Метанол мен этанолдың адам өміріне зияны

Home » Рефераттар » Метанол мен этанолдың адам өміріне зияны
Рефераттар Комментариев нет

Метанол мен этанол – құрамында бір немесе бірнеше OH тобы болатын көмірсутек туындылары. ОН тобының санына қарай бір (алкогольдер), екі (гликолдар), үш (глицерин), төрт (пентаэритрит) және көп атомды спирттер, ал көмірсутек радикалының құрылысына байланысты қаныққан (этил C2H5–OH), қанықпаған (аллил СН2=СНСН2ОН), циклді (циклогексанол), ароматты (бензил спирті), гетероциклді (фурил) болып бөлінеді. Спирттерді атағанда сәйкес көмірсутек радикалы бойынша (мысалы, метил спирті, этил спирті, т.б.) және Женева номенклатурасы бойынша көмірсутек атына “ол” жұрнағын жалғайды (мысалы, этанол, бутанол, диол, триол, т.б.). Кейде ОН тобының орнын көрсетіп атайды (мысалы, пропанол-2, пропандиол-1, 3), бұдан басқа спирттердің тарихи қалыптасқан атаулары да қолданылады (мысалы, этил спиртін – шарап спирті, метил спиртін – ағаш спирті деп атайды). Бір атомды алифатты спирттер улы (мысалы, метанол – жүйке және тамырға қоздырғыш әсер етеді, этанол – сұйық есірткі, ұзақ әсер еткенде жүйке, ас қорыту, қан тамыр, бауыр, т.б. ауруларын тудырады). Өнеркәсіпте спирттерді олефиндерді гидраттау, альдегид, кетондарды тотықсыздандыру, т.б. әдістермен өндіреді. Этанолды бидай, күріш, картоп, т.б. өсімдік шикізаттарын зимаза ферментінің қатысуымен ашыту немесе гидролиздеу арқылы алады. Спирттер – органикалық қосылыстардың ішіндегі ең маңызды тобы, олар еріткіштер ретінде қолданылады, бояулар, жасанды талшықтар, пластмассалар, хош иісті заттар, дәрілер, жуғыш заттар, т.б. өндіру үшін жартылай өнімдер болып табылады.

Метилді спирт (метанол, карбинол, ағаш спирті) CH OH. Түссіз, өте жеңіл сұйықтық, тығыздығы 0,797, қайнау Т0 = 64-650 C. Тазаланған метил спирті, өзінің иісі бойынша этил спиртінен айнымайды. Химиялық синтезде құмырсқа қышқылы мен формальдегид алу  үшін,ерітінді ретінде политуралар мен лактарда қолданылады.

Метил спиртін байқаусызда немесе мас болуы  үшін  ішкенде уланып қалу мүмкін. Тыныс жолы арқылы да улануы мүмкін, егер үйдің есігі, терезесі жабық болып,  оны спиртпен езген  бояумен  бояған  кезде және осындай  зат теріге тисе де улануға болады.  «У» — дың қасиетіне, дозасына және,  түсу жолына,  қанша  уақыт  әсер  еткендігіне байланысты  уланудың әртүрлі клиникалық көріністері болады. Медициналық көмек пен емдеуді медициналық тасымалдау кезенінде, қалай ұйымдастырылатынына көп көңіл бөлу керек. Бұл тақырып әскери дәрігерлеріне ғана емес,  сондай-ақ  денсаулық  сақтау  саласында  істеп жүргендерге де өте керек.

Жұмыс істеуге болатын ең жоғарғы мөлшері 5  мг/м  ауада  (ПДК). Метанол өте улы зат. 35-100 мл  дейінгі көлемі өлімге әкеп соғады. Метилалкоголі өте күшті,  қүре тамырын, нерв жүйесін зақымдауға әкеп соқтыратын, «У» болып табылады.  Адам організмінде метил спирті бірінші формальдегидке, онан соң  құмырсқа  қышқылына айналады. Метанолдың  улылық  қасиеті осы жоғарғы айтқан заттарға негізделген. Құмырсқа  қышқылының толықтырушы қасиетімен  организмдегі тотықтыру толықтырушы жұмысына кірісіп,  ацидозға, гипоксияға және витамин D тобының, аскорбин  қышқылының жетіспеуіне әкеледі.  Метанолға әсіресе  сетчатканың көру нерв жүйесі сезімтал болады.

