Мемлекеттiк қызмет туралы заң

Главная » Рефераттар » Мемлекеттiк қызмет туралы заң

Қазақстан Республикасының Заңы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттiк қызмет туралы» Заңына толықтырулар мен өзгерiстер енгiзу туралы. 1-бап. «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шiлдедегі Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 21, 773-құжат; 2001 ж., N 13-14, 170-құжат; 2003 ж., N 4, 24-құжат; N 18, 142-құжат) мынадай толықтырулар мен өзгерiстер енгiзілсiн:

1) 1-бап мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«ротация — мемлекеттік қызметшiлердi мемлекеттік органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерінің арасында лауазымдық ауыстыру.»;

2) 5-бапта:
1-тармақта:
4) тармақшадағы «әкiмшiлiк» деген сөз алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 8-1), 14-1) тармақшалармен толықтырылсын:
«8-1) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшiн мемлекеттік әкімшілiк қызметшілерге салынған тәртіптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауға келiсiм бepу»;
«14-1) мемлекеттік органдар ұсынатын қызметтердің сапасын арттыру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
«2-1. Уәкiлетті органның облыстарда, Астана және Алматы қалаларында тәртіптiк кеңестерi болады, олар туралы үлгі ереженi уәкiлеттi органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.»

.

3) 12-бапта:
2-тармақта:
«мемлекеттiк әкімшілiк қызметшінің» деген сөздер «мемлекеттік қызметшінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
«Мемлекеттiк қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен тәртiптік жазасы алынбаған кезде, мемлекеттiк әкiмшiлiк лауазымға ауысу тәртiбiмен орналасуына жол берiлмейдi.»;
3-тармақ «мәслихат депутаттарының» деген сөздерден кейiн «судьялардың» деген сөздермен толықтырылсын;

4) 14-бапта:
9-тармақ «уәкілетті орган» деген сөздерден кейiн «және оның аумақтық бөлiмшелерi» деген сөздермен толықтырылсын;
10-тармақтағы «конкурс өткен кезден» деген сөздер «оларды тiркеу күнiнен» деген сөздермен ауыстырылсын;

5) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Мемлекеттік әкiмшiлiк қызметке алғаш рет немесе оны тоқтатқаннан кейiн жаңадан қабылданған, сондай-ақ жоғары тұрған санаттағы мемлекеттiк лауазымға қабылданған азамат үшін үш айға дейiнгi мерзiмге сынақ белгiленуi мүмкiн.»

6) мынадай мазмұндағы 18-1-баппен толықтырылсын:
«18-1-бап. Ротация
Мемлекеттік қызметте мемлекеттiк қызметшiлердi ротациялау жүзеге асырылуы мүмкін. Meмлекеттік қызметшілерді ротациялау тәртiбi мен шарттарын уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi айқындайды.»

7) 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«20-бап. Мемлекеттiк қызметтiң кадрлар резервi
1. Мемлекеттiк саяси және әкімшілік лауазымдарға орналасу үшiн мемлекеттік қызметтің кадрлар резервi қалыптастырылады.
2. Кадрлар резервiн қалыптастыру және олармен жұмысты ұйымдастыру тәртiбi уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтетін Мемлекеттік қызметтің кадрлар резервi туралы ережемен реттеледі.»;

8) 27-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 7-1) тармақшамен толықтырылсын:
«7-1) соттың айыптау үкiмінің заңды күшiне енуi;»;
10) тармақшадағы «еңбек және мемлекеттік қызмет туралы» деген сөздер алынып тасталсын;
2-тармақтағы «қызметтен» деген сөз алынып тасталсын.

2-бап. Осы Заң 2005 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзілетін 1-баптың 2) тармақшасының жетіншi және сегiзiншi абзацтарын қоспағанда, алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi. 

Қазақстан Республикасының Президенті

Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi — мемлекеттiк саяси қызметшiлердiң құрамына кiрмейтiн, мемлекеттiк органда тұрақты кәсiби негiзде лауазымдық өкiлеттiктi жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;

      мемлекеттiк лауазым — мемлекеттiк органның нормативтiк құқықтық актiлермен белгіленген лауазымдық өкiлеттiк пен лауазымдық мiндеттердiң ауқымы жүктелген құрылымдық бiрлiгі;

      мемлекеттiк қызмет — мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдардағы мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiгiн атқару жөнiндегi қызметi;

      мемлекеттiк қызметшi — мемлекеттiк органда заңдарда белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң қаржысынан ақы төленетiн қызметтi атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттiктi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;

      лауазымды адам — ұдайы, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша өкiмет өкiлiнiң мiндеттерiн жүйеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiм берушiлiк немесе әкiмшiлiк-шаруашылық қызметтердi орындайтын адам;

      лауазымдық өкiлеттiк — заңдарда белгіленген құқықтары мен негiзгi мiндеттерi бар мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге жауап беретiнін, нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген өкiлеттiк;

      мемлекеттiк әкiмшiлiк қызмет санаты — мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшiлер атқаратын, лауазымдық өкілеттiктiң көлемi мен сипатын көрсететiн әкiмшiлiк лауазымдар жиынтығының саралаушылық сипаттамасы;

      бiлiктiлiк талаптары — мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметтi атқаруға үмiткер азаматтарға оның кәсiби даярлығының, деңгейiн, құзыреттiлiгiн және нақты әкiмшiлiк қызметке сәйкес келуiн анықтау мақсатында қойылатын талаптар;

.

      мемлекеттiк саяси қызметшi — тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметi саяси-айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен мiндеттердi iске асыру үшiн жауап беретiн мемлекеттiк қызметшi;

      ротация — мемлекеттiк саяси қызметшiлердi мемлекеттiк органдардың арасында, сондай-ақ мемлекеттiк органның құрылымдық бөлiмшелерiнің арасында лауазымдық ауыстыру.

Толық нұсқасын жүктеу: сілтеме

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.