелері ел махаббатына бөленіп, керемет қайсарлық танытты. Сұсты соғыстың өрт-жалыны басылып, ел-жүрт бейбіт еңбекке араласып, доғарылып, тоқырап қалған шаруаларын түгендеуге кіріскен еді. Атырау театры да ез репертуарын қайта қарап, көркемдігі талапқа сай, тың дүниелерді қарастыра бастады. Олар тағы да К. Симоновтың «Орыс мәселесіне», Ә.Әбішевтің «Достық пен махаббатына», Н. Гогольдің «Ревизорына» қол созды. Бұл тұстарда тиісті орындардың шешімімен колхоз-совхоз театрлары облыстық ұжымдарға қосылып, жаңа бір ізденістерді бастан кешіріп жатты. Атырау театры да Орал қаласының музыкалық комедия театрын өз құрамына қабылдап, «Қыз — Жібек», «Алтыи сақа», «Роз — Мари» секілді қойылымдарды сахналады. Коптеген артистердің дарындары жан-жақты ашылып, режиссерлік өнерінің де көсегесі когере түскендей болды. Сол сияқты «Абай», «Амангелді», «Любовь Яровая», «Ыбырай Алтынсарин», «Асауға-тұсау», «Үйлену», (1950-60 жылдар) спектакльдерінің де жарыққа шығуы театр өнері сапасының көтеріле түсуіне коп септігін тигізді. Театрдың алғашқы режиссерлері А. Сусанов — Саянский, А. Хаймулдин, Н. Молчаыовтар салған тэуір дэстүрлерді А. Тоқпанов, Т. Дүйсебаев, М. Қамбаров, Ш. Гатауллин, Н. Леготин, А. Троцкий, Қ. Жетпісбаев, Ж. Есенбеков, Ш.Кәрібаев, ТАхметов, Р. Шарафутдинова, Ә. Мэмбетов, М. Байсеркеновтер сэтімен жалғастырды. Соңғы үш режиссер өздерінің дипломдық жұмыстарын осы театр түңдігі астында табысты қорғап шыққан. Тұрар Дүйсебаев қойған «Ботагөз» де театр ұжымының сол жылдардағы айтулы табысы еді. Инсценировканы кең тынысты қойылым дэрежесіне дейін көтеруі сол кездегі жас режиссер Т. Дүйсебаевтың ізденімпаздығы еді. Ол қойылым 1957-ші жылғы Алматыда өткен «Театр көктемі» фестивалінде жақсы аталды. Марқүм Қ.Төлеков — Атырау театрының іргетасын қалап қана қоймай, өзінен кейінгі біраз жастардың сахналық бедел алуына тікелей ықпал еткен аса тәжірибелі ақтертін. Өмірден түйгені мол, көргені көл-көсір саңлақ актер, өзі дүниеден өтер кешегі кезге дейін Атырау театры ұжымының көшбасшысы атағына лайық, адал қызмет етті. Сондай-ақ К.Иманғалиева, Қ. Жүмаев, Қ. Доғалақов, Ы.Иманкүлов, А.Ахметова, А.Айтқалиев, Ғ.Үмбетов, З.Сүлейменова, Х.Жұмағүлов, ТХасенов, ТЕрғалиев, О.Жақсыбаев, Ж.Ибрагимова, К.Теңелбаевтар атқарған актерлік міндеттер де назардан тыс қалмауы эділеттілік.

Қаншама гастрольдік сапарлар… Шығармашылық есептер берілді. Ұзын-ырғасы отыз жылдай М.Өтемісұлы атындағы театрдың көркемдік жетекшісі қызметін атқарған Шапай Зұлхаш еңбегі әбден айтуға тұрарлық. Ол театрға екі рет соқты. Алғашында 14 жыл бұрын өзі бас режиссерлік құрған театрынан уақытша қол үзіп, Мәскеудің Е. Вахтангов атындағы театрында белгілі режиссер П. Фоменконың шеберханасында екі жылдық тәжірбиеден өтіп елге оралды. Бұл жолы ол Семейдің Абай атындагы қазақ драма театрына жолдама алып, онда тоғыз жылдай қызмет етті. Содан кейін 1998-ші жылдан бастап, өзінің төл ұжымы Атырау театрына екінші рет оралып, осы күнге дейін аталмыш өнер отауында шығармашылық қызметпен айналысуда. Қырықтан астам көркем қойылымдардың авторы, неше толқын актерлер тобын тәрбиелеуге зор үлес қосты. Театр 1992 ж. Каирде түрақты өтетін Халықаралық экспериментальдық және республикалық театр фестивальдеріне қатысты. Р. Отарбаевтың «Бейбарыс Сұлтан», С. Мұқановтың «Мөлдір махаббат», Ә.Тәжібаевтың «Дубай Шубаевич», С.Назарбектің «Махамбеттің бір күні», А.Жағанованың «Беймаза әйел», А.Володиннің «Қос жебе», Т. Ахтановтың «Әке мен бала» секілді дүниелері театр репертуарын байыта түсті. Т. Қуанышев, Т. Жангелдиев, Анета Баетова, Ә. Жақсыбаева, С. Қожабеков, Е.Шаманов, Б. Құттымбетова, С. Бәйменова, Х. Шәріпова, М.Шаненовалар сынды артистер тобы театр репертуарының сәні болды.

Реті келгенде айта кетейік, көркем тілді, өткір қиял иесі, ізденгіш қаламгер Рақымжан Отарбаевтың да драма өнеріне деген сұйіспеншілігі осы театрда оянған. Шапай Зұлхаш қойған «Сұлтан Бейбарыс» — соның айғағы. Көрнекті жазушы Ә.Кекілбайдың қаламынан туған «Аңыздың ақыры» да Р. Отарбаев инсценировкасы негізінде сахна көрді. Қалай десек те, театр ұжымы Ш. Зұлхаштан кейін көркемдік жетекшіге жарымай, шығармашылық ілгерілеу үрдісі баяулаңқырап қалғаны рас. Директорлардың да тұрақтауы көңілдегідей емес. Ауыс-түйіс молырақ. 1975-ші жылдан жаңа ғимаратта ғұмыр кешіп келе жатқан байырғы ұжым басшыларына айтарымыз, жас толқын артистер күрамын күшейтпей болмасы — бүкпесіз шындық. Театр болашағын саралауда, жас буын өкілдерінің орны өзгеше. Олардың элеуметтік мэселелеріне, материалдық-моральдық жақтарына жергілікті басшылар тиесілі жағдай жасағанда ғана, республикамыздың байырғы өнер отауларының бірі — Махамбет Өтемісұлы атындағы қазақ драма театры тек Атырау аумағын ғана емес, бүкіл Алаш әлемін шығармашылық шаттыққа бөлей бермек.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.