Мал гигиенасының негіздері

Главная » Рефераттар » Мал гигиенасының негіздері

Мал гигиенасының негіздері. Малды күтіп-бағу жүйесі адамдардың оларға жасайтын жағдайына (микроклимат, азық сапасы, азықтандыру режимі, орналастыруы) байланысты. Малдың биологиясы осы жағдайларға сәйкес болуы олардың денсаулығы мен өнімділігін анықтайды. Мал гигиенасының негіздері жалпы өндірістік дақылдардың, өткізетін өнімдердің сапасын арттыруға, шығатын өнімді көбейтуге және оның өзіндік кұнын төмендетуге мүмкіндік береді. Сонымен, мал гигиенасының негіздері — мал саулығын сақтау, оны тиімді жүйелер арқылы бағу, өсіру, азықтандыру жөне дұрыс күту арқасында мал төзімділігін жоғарылатып, одан барынша мол, сапалы өнім алу туралы ғылым.

.

Гигиенаның негізгі мақсаты — малды бағып-күтудің, азықтандырудың, төл өсірудің, асыл тұқымды жөне жалпы тауарлық бағыттағы мал түліктерін пайдаланудың нормалары мен ережелерін (төртібін) анықтау. Негізгі назар қолда ұсталатын малға қора-жайлар салу үшін орын таңдауға аударылады. Сонымен қатар гигиена негіздері айналысатын мәселелер қатарына құрылыс сапасы, әр бас малға үлесті жер және ауа алмастыру көлемі, өндірісте механиканы пайдалану, малды орналастыруәдісі, серуендету, т.б. жатады.

Ауа ортасына, суға, топыраққа, азыққа және азықтандыруға, мал қораларына қойылатын зоогигиеналық талаптар

.

Малға арналған қора жағдайы микроклиматқа қойылатын зоогигиена талаптарына сай болуы керек. Мал шаруашылығындағы микроклимат деген түсінік қорадағы температура, ылғалдылық, ауаның қозғалу жылдамдығы, жарық, газдар құрамы, сонымен қатар қорадағы шаң мен микроорганизмдер және шу деңгейін анықтаумен байланысты. Микроклимат параметрін өлшеген уақытта қоралардың есіктері жабық, ал мал өз орындарында болғаны жөн. Ең керекті байқау мезгілі: таңғы сағат 7 мен 8-дің, күндізгі  14 пен  16-ның жөне кешкі  20 мен 22-нің аралығы. Ауа температурасы мал организмі жағдайының, әсіресе жылу реттілігіне қатысты сыртқы ортадағы физикалық факторлардың бірі әрі маңыздысы болып саналады.

Малға ең жоғары және ең төмен температура да зиянды, өйткені олар организмде көптеген өзгерістер туғызады, яғни малдың өнімділігіне, азықтарды тиімді пайдалануға, аурулардың көбеюіне және малдың шығындалуына ықпалын тигізеді. Ауа температурасын қабырғадан 1 м қашықтықта және қора ортасынан өлшейді. Өлшеуді еденнен жоғары 20 см-ден 120 см аралықта, малдың жасы мен түрін ескере отырып өткізеді. Қорадағы ауа температурасы спирттік жөне электрлік термометрлермен өлшенеді. Мал үшін ауа температурасының нормативі мынадай: сиырлар мен 1 жастан асқан төлдер үшін -8-12, 20 күндік бұзаулар үшін — 18-20°С, 20 күннен 120 күндік бұзаулар үшін — 12-18°С, 4-12 айлық жастағы төлдерге — 8-16°С, бордақылаудағы өгізшелер үшін -8-12°С, буаз мегежіңдер мен бойдақ мегежіңдер үшін — 14-20°С, 20 күндік жасқа толмаған еметін торайлар үшін -24-30°С, анасынан бөлінген торайлар үшін — 22-24°С, бордақыдағы төлдер үшін — 16-19°С, қозылайтын қойлар үшін — 10-18°С, 20 тәуліктен асқан қозысы бар қойлар үшін — 4-10°С, ересек құстар (тауықтар, үйректер, күркетауықтар, мысыртауықтар) үшін — 14-18°С, аптаның алғашқы күндегі жас құстар үшін — 18-30°С. Қорадағы ауаның ылғалдылығын температураны анықтағандай бір нүктеде, бір аймақта және сол сағатта анықтайды. Ылғалдылықты анықтау үшін психрометрлер, гигрометрлер және гигрографтар қолданылады. Қорадағы малдың түрі мен жасына қарай салыстырмалы ылғалдылық 70%-дан аспауы керек. Организмге төменгі (30-50%) жөне жоғары (80-100%) ылғалдылықтар теріс әсер етеді.

Ауаның қозгалыс жылдамдығы. Жылдың суың кезінде ауаның қозғалыс жылдамдығы 0,3 м/с, ал жаздың ыстық темнературасында 1 м/с-дан аспауы керек. Жаңа туған төлдер мен құстардың тұратын орындарында 0,1-0,2 м/с аспауы тиіс. Ауаның қозғалыс жылдамдығын анықтау үшін анемометр және кататермометр аспаптары қолданылады.

Мал қораларындағы ауа газдарының құрамы. Мал мен құстар қораларында көмірқышқыл, аммиак, күкіртті сутегі, көміртек тотықтары жиналуы мүмкін. Көмірсутегі газы (С02) қораларда мал мен құстардың тыныс алуы кезінде жиналады. Қоралардағы ауа газының шектеулі концентрациясы малға — 0,25, төлдерге — 0,20, құстарға — 0,15-0,18 болуы тиіс. Аммиак (^Н3) мал қораларында құрамында органикалық азоты бар заттардың бұзылуы нәтижесінде пайда болады (несеп, нәжіс). Бұл — улы газ. Күтуші адамдар мен малға аммиак теріс әсер етеді. Аммиак сумен қосылғанда сілтіге айналып, химиялық күйдіргіш қасиетіне ие болады, кілегей қабықтарды, жоғары тыныс жолдарын тітіркендіреді немесе тұяқ мүйізін қопсытып, қанға түседі. Қорадағы ауада мал үшін аммиактың шектеулі мөлшері ~ 15-20 мг/м3, ал телдер мен құстарға бұл көрсеткіш 1,5-2 есе аз.

Күкіртті сутегі (Н28) құрамында күкірті бар ақуызды заттардың шіруінен, сонымен қатар, малдан шығатын газдар арқылы пайда болады. Өзінің әрекетіне қарай аммиактан да улы. Малға күкіртті сутегінің көп концентрациясының мөлшерінен ісік жөне өкпенің жіті қабынуы байқалады. Мал үшін күкіртті сутегінің шектеулі мөлшері — 10 мг/м3, ал төл және құстар үшін бұл көрсеткіш екі есе аз. Көміртек тотығы (СО) қораларда пештен немесе автокөліктер мен тракторлардың жұмыс істеу кезінде толық жанбаған жанармайлардан жөне толық желдетілмеген кезде жиналады. Қызмет көрсетушілердің жұмысы кезінде және мал тұрған аймақта газдың ең жоғарғы концентрациясы жиналады. Организмде газ жанбайды. Ол сыртқа өзгертілмеген түрде шығады, сондықтан уланған малды таза ауаға шығару керек. Қораларда көміртек тотығының шектеулі концентрациясы 2 мг/м3 болып саналады. Концентрациясы зиянды әсер ететін газдарды әмбебап газ анықтағышпен (УГ-2) анықтайды. Бұған алдын ала әр газға арналған индикаторлы ұнтақты дайындап қою керек. Зиянды өсер ететін газдардың жиналуын болдырмау үшін кешенді шаралар жүргізілуі тиіс. Яғни қорадан нөжіс пен несепті тез жинап шығару, едендерді ылғал жібермейтін мықты жабдықтармен жабдықтау, мал тұратын аймақта ауа алмасуын дұрыстау, едендерге газды бойына сіңіретін материалды (сабан, ағаш ұнтағы) жөне газ концентрациясын төмендететін препараттар (сөндірілген әк, суперфосфат) қолдану керек.

Қораны жарықтандыру. Жақсы жарықтандырылған қоралар аурулардан сақтандыру, сонымен бірге, малдың денсаулығын және өнімділігін сақтау факторлары болып табылады. Жарық табиғи жөне жасанды болып бөлінеді, ол жарық коэффициенттермен нормаланады (қалыптасады). Табиғи жарық коәффициенті деп әйнек көлемінің еден көлеміне қатынасын айтады. Жасанды жарықты анықтау үшін қорадағы барлық электр шамының қуатын есептеп, алынған шаманы қора көлеміне бөледі, Вт/м2. Малға және құстарға табиғи жөне жасанды жарықтың нормасы: 1:8-1:20 және 3,3-5 Вт/м2 шамасында.

