Майра Уәлиқызы

Главная » Рефераттар » Майра Уәлиқызы

Арқаның әншілік дәстүрінің басында Ақан сері, Біржан сал есімдерінің тұратыны мәлім. Солардың елеулісі әрі дарасы — Майра Уәлиқызы (1896 — 1929). Күйшілік өнерде — Дина, әншілік мәдениетте — Майра есімдерінің шығуы тегін емес. Бұл ғасырлар түнегін жарып шыққан қос жұлдызымыздың қазақ өнеріндегі орны да аса елеулі. Күрмеуге келмейтін қысқа ғұмырында еліне әнші әрі композитор ретінде танылып, артында айтулы музыкалық мұра қалдырған Майра ғұмырбаяны мен шығармалары қазақ мәдениетінің үлкен жанашырлары — А.В.Затаевич, А.Қ. Жұбанов, М.Майшекин т.б назарына ерте ілігіп, жазбаға түскені мәлім. Олар Майраның орындаушылық шеберлігі, жеке мінез-құлқы, әндері, өмірінің кейбір сәттері туралы мәліметтер жеткізген болса, З.Қоспақов, І.Жақанов секілді зерттеушілеріміз оның шығармашылығына да ден қойып келеді. Небәрі 33 жасында жарық дүниемен қоштасқан Майраның тағдыры қазақ қауымына жоғарыда аталған А.Затаевич, А.Жұбанов, М.Майшекин естеліктері арқылы жетіп отыр. Оның әндері негізінен Баянауыл, Кереку, Павлодар, Семей өлкесіне тараған болса, Майра шығармашылығын Арқаның әншілік дәстүрі аясында қарастыруымыздың себебі осында. Үш бірдей шығармашылық арна — ән шығару, ән салу және сырнайдың сүйемелдеуімен орындауды еркін меңгерген Майраның репертуарында қазақ халқының айтулы лирикалық әндері де болған. «Ахау, Семей», «Гауһар тас», «Ертіс», «Сәулем-ай», «Мақпал», «Көкмайса» т.б. көптеген танымал әндер Майраның орындауында жаңаша құлпырып, тындаушыларын терең сезімге табындырған. Оның «Ахау аритай», «Толқыма», тағы басқа көптеген әндерінің де көркемдік қуаты жоғары болғанын көрген, естіген замандастары жазып кеткен. Бір өкініштісі сол әндердің басым көпшілігінің әдеби мәтіндері бізге жетпеген. Майра Уәлиқызының өмір жолы, жеке тағдырына қатысты пікірлер айтылып та, жазылып та келеді. Десек те әншінің қазақ мәдениетінен алатын орны арнайы сөздің арқауына айнала қойған жоқ. Олай болса Майраның қазақ ән өнеріндегі орны қайсы? Оның шығармаларының кәркемдік келбеті мен өзіндік ерекшеліктері неде? Майраны Кереку маңында теплоход үстінде кездестірген А,3атаевич оның тамаша әнші-орындаушы екенін айтса, А.Жұбанов емірбаяндық деректерге көбірек мән берген. Бір сөзінде ғалым Майраның әкесі татар болуға тиіс деп, оның орыс әндерін де нақышына келтіре орындайтынын айтқан. «Қазақтың 500 ән-күй» жинағында А.В.Затаевич Майра (Мағира) Шамсуддинованың аузынан 13 ән жазып бастырған. Олар: «Бақша» (№405), «Мақпал» (№406), «Көкмайса» (№407), «Қарғам-ау» (№408), «Қаракөз» (№409), «Баянауыл» (№410), «Телқоңыр» (№411), «Даланың әні» (№412), «Құрбымжай» (№413), «Алқарағай көк» (№414), «Хұсни құрдас» (№415), «Смет» (№416), және «Қызыл гүл» №(417). Осындағы «Мақпал» әніне келгенде А.Затаевич оны Ақан сері, ал Көкмайсаны Нарманбет туындысы ретінде көрсетіп, өзгелерінің авторлары туралы ешнәрсе айтпаған. Соған қарағанда Майра жеткізген әндердің арасында оның тәл туындылары да, халық, шығармалары да болған секілді. А.Затаевичтің кітап соңынан берген түсініктеріндегі кейбір ойлары осыны байқатады.

