Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

Главная » Рефераттар » Менеджменттің мәні, әдістері және қызметтері

Қазақстан экономикасының нарықтық қатынастарға өтуіне байланысты біздің сөздік қорымызға “менеджер”, “менеджмент” ұғымдары тез енді. Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ, онда “басқа біреу арқылы өз мақсатына жету” болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып, өз мақсатына жетуді білдіреді.

“Менеджмент” ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің “Манус”, яғни “қол, күш” деген сөзінен шығып, алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болды.

Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі:

а) адамдармен қарым-қатынас жасау әдісі, үлгісі;
ә) билік және басқару өнері;
б) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды;
в) басқару органы, әкімшілік бөлігі

“Менеджмент негіздері” курсы бойынша студенттерге арналған американдық  оқулықта төмендегі анықтама берілген. “Менеджмент –бұл ұйым мақсаттарына жету үшін адамның материалдық және қаржылық ресурстарды ұтымдылау пайдалану процесі”

Профессор И.Н. Герчикова менеджментті нарық жағдайындағы фирманың кез-келген шаруашылық қызметінде белгілі бір мақсаттарға материалдық және еңбек ресурстарын ұтымды қолданып және менеджменттің экономикалық механизмінің принциптерін, қызметтерін және әдістерін пайдалана отырып қол жеткізуге бағытталған дербес кәсіби қызметтің түрі деп қарастырады.

Беларусь ғалымы Н.И. Кабушкиннің ойынша менеджмент-бұл адамның еңбегін, мінез-құлық мотивін және ой-өрісін қолдана отырып, жеңе білу, қойылған мақсаттарға жете білу туралы ғылым мен өнер.

Ф.М.Русинов пен М.Л. Разу менеджментті ұйымның шаруашылық өміріндегі ұтымды нәтижелерге, материалдық, еңбек, қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру ресурстарын тиімді пайдалану және экономикалық ынталандырудың алуан түрлі принциптерін, қызметтерін, әдістерін қолдану негізінде қол жеткізуге бағытталған кәсіби қызметтің ерекше түрі түсіндіреді.

Э.А. Уткин “Курс менеджмент” еңбегінде менеджментті былайша түсіндіреді:  Менеджмент –бұл нарық жағдайындағы кәсіпорынның ұтымды шаруашылық нәтижелерге жету үшін менеджменттің әлеуметтік-экономикалық механизмінің түрлі принуиптері мен қызметтерін ерекше түрі.

А.А. Радугиннің менеджмент түсінігінің неғұрлым қысқаша сипаттамасын қолданылады. Оның пікірінше, менеджмент –бұл әрі өнер, әрі ғылым. Менеджмент –бұл өндірісті басқару, меңгеру және ұйымдастыру, өндірістің тиімділігін көтеру және пайданы арттыру мақсатында әзірленіп қолданылатын басқарудың принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нысандарының және нысандарының жиынтығы. Мұндай  сипаттаманы Вачугов Д.Д. жетекшілік еткен ғалымдар тобы “Основы менеджмента” деген кітапта береді.

Менеджмент саласындағы маман Веснин В.Р. басқару және менеджмент деген түсініктерді ажыратпайды. Менеджмент (мекеме, коммерциялық немесе коммерциялық емес фирмалар мен олардың жекелеген бөлімшелеріне) жетекшілік жасамау. Біздің ойымызша, бір анықтама екінші бір анықтаманы дамытады, өйткені олардың бәрінен тән ортақ нәрсе — менеджмент –бұл өндірісті басқару принциптерінің, әдістерінің, құралдарының және нышандар жүйесі. Терминологиялық пікір талаптар мен 50-ден астам менеджмент анықтамасының интерпетанциясына тоқталмай-ақ, менеджменттің басқару еңбегінің сипаты мен анықтама бермеген О.С. Виханский мен А.И. наумов дұрыс жасаған.

Біз, менеджментті қолда бар ресурстарды ұтымды қолдану арқылы ұйымның мақсаттарын қалыптастырып, оған қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағытталған білімдер мен кәсіби қызметтің саласы деп қарастырған ғалымдардың көзқарасын қолдаймыз. Тіпті, білікті басқару саласының өзінде де менеджмент ұғымы түрліше түсіндіріледі. Менеджмент теориясын алғашқы жасаушылардің бірі Ф.Тейлордың пірінше, менеджмент-ережелер мен принциптерге негізделген шынайы ғылым деп есептеледі.