Уланудың клиникалық көрінісі.

         Егер жеңіл уланған болса,  адам шаршап, басы айналып, жүрегі  айниды. Орташа уланған  түрінде — басы  айналып,  ауырып,  жүрегі айнып  құсады және бас миы жұмысының теңселуі болады. Көздің көруінің бұзылуы 5-6 сағаттан  кейін басталады,  бұл уақытша немесе үнемі қалуы мүмкін.

Ауыр зақымданған  түрінде — ең бірінші симптомдарынан кейін басы ауырып, жүрегі айнып,  құсық пайда болады,  есінен тануы (кома) мүмкін. Адам дем алысы тоқтағандықтан  және жүрек қан соғуының төмендеуінен өледі. Бұл спиртке,  әр  адамның  әртүрлі  сезімталдылығы  болады,  тіптен  250-500 мл  ішкенде тек қана жеңіл улану түрі де кездеседі.

Жедел көмек пен емдеу

Егер метил спирті ішке түссе,  онда тез арада құсық шақыру керек, онан кейін ішті ағынды сумен жуу керек, немесе 1-2% гидрокарбонат Na мен. Кейін ішті өткізетін тұздарды  беруіміз  керек. Антидот ретінде этил спиртін беру керек, 100 мл 30% спиртті ішуге береді, онан соң екі сағат сайын 50 мл-дан,  одан арғы күндері 2-3 рет  200 мл-ден береді. Егер ессіз болса, қүре тамырына құяды, 5-10% ертінді түрінде (1 мл/кг салмағына шаққанда 96%  спиртті).  Бұл  спирттің  арнаулы әсері —  оның  метанолмен бақталастығында,  метанолдың тотықтыруына қарсы тұрып, оны организмнен сол күйі шығарады. Зәрді көп шығаратын дәрілерді береді (лазикс, манитол, фуросемид). Ең бастапқы кезде гемодиализ бен перитонналды диализ жасау керек. 30-60 мг қүре тамырына преднизолон беру керек. Егер (амиопия) көзі  көрмесе, қүре тамыры арқылы 40%  глюкоза 20 мл; 2%  новокаин ертіндісін жіберу керек. 20 ед  инсулин тері астына, АТФ 2-3 мл 1% тік. Витаминдік емдеу:  5% — 20 мл аскорбин қышқылын қүре  тамырына жіберу керек.

Этил спирті. Этанол — сырада,  арақта және басқа да алкоголь сұйықтықтарында болады. Этанол  -С2 Н5 ОН, түссіз мөлдір сұйықтық, қайнау Т0 78С, сумен және  басқа  органикалық  ерітінділермен  араласа береді. Медицинада және халық шаруашылығында кеңінен қолданылады. ПДК — жұмыс істеуге болатын ең жоғарғы мөлшері 1000 мг/м. Өзінің организмге әсер ету қасиетімен бұл майлы наркоз  беретін заттарға жатады. Жоғары  ми қабатына әсер етуіне байланысты адам масайып, өзіне тән қозуы болады. Ал егер  үлкен  көлемді  мөлшерде  ішсе, наркоздық әсері болады. Адам организмінде әуелі ацетальдегид,  онан кейін сірке қышқылына,  ең соңынан көміртегі газы мен суға  айналады. Көзге  көрінісі:    улану адам қанында 1,5 г/л болған кезден басталады, ал егер 3,5  г/л  болса,  уланудың  клиникалық  көрінісі өте   ауыр  болады, егерде 5,5 г/л-дан жоғары болған  жағдайда өлімге әкеп соқтырады.

Уланудың клиникасы

Мас болудың алғашқы сатысы өте жоғары психикалық белсенділігімен  сипатталады, бірақ та ондай  адамның  өзіне-өзінің  сенімділігі  күшейеді, көп сөйлейді, оған қарамай өте қиын мәселелерді шешетін қабілеті төмендейді.  Бұлшық ет  жұмыстарының  қозғалыс  қабілеті  және дем алысы мен қантамыр жұмысы өсіп, жұмысