Медиаторлар дегеніміз не?

Home » Рефераттар » Медиаторлар дегеніміз не?
Рефераттар Комментариев нет

Медиаторлар (нейротрансмиттер, синапстык өткізгіштер) — дегеніміз жүйке импульстарын физиологиялық жүйелер торшаларына немесе басқа жұйке торшаларына жеткізетін химиялық өткізгіштер. Өткізгіштер берілетін орыңдар — синапстар, ал медиаторлар әсерлесетін химиялық құрылымдар — реактивті (холинергиялық, адренергиялық) заттар деген атау алды. Медиаторлардың едәуір бөлігіне биогенді аминдер деп атайды (ароматты амин қышқылдарының декарбоксидденген туындылары). Катехоламин туындыларынан жақсы зерттелгені дофамин, ал ол синапстық түйіндердегі (ганглилердегі) интернейрондардың белгілі медиаторы болып саналады. Дофаминергиялық нейрондар орталық мидың лимбиялық жүйесінде, оның гипоталамиялық аумағында және торшаларында болады. Норадреналин бүйрек үсті безінің милық затыңца, бүйрек үсті безінен тысқары жатқан хромафин ұлпаларында, үлкен мида және симпатикалық жүйелердің түйіндерден кейінгі ұштарында түзіледі. Ол симпатикалық нейрондардың медиаторы болып саналады. Серотонин (иңдол туындылары) — ішек жүйке тармақтарының медиаторы; ол тыныс алу мен қан айналуға белсенді әсер етеді, жүрекке ино және хронотропты әсер етіп, бірыңғай салалы бұлшық еттерді қоздырады. Ацетилхолин — холиннің сірке қышқылды эфирі. Бұл өте кең әсерлі холинергиялық жүйкелердің түйініне кейінгі ұштарының медиаторы. Кейбір медиаторлар амин қышқылдарына жатады: глицин, глутамин, гамма аминмайлы қышқылы, аспарагин қышқьшы және тағы басқалары. Медиаторлардың түзілуі синапстық аумақтың қалыпты зат алмасуын көрсетеді. Мысалы, а — тирозин — 3 гидроксилаза ферменттерінің әсерінен L — дофаға, ал дофа декарбоксилаза ферментінің өсерінен дофаминге өзгереді. Дофамин гидроксилаза ферментінің өсерінен дофамин норадреналинге, ал ол фенилэтаноламин — N — метил трансфераза ферментінің әсерінен адреналинге айналады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.