П. Друкердің түсіндіруінше, жоғарыда аталған элементтері бола тұрса да, менеджмент ғылым немесе кәсіптен гөрі практикаға жуықтау. Ол менеджмент ұығымына кең мағынада түсінік беруге қарсы болып, оны іскерлік кәсіпшілікке, былайша айтқанда тауар өндіру мен алуан түрлі экономикалық қызмет көрсетуге жатқызады.

Менеджмент ұғымына Э.Петерсон мен Э.Плоумен кеңірек түсінік берді. Бұлар бастығы іскерлік әлемге “Бизнес пен менеджментті ұйымдастыру кітабының авторы ретінде аламыз”. Олар былай деп жазды: Кең мағынада, әлеуметтік тұрғыдан қарағанда, менеджмент дегеніміз адамдарға тән үрдістерде топты қалыптастыру нәтижесінде өрістейтін техника немесе тәсіл. Мұндай топтың мысалына, үкіметті алуан түрлі клубтарды және іскер кәсіпорындарды жатқызуға болады. Қандай топ болмасын, оның өзінің дербес менеджменті болуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда менеджментті тәсілдер жиынтығы ретінде қарастыруға болады әрі сол арқылы белгілі бір адамдар тобының мақсаттары мен міндеттері белгіленеді және айқындалады.

Басқарудың осындай жалпы қағидасы адамдар тобының алуан түріне түрліше қолданылғанымен, оның түпкі негізгі мағынасы сол қалпында сақталады. Осыған орай белгілі бір әлеуметтік топтарға сәйкес келетін менеджменттің негізгі алты түрі тармақталады:

  1. Үкімет. Менеджмент ұғымы үкімет қызметіне қолданылғанымен, Петорсонмен Плоуменнің пікірінше оның қызметі барлық жағынан алғанда менеджменттің жалпы анықтамасына сәйкес келеді.
  2. Мемлекеттік менеджмент. Көп мемлекеттік мекемелерді ұйымдастыру және сондағы қызмекткерлерге билік жүргізуді жүзеге асыру.
  3. Әскери менеджмент. Мемлекеттік менеджменттің ерекше түрі. Қарулы күштерді ұйымдастыру және оларға жетекшілік ету.
  4. Құрама одақтық (ассоциациялық) немесе клубтық менеджмент. Мемлекеттік мекемелер секілді мұнда қызметкерлер тобының іс әрекетінің ұйымдастырып оларға басшылық ету қажет.
  5. Бизнес – менеджмент. Үкіметтіктен және мемлекеттіктен өзгеше келетін менеджменттің ерекше түрі.
  6. Мемлекеттік меншіктегі менеджмент. Бизнес – менеджментті арнайы түрі. Жеке меншік іскерлік кәсіпорын қызметімен қоса, мұнда менеджмент сипатына мемлекеттік және әлеуметтік проблемалармен ой пікірлер ықпал етеді.

Петерсон мен Плоумен былай атап көрсетеді: Менеджменттегі мұндай өзгешіліктерін көп жағдайда елеулі айырмашылығы бола тұрсада, бұлардың барлығы адамның мінез құлқы туралы “негізге алынатын түсініктерге” сүйенеді.

Осы аталғандар менеджментті жеке адамдар арасындағы психологиялық қарым-қатынасқа тәуелді етеді де, бұлар материалдық жағдайларға тәуелсіз ретінде қарастырылады, өйткені соңғы айтылғанның  алуан түрлігінде шек жоқ.

Менеджментке алуан түрде түсінік бергенімен, классиктердің бұл жөніндегі тұжырымдары көп жағдайға қарап ғылымды (басқару саласындағы ұйымдық ілім негізі) қолдану.

Көрнекті америка экономисі В.В. Леонтьевтің анықтамасы бойынша: “Менеджмент-бұл өнім, технология, өндірісті ұйымдастыру, басқару еңбегі, әлеуметтік қатынас саласында жаңарту, инновациялау, жаңалық енгізу мақсатында фирмаларды, компанияларды тиімді басқару принциптерінің, тәсілдері мен нышандарының жиынтығы”.