Реті келген соң айта кетелік, А.Затаевичтің қайсыбір пікірлерімен келісу қиын. Айталық, «Қаракөз» әні тұсында оның Семей өлкесінде кең тарағанын айта отырып, Майра орындаған нұсқаның көркемдігі солғын депті. Неге екенін білмедік, бұл шығарма әйгілі этнографқа ұнамаған. Мұның өзі бұл әнді тындаушысын селт еткізбейтін жасық шығарма қатарында бағалауға негіз болған. Дұрысында «Қаракөз» Арқа әндеріне тән миксолидиялықладта жазылған, құрылымы күрделі, «Әй, Қаракөз» деген қайырмасы бар әсем ән. Ладтық негізі бірнеше рет құбылып, ән әуеніне ерекше рең, көрік беріл тұрғанын да жасыру қиын. А.Затаевич осы жағын жете ескермеген. 415-нөмірмен берілген «Хұсни құрдас» әнін А.Затаевич «Ровесница Хусни» деп аударыпты. Бұл да жаңсақ пайымдау. «Хұсни» — араб тілінен енген сөз. «Құсни Қорлан», «хұсни кұрбым», «хұсни хат» деген тіркестердің әсем, сұлу деген мағына беретінін аңғару қиын емес. Сонда «Хұсни құрдас» сұлу құрдас деген семантиканы білдірмек. Ал Затаевич оны есім сөз ретінде ұққан. Майра әндерінің стильдік ерекшеліктеріне келер болсақ, олардың ладтық арқауы — диатоника. Негізінен миксолидиялық, эолиялық, иониялық және ауыспалы ладтық жүйелер кездесіп отырады. Орыс әндеріне тән гармониялық лад мүлде кездеспейді. Осыған орай бір кездері айтылған А.Жұбанов пікіріне де жаңаша қарау қажет. Орыс әндерін құйқылжыта орындасә да, Майраның өз шығармаларынан, А.Жұбанов көрсеткендей, орыс әндеріне тән стильдік құбылыстарды байқау қиын. Майра әндері қазақтың, соның ішінде Арқаның әншілік дәстүрінде көрінеді. Бұған күмән келтіруге әсте болмайды. Әрине, Майра шығармашылығын зерттеген ғалымдардың бұл мәселеге қосқан үлестерін жоққа шығаруға болмайды. А.3атаевич оның 13 әнінің ноталық мәтінін жариялаған болса, А.Жубанов алғаш рет «Атым Майра» әнін қағазға түсірген, Бұл аты шулы әннің А.Затаевич назарынан тыс қалуы бізді қатты ойландырады. «Майра» — көңілді, ойнақы орындалатын шығарма. Децима көлеміндегі ақжарқын әннің ырғақтық жүйесінде үш және екі үлесті әлшемнің аралас кездесуі әнге ерекше керік беріп, ха~ра-ра~ра рай-ра дөп келетін қайырмасы анық Арқа әндерімен туыстырады. Әннің құрылымына тән ерекшеліктердің бірі — негізгі шумағының жоғарғы регистрде айтылып, қайырмасында төмен түсіп. ойнақы әуенге үласуы. Онысы бірнеше рет қайталауға негізделген әсем әуен. Жалпы қазаққа мәлім бұл әннің құрылымын біз А-А-А1-В-В1 деп көрсеткен болар едік. Ол екі түрлі музыкалық интонация, екі белімнен құралады: бірі — негізгі шумағы, екіншісі — қайырмасы. Екі бөлім де қайталауға құрылғандықтан тындаушының есінде қалып, ерекше әсерге бөлейді. Децима көлемінде жазылған әндерінің еңді бірі — «Бақша». Егер «Майра» кварталық секіріспен басталса, «Бақша» октавалық бастаумен дараланады. Ладты анықтайтын тұрақты басқыштары — жоғарғы және теменгі тоника. Десек те ән төменгі тұракты дыбысқа келіп тыныстайды. Осының өзі бұл шығарманың халық әндері дәстүрінде туғанын білдіреді. Майра әндерінің ладтық арқауында негізінен миксолидиялық, иониялық, эолиялық жүйелер жатыр. Бірқатар әндері ми (с~ Е) дыбысынан басталады. Кәңілді, жеңіл орындалатын Майра әндерінің халықтық сипатын осы белгілерінен де керуге болады. Бізге жеткен төрт әннің құрылымына қарап Майра Уәлиқызы-ның дауыс ерекшелігін. яғни диапаэонын да аңғаруға болады, Бұл реттен бізге ерекше қымбаты — А.Затаевич жазбалары. Себебі 13 ән Майраның өз орындауында, ауызба-ауыз, жолма-жол жазылып, нотаға түсірілген. Сол әндерге қарап Майраның дауысы кіші октаваның си дыбысы мен екінші октаваның ля дыбысының аралығын қамтығанын көреміз. Яғни, екі октаваға жуық диапазон. Мұны кәсіби әншілік енердегі лирикалық сопраноға жақындатуға болады. Қалай болғанда да Майраның дауысы кең, әрі әсем болғаны анық. Ол классикалық емес, халыктық дәстүрде өн сал-ған талант иесі. «Қазақтың 500 ән-күйі» жинағына енген Майра әндерінің құрылымына тән стильдік ерекшеліктер де жоқ емес. Соның бірі әндердің октавалық секіріспен басталуы болса («Бақша», «Телқоңыр», «Баянауыл», «Алқарай көк»), екіншісі — кварталық бастау («Атым Майра», «Мақпал», «Қаракөз»). Әннің құрылымдары әдетте жоғары шарықтап, қайта төмен құлдыраған сұрақ-жауал үлгісіне негізделген. Осы себепті әндердің көпшілігі секіріспен басталса да, аяғында баяулап барып бітеді. Осындай аяқтамалық каданстарга тән музыкалық-интонациялық айналымдар да қалыптасқан. Майра Уәлиқызының ғүмырбаяны қызықты кезендерге толы. Өмірінің әр жылдары ол Әміре Қашаубаев, Қажымұқанмен кездесіп, соңғысымен жақын сырлас, пікірлес те болған көрінеді. Осының бәрі Майраның жеке өмірбаяны мен шығармашылық еңбегін арнайы зерттеудің кажеттілігін керсетеді. Сонда ғана оның қазақ мәдениетіндегі орны айқындалмақ.
Майра — әкесі Уәлидің отбасынан аман қалған жалғыз қыз болыпты. Бірақ ол тек қана Шамсуддиновтер отбасының жалғызы емес, Арқадағы әншілік дәстүрдің жалғызы, тіпті қазақ халқының әншілік өнердегі жалғыз Майраға айнала білді. Сол себепті оның ән мұрасын бүкіл қазақ халқына ортақ қазына ретінде бағалаймыз.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.