Машина тетіктері

Главная » Рефераттар » Машина тетіктері

Біздің елімізде нарықтық экономика жағдайында қоғамды экономикалық және техникалық қайта құру тек өндіріске жедел түрде алдыңғы қатарлы техника мен технологияны енгізу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін. Өндірістің барлық салаларын жоғарғы өнімді машиналар, аспаптар, қондырғылар, материалдармен қамтамасыз ету және өндіріске кешенді механикаландыру мен автоматтандыруды енгізу үшін отандық машина жасау саласының жеткілікті әлеуеті бар.

Кәсіпорындарға алдыңғы қатарлы күрделі машиналар мен механизмдердің кеңінен енгізілуі, сонымен қатар машина жасаушылардың алдына қойылған талаптарға сәйкес, сонғы кездері машина жасау ғылымының ілгері аяқ басуына айтарлықтай әсер етті. Біздің елде машина жасау өндірісінің ары қарай дамуының негізгі мәселелері — машиналардың қуаты мен қозғалу жылдамдығын арттыру, яғни машинаның өнімділігін көтеру, олардың салмағы мен өздік құнын төмендету, жүрістің бірқалыптылығы, автоматтандыру, ұзақ уақыт істен шықпай, бұзылмай жұмыс істеуі (сенімділік және шыдамдылық, төзімділік), күтіп баптауға ыңғайлы және қауіпсіз болуы, пайдаланған кезде үнемді болуы және олардың әлемдік нарыкта бәсеке мүмкіншілігін көтеру. Белгілідей, машина дегеніміз — адамның физикалық және ой жұмысын алмастыру немесе жеңілдету үшін механикалық жұмыс атқаруға немесе энергияны түрлендіруге лайықталып, белгілі бір қозғалыс жасайтын материалдың денелердің жасанды құрылымы (машина адамныц физикалық және ой жұмысын алмастыру немесе жеңілдету үшін энергияны, жадұғыттарды немесе ақпаратты түрлендіретін механикалық қозгалысты атқаратын құрылым). Сондықтан машинаны келесі белгілері сипаттайды: —    энергияны механикалық жұмысқа түрлендіруші немесе механикалық жұмысты энергияның басқа түрлеріне өзгертуші;

—    бір бөлігінің қозғалысы берілген жағдайда оның барлық басқа бөліктерінің қозғалысының біржақты анықталуы; —   адам еңбегінің нәтижесіндегі жасанды машина. Сан алуан машиналар жұмыс жасау процесінің сипатына қарай келесідей топтастырылады: —   энергетикалық, түрлі энергияны (электрлік, жылу және т.б.) механикалық жұмысқа түрлендіруге арналған қозғалтқыш-машиналар, генераторлар; —    түрлендіргіш машиналар, механикалық жұмысты энергия-ның басқа да түрлеріне өзгертуге (электр генераторы, ауылық және гидравликалық сорғылар) арналған;

.
.