Қазіргі кездегі менеджмент жоспарлау қызметі мазмұнының өзгеруімен байланысы фактілерді жан-жақты зерттеуімен, кәсіпорындардың ойдағыдай іс-әрекетімен, басқаруды түпкі нәтижесіне қарай ұйымдастырумен, дамыған теориясымен және маркетинг практикасымен, жаңа технологияны жасаумен, адам  факторын жандандыратын шешімдер қабылдауымен сипатталады.

Вольфганг Хайер өзінің “Еуропада бизнес қалай жасалады” кітабында былай деп жазды: “Менеджмент – бұл жұмысты істеп тұрған коммерциялық кәсіпорынның арнайы органы”. Егер Батыста кез келген кәсіпорын жөнінде сөз бола қалса, адамдар әуелі сол кәсіпорындағы бүкіл басшылыққа ден қояды, өйткені кәсіпорынды қоғамға танытатын да тек басшылар.

Сонымен, менеджменттің бастапқы ұғымы-бұл басшылық. Іскер кәсіпорындар тек өз органдары, яғни басшылары, немесе менеджмент арқылы ғана әрекет ете алады. Жеке кәсіпорынның, өзінің құқықтық нышандарына қарамастан, басшылығы болуы тиіс. Басқадай басқару түрлеріне іскер кәсіпорын менеджментінің айырмашылығы сол, кәсіпорынның мақсаты, демек оның басқару міндеті тауар өндіру немесе қызмет көрсету, басқаша айтқанда, жұртышылықтың қажет өтеу, немесе нарық арқылы әлеуметтік қажеттілікті қанағаттандыру. Өндірістік кәсіпорындағы менеджменттің басқа ұйымдардан өзгешілігі, олар өзінің шешімдерінде экономикалық түсінікті басшылыққа алуы тиіс. Оның өмір сүруі мен мәртебесі қызметінің экономикалық нәтижесіне негізделеді.

“Менеджмент” ұғымының анықтамасына сүйенетін болсақ, онда менеджмент дегеніміз қазіргі индустриялық қоғамда жұмыс істейтін экономикалық орган. Менеджмент қабылданған кез келген әрекет, кез келген шешім-бұл экономикалық сипаттағы шаралар. Сонымен, менеджменттің тиімділігін және менеджерлердің іс-әрекетін экономикалық табыстар, экономикалық нәтижелер арқылы ғана таразылауға болады.

Менеджменттегі басты нәрсе –кәсіпорын мүддесіне жауап беретін мақсаттар қою (“алдына мақсат қойған менеджмент”) Ескі  стильдегі кәсіпорын басшылығы менеджерлердің түбегейлі өзгешілігі де осында. Менеджменттің тағы бір анықтамасына сәйкес оның жұмыс істеу міндетіне жататыны- қолда бар адам мен  материалдық ресурстар негізінде тиімді кәсіпорын құру.

Кәсіпорын ең сапалы, әрі бағасы біршама арзан тауарларды шығара алуы немесе бәсекелестіктеріне қарағанда ең тәуір қызмет көрсете алуы тиіс. Кәсіпорын –ең алдымен адамдар. Осындан келіп бұл терминнің үшінші анықтамасы шығады: менеджмент –бұл адамдардың, қызметкерлердің жұмысын ұйымдастыру. Кәсіпорындардағы адамдар өндірістік процестің маңызды элементі болып саналады. Жаңа кәсіпорын құрарда жаңа инвестицияны жүзеге асыратын ақша қаржысы мен капиталды нарық катипалдрынан алуға болады. Ал өз ісін жетік білетін қызметкерлерді іздеп табу анағұрлым күрделі іс.

Менеджменттің міндетіне, басшылық етуіне жаңа нарықтарды игеруіне жұртышылықтың мұқтажын қанағаттандыру жатады. Егер кәсіпорын нашар әрі тиімсіз жұмыс істесе, онда оның жаңа қожайыны жұмысшыларды емес, басшыларын ауыстырады. Сонымен, менеджмент дегеніміз ұжым жұмысын ұйымдастыру кәсіпорын жұмысын ұйымдастыруында қызметкерлер мұқтажын барынша толық қанағаттандырады олардың жұмысын жандандыруды әрі тиімділігін арттыруды көздеу қажет.

