Мейоз және оның ерекшеліктері

Home » Рефераттар » Мейоз және оның ерекшеліктері
Рефераттар Комментариев нет

MeiozМейоз редукциялық бөліну деп аталады. Өйткені редукция деген әлдененің кішірею үдерісі ғой. Ал мейозда еншілес жасушалардағы хромосомалардың саны екі есе кемиді.

Аналық жасуша іле-шала төрт еншілес жасушаларға бөлінбейді. Қатарынан екі рет: 1-мейоз және 2-мейоз болып бөлінеді. Интерфаза кезінде мейоздың бірінші және екінші бөлінуі аралығында ДНҚ репликациясы жүрмейді — хромосомалар екі еселенбейді.

Хроматид және ДНҚ молекулаларының хромосомалар санына та-ғы бір рет назар аударайық. Адам денесінің жасушалар ядросындағы хромосомалар — 46 (диплоидты жиынтық), демек ДНҚ-ның түзу сызықты молекулалары — 46. Репликация соңынан ДНҚ молеку-лалары 92 болады, алайда микроскоп арқылы бұрынғысындай 46 хромосома корінеді. Оның мәнісі мынада: әрбір тізбектелген хро-мосома хроматидтер деп аталатын екі ДНҚ молекуласынан тұрады. Бір хромосомадағы хроматидтер центромер ұлескісінде қосылған, сондықтан ядро сөлінде дербес «жүзе» алмайды. Анафазада центромер үзілген кезде хроматидтер дербестік алады. Сол кезден бастап олар хромосомалар деп аталады. Сөйтіп, құрамында 92 молекуласы бар ДНҚ әрқайсысында 46-дан хромосомалары бар екі еншілес жасушаға бөлінеді.

Мейоз кезіндегі үдеріс ұқсас, айырмашылығы еншілес жасуша екі емес, төрт болуында. Яғни интерфазадағы алдыңғы мейозда репли-кация болды да, жасушада 92 хроматидтер түзілді. ДНҚ молекуласы — 92, алайда хромосомалар бұрынғысынша 46, өйткені әрбір хромо-сома ДНҚ-ның екі молекуласынан — хроматидтен тұрады. Бұдан соң жасуша екі еншілес жасушаға болінеді. Оларға хромосомалардың жартысы — 23 хромосома түседі, өйткенмен олар екі хроматидтен тұрады. Демек мұндай жасушада ДНҚ-ның 46 молекуласы болады. Бұдан кейін бұл екі жасуша тағы бір рет бөлінеді де енді еншілес жасушаларда ДНҚ-ның 23-тен молекулалары болады. ДНҚ-ның бұл 23 молекуласы енді хромосомалар деп аталады, өйткені олар центро-мерге қосылмаған, еркін және еншілес жасушалардың ядросында орнығады. Мейоз үдерісін толығырақ анықтап қарап шығайық.

Жоғарыда айтылғандай, мейоз қатар жүретін екі бөлінуден тұрады. Оның 8 сатысы бар:

  1. 1-профаза; 1-анафаза;
  2. 1-метафаза; 1-телофаза.

Бұл сатылар аралығында қысқа интерфаза болады. Бұл уақытта жасуша бөліну шүйкесінің нәруыздарын синтездейді, бірақ ДНҚ екі еселенбейді!

  1. 2-профаза; 2-анафаза;
  2. 2-метафаза; 2-телофаза. Сонымен бүкіл мейоз 1-мейоз және 2-мейоз болып бөлінеді. Митоздан 1-мейоздың бірқатар маңызды айырмашылықтары бар.

Віріншіден, профазада 1-мейоз коньюгацияланады. Бұл құбылысты түсіну үшін гомологиялык хромосомалардың не екенін еске түсіру қажет. Гомологиялык хромосомалар дегеніміз — бұл жұптасқан хромосомалар, олардың біреуі аталықтан, екіншісі аналықтан жеткізіледі. Гомологиялық хромосомалардың мөлшері, пішіні және гендер құрамы бірдей. Яғни егер бірінші хромосомадағы аталықтың бірінші гені тері түсіне жауапты болса, онда аналықтың бірінші хромосомасындағы бірінші ген де тері түсіне жауапты болады. Со-нымен бірге аталықтың гені терінің қоңырқай түсін анықтайтын ме-ланин нәруызын кодпен жаза алады, ал аналықта терінің ашық түсін анықтайтын меланин болады. Біздің әрқайсымызда барлық гендердің жұбы бар (әйелдерде жоқ Ү хромосомасындағы гендерді қоспағанда). Ағзадағы дәл қай ген «жұмыс істейді», қайсысы «тынығады», оны ғалым-генетиктер айқындайды. Ал біз бұл мәселені келесі тақырыпта талдайтын боламыз. Әзірше біздің барлығымызда 23 жұп хромосомалар болатынын түсінуіміз керек. Сонымен аталықтың бірінші хромо-сомасы аналықтың бірінші хромосомасына сәйкес келеді. Конъюга-ция дегеніміз — бұл гомологиялыц хромосомалардыц жацындасып, ширатылу цдерісі. Коньюгация уақыты кезінде көптеген хромо-сомалар арасында айцасу (кроссинговер) жүреді. Айқасу дегеніміз — бұл гомологиялыц хромосомалардың цлескілерімен алмасу цдерісі. Мұның нәтижесінде бала әкесіне тиісті бірнеше түйір хро-мосомаларды, қалғандарын шешесіне тиісті хромосомалар алады. Айқасудың арқасында ұрпақ өте алуан түрлі болады. Тіпті көп ұрпақты өсімтал ағзалардан екі мүлде бірдей дарақ туа бермейді. Бір жұмыртқалық егіздерде ерекшелік болады, алайда олар туралы кейінірек толығырақ баяндаймыз.

