Мектепте оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастырудың жолдары

Главная » Рефераттар » Мектепте оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастырудың жолдары

Қоғамдағы өндірістің, əлеуметтік, экономикалық жəне саяси өмірдің күрделенуі мен адамзат іс-əрекетінің барлық саласындағы процестердің серпінді өзгерісі, біріншіден, білімге деген сұраныстың өсуіне алып келсе, екіншіден, осы сұраныстарды қанағаттандырудың жаңа құралдарын жасау мен технологияларын анықтауды талап етеді. Қазіргі ақпараттық технологиялардың қарқынды даму кезеңінде жалпы орта білім беретін оқу орындарының оқу процесінің тиімділігі заманауи педагогикалық технологияларды ұтымды қолдана білуге тікелей қатысты. Сол себепті ақпараттық- компьютерлік технологиялар құралдарын педагогикалық іс-əрекетте кеңінен қолдана білу іскерліктерінің жоғары деңгейде қалыптасуы жалпы ортамектеп мамандарының кəсіби дайындығына қойылатын талаптар қатарына енеді. Осы орайда, жалпы мектептің педагогикалық процесінде ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық құралдарды қолдану жəне осының негізінде ақпараттық мəдениетті оқыту процесінде пайдалану өзекті мəселе болып табылады.

Бүгінгі ақпараттық қоғамның материалдық технологиялық қоры компьютерлік техникалар мен компьютерлік желілер, ақпараттық технологиялар мен телекоммуникациялық байланыстарға негізделген жүйелер болып табылатындығы айқын болып отыр. Сондықтан оқушыларға білім беруде ақпараттық мəдениетті математиканы оқытуда қолдану арқылы тəжірибелік іс-əрекеттер барысында пайда болатын мəселелерді қалыпты түрде сипаттау, яғни ақпараттық мəдениетті қалыптастыру əдістері туралы біліктілік, іскерлік пен машықтар жүйесін дамытуды қажет етеді. Сонымен бірге мектепте оқушылардың ақпараттық мəдениетін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу, негізгі алгоритмдікқұрылымдарды, жаңа технологияларды білу, есептерді математикалық модельдер бойынша шешу, ақпараттық технология құралдарымен жұмыс істеу жəне бұл білімдер мен іскерліктерді зерттеу нысанының, құбылыстың ақпараттық-логикалық моделін құру үшін қолдану негізгі мəселе болып саналады.

Осы аталған талаптардың қажетті көлемде жүзеге асырылуы оқушылардың ақпараттық мəдениетін қалыптастыру бойынша сауаттылығының жоғары деңгейде қалыптасуын қамтамасыз етеді. Заманауи ақпараттық технологияларды қолдану негізінде білім беруді жетілдіруге педагогика саласығалымдарының[А.А. Кузнецов, И.Н. Антипов, И.В. Роберт, И.Е. Вострокнутов, В.В. Лукин, И.А. Трубина,И.А.Румянцева,Ю.А.Первин,М.П.Лапчик, В.М.Монахов, А.Г. Кушниренко, А.Г. Гейн жəне т.б.] еңбектері арналған.

.

Қазіргі қоғамның қарқынды дамуы жағдайында еңбек сапасына қойылатын талаптың күшеюіне байланысты еліміздегі білім беру саласының жетілдірілуі жөніндегі бірқатар еңбектерді атап өтуге болады. Атап айтқанда, білім беру жүйесін ақпараттандыру мен математиканы оқытудың теориясы мен əдістемесі саласында бірқатар еңбектер жарық көрді. Бұл еңбектерде – білімді ақпараттандыру жағдайында электрондық оқулықтарды пайдаланудың педагогикалық мəселелері [Г.К. Нұрғалиева], қашықтықтан оқыту жағдайында оқушылардың ақпараттық мəдениеттілігін қалыптастыру [Д.М. Джусубалиева], білім беру жүйесін ақпараттандырудың жалпы мəселелері [Б. Баймұханов, С.Е. Шакликова,С.С. Үсенов, Р.А. Ильясова, Г.Б. Ахметова], білім беруді ақпараттандыру жағдайында электрондық əдістемелік жүйені құрастырудың əдіснамалық жəне технологиялық мəселелері [Ш.Х. Құрманалина] жан-жақты қарастырылған. Бұл аталған ғалымдардың еңбектерінің нəтижелері білім беру стандарттары мен оқытудың бағдарламалық-əдістемелік кешендерін жасауда негізгі қолданысқа ие болды.

ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Ел өмірінің барлық салаларында компьютерлендіру процесі аяқталып, алдымызда келешек жас ұрпаққа компьютердің қыр-сырын терең меңгертіп, əлемдік білім кеңістігінеену мақсаты тұр. Ел болашағы – білімді ұрпақта. Технологияның күн сайын үздіксіз дамып, өзгеріп, жаңарып жатқан ақпарат заманында өмір сүру – күрделі дайындықты талап етеді. Осындай ақпараттық кеңістікке баланы дайындау бүгінгі күні заман талабына айналып отыр.

Қазақстанда жаңа білім беру жүйесі қалыптасуда. Білім жүйесіндегі инновациялық өзгерістерге президентіміз Н.Ə. Назарбаев үлкен мəн беріп, Республикалық мұғалімдер съезінде: «ХХ ғасырдың екінші жартысында белгілі болған нəрсе – ХХІ ғасырда алдыңғы саптағы елдер қатарына өз жастарының интеллектуалды жəне рухани əлеуетін барынша дамыта алатын мектептер мен жоғары оқу орындарының ең тиімді жүйесін жасаған ел ғанакөтерілеалады», — деген болатын.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Осы заманғы білім беру мен кəсіптік қайта даярлау, «парасатты экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды, идеялар мен көзқарастарды пайдалану, инновациялық экономиканы дамыту білім беру реформасы табысының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез-келген азаматы əлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады», — делінген. Сонымен қатар бүкіл еліміз бойынша əлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізу, On-line тəсілінде оқыту тəжірибесін дамытып, елімізде оқу теледидарын құру, оқу жоспарларына жаратылыстану ғылымдары бойынша, бірінші кезекте, математика мен ақпараттанудан қосымша сағаттар немесе пəндер енгізу қажеттігін баса айтқан болатын.

Елбасы биылғы Жолдауында Үкіметке, мемлекеттік холдингтерге облыстардың, Астана жəне Алматы қалаларының əкімдерімен бірлесе отырып кəсіптік-техникалық білім беруді одан əрі дамыту бағдарламасын əзірлеп, іске асыруды тапсырды. Бұл бағдарлама ел экономикасы үшін барынша қызығушылық тудырып отырған тиісті білім салаларына шетел ғалымдары мен оқытушыларын тартуды көздеуді, жұмыс берушілер мен олардың қауымдастықтары, яғни бірінші кезекте осындай кадрларға зəрулік танытқан бизнес өкілдері белсенді түрде тартылуды қажет деген болатын.

Оқушыларды ақпараттық қоғамда өмір сүруге дайындау үшін оларды ойша ойлауға, талдау жасай білуге, коммуникативтік дағдыларын дамытуға, ақпараттық сауаттылық пен ақпараттық мəдениеттілікке тəрбиелеу қажет, олардың əлемінің жүйелік-ақпараттық бейнесін, ақпараттық мəдениетін қалыптастыру жəне олардың өзін-өзі жетілдіре отырып, қызмет субъектісі деңгейіне көтеруін қамтамасыз ету керек.

Ақпараттық мəдениет – бұл əңгімелесе білу, теледидар, хабарды талғамды түрде қарау, алған мəліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу. Қазіргі заман талабына сай адамдардың мəлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық- коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Осы орайда, келешек қоғамымыздың мүшелері – жастардың бойында ақпараттық мəдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған басты міндет.

Ақпараттық мəдениетті, сауатты адам ақпараттың қажетті кезін сезінуі, оны тауып алуға, бағалауға жəне тиімді пайдалануға қабілетті болып, ақпарат сақталатын дəстүрлі жəне автоматтандырылған құралдарын пайдалана білуі керек. Ақпараттық мəдениет тек компьютермен дұрыс жұмыс істей білу емес, кез келген ақпарат көзін – анықтамалықтарды, сөздіктерді, энциклопедияларды, көліктердің жүру кестелерін, теледидар бағдарламаларын, т.с.с. дұрыс пайдалана білу деген сөз. Бұл – əңгімелесе білу, теледидар хабарын талғамды түрде қарау немесе қарамау, алынған мəліметті ой елегінен өткізіп, талдай білу жəне де өзгелердің еркіндігіне əсер ететін жағдайда өз еркіндігіңді шектей білу. Ақпараттық мəдениет – компьютерлік технологияны пайдалану, ол – Ғаламтор. Ғаламтордың көмегімен оқу бағдарламаларына қатыса аламыз, əсіресе өнер саласын зерттеуге қолайлы, мысалы, мұражайлардың əр түрлі сайттарын пайдалану.

.

Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі. Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды болып табылатын мəселелердің бірі – оқытуды ақпараттандыру, яғни оқу процесінде ақпараттық технологияларды пайдалану болып табылады. Қазіргі таңда елімізде білім беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті құру еніп, көкейтесті мəселе ретінде күн тəртібінен түспей отырғандығы мəлім. Ақпарат мемлекеттің даму деңгейін анықтайтын стратегиялық ресурсқа (қорға) айналып, ақпараттық мəдениетті қалыптастыру, яғни мəлімет өңдеу мен оны тасымалдау ісін атқару өркениетті дамудың қажетті шарты болып табылады.

Қазіргі кездегі қоғам дамудың ақпараттық кезеңіне аяқ басты. Ақпарттандыру жағдайында оқушылар меңгеруге тиісті білім, білік, дағдының көлемі күннен-күнге артып, мазмұны өзгеріп отыр. Оның басты сипаттарына – ақпараттық технологияларды кеңінен пайдалану адамдардың көптеген қызмет түрлерін компьютерлендіру, коммуникациялардың бірыңғай халықаралық жүйелерін жасау істері жатады. Біздің еліміз де орта білім жүйесін ақпараттандыру жөніндегі өз мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Оның алғашқы сатысы бойынша мектептер жаңа дербес компьютерлермен жабдықталды. Енді қоғамымызда үлкен мөлшердегі қилы ақпаратты тез қабылдап, оны жылдам өңдеу, Ғаламтор кеңістігін игеру, көп ақпараттар ағымынан өзіне керектісін табу, бірінші кезекте мектеп оқушыларын дайындау қажеттілігі туындап отыр. Жаңа коммуникациялық технологияларды пайдаланудың басты мақсаты – оқушылардың оқу материалдарын толық меңгеруі үшін оқу материалдарының практикалық жағынан тиімді ұсынылуына мүмкіндік беру. Бұл мақсаттарға жету жолында электрондық оқулықтар, тексеру бағдарламалары, оқыту бағдарламалары сияқты бағдарламалық өнімдер қызмет етеді. Алайда, білім беру жүйесінде білімдік жəне ақпараттық технологияларды іс жүзінде үйлестіре қолдануда кемшіліктер кездеседі. Оның үстіне ақпараттық технологияның тез жаңаруы мəселені қиындата түседі. Жағдайды жақсарту үшін білім беру технологиялары мен ақпараттық қарым-қатынастық технологияларды кіріктіру қажет, сонда педагог өзі білетін, жақсы меңгерген, бейімделген техникалық құралдарды сабақта тиімді қолданады.

.

Əдебиеттер

  1. «Мəдени мұра» ұлттық стратегиялық жобасы – Қазақстандағы көркем білім беруді жетілдірудің негізі» атты Республикалық ғылыми-əдістемелік конференция материалдары. – Астана, 21 сəуір, 2010 жыл.
  2. Ақпараттық-логикалық модельдеуге оқыту. – Шымкент, 2008. – 90 б. (Б. Баймұханов, Б. Сыдықовтармен авторлық бірлестікте).
  3. Қазақстан жəне дүниежүзіндегі білім беру жүйелерінің даму тенденциялары. ІІ республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы, – 80-83 бб.
  4. Студенттерге білім берудегі математикалық жəне ақпараттық-компьютерлік модельдеудің психологиялық мəселелері // ҚР Ұлттық ғылым академиясының хабаршысы. – №6. – Алматы, 2006. – 86-88 бб.
  5. Болашақ мұғалімдерді математикалық жəне ақпарттық модельдеу негізінде даярлау // Математика жəне физика. – №2(32). – 2007. – 2-4 бб.
  6. Сыдықов Б.Д. Болашақ мұғалімдерді ақпараттық-компьютерлік жəне математикалық модельдеу негізінде кəсіби дайындау жүйесі. Пед. ғыл. д. ғыл. дисс. автореф.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.