Материя туралы түсінік

Home » Рефераттар » Материя туралы түсінік
Рефераттар Комментариев нет

Ұзақ тарихи замандардан бері адамзат ойы материяны зат деп түсінді, яғни материя дегеніміз — зат. Бірақ заттардың саналуан түрлері бар. Жансыз зат, жанды зат т.т. Материяны затпен пара-пар деп қараудың біршама ұзақ тарихы бар. Ежелгі грек философиясында барлық саналуан заттардың түпкі тегі белгілі бір зат деген көзқарас болған. Ол ең қарапайым зат Мысалы, Фалес үшін ол — су, Анаксимен үшін — ауа, Гераклит үшін — от, Демокрит үшін — атом (заттардың ең ұсақ бөлінбейтін бөлшегі). Күрделі заттардың барлығы қарапайым заттардан шыққан, солардың құрамасы, құрамды заттар сондықтан да тұрақсыз, өзгере береді. Күрделі заттар бұзылғанда алғашқы қарапайым заттарға бөлінеді. Ал қарапайым біртекті заттар тұрақты.
Материя осы кезеңнен бастап-ақ материалистік бағытта бүкіл космостың түпкі негізі, бүкіл әлемнің біртұтастығының шығатын тегі ретінде қаралады. Олар үшін әлем әртүрлі заттардың кездейсоқ қосындысы ғана емес. Әлем біртұтас нәрсе. Алғашқы грек материалистеріне біршама диалектикалық көзқарас тән. Жаңа дәуір философиясында (ХVІІ-ХVІІІ ғ.) қоғамдық өндіріс пен ғылымның дамуы, қоғамдық еңбек бөлінісін тереңдеуі материяны механикалық заттармен, дәлірек айтқанда, заттардың механикалық қасиеттерімен теңгеруге жол ашады. Материалистік ой енді материяны заттардың белгілі бір түрімен емес, олардың барлығына тән ортақ қасиеттерімен байланыстыруға бейім. Ал XIX ғасырда Фейербах болса, материя барлық заттар-дың қосындысы деген көзқарасқа ойысады. XX ғасырда ғана жаратылыстанудың, соның ішінде физиканыңтабыстарына бай-ланысты электромагниттік өрістің ашылуы материалдық құбы-лыстардыңзаттан да басқа түрлері болатынын анықтады. Әр дәуірдің материяны қалай түсінетіндігі ғылымның, танымның ғана нәтижесі емес. Материя туралы адамдардың ойлары әз заманындағы әздерінің дүниеге қатынасының, жал-пы мәдениеттің кәрінісі. Адамдардың материалдық дүниені қаншалықты дәрежеде игерді, сол игерген мазмұннан, күш-терден қаншалықгы дәрежеде өзінің әлеуметтік дүниесін жаса-ды — міне, материя туралы ең алдымен қоғамдық санада туатын көзқарастар осы жағдайларға байланысты.
Адамзат бүгінгі күнге дейінгі іс жүзінде материяны зат түрінде біледі. Ол заттың әртүрлі қасиеттерін меңгерді, заттан кәптеген құралдар жасады яғни, ол заттар дүниесінде тіршілік етеді. Өзі де сол заттар дүниесінің, жанды тіршіліктің бірі. Дәуір өткен сайын, адамның өндіріс қызметі жан-жақты күрделі процеске айналған сайын, адамдардың қызметтері саналуан болып кетті. Адамдар табиғаттағы бар заттардан басқа, онда тіпті болмаған және адамсыз болуы мүмкін емес заттаржасайды. Ол ең алдымен күрделілік жағынан табиғат күштерімен пара-пар әлеуметтік орта, қоғамдық құрылыс туғызады. Адамдардың іс-әрекеттерінің нәтижелері де көбінесе заттық формада. Олардың бір-бірімен қоғамдық қатынастары заттармен дәнекерленеді. Адамдар өздерін белгілейтін заттармен өзін қоршаған. Яғни адамзаттың бүкіл өткен тарихи тәжірибесі оны затқа универсалдық мән беруге бейім етеді. Затқа шексіз мән беруге қолайлы ахуал туғызатын дәуір, әсіресе, байлықтың мүліктей немесе ақшалай қорланатын кезеңі. Бұл заманда муліктің, заттың, байлықты адамдарға устемдік сипат алатындығы белгілі. Байлық адамға емес, адам екінің бірінде байлыққа қызмет етеді. Барлық өндіріс байлықты толассыз өсіре беруі ушін іске асады. Ол — өндірістің тупкі мақсаты. Яғни адамның да. Бұп байлыққа табынушылық психология туғызады. Ал байлық ол заманда белгілі бір затпен, ақшамен, көбінесе алтынмен пара-пар. Демек адамдардың әлеуметтік дамуының ішкі қайшылық-тарының өзі де дүниеде бірден-бір мәнді, бірден-бір реальды күш осы зат, мысалы, байлық деген үғым туғызады. Байлық кімнің қолына тисе, сол басқа адамдарға үстем болып шығады. Байлық, әрине, адамдардың тарихи қорланған ортақ күші, бірақ қоғамдық күштердің адамдарға жат күшке айналған заманында олар адамдарға тәуелсіз объективтік реальдық күш болып көрінеді. Сондықган бүкіл әлем, табиғат, жалпы материя туралы адамдар санасындағы үғымдар, дәлірек айтсақ, тіпті сезімдер сол әлемді, табиғатты жеке адамның тікелей сырттай барлап, тікелей бақылаған сәттерінде емес, күнделікті өзара қатынастарынан туады екен. Өйткені ол қатынастар заттарға байланысты. Адамдардың өзара қатынастары тұтасымен алғанда олардың барлығының табиғатқа, табиғатты меңгеруіне байланысты қатынастар. Осыған сәйкес әр заманның адамда-ры табиғатқа белгілі бір қоғамның көзімен қарайды, оның көзі -белгілі бір мәдениеттің, оның негізінде жатқан құндылықгың көзі. Оның үстіне мүндай қоғам бүрынғы ру, тайпа сиякты адамдардың берік топтарын ыдыратып, әрбір жеке адамды басқа адамдардан оқшаулатты, алыстатты. Адамның адамға тікелей тәуелділігінің орнына мүлік арқылы дәнекерленген тәуелділік келді. Қоғамдық қатынастарында оқшауланған адам-дар бір-біріне, жалпы қоғамға, өзара қатынастарына, еңбектің нәтижелеріне, табиғатқа тек қана объект ретінде қарайтын бол-ды. Олардың барлығы жеке адам үшін пайдалы немесе пайдасыз заттар, объектілер. Олардың бәрі де тап осы адамнан тәуелсіз сыртқы күштер сиякты. Бүл жағдай соңғы үш-төрт ғасырда дамыған Еуропа философиясында, соның ішінде материалистік бағытқа өзініңайқын табын түсіреді. Тек қана философия емес, бүкіл осы дәуірде өрбіген қоғамдықойда Маркстіңбелгілітермині бойынша «гносеологиялық робинзонада» кең өріс алды. Ол не деген сөз? Яғни танымда барлық нәрсеге дүниедегі жападан-жалғыз Робинзонның көзімен қарау. Барлық нәрсені белгілі бір тұтастыкта емес, алаңсыз оқшаулыкта, тек даралықтұрғысынан қарау. Дүниені жалпы адамзат, қоғамдық тұгастық емес, жеке адамның қатынасы тұрғысынан көру.
Жеке адамның қатынасында материалдық болмыс бір нәрсе, ал адамзаттың бүкіл тарихындағы ортақ қатынасында ол -тіпті басқа нәрсе.
Адамзат іс-әрекеттерінің мәнді нәтижелері көбінесе заттық формада сақталған. Олар еңбек құрал-жабдықтардан бастап қазіргі үлкен қалалар, зәулім ғимараттар, ұлы құрылыстар, көркем өнер шығармалары, сөйлеу тілі мен музыка тағы тағылар. Бұлардың барлығы адам туындылары, тек адамдар қатынастарының шеңберінде ғана мәні бар. Бірақ жоғарыда айтылған адамның өзі жасаған дүниесінің өзіне жат болуы ол дүниені адам жасайтын емес, керісінше, олар адамды жасайды, адамдарды қалыптастырады деген көзқарасты туғызады. Зат, әрине, материяның белгілі бір түрі. Бірақ бірден бір түрі емес. Табиғатта да, қоғамда да ол жалпы универсальдық өзгеріс, қозғалыстың бір моменті. Материяның болу формасын біз затпен шектейтін болсақ, онда бүкіл әлемдегі өзгерістерді ешуақытта түсіне алмаймыз. Материалдық нәрсені біз оның идеалдық бейнесімен салыстыру, олардың бір-біріне ауысу қатынастары арқылы ғана аныктай аламыз. Онсыз біз материалдық пен идеалдық, құбылыстарды бір-бірімен ажырата алмай қалуымызға болады. Мысалы, идеалдық нәрсе деп жеке адамның психика-сын ғана түсінетін болсақ, онда екінің бірінде біз идеалдық құбылысты материалдық құбылыс деп, ал материалдық құбы-лысты идеалдық құбылыс деп ойлап қалуымызға болады. Материалдық нәрсе мен идеалдық нәрсенің айырмашылығы көзге бірден көрінетін, айдан айқын белгі емес. Неліктен олай? Оның себебі:жеке адамның ойлауы үшін сыртқы заттар ғана емес, екінші адамның ойлауы да оған тәуелсіз нәрсе, ол да объективтік құбылыс. «Мен» өз ойымда басқа адамдардың ойын да бейнелей аламын. Сонда басқа адамдардың ойы мен үшін идеалдық нәрсе емес, материалдық нәрсе болып тұрады. Өйткені әркімнің ойлауы басқаларға заттық не материалдық формаға ауысуы арқылы жете алады. Екі адам әңгімелескенде олардың ойы бір-біріне дыбыс тілі арқылы дәнекерленеді. Жазу да сол ойды жеткізудің бір түрі. Театрдағы спектакль, скульптор жасаған мүсіндер, суретшінің суреті — олардың бәрі де объективтік формаға енген біреулердің екіншілерге бағытталған ойлары, сезімдері. Осы айтылған нәрселерді біз заттық формасына қарап материалдық құбылысқа, материяға жатқызсақ, ол үлкен қате болған болар еді. Олар — идеалдық қүбылыстар. Өйткені суретшінің салған суреті, мысалы соған жүмсалған сыр мен бояулардың немесе кенептің табиғатын бейнелеп түрған жоқ, олардан тыс, басқа бір болмысты бейнелеп түр. Мүндай заттардың қоғам өміріндегі функңиясы — өзін емес, басқа реальдық нәрсені бейнелеу. Адамның психикасы да, әрине, осындай бейнелеудің бір түрі, бірақ бірден-бір түрі емес.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.