Мемлекеттік тілді меңгеру реферат

Home » Рефераттар » Мемлекеттік тілді меңгеру реферат
Рефераттар Комментариев нет

Мемлекетіміздің 2050 жылға дейінгі стратегиясы халқымыздың рухани, ғылыми жəне бəсекеге қабілеті жоғары болған жағдайда ғана Қазақстанның дамуындағы ұзақ мерзімге межеленген мақсатарға жетуге болатындағын анықтап берді. Қоғамдық дамудың заңдылықтарына орай, білім алу айрықша басымдылықпен қарқын алуда. Мемлекеттің экономикалық даму деңгейін анықтайын да осы білімді қоғам, яғни санасы жоғары білімді адамдар. Болашақ ұрпаққа қазіргі қоғам талабына сай білім мен тəрбие беруде оқытушылардың инновациялық іс-əрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі- маңызды мəселенің бірі екені анық. Ғылым мен техникасы қарқынды дамып отырған біздің ғасырымызда сапалы жоғары білім беру жоғары оқу орындарының басты міндеті болып саналады. Қазақстан Республикасы əлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатында білім беру жүйесінде өзгерістер жасап жатыр. Адамзат қоғамы дамып, өркендеген сайын оның таным-білімі, ой-өрісі арта түсетіні заңды құбылыс. Елімізде болып жатқан түрлі саладағы өзгерістер жоғары білім беру саласына жаңа көзқараспен қарауды, жеткен жетістіктерді бағалай отырып, студент-жастардың шығармашылық потенциалын дамытуды, оқытушы іс-əрекетін инновациялық тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы үшін ғылым мен білім беру саласын дамыту. Экономикалық жүйенің бəсекеге қабілеттілігін жоғарлатудың бір жолы инновациялық білім беру болып есептеледі.Жоғары оқу орындарында инновациялық əдіс-тəсілдерді оқу үрдісіне енгізу – студенттің сапалы білім алуының бірден-бір шарты. Білім беру саласындағы өзгерістердің нəтижесінде тынымсыз іздену барысында педагогикалық үрдістер өзгеріп, білім берудің тиімді деп танылған жаңа озық технологиялары қолданысқа енуде. Жаңа технологиялық əдістерді пайдалану студенттердің ойлау қабілетін дамытады, білім сапасын жақсартып, еске сақтау қабілеттерін арттырады. Қоғам өміріндегі жəне экономикадағы болып жатқан өзгерістер білім жүйесінің де қайта құрылып өзгеруіне əсер етіп отыр. Ұлттық құндылықтарымызды қайта қалыптастыру, жандандыру, мемлекеттік тіл мəртебесін көтеру- тіл саясатының маңызды бағыттарының бірі болып саналады. Ұлтаралық қатынастар үйлесімділігін, халықтар достығы мен бірлігін нығайтуда тəуелсіз еліміз барлық күш жігерін жұмсауда. Бұл тілдерді дамытуға жəне мемлекеттік тілді өркендетуге келіп тіреледі. Қазақстан халықтарының ынтымағын нығайтуда, өз елінің өткен тарихы мен мəдениетін, тілін құрметтей білетін жастарды азамат ретінде қалыптастыруда мемлекеттік тілді жетік меңгерудің маңызы өте зор екенін уақыт көрсетіп отыр. Қазақ тілінің мемлекеттік мəртебеге ие болуы Қазақстан Республикасы тəуелсіздігіміздің ең басты нəтижесі болып табылады. Сондай-ақ қазақ тілі əдеби тіл болып табылады. Қазіргі уақытта қазақ əдеби тілінің нормалық белгілері- оның дыбыстық, лексикалық, грамматикалық құрылымының сұрыпталуынан, бір жүйелігінен көрінеді. Ал стильдік салалары – оның көркем əдебиет пен ғылыми-педагогикалық əдебиеттерде, күнделікті баспасөзде, ақпарат құралдарында, ресми іс қағаздарында қолданылу сипатына қарай анықталады.

Мемлекеттік тілдің дамып, өркендеуіне қатысты іс-шаралар елімізде жан-жақты жүргізілуде. Тіл оқыту мəселелерін нақты қолға алу жолдары жоғары оқу орындарында қазақ тілін оқып үйретуді жақсарту ісімен де байланысты болмақ. Кез келген тілді оқытудағы негізгі мақсат – сол тілде дұрыс, сауатты сөйлей білу, сауатты жаза білу дағдысын қалыптастыру. Ол үшін тіл үйренуші сол тілдің еренкшеліктерін білуі керек. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытқанда міндетті түрде еліміздің тарихын, мəдениеті мен салт-дəстүрін,атақты адамдарын т.б таныстыру қажет. Қазақ тілінің табиғатын жақсы түсіну, сөз байлығын мол игерумен бірге, əр сөздің мəн-мағынасына қарай жіктеп қолдану, ұтымды да тиімді пайдалана білудің мəні зор. «Тіл тағдыры- ел тағдыры» дейді ата-бабаларымыз. Тіл халықпен бірге дамып, күнделікті тұрмыс-тіршілікте қызметтік қажеттілікке сай түрленіп, толығып, байып отырады. Заман талабына сай оқыту басты мақсаттардың бірі болып отыр. Қай мемлекеттің болмасын іс-қағаздары негізінен сол елде кеңінен қолданылатын тілде жүргізілетіні белгілі. Мұндай мемлекеттік тіл- қазақ тілі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі — қазақ тілі. Қазақ тілі – ұлт тілі, əдеби тіл. Сондықтан да қазақ тілін білу бүгінгі күннің талабы. Қазақстан бүгінгі таңда əлеуметтік- экономикалық жаңару мен саяси демократия кезеңін өткеруде. Елбас Қазақстанның əлемдегі бəсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына кіру стратегиясының басты негіздерін көрсетіп берді. Осы тұрғыда қазақ халқының сан ғасырлық дəстүрі мен мəдениетін, тілін сақтаған, дамыған ел болуын қалаймыз. Тіл өз халқының мəдениетін, өркениетін, əлеуметтік құрылысын, дүниетанымын бейнелеп қана қоймай, болашақ ұрпақты қалыптастыруда маңызыды жəне шешуші рөл атқарады. Қай халықтың болсын əдет-ғұрпының, салт-дəстүрінің, аңыз-əңгімелері мен өлең –жырларының, ұлттық ойындарының тағы басқа тəрбиелік мəні зор. Қазақ халқының осы күнге келіп жеткен салт-дəстүрі мен əдет-ғұрыптарынан даналық пен дүниетаным айқын байқалады. «Халықтың дүниетанымы мен болмысы оның тек тілінде сақталып, тіл арқылы көрініс туып отырды. Əр-түрлі заттың, құбылыстың аты-жөні, сыр-сипаты, қозғалыстық қатарлар, əдет-ғұрып, салт-сана мен дəстүрлер жайлы мағлұматтардың бəрі де кейінгі буындарға тек тіл фактілері арқылы ғана, яғни тілдегі сөздер мен сөз тіркестер, фразиологизмдер мен мақал-мəтелдер, аңыз-ертегілер арқылы ғана келіп жетуі мүмкін екен»- деп қорытады академик Ə. Қайдар [1, 18-22]. Қай халықтың болмасын тұрмыс-салты, өзіндік ерекшеліктері тілі арқылы көрініс табады. Қазақ тілі- қазақ халқының жан-дүниесінің айнасы, бүкіл тіршілік тынысы, мұнда қазақ халқының рухани өмірі, дүниетанымы сақталған. «Тіл əр ұлттың дүниетанымын, болмысын анықтап, дүниені игерудегі тəжірибесін сипаттап қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп отырады» [ 2, 3]. Өркениетті қоғамда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы деп саналады. Əр халықтың тарихи дəуірдегі экономикалық, əлеуметтік, саяси, мəдени қарым-қатынасы ең алдымен оның тілінен көрініс табады.

Рухани өмір – бұл əрбір əрбір ұлт өмірінің өзегі. Əр халықтың өз мəдениеті, əдет- ғұрпы, туған тілі бар. Міне, əрбір ұлт осы құндылықтарынсақтап қалуға, оны жаңғыртуға, байытуға ұмтылады. Біздің елімізде бұл мықтап қолға алынуда. Қазақстанда мəдени салаларда көптеген жұмыстар істелініп жатыр, бұрынғы заман ескерткіштері,кесенелер, мазарлар, тарихи орындарды жандандыру танылды. Бұл салада əлі де көптеген жұмыстарды қолға алуды қажет етеді, əлі де болса кібіртіктеп бір орында тұрғандаймыз. Адамзат тілін оның танымдық əрекетімен ұштастыра қарастыру, когниция үдерісінің бастамасын ойлау, қабылдау, зейін қою, жадыда сақтау ұғымдарымен біліміндегі дəстүр мен жаңашылдық үдерістерін тарихи дереккөздерімен дəлелдеу қажеттігі де айқындалуда. Қазақ халқы өзінің көшпенді тұрмысында, небір қилы замандарды басынан кешсе де тілін жоғалтпай, тіл арқылы халықтың тұрмыс-салтын, өзіндік ерекшеліктерін ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырды. Халқымыздың ғасырлар бойы жинақтаған өмір тəжірибесі, рухани құндылықтары, қоғамның əлеуметтік сипаты, жалпы этнологиялық кеңістігі туралы түсініктері ұлтымыздың тілінде, тілдік, құрылымдарында көрініс тауып, сақталған. Тілді үйренуде тіл үйренушілердің сол тілдің иесі болып табылатын ұлттың əдебиетін, мəдениетін, əдет-ғұрпын, салт-дəстүрін, тарихын білгені жөн болады. Мемлекеттік тілді оқу, үйрену үдерісінде тіл үйренушілердің психологиялық тұрғыдан дайын болуы да маңызды мəселелердің бірі. Қоғамымыздың тек экономикалық тұрғыдан ғана емес, рухани жақтан да жаңғыруына, дамуына сəйкес ана тіліміздің қоғамдық, əлеуметтік, мəдени қолданыс өрісінің кеңеюіне байланысты сөйлеу мəдениетін арттыру, сөздерді əдеби норма талаптарына сай қолдану, дұрыс жазу, сөйлеу мəселелеріне ерекше көңіл бөлудің қажеттігі айқын болып отыр. Қазақ тілінің өз мəртебесіне сай деңгейде қолданылуын қамтамасыз етудің маңызы зор. Мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінің құны мен маңызының арта түскені даусыз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл дəрежесіне көтерілуі тіліміздің дамып, жан-жақты өркендеуіне тиісті іс-шаралар жүргізуді талап етеді. Тілдің қоғамдық құбылыс екені белгілі. Қоғамда болып жатқан оң өзгерістер мен келеңсіз құбылыстар адамның санасына қалай əсер етсе, тілге де солай əсер етеді. Еліміздің барлық жоғары оқу орындарының орыс тілі бөлімдерінде мемлекеттік тіл жалпы білім берудегі міндетті пəндердің бірі ретінде жүргізіліп келеді. Жалпы білім беретін орта мектептерде қазақ тілі оқып-үйретілетіндіктен, студенттердің тілдік жүйе жайлы түсініктері қалыптасқан. Тіл үйренуші тілдік қатысымда қазақ тілін сөйлеу құралы ретінде емін-еркін меңгеріп, ауызша да, жазбаша да əдет-дағдыларын қалыптастыру тиіс. Ал танымдық жағынан мамандыққа сəйкес білімді игеріп, дүниетанымдық ой-өрісін дамытуды қазақша тілдік деңгейде меңгеруі керек. Тілді үйрету барысында тəрбиелік мақсатта тіл үйренушінің мəдени деңгейін көтеруге, қазақ елінің тарихы мен мəдениетіне, ұлттық ерекшелігіне үлкен мəн берілуі қажет.