Коньюгация және айқасу — өте маңызды үдерістер, оларсыз, жалпы алғанда жыныстық жасушалар түзілмейді. Табиғатта әр түрлердің басқа-басқа будандар түзу жағдайлары болады. Мысалы, хайуанаттар бағында арыстан мен жолбарыс буданы немесе енесі -бие, атасы есек — мәстек қашыр кездеседі. Мұндай түраралық будан-дар көбінесе ұрпақ бермейді. Өйткені есек пен биенің хромосомалары сәйкес келмейді. Демек олар түйірлерін алмастыра алмайды. Ал коньюгация және айқасу болмаса, жыныстық жасушалар да бол-майды. Гаметалар болмаған соң — ұрпақ та жоқ. Айқасу үдерісінің маңыздылығы — ол мейоздың ең бірінші сатысында — 1-мейоз про-фазасында жүреді. Бұл саты — уақыты бойынша мейоздағы ең ұзақ саты. Оның кейбір ағзаларда ұзаққа созылатындығы соншалықты, ДНҚ транскрипциялана бастайды, сөйтіп жекелеген гендерді РНҚ-ға көшірмелейді. Сондықтан сатыны тағы да 5 саты тармақтарына бөледі.

1-мейоздың тағы бір маңызды айырмашылығының нәтижесінде гаплоидты (сәйкес) жасушалар түзіледі. Яғни бірінші мейоз кезінде центромера үзілмейді. Еншілес жасушалар екі хроматидтен тұратын тұтас хромосомалар алады, яғни қосарланған хромосомалар шахмат тәртібі бойынша таралады. Сапта тұрған жауынгерлердің қолдарымен ұстасып тұруға бұйрық алғаны сияқты «жұптарыңмен бірінші, екіншіге санап шығыңдар! Бірінші жұптар бес қадам алға шығып, екінші жұптар бес қадам артқа шегініңдер». Соның нәтижесінде 1-анафазада центромералардың үзілуі болмайды, құрамында 1п хромосомалардың гаплоидты жиынтығы бар 2 еншілес жасуша түзіледі. Сөйтіп, әрбір хромосома бұрынғысынша 2 хроматидтен, яғни ДНҚ-ның толық екі молекуласынан тұрады.

Егер 10 хромосомасы бар жасуша мейозға кірісе бастаса, оның құрамында 20 хроматид болады. Бірінші бөліну соңынан әрқайсысында бес-бестен хромосомалары бар екі жасуша түзіледі, бірақ олардың құрамында 10 хроматид — ДНҚ молекулалары болады.

Мейоздың екінші бөлінуі митозды дәлме-дәл кошірмелейді. Мейоздың бірінші бөлінуінде хромосомалар саны 2 есе кемиді. Сондықтан нақ 1-мейоз редукциялыц бөліну деп аталады. Ал екінші болінуінде хромосомалар саны өзгермейді. Сондықтан 2-мейоз эквационды бөліну деп аталады. Мейоз кезінде дұрысы репликация интерфа-зада 1 рет жүреді, ал оның соңынан 2 бөліну қатарынан өтеді. Кесте деректерін пайдалана отырып, 1-мейоз жене 2-мейоз сатыларының оту үдерістерін толығырақ талдап, салыстырып көрейік. Аналық жасушамен салыстырғанда мейоздың биологиялық рөлі еншілес жасушалардағы хроМосомалардың азаюына саяды. Мейозбен көбінесе ұрықтана алатын гаплоидты жасушалар, гаме-талар қалыптасады.

Тақырып бойынша қорытынды

  1. Мейоз деген — бұл хромосомалар саны азайған кезде жасушалар бөліну жолы. Мейозбен бөлінген кезде бір аналық диплоидты жасушадан төрт гаплоидты жасуша түзіледі.
  2. Мейоз алдындағы интерфазада репликация жүреді, ал бұдан соң екі бөліну: 1-мейоз және 2-мейоз қатарынан өтеді.

3.1-мейоздың екі ерекшелігі бар. Бірінші ерекшелік гомологиялық хро-мосомалар мен олардың айқаспалары өтетін 1-профазаның ұзақтығында. Екінші ерекшелігі анафазада центромера үзіледі де, еншілес жасушаға екі хроматидтен (ДНҚ молекулалары) тұратын хромосомалар түседі. Алайда бұдан еншілес жасушалардағы хромосомалар саны екі есе кемиді. Сол үшін 1-мейоз редукциялық бөліну деп аталады.

  1. 2-мейоз митозға ұқсас. Мейоздың 2-анафазасында центромер үзіліп, хромосомалар екі еншілес хроматидке ыдырайды да, еншілес жасушалардағы хромосома болып шығады. 1-мейоздан соң түзілген екі гаплоидтың әрқайсысы бөлінеді. Соның нәтижесінде төрт гаплоидты жасушалар түзіледі.
  2. Мейоздың биологиялық рөлі аналық жасушамен салыстырғанда еншілес жасушаларда хромосомалар саны кемиді. Мейозбен көбінесе ұрықтана алатын гаплоидты жасушалар қалыптасады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.