Сонымен, менеджменттің екі ұғымы бар: Біріншіден, менеджмент-бұл басқару, басшылық ету органы. Екіншіден, менеджмент –бұл адамдарды басқару (әрекеті). Менеджментті зерттей отырып, оның атқаратын қызметтерін және әдістерін игеру қажет. Менеджмент  төмендегідей қызметтердің атқарылуын қарастырады:

  • кәсіпорын жұмысын жоспарлау және болжау. Басқару стратегиясын, бағдарлама іс-әрекетін жасау, қаржыландыру көздерін іздестіру және белгіленген шешімдер мен бағдарламаның орындалу мерзімін анықтау;
  • ранг дәрежесіне байланыссыз барлық жұмыскерлердің орындауға, жүзеге асыруға тиісті жұмыстарын ұйымдастыру, яғни жұмыстың орындалу құрылымын ұйымдастыра білу қажет; сөйтіп барлық қызметкерлердің күш-жігерін өнімді жұмысқа мақсатпен бөлу және оны жоғарғы тиімділікке мақсатты бағыттау
  • басшы мен оның қарамағындағылардың істерін үйлестіру. Өзінің және басқалардың қызмет атқаруын тұрақты қарау, сөйтіп оны өзінің және сол ұйымның қойған мақсатына жету үшін бағыттау;
  • алдағы мақсаттарды қамтамасыз ету үшін ұйымның жұмысын бақылау.

Менеджмент әдістері- бұл ұйымның тиімді дамуын қамтамасыз ету мақсатында түрлі басқару міндеттерін шешудің ережелері мен процедуралар-ының жүйесі. Ғылыми басқарудың дәстүрлі емес жүйесінде төмендегідей әдістер қолданылып, олар ғылыми тұрғыдан пайдалану есебінен қолданылатын  қолданылатын шешімдердің сапасын арттырады. Біріншіден, ойын теориясы тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл қайбір істің бәсекелеске әсер етуін бағалау үшін пайдаланылады.

Екіншіден, имитациялық модельдендіру тәсілі. Бұл кезде арнайы құрылымдар пайдаланылады. Олар нақты өмірді имитация жасайды, яғни өз ұйымының экономикалық жағдайын моделдейді, бәсекелесінің кей кездегі экономикалық жағдайын қарастырады.

Үшіншіден, “бұтақты ағаш тәрізді шешімдер” тәсіл қолданылады. Бұл тәсілде мәселені схема түрінде және баламаларды көзбен шолып қарауды ұсынады. Төртіншіден, баламаны және оның ықпалдығын айқындау үшін болжау тәсілін қолданады.

Менеджмент құрылымы жағынан төмендегідей түрлерге жіктеледі; өндірістік менеджмент, кадр менеджменті, қаржы менеджменті, стратегиялық менеджмент, ақпарат менеджменті, инновациялық менеджмент, халықаралық менеджмент, маркетингтік менеджмент, сапа менеджменті және т.б. Басқару міндеттерінің күрделілігі мен сипатына байланысты кәсіпорын менеджменті бірнеше деңгейге бөлінеді: менеджменттің жоғары деңгей (топ management) кәсіпорынның мақсатын, стратегиясын және жұмыс жоспарын анықтайды.

Жоғарғы деңгейді  әдетте “жалпы” менеджмент деп есептейді. Себебі, ол кәсіпорынды жалпы басқаруға және максималды пайда табуға бағытталған; менеджменттің орташа (midle management) деңгейі кәсіпорынның функционалды қызметін басқаруға арналған. Сондықтан да ол “функционалды” менеджмент деп аталады. Функционалды менеджмент техникалық және технологиялық жаңалықтарды енгізумен, ақпарат және нарықты басқарумен байланысты.

Менеджменттің төменгі деңгейіне (lover management) алғашқы буындағы жетекшілерді жатқызады. Олар кәсіпорын қызметкерлерінің жұмысын тікелей ұйымдастыруды және жоспардың орындалуын, өнім өндіру графигі мен оның өткізілуін қамтамасыз етеді.

Қазіргі менеджмент олардың дәстүрлі, жүйелі және жағдайлық тұрғысын ескере отырып құралады. Мамандардың айтуынша, басқарудың дайын түрлері болған емес, яғни менеджменттің біркелкі моделі жоқ.

