Мемлекеттік қаржы жүйесі

Главная » Рефераттар » Мемлекеттік қаржы жүйесі

Мемлекеттік қаржы экономиканы мемлекеттік реттеуінің негізгі тәсілі және жалпы ішкі өнімді (ЖІӨ) қайта бөлудің негізгі құралы болып табылады. Нарықтық экономикасы дамыған елдерде өндірілген өнімнің біршама бөлігі мемлекеттік қаржы арқылы қайта бөлініп отырады, мысалы, Жапония мен Ресейде ЖІӨ 1/3 шамасы, Франция мен Нидерланд елінде — ЖІӨ жартысы, Швецияда ЖІӨ 2/3 аса, Қазақстанда ЖІӨ 1/3 шамасы қайта бөлініп отырады. Мемлекеттік каржы қоғамдағы қажеттіліктерге сәйкес бір салада жасалған қосылған құнды екінші бір салаға қайта беледі. Белгілі жүйеде қолданылатын, сол жүйе арқылы ақша қоры жасалатын, бөлінетін және колданылатын қаржы қатынастарының жиынтығы мен қаржы, салық ұйымдары және басқа да мемлекеттік органдардың желісін қаржы жүйесінің негізі деп анықтауға болады. Мемлекеттік кірістер мен шығыстардың негізгі бөлігі мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асады. Мемлекеттгк бюджет — мемлекеттік шығыстардың және оны қаржымен қамтамасыз ету көздерінің жылдық жоспары. Түп негізінде елдің әр түрлі экономикалық күштері арасындағы келісімі нәтижесінде қабылданған келісім құжаты болып табылады. Бөлудің өзіндік жеке сала болып қолданылуына мемлекеттік бюджеттің орталықтандырылған ресурстарды талап ететін қоғамдық өндірістің өзі мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының орталықтандырылуы экономиканың өмір сүруін қамтамасыз етуге және мемлекет кызметіне тікелей байланысты. Маңызды салаларды қаржыландыру үшін, кең ауқымды әлеуметтік-мәдени шараларды өткізу үшін, қорғаныс жұмыстарын шешу үшін, мемлекеттік басқарудың жалпы шығындарын жабу үшін мемлекетке орталықтандырылған қаржы қажет. Нарықтық экономиканың қазіргі дамуы кезінде орталықтандырылған қаржы қаражаттары қоғамдық өндірістің қажетті қарқында дамуына, оның салалық және аймақтық құрылымының жетілдірілуіне, мемлекеттік экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды жүзеге асыру үшін мемлекеттің қаржылық көмек беруіне мүмкіндік туғызады.
Нақты бір елдің басқаруындағы әкімшілік-аймақтық құрылымына сәйкес (екі сатылы: орталық және жергілікті органдар; үш сатылы: орталық билік, республика, штат, жер, шалғай аймақ, облыс және жергілікті органдар — муниципалитеттер мен коммуналар үкіметі) бюджеттерді орталық шалғай аймақтық және жергілікті деп бөлу қалыптасқан.
Түсімдерінің түрі бойынша табыстарды бөлу және олардың ішіндегі жеке бюджеттердің үлесі көп даулар туғызады. Орталық бюджет пен жергілікті бюджет арасындағы қатынастар бірдей емес. Мысалы, Қаржы министрлігі бір аймақтан (донор аймақтар) салықтар мен алымдардың көп бөлігін орталық бюджетке алып отырса, екінші біреулерінен аз мөлшерін ғана алады, ал үшіншілеріне (реципиент аймақтар) демеу қаржы бөліп отырады. Аймақтардың бюджеттері арасындағы қатынастардың бірыңғай болмауы бұл аймақтардың даму деңгейіне және экономиканы мемлекеттік реттеудің мақсаттарына байланысты болады.
Бюджеттік реттеу тәжірибесінде елдің әкімшілік бірліктерінің барлығын біріктіретін жиынтық, немесе шоғырландырылған мемлекеттік бюджет мағынасы қолданылады.