—    көлік және тасымалдаушы машиналар қозғалтқыштан алынған механикалық жұмысты, массаның орнын ауыстырып, механикалық жұмысқа түрлендірге арналған; —   технологиялық машиналар еңбек затының пішінін, сипатын, күйін өзгертуге арналған; —   ақпараттық, ақпарат жинауға, өңдеуге және пайдалануға арналған (есептеу машиналары, дербес компъютер және т.б.). Машинаның келесі негізгі бөліктерін ажыратуга болады: машинаны қозғалысқа келтіруші сыртқы күш әсерлерін тікелей қабылдаушы — қабылдағыштар; машинаның арнаулы тағайындалған жұмысын жасаушы — орындаушы механизмдер; қабылдағыштан орындаушы механизмдерге берілісті және қозғалысты түрлендіргіш берілістік механизмдер немесе жетектер. Көрсетілген негізгі бөліктерден баска, машинаның қозғалысты басқаратын және тежейтін бөліктері, сонымен катар қозғалмайтын бөлігі (тұғыры, фундаменті) болады. Әрбір машина бірнеше бөлек тетіктен, кейбір жағдайларда қатаң, белгілі бір тізбекпен өзара біртұтас болып байланысқан, айтарлықтай көптеген тетіктерден тұрады. Машина «тетігі» деп біртұтас материалдан және құрастыру операциясы қолданылмай жасалған, машинаның әрбір бөлек тетіктерін айтамыз. Машина жасауда тетіктерді екі түрге сұрыптайды. Олардың бірі барлық, немесе, былайша айтқанда, әртүрлі және әр типті көптеген машиналарда кездеседі, басқасы тек арнайы тағайындалған машиналарда пайдаланылады. Бірінші топтағы тетіктерді — жалпылама тағайын далған тетіктер немесе жалпы тетіктер деп, ал екінші топтағы тетіктерді арнайы тетіктер деп атайды. Тетіктер қарапайым (гайка, кілте және осыларға ұқсас) және күрделі (иінді білік, редуктордың қорабы, станоктың станинасы және осыларға ұқсас) болуы мүмкін. Тетіктерді (ішінара немесе түгелдей) тораптарға біріктіреді. Торап деп бір жұмыс атқаратын тетіктер жиынын айтады, Мысалы, шарикті домалау подшипнигін қарастырайық. Бұл шарикті домалау подшипнигі бірнеше тетікте: домалау денелерінен — шариктерден, ішкі және сыртқы сақиналардан және сепаратордан тұрады. Сондай-ақ тораптарға муфта, редуктор және т.б. мысал бола алады. Тораптарды күрделі тораптар және қарапайым тораптар деп екіге бөледі. Қарапайым тораптарға подшипниктер, тісті доңғалақтар отырғызылған біліктер және т.б. жатады. Күрделі тораптар бірнеше қарапайым тораптан, мысалы, редуктор подшипниктерден, тісті доңғалақтар отырғызылған біліктерден тұрады.

Машиналардың сан алуан түрлерінің барлығына қарамастан, олардың бір типтес жалпы тетіктерінің көптеген ортақ қасиеттері мен қырлары бар. Машиналарды зерттеу, бар конструкцияны талдау, жаңасын құру үшін, алдымен оның жекелеген тетіктерін зерттеп, оқып үйрену қажет. Бұл бөлімде тек қана жалпы бір типтес тетіктердің конструкциялары мен олардың есептеу жолдары қарастырылады. Ал арнаулы тетіктер болса, олар арнаулы курстарда қарастырылады. Сонымен, машина тетіктері бөлімі барлық машинаға тән бір типтес жалпы тетіктердің жұмыс істеуін және машина тетіктерін дұрыс жобалаудың көптеген және әртүрлі есептерін шешу тәсілдерін, қандай материалдан жасауға болатынын, олардың пішіндері мен өлшемдерін тағайындауды, тетіктер жасаудың оңтайлы тәсілдерін қарастырады. Оңтайлы жасалған машина тетігі машинаның қауіпсіз, сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Бөлімнің мақсаты — болашақ инженерлерге машиналардың бір типтес жалпы тетіктерін есептеу және жобалау негіздерінен теориялық қажетті білім беру, сонымен қатар оларды теориялық білімін іс жүзінде нақты жобалау есебін шешуге, жаңа машиналар мен олардың тораптарын құруға пайдалана білуге үйрету. Сонымен қатар «Машина тетіктері» бөлімі студенттерге арнаулы пәндердің механикалық бөлімдерін оқуда базалық ілім болып табылады, яғни студенттерге конструкторлық білім мен машықтанудың негіздерін береді. Бұл бөлімде тетіктердің үш үлкен тобы қарастырылады: қосылыстар — берілген машинаға енетін тетіктерді бір-бірімен байланыстыратын және қосатын құрылымдар; берілістер — машина-ның бір бөлігінен басқа бөлігіне айналу қозғалысын беретін құрылымдар; көмекші беріліс тетіктері — айналу қозғалысын камтамасыз ететін тетіктер.  Машиналар мен олардың тетіктерін жобалау.

.

Бірқатар, мысалы, нақты ғылыми қағидалар мен тұжырымдамаларға негізделген математика, теориялық механика іспетті пәндерге қарағанда, машина және оның тетіктерін жобалау көптеген жагдайда өнерге жақындау келеді. Жобалау жұмысы теориялық біліммен катар, белгілі дәрежеде тәжірибенің болуын, бар конструк-циялармен таныстыкты, оларды сын көзбен талдай білуді, сонымен қатар негізгі материалдарды және машина жасаудың технологиялық процесін білуді қажет етеді. Жобалау деп кешенді техникалык құжатты, яғни техникалық-экономикалық негіздеуді, есептеулерді, сызбаларды, макеттерді, қаржы есептерін, түсіндірме жазбаларды және тағы басқа машина тұрғызуға қажетті құжаттарды дайындау процесін айтамыз.

Жобалау және құрастыру барысында алынатын конструкторлық құжаттар жиынын жоба деп атаймыз. Жобалау мен жобаны хаттау ережесі Конструкторлық құжаттардың бірыңғай жүйесінде (КҚБЖ) стандартталып, өнеркәсіптің барлық салаларында конструкторлық құжаттарды даярлаудың бес сатысы тағайындалған, ол мыналар: —   техникалық тапсырыс жасалынатын өнімнің тағайындалуы мен техникалық сипаттамаларын, сапа көрсеткіштері мен техникалық экономикалық талаптарын қамтиды; —   техникалық ұсыныс техникалық тапсырысқа сәйкес жаса-латын өнімнің техникалык және техникалық-экономикалық қажет-тілігін негіздейтін конструкторлық құжаттар жиынын қамтиды; —   эскиздік жоба жасалатын өнімнің құрылымы мен жұмыс істеу принципі жөнінде жалпы мағлұмат беретін, нақты конструк-торлық шешімі бар конструкторлық құжаттар жиынын, сонымен қатар оның негізгі параметрлері мен пішін өлшемдерін анықтайтын берілгендерді қамтиды; —   техникалық жоба — ақырғы конструкторлық шешімді қамтыған және жасалушы өнім құрылымы туралы толық мәлімет беретін конструкторлық құжаттар жиыны; —   техникалық құжаттарды даярлау — жобалаудың қорытынды кезеңі, оның барысында сенімділік, технологиялық және экономикалык талаптарды қанағаттандыратын тетіктердің конструкциясы дайындалады. Атап өтетіндей, оқу орындарындағы курстық және дипломдық жобалау жұмыстарының конструкторлық құжаттарын даярлау сәл де болса жеңілдетілген түрде жүргізіледі. Жобалау процесі барысында даярланған конструкторлық құкатқа сәйкес, өнімді жасаудың технологиясын анықтайтын технологиялық құжат жасалады.

Конструкторлық, технологиялық, сонымен бірге нормативтік-техникалық құжаттар (соңғысы барлық дәрежелі стандарттарды, басшы техникалық құжаттарды, жалпы техникалық талаптарды және т.б. қамтиды) жиынтығы өнімді өндіруді ұйымдастыруға және іске асыруға, сынауға, қолдануға және өндеуге қажетті техникалық құжаттарды құрайды. Машина тетіктері түрлі жағдайда және барлық деректерді дұрыс ескеруге келмейтін күйде жұмыс істейтіндіктен, машина тетіктері жиі жуық, ал кейбір жағдайларда, машиналардың тетіктері мен тораптарын жобалаудан, сынаудан және тұтынудан жиналған тәжірибелердің нәтижесі болып табылатын эмпириялық формулалармен есептеледі. Машина тетіктерін жобалау барысында екі түрлі есептеуге тап боламыз, атап айтқанда, әдетте, тетіктер мен тораптардың негізгі өлшемдері анықталатын жобалау есептеуі, тетіктердің тексеру есептеуі, яғни конструкцияны тұрғызу үшін, мысалы, қауіпті қимадағы кернеуді, жылуға төзімділігін, тозуға төзімділігін және т.б. параметрлерін анықтау жүргізіледі және, егер қажет болса, олардың конструкциясына және өлшемдеріне қажетті өзгерістер енгізіледі. Көптеген жағдайларда машиналардың тетіктерін жобалағанда көп нұсқалы шешімдерге келуіміз мүмкін. Мұндай жағдайларда шешімдерге мұқият талдау жүргізіп, алдыңғы жинақталған тәжірибелерге  сүйеніп  және  іспеттес  бар  конструкцияларды  қолданып дұрыс шешім қабылдануға тиіс. Қазіргі заманда техникалық әсемділікке үлкен көңіл бөлінеді, сондықтан тұрғызылатын конструкциялар сенімді және үнемді болуымен қатар, орынды пішінмен сыртқы түрі тартымды болуы керек.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.