Ауаның шаңмен және микробпен ластануы. Шаң таза техникалық жолмен кілегей қабықтарды, жоғарғы тыныс жолдарын, көзді тітіркендіріп, әр түрлі ауруларды тудырады. Шаңмен бірге тыныс жолдарына әр түрлі микроорганизмдер де енуі мүмкін. Малдың жасына және олардың күту кезіндегі зоогигиеналық нормаларына байланысты шаң мөлшері 0,8-4,0 мг/м3. Малға арналған қорадағы ауаның шаң жөне микробпен ластануын төмендету үшін мынадай шараларды жүргізу керек: а) аумақты көгалдандыру; б) малды қорадан тыс тазалау; в) күнделікті залалсыздандыру; г) бактерицидтік ультракүлгін шамдарды пайдалану.

Шу және оның деңгейі. Шу малға зиянды әсер етеді. Шудың қарқындылығы децибелмен (дб) өлшенеді. Шудың мал организміне әсерін стрессфактор деп қарайды және ол организмнің реактиві мен өнімділігін төмендетеді. Адам мен малға шудың шектеулі деңгейі — 50-70 дб.

Су және суару гигиенасы. Мал организмінде су маңызды рөл атқарады. Организмнің суды 10% жоғалтуы өлсіздік пайда болуына, жүйке жүйесінің бұзылуына, тәбетінің төмендеуіне, ал 20% жоғалтуы өлімге өкелуі мүмкін. Малға азық бермей, тек су берсеңіз, оның өмірі 30-40 тәулікке жететіні белгілі, ал сусыз мал 4-6 тәуліктің ішінде өледі. Мал денсаулығына судың мөлшері ғана емес, оның сапасы д а әсер етед і. Суға толық баға беру физикалық жағдайына, химиялық құрамына және биологиялық қасиетіне қарай жүргізіледі. Ішетін су МЕМСТ 2874-82 талабына сай болуы керек.

.

Судың физикалық қасиетіне, температурасына, мөлдірлігіне, иісіне, түсіне, дәміне көңіл бөлінеді. Судың мөлдірлігін арнайы шрифтелген бағаналы шыны ыдыста анықтайды. Судың жақсы сапасы — 30 см, түсі (межелік бойынша) 20°С кем болуы керек, иісі мен дәмі 20 °С температурада 2 баллдан аспауы тиіс. Судың құрамында (мг/л) хлорид — 350, сульфид — 500, темір -0,3, марганец — 0,1, мыс — 5 болуға тиісті. Судың реакциясы (рН) бейтарапты немесе әлсіз сілтілі 6,9-8,5 болуы керек. Суды жай көзбен қарағанда суда су организмдері болмауы тиіс. 1 см3 судағы бактериялардың жалпы саны 100-ден көп емес, ішек таяқшаларының саны 3-тен көп емес. Ересек мал үшін ең жоғарғы су температурасы 10-12 °С, төлдер үшін (жасына байланысты) 15-30 °С.

Малды жөне құстарды суару үшін суарғыш, шелек, астау қолданады. Малды жайылымда, лагерьде ұстағанда астаудан суаруды ұйымдастырады. Ірі қара малға арналған астау өлшемдері мынадай: үстінің ұзындығы 35-40 см, түбі — 25-30 см, тереңдігі — 25-30 см. Қой және ешкі үшін, сәйкесінше: 25-30 және 20-25 және 20-25 см. Бір басңа есептегенде суарғыш астаулар ұзындығы төмендегідей болуы керек: ірі қара мал үшін 0,50-0,75 м, қой және ешкі үшін — 0,25-0,35 м. Суару ұзақтығы сиырлар үшін — 7-9 мин, қой мен ешкілер үшін — 5 мин. Суаруды жағалаудағы су көздерінен ұйымдастырған кезде су көзіне қиыршық тас, құм төсеп және қоршап, абаттандыру (жабдықтау) қажет. Суару орнында судың тереңдігі 20 см-ден аз болмауы тиіс.

Ірі қара мал автоматты суарғыш болған кезде суды тәулігіне бөліп-бөліп 1-2 рет ішеді. Автосуарғыш жоқ болса, сиырларды тәулігіне 3 рет, ал жоғары өнімділерін 4-5 рет суарады. Сиырлар азықтандырудан және сауудан кейін суды жақсы ішеді. Суға деген қажеттілік жасы мен дене салмағына байланысты төулігіне 20 л-ден 100 л-ге жетеді. Шошқаларды еркімен суарады, олар суды азықтандырудан кейін жақсы ішеді. Автосуарғыш болмаған жағдайда шошқаларға суды тәулігіне 3 рет береді, суға қажеттілік жасына байланысты 525 л құрайды.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.