Мемлекеттік бюджет келесі маңызды қызметтерді атқарады;
1) салалар мен аймақтардың арасында, халық арасында бөлу және қайта бөлу мақсатында қаржы ресурстарының мемлекеттік органдар қолында шоғырланады;
2) мемлекет және мемлекеттік билік қызметін жүзеге асырушы институттарды ұстауды қамтамасыз етеді;
3) елдің маңызды бағыттары бойынша экономикалық өсімді ынталандырады;
4) халықтың кедей бөлігіне, зейнеткерлер мен жасөспірімдерге әлеуметтік қорған болады;
Бюджеттің маңызды көрсеткіштері:
— жыл сайын бюджет арқылы елдің ЖІӨ қайта бөлініп отыратын каражат бөлігі;
— бюджет шығысының табыспен жабылуы — тапшылық (шығынның табыстан көп болуы) немесе профицит (табыстың шығыстан көп болуы);
— бюджет шығындарының құрылымы.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, дамыған және дамушы елдердің үкіметтері мемлекеттік бюджет мәселесіне жиі кезігіп отырады. Бұл жағдайда мемлекеттік экономикалық саясат пен елдің экономикалық болашағын анықтау үшін тапшылықты жабу мақсатында үкімет қаржыны қайдан алатыны туралы мәліметтер беріледі. Әлемдік тәжірибеде мемлекеттік қаржыға бюджетпен қоса бюджеттен тыс қорлар жатқызылады, ондай корлар Қазақстанда 1999 жылы қысқартылған болатын. Олар арнайы жарналар немесе аударымдар арқылы жасалып, мақсатты түрде қолданылады және оларды мақсатты тура немесе жанама салықтар деуге болады. Мысалы, кейбір елдерде арнайы жол қоры бар, оның қаражаты тек жол салуға, жөндеуге және күтуге ғана жұмсалуы керек. Негізінен, орталық (мемлекеттік) зейнетақы қоры бюджеттен тыс қорлардың ішіндегі маңыздысы болып табылады, бұл қорда кәсіпорындар мен жалдамалы жұмыскерлердің міндетті жарналары мен келешекте зейнетақыны қамтамасыз ететін мемлекеттік демеу қаржы жинақталады. Арнайы қорлар қарыз ала алады, өз қорларын уақытша несиеге, инвестицияға, жылжымайтын мүлікке салып отыруларына мүмкіндіктері бар. Бюджеттен тыс қорлар экономиканы реттеуде мемлекеттік бюджетті толықтырып отырады. Атап өту керек, бюджет жағдайына қарамай (тапшылық немесе профицит), олар өзінің мақсатын жүзеге асырып отырады. Олардың шығындарын қысқартуға болмайды, өйткені олар жол салу және оны күту, зейнетақы төлеу сияқты экономиканы мемлекеттік реттеудің маңызды міндеттерінің жүзеге асуына кепілдеме береді. Екіншіден, бюджеттен тыс қорлар парламент алдында есеп бермейді, яғни атқарушы биліктің экономикалық саясатты жүзеге асыруында қосымша мүмкіндіктері пайда болады. Бюджеттен тыс қорлар қоғамда әлеуметтік-экономикалық тұрақтылық пен тепе-тендікті ұстап тұруға мүмкіндік туғызады. Қазақстанда мемлекеттің қаржы қорларын орталықтандыру бағытында үкіметтің қаржы саясатының өзгеруіне байланысты, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар қызметі 1996 жылдан бастап қажетсіз болып қалды, қор қаражаты республикалық бюджетке шоғырландырылды. Дегенмен, әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, мемлекеттік қаржы ресурстарының бір орталықта шоғырланбауы және оның өздігінен ешкімге тәуелсіз құрылуы мен пайдаланылуы тиімді болып келеді. Мемлекеттік бюджет қызметі бюджет шығысы мен кірісі сияқты ерекше экономикалық формалар арқылы жүзеге асады. Кірістер мемлекетті қажетті ақша қаражатымен қамтамасыз етеді, шығыстар орталықтандырьшған ресурстарды жалпы мемлекеттік сұраныстарға сәйкес бөліп отырады. Шығыс және кіріс құрамы мен құрылымы мемлекеттің нақты әлеуметтік-экономикалық жағдайдағы бюджеттік және салық саясатына байланысты болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.