Мемлекеттік тілді оқытудағы басты əдістердің бірі – коммуникативті- функционалды əдіс. Оқу бағдарламасындағы оқытудың негізгі құралы болып табылатын түрлі кəсіби мəтіндер əр мамандыққа арнайы əзірленіп, əр сала бойынша лексиканы меңгеруге бағытталуы қажет. Тіл үйренушілер лексикалық минимум мен соған сəйкес грамматикалық материалдарды меңгеру нəтиженсінде мамандығына сай кəсіби мəтіндерді толық игеруге мүмкіндік алады. Осы мəтіндерді оқуға қажетті лексика таңдалып алыну керек, іріктелінген лексикалық минимум мен грамматикалық материалдарды меңгеру нəтижесінде мəтінді толық түсінуге болады. Қазақ тілі грамматикасының ерекшеліктерін орыс тілі грамматикасымен салыстыра отырып, мəтіндерді түсініп, мəнерлеп оқу, тыңдай білу қабілеттерін жетілдіру, сөйлеу тілін меңгеру, сауатты жазуға үйрену, шығарма жазуға жаттықтырылу, шығармалардың мазмұнын дұрыс айтып беру туралы практикалық дағдыларына иеленуі керек. Болашақ жас мамандар мемлекеттік тілді өз мамандығы аясында кəсіби түрде қолдана алса, бұл – білім дəрежесіне жеткенінің белгісі. Қазіргі таңда қазақ тілінің негізі мақсаттарының бірі – оның коммуникативтілігінде болып отыр, яғни қазақ тілінде жалпы тақырыптар мен мамандыққа сай тақырыптар бойынша сөйлесуі, өз ойларын еркін жеткізе білуі, түрлі салаларда сөйлеу мəдениетінің болуы, мамандығына қатысты кəсіби мəтіндерді оқу негізінде ойлау логикасының дамуы. Кəсіби мəтінмен жұмыс істеу барысында студенттер оқуға,түсінуге, сұрақ қоюға, жауап беруге, тыңдауға, баяндауға, тұжырым жасауға сатылы түрде үйренеді. Өз мамандығы саласына қатысты терминдерді үйрену барысында тілдің фонетикалық, орфоэпилық, орфографиялық ерекшеліктері де айтылуы қажет. Тақырап аясында грамматиканың қай түрі жиі кездессе, соған тоқталып, жаттығулар арқылы сол грамматиканы бекіту керек. Мамандығына қатысты кəсіби мəтінмен жұмыс істегенде тіл үйренушілерге мəтін бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестер сөздігін жасау, мəтін бойынша сұрақ қоя білу мəтіннің мазмұнын тірек сөздер мен айта білулері туралы талаптар қою керек. Студенттердің өз мамандығына қатысты кəсіби сөздік қорын молайту үшін сөздердің қолдану жиілігін, тақырыпқа қажеттілігін, сөздердің сөзжасамдық қабілетін ескеріп отыру қажет. ЖОО-нда жүргізілетін мемлекеттік тілдің міндеттеріне студенттердің өз ойын жүйелі түрде жеткізе алатындай дəрежеге жеткіздіру мамандығына сəйкес жұмыс істегенде мəтіннің мазмұнын өз сөзімен жеткізе алатындай етіп дағдыландыру, есту бойынша қабылдаған мағлұматты қорытып, өз ойын айта білу жатады. Тіл үйренушілердің кəсіби білім біліктілігіне, дағдысына қосымша материалдарды ізденіп оқуы жəне танымдық мəні бар мəтіндер мен мақалалар оқып түсіну өз нəтижесін береді. Мамандыққа қатысты баяндаған аудио-видео материалдар хабарламаларының мазмұнын түсініп тыңдау, тыңдау арқылы сөйлеу біліктілігін жетілдіруге болады. Тілді дамытуға қажетті ситуациялар беру, тақырыпқа сəйкес сұхбат құру, ғылыми-көпшілік қоғамдық мəселелер бойынша пікірталас жүргізу тіл үйренушілердің өз ойын жүйелі, еркін жеткізуіне дағдыландырады. Жоғары оқу орындарында мамандығына қатысты көлемді мəтіндерден шағын материал, реферат жазғыздырып, өз ой-пікірін жазбаша білдіруге дағдыландырса, студенттердің грамматикалық тұрғыда сауаттары жетіледі. Ғылым мен техниканың қарқынды дамуына орай жоғары білім беретін оқу орындарының құжаттарын да ұлттық тілде тиянақты да дұрыс жүргізу күн тəртібінен түспейтін мəселе болу керек. Еліміздің қарқынды дамуы жəне болып жатқан өзгерістер мемлекеттік басқару саласының алдына да жаңа талаптар қойып отыр. Олай болса, іс- қағаздарын білікті жүргізу білім беру саласында қызмет етіп жатқан əрбір қызметкердің абыройлы атқарар ісі болмақ. Ресми құжаттар стилі қазақ тілінде бұрыннан қалыптасқан, қазақ əдеби тілінде алғаш пайда болған – кеңсе тілі.

Зерттеушілер қазақ жазба əдеби тілі тарихянда іс-қағаздары тілінің алғашқы үлгілері XVIII ғасырдың аяғы мен XIX ғасырдың басында пайда бола бастағанын көрсетеді. Бұл – қазақтың хан, сұлтан, страшындарының орыс империясының əкімшлік орындарына жазған құжаттары мен хаттары. Ресми қағаздар үлгілері Ресей архивтерінде сақталған. Олардың тілі мен сөздік құралы түркі халықтарына ортақ болған (елші, бітім, нарызнама, мағлұмнама, ағылнама, Тəукенің жеті жарғысы т.б.) [3.37]. Ресми қағаздар стилінің басқа стильдерден айырмашылығы мұндай құжаттарда эмоционалдық, көркемдеуші-бейнелеуші тəсілдер болмайды. Ресми іс-қағаздарының маңызы жоғары. Қоғамдағы əрбір адамның өмірдегі өз орнын таба білуі, жеке мүддесінің осы қоғамдағы басқа адамдармен, мекеме, кəсіпорындар мен өндіріс оырындарымен қарым-қатынаста болуы негізінен осы ресми құжаттарға байланысты. Осыған орай болашақ маманның мемлекеттік тілде іс жүргізуді үйренуі, оның өзіне тəн қалыптасқан терминдерін, сөз орамдарын меңгеру – үлкен жетістік болмақ. Тіл үйренушілер мемлекеттік тілді үйреніде тілдік материалдарды меңгерумен қатар ауызекі сөйлеуде, ойларын еркін жеткізуге, аударма жұмыстарын жасауға деген дағдыларын қалыптастырады. Қазақ тілін оқыта отырып, студенттердің танымдық жəне шығармашылық қабілеттерін дамыту, олардың бойына имандылық, адамгершілік қасиеттерді сіңіру, отансүйгіштік сезімге тəрбиелеу керек. Тіл үйретудегі негізгі міндеттердің бірі – болашақта студенттерге кəсіби тіл үйрену, алған білімдерін өмірде, кəсіби мамандығына қолдана білуін қалыптастыру. Бүкіл оқыту үрдісінде коммуникативтік бағыт бере отырып, қазақ тілінде алған білімін іс жүзінде, əртүрлі ситуативтік жағдайларда сөйлесе білулерін жетілдіру керек. Сонымен қазақ тілін оқытып, үйрету көптеген ізденістерді, жаңа технологияны игеруді қажет етеді. Оқытушы қауымының негізгі міндеті – болашақ ұрпаққа сапалы білім беріп, саналы азамат тəрбиелеу. «Жаңа ақпараттық технологияларды игеру арқылы елімізді өркендетеміз» деген елбасының сөзін жүзеге асыруда бұл іске жұмыла кірісу қажет.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.