Механикалық сарғаю

Главная » Рефераттар » Механикалық сарғаю

Өт қуығында тас пайда болу ауруы (ӨҚТПА-ның) өте ауыр аскынуларының бірі ол механикалық сарғаюдың пайда болуы. Ғылыми әдебиет беттерінде жарияланған еңбектерге көңіл аударсақ, ӨҚТПА-ның бұл асқынуының жиілігі 13,9—43,6% аралығында кездеседі екен. Механикалық сарғаюдың негізінде өт сұйығының БТЖОЖ-мен он екі елі ішекке жету жолында әртүрлі бөгеттердің пайда болуы жатыр. Ондай бөгеттердің бірнеше түрлерін ажыратуға болады. Солардын ішінде, статистика бойынша, ең жиі кездесетін түрлері ол өт түтіктеріндегі тастар (холедохолитиаз), он екі елі ішектің үлкен бүртігінің немесе холедохтың терминальді бөлігінің тыртықты тарылуы (стеноз), индуративті панкреатит (ИП), ісіктер. Аталған себептер (ісіктен басқасы), көбінесе, ӨҚТПА-ның зардабынан, оның көп мерзімге созылуынан туады. Пайда болған бөгеттер өт сұйығының қалыпты физиологиялық жолмен ағуын бұзады, сондықтан өт сұйығының бауырдан тыс жатқан және бауыр ішіндегі өт жолдарында тоғуына әкеліп соғады (холестаз). Ал бұл жағдай, өз кезегінде, өт түтіктерінде қысымның жоғарылауына (өт гипертензиясы) және қанда өт пигменттерінің деңгейінің көтерілуіне себеп болады (холемия). Механикалық сарғаю пайда болғаннан бастап ауру адамдардың жалпы жағдайлары төмендейді және сырқаттың ағымын болжау нәтижесі өте күрделенеді, өйткені сарғаюдың мерзімі ұлғайған сайын пациентердің организмінде, ішкі ағзаларында, оның ішінде осіресе бауырда, терең, пациенттердің өмірлеріне қауіп төндіретіндей, морфофункционалдық өзгерістер пайда бола бастайды. Осымен қатар, клиникалық тұрғыдан қарағанда, механикалық сарғаюдың нақ себебін тез арада анықтау және оны емдеу де оңай емес. Біз күнделікті жұмыс тәжірибемізден байқауымызша, сол сияқты басқа да ғалымдардың кағидаларында көрсетілгендей, сарғаю пайда болған ауру адамдардың басым көбі алғашқы кезде жұқпалы аурулар ауруханаларына инфекциялық гепатит диагнозымен жеткізіледі, ал ол мекемелерде аталған диагноз дәлелделінгенше (немесе оны жоққа шығарғанша) біршама уақыт бағалап қалуы мүмкін. Кейбір ғалымдардың айтуынша бұл мерзім 2—4 аптаға созылуы ықтимал. Бұл уақыт аралығында механикалық сарғаю өрши түсіп бойға тараған өт сұйығы, жоғарыда айтылғандай, ағзалар мен жүйелерге теріс әсерлерін тигізеді. Сарғаю мерзімі созылған сайын аталған өзгерістер одан әрі дамып, өзінің зиянды әсерін үдете түседі. Бұндай жағдай хирургиялық емдеу тәсілінің нәтижелерін күрт төмендетеді және операциядан соңғы өлім көрсеткішін тым жоғарылатып жібереді. Осыған орай В.В. Виноградов пен В.И, Кочиашвилидің (1972) ӨҚТПА-ның холедохолитиаз асқынуында сарғаю белгісі пайда болу мерзімінен бастап біраз уақыт өтсе, ол өзіне тән даму заңы, клиникалық барысы, өздігінше аскынулары бар жеке дара механикалық сарғаю ауруына айналады деген пікірін әбден қолдауға болады. Жоғарыда аталып кеткен қолайсыз жағдайлар механикалық сарғаюдың себебін қысқа мезгіл арасында анықтап, оны уақытында емдеу төтенше маңызы бар мәселе екенін аңғартады. Осыны ескере отырып 1980 ж. Қазан қаласында өткен хирургтердің симпозиумында механикалық сарғаюмен түскен ауру адамдардың диагнозын анықтап, операция жасау мерзімі 10—14 күннен аспасын деген шешім қабылданған болатын. Бірақ бұл шешім кейінгі кездердегі ғалымдардың механикалық сарғаю асқынуын терең зерттеу нәтижелерінде табылған деректерге сәйкес келмейді, өйткені олардың зертгеулеріне қарағанда, бауырдағы өзгерістер бұл көрсетілген мерзімнен бұрын басталатыны анықталды. Мысалы, В.Г. Зубков пен А.П. Пеньковтің (1986) механикалық capғаю кезінде бауырда туатын патоморфологиялық өзгерістерді зерттеу нәтижелеріне жүгінсек, сарғаю пайда болысымен, көп кешікпей, бауыр ішінде және бауырдан тыс өт жолдарында холестаз байқала бастайды, ал одан 3-5 тәулік өткен соң бауырда некробиотикалық өзгерістер (цитолиз) табылған. Бұл өзгерістерді, яғни цитолизді уақытында тоқтатпаса ол бауыр қызметінің жетіспеушілігіне әкеліп соғады (Родионов В.В. ж. басқалар, 1991). Аталмыш жағдай операциядан соң болатын өлім көрсеткішін жоғарылататын негізгі себептердің бірі болып табылады, ал ондай көрсеткіш бүгінгі таңда 2,5%-дан 32,3% аралығында болып тұр. Пайыз көрсеткіштерінің бірінен бірінің ара қашыктықтарының алыс болуы, көптеген зерттеушілердің айтуына қарағанда, сарғаю мезгілінін ұзаруымен тікелей байланысты. Т.Ш. Магдиев пен В.Д. Кузнецованың (1982) деректері бойынша егер сарғаю мерзімі 10 күнге дейін созылса операциядан соңғы кезеңдегі өлім көрсеткіші 13,3% жиілікте болған, ал сарғаю көрсетілген мерзімнен ұзақ созылса аталған көрсеткіш 32,3%-ға дейін өскен. Сонымен, қорыта келе, механикалық сарғаю ауру адамның өміріне өте қауіпті және оның организмге төтенше жағдай туғызатын асқыну болып келетініне көңіл аудару қажет. Механикалык. сарғаюдың, жоғарыда айтылғандай, себептері көп және әртүрлі. Дегенмен солардың арасында ең жиі себептері ретінде ӨҚТПА-ның асқынулары жоғарғы қатардан орын алады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.