Менеджер және оның іс-әрекетінің бағыты

К.Маркс өзінің “Капитал”деген еңбегінде былай деп жазады: капиталист өзінің жеке меншігіндегі кәсіпорында басқару, оның тиімділігін арттыру үшін арнайы адам жалдап, еңбекақы төлейді. Бұл менеджерлер деп жазады К.Маркс, капиталисттік кәсіпорында сол кәсіпорын біршама іріленгенде, мұндай басқарушы өзін-өзі ақтағанда пайда болады.

Өндірісті басқару үшін жалдамалы қызметшілерді пайлалану, әрине капиталистік таптық формацияларға дейін де болған. К.Маркс Аристотельге сүйене отырып, құл иеленуші басқару қызметін басқа адамға жүктеп, өзіне ауырпалық түсірмеуді ойластырғандығын атап көрсетті: “Бұл мырзалар мұндай ауырпалықты (яғни басшылықты) қалмаған жағдайда бұл міндеттің бір бөлігін бақылаушыға жүктейді де, олардың өзі мемлекеттік іспен емес философиямен шұғылданады” (4) Капиталист бұл қызметті менеджерге ақыл-ой жұмысын тапсыру үшін емес, басқару еңбегі ең алдымен ерекше мамандық екендігіне және де онымен тек білікті мамандар ғана тиімді  айналысатындығын көзі жеткендіктен беріп отыр.

Менеджерлер деп аталатын басқарушы топтардың өкілдері барлық фирмаларда жұмыс істейді. “Өзінің офицерлері унтерофициерлерін қажет ететін армия секілді, деп жазды К.Маркс, — бұқара жұмысшылар үшін дәл осындай өнеркәсіп офицерлері, басқарушы менеджерлер қажет болды” (4)

Қазіргі мемлекеттік –монополистік капитализм жағдайында экономикалық және ұйымдық басқару процестерінің күрделенуі монополияның басқару аппаратын сөзсіз арттырады. АҚШ-та 1990 –шы жылы 40 жұмысшыға бір зауыт басқарма қызметкері болды, 1935 жылы өніркәсіп өндірісінде істейтіндердің оннан бірі инженер-техник қызметкерлері мен қызметкерлері болса, қазіргі кезде бұл категорияға әрбір төртіншісі жатады.

Қазіргі өнеркәсіп корпорациясында басқару қызметкерлерін үш топқа бөлуге болады. Топ менеджмент – басқарудың жоғарғы буыны. Жыл сайынғы анықтамалық басылымында “бұған директорлар кеңесі төрағасын, президенті, аға вице-президенттерді, фирмалар вицепрезиденттерін, сондай-ақ бақылаушылар мен казначейлерді жатқызады”. Жоғарғы басқару қызметкері компанияның жалпы стратегиясын жасаумен, болжаумен, және ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, кадр саясаты мәселелерін шешіп, сыртқы кәсіпорындармен байланыс орнатумен шұғылданады. Осы деңгейде өнім ассортиментінің өзгертуі, рынок өтімі, өріс қуатын ұлғайту, шетел бөлімше-лерін ұйымдастыру т.б. мәселелерімен шұғылданады.

Мидле менеджмент- өндіріс бөлімшелері мен функциялық қызметтің ортаңғы меңгерушісі басшылары, завод директорлары, олардың орынбасарлары т.б. оперативтік жұмыстарға, ғылыми зерттеулерді жоспарлау мен ұйымдастыруға, өндіруге және өткізуге есеп пен бақылауды жолға қоюға кадр саясатын жүзеге асыруға жауап береді: “дәстүрлі ортаңғы басшылардың жұмысы, -деп есептейді Друкер, -көп жағдайда бір сарынды. Оған шешім қабылдаудың қажеті жоқ. Оның міндеті қабылданған шешімді жүзеге асыру. Көпшілік жағдайда ортаңғы басшылар жергілікті жағдайды ескере отырып, шешімді орындауы тиіс”.

Ловер менеджмент – басқарудың төменгі буыны, төменгі басшылар –цех жетекшісі, өндрістік учаске бастығы, мастерлер, функциялық қызметтегі секторлар мен топтардың басшылары- жұмысшылар мен қызметшілерге тікелей басшылық етеді. Олардың алдында тұрған негізгі міндеттер –жұмыскерлерді компанияға, адал болуға тәрбиелеу, әр түрлі әлеуметтік жанжалды басу, компания мақсатына жету үшін тек дене күшін ғана емес, ақыл-ой энергиясын да жұмылдыра білуі тиіс.

“Босс” және “менеджер” ұғымдарын бірдей деуге болмайды, меншік иесі және басқарушы –бұлар мүлде бөлек жандар. Менеджер деген кім? Менеджменттің ешбір жүйесі менеджерсіз қызмет ете алмайды. Ағылшын “to manage”деген сөзінен шыққан және басқарушы,  меңгерушісі, әкімшілік деген ұғымды білдіреді.

Менеджер деген сөздің өзі бізге ағылшын тілінен келген: бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Мәселен тек ғылыми ізденістермен шұғылданатын зерттеуші менеджер емес. Алайда, егер ол зерттеуді ұйымдастыруға қатысатын болса, онда ол, әрине, менеджер. Ауруды тек емдеп қана қоймай, емхана меңгеретін дәрігер жөнінде де осыны айтуға болады.

Менеджер – ең кең тараған кәсіптің бірі. Бұл –басқарумен, экономикамен шұғылданатын, заң және басқа да мәселелерді жақсы білетін кез келген адам. Шаруашылықтың түйінді орнында жұмыс істейтін кез келген адам да менеджер. әдетте, егер компания меншік иесін есептемесін, бұлар тағайындалатын адамдар. АҚШ-та басшы кадрларды сайлау деген болмайды. [  3, 6-бет ]

Әр елде менеджерге түрліше анықтама береді. Мәселен, американдықтардың түсінігінше, мұндай адамдардың міндетіне өзіне бағынатын белгілі бір қызметкерлердің нақтылы жұмыстарын ұйымдастыру жатады. Еуропалықтардың түснігінше, менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып, нақты жұмысты ұйымдастыратын адамдар.

“Менеджер- бұл жауынгер, оның үрейленуге және қателесуге қақысы жоқ, өзінің жеке мүддесін фирма мүддесін бағындыра білуге, өзінің жанұясы – фирманың гүлденуі үшін күресуге әзір болуы тиіс”. Жапониядағы менеджерлер мектебінің, негізгі жапон корпорацияларының болашақ басшыларын даярлайтын арнайы оқу орындарының жүздеген тыңдаушылары осы өсиетті күн сайын қайталайды.

Менеджер табиғатына П.Друкер сипаттама берді. Оның пікірінше, менеджер арнайы екі міндетті атқарады және бұл міндеттер іскер кәсіпорын жұмыскерлерінің ешқайсысында жоқ.

Менеджердің  бірінші міндетіне-қолда бар ресурстармен “нағыз тұтас” өндірістік бірлік құру. Бұл жағынан алғанда менеджер оркестр дирижеріне ұқсас. Алайда дирижердің қолында композитор жазған партитура болады да, ол оны тек түсіндіріп берумен ғана шектелетін болса, “менеджер” -әрі композитор, әрі дирижерлік міндетті атқарады”(2)

“Өндірістік бірлікті” құру міндетін шешу үшін менеджерге бүкіл әлсіз буындарды жою, барынша дамытуды қамтамасыз ету, ұйымдық мәселелердің барлық күшті жақтарын, бірінші кезекте адам ресурстарын пайдалану үшін тырысуына тура келеді. Кәсіпорынның күнделікті іс-әрекеті менеджердің көз алдында әрдайым тыңдай білуі, кәсіпорынның, сондай-ақ нарықтық жағдайлардың жалпы іс-әрекетін қадағалай білуі тиіс.

Менеджердің екінші міндетіне –кез келген шешімді қабылдап, іс-әрекетіне кіріскенде бүгінгі талапты ескерумен қоса кәсіпорынның болшағы туралы да ойланып –толғануы жатады. әрбір менеджерге, деп атап көрсетеді Друкер, өзінің басқару міндетіне жатпайтын көптеген істерді атқаруына тура келеді. Алайда барлық менеджерлер үшін олардың қызмет орнына қарамастан, ортақ қызмет міндеті болады.

Біріншіден, менеджер іскер кәсіпорынның мақсатын орындайды, сол мақсатын орындау үшін не істеу керектігін ойластырады, адамдарға нақты міндеттер жүктей отырып, оны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Екіншіден, менеджер-ұйымдастырушы. Ол жұмыстарды жүйелеп бөледі, қажетті ұйымдық құрылымды құрады, басшы жұмыскерлердің  тиісті құрамын іріктейді және т.б.

Үшіншіден, менеджер көтермелеу шараларын қамтамасыз етіп, адамдармен тығыз байланыс орнатады. Ол ұжымды өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын адамдардан құрады: бұл үшін қолда бар барлық мүмкіндікті – сыйлық беру, марапаттау, жоғары қызметке тағайындау шараларын пайдаланылады. Менеджер ұжымдағы барлық адамдармен тіл табысып, тұрақты байланыс орнатады.

Төртіншіден, менеджер ұйымның іс-әрекетін талдауды, нормалауды белгілейді, кәсіпорында жұмыс істейтін барлық адамдардың жұмысын бағалайды. Бесіншіден, менеджер адамдардың қызмет жағынан кемелденіп, жоғарылауын қамтамасыз етеді. Адамдардың мамандығының жетілдірілуі, қызмет жағынан жоғарылап не төмендеуі де ұжым бірлігінің нығаюы не берекесізденуі де менеджер жұмысына байланысты.

Әрбір менеджер –деп тұжырымдайды Друкер, -өзіне есеп берсін, мейлі бермесін, жоғарыда аталған қызметтерін міндетті түрде атқаруы тиіс. Бұлардың барлығы атқаруы да, жаман атқаруы да мүмкін, бірақ ол әйтеуір орындауы қажет. Мұндағы бір жайт, осы атлаған қызметтердің әрқайсысы жеке элементтерден құралған жиынтық нышанда болып саналады. Сонымен, қорытындылай келгенде менеджер жұмысы күрделі кешен болып саналады және де қызметтің әрбір түрін орындау үшін алуан түрлі сапа мен біліктілікті қажет етеді.

Менеджер алдында тұрған барлық проблемаларды біле бермейді, сондықтан да “бесаспап данышпан” болуы да мүмкін емес. Оның арнайы еңбек құралы, атап айтқанда ақпараты болады. Менеджер адамдарды жұмысқа ынталандырады, бағыттайды және ұйымдастырады. Оның бірден-бір құралы-жазбаша немесе ауызша сөзі немесе цифр тілі. Менеджердің жұмысы техникаға, есептеу операцияларына немесе өнім сатуға қатысты болғанына қарамастан, оның жұмысының тиімділігі тыңдау және оқу, айту және жазу қабілеттеріне байланысты. Ол сөз ойын басқа біреулердің санасына жеткізе білуі, сондай-ақ басқа адамдардың да пірікін айқындай алуы тиіс.

Менеджерлік шеберліктің маңызды жайттарының бірі – келіссөз жүргізе білуі- әріптесінің мүддесін өз мүддесіне сәйкестендіре білетін өнер болуы тиіс. Мұның өзі әсіресе қарамағындағы адамдарға әкімшілік билік жүргізе алмайтын басшылар үшін де, сондай-ақ сырттан шикізат жеткізушілермен қарым-қатынас орнату үшін де аса қажетті жағдай. Келесі онжылдықтарда нағыз компаниялар көп жағдайда маклерлік фирмаға ұқсайтын болады. [ 9,24-бет]

Гринхалдың пікірінше, келіссөзді ойдағыдай жүргізе білу шеберлігі төрт кезеңнен тұрады: өз ұйымының мұқтажы мен өз қызметкерлерінің мүддесі үшін немесе өзінің келісім жасайтын адамдар арасында тепе-теңдік қарым-қатынас орнату қажет; өзің келісім жүргізетін жақты ұнататындығынды, оның пікірлерін ескеретіндігінді білдіру; келісім кезінде қайшылық туа қалған жағдайда айқын позиция ұста.

Мұндайда “Мен бұға келісе алмаймын”, деп айтуды үйрен және де не себепті келісе алмайтынныңды айқын түсіндіру; өзіңізбен әңгімелесіп отырған адамның басқа мәдени дәстүрде тәрбиленуі мүмкін екендігін ұмытуға болмайды. Проблеманы шешудің американдық жолы-бірден бір дұрыс жол деп ойлауға болмайды. “Әңгіме-лесушіге өктемдік айту –келісім жүргізудің тұрпайы әдісі. Біз адамдарды ұзақ мерзімдік іскерлік қарым-қатынас орнатуға үйретеміз”.

Хейстің пікірінше, менеджердің тікелей міндеті – жұмысшыларды эксперимент жүргізе білуге, өндірістің тиімді тәсілдерін іздестіруге ықпал ету. Ол жұмысшыларды баулудың бақылау тәсілі ретінде қызметкерлерді басқа кәсіпорындар мен сауда көрмелеріне жіберіп отыруды, сатып алушы-лармен кездесу өткізуді және де мүмкіндігіне қарай жарыс ұйымдастыруды ұсынады.

О.С. Виханский мен а.И. Наумовтың айтуынша менеджерлер басқа адамдардың есебінен жұмыстың орындалуын қамтамасыз ететін адамдар.  Сонымен  қатар, менеджер тек басқару бойынша ғана маман емес, сонымен бірге ол персоналдық немесе кәсіпорынның қызметіне жауапты адам.

“Менеджмент” кітабының авторы И.н. Герчикова менеджердің келесідей анықтамасын береді. Менежер –бұл нарық жағдайындағы фирма қызметінің нақты түрлері бойынша шешім қабылдау саласындағы өкілетті және тұрақты қызмет атқаратын жетекшісі немесе басқарушысы (54).

Сонымен, менеджер –бұл нарықтық бәсеке жағдайындағы фирма алдында тұрған міндеттерді жүзеге асыру үшін барлық жұмысшыларды ұйымдастыруға қабілетті, еңбекті басқару саласында ғылыми білімі бар адам. Яғни, ол тек жай ғана басқарушы болмай, алдын-ала болжай алатын, адамдардың ұйымдастыратын, олардың іс-әрекетін үйлестіріп, бақылай білу керек. Қысқаша айтқанда, басқарушылық еңбек саласында маман болғаны дұрыс.

Қандайда бір фирма  болмасын жұмысына кірісетін жаңа менеджерге фирманың жоспарлы бағдарламасын жасап беруі керек. Ол жоспарды мына сауалдарға: “не істеу?” “қалай істеу?” “қашан істеу керек?” нақты жауап болғаны жөн. Жоспарды жасау –бұл тек қана алғашқы қадам. Егер менеджер көздеген нәрсені көп жоспарлап және белсенділік танытып орындамаса, ең жақсы және әбден белгіленген жоспардың өзі қағаз жүзінде қалып қоюы мүмкін. Жетістікке жету үшін ол өзінің қарауындағылармен белсенді әрі мақсатты бағытта жұмыс жасауы керек. Бұл жұмыстағы басты мақсат -әрбір жекелеген адамын “өз кілтін” таба білуде. Жетістікті бағалай отырып, оның белгіленген нәрсені артық әрі өте жақсы орындаудағы ынтасын және творчестволық қалыпын барынша қолдау қажет.

Жұмыс барысында менеджер өз ұжымындағы ресми емес басшыны табуға тиіс және оның іс-әрекетін зорлық-зомбылықсыз жалпы істің пайдасына бағыттауы қажет. Нарық жағдайында менеджер нартәуекелділікке бел бууы және оны басқара білуі де керек. Менеджер  үшін нартәуекел болатын саланы таба білу өте қажет. Оның болатын мүмкіндігінің дәрежесін  бағалап, алдын-ала шаралар қолдануы керек. Бұл жағдайда  менеджерге  мынадай  сипаттар-батылдық, іс-қимылдың стандартты еместігі, тәуелсіздік, экспериментке жақындығы, парасатты есеп, көп қырлы қабілеттілік және жағдайы тез бағалап, оның өзгергендігіне жедел реакция жасау, түпкі нәтижені нақты бағалау тән болғаны дұрыс.

Менеджердің осындай кең спектрлі қызметті қолдануы оның басқаруда жоғарғы тиімділікке қолын жеткізеді яғни, кәсіпорын жұмысының жоғарғы нәтижелілігі, алдымен пайда табу жағдайы ескеріледі. Нарық жағдайында  пайда алға қойған міндеттерге жетудің түпкі мақсаты  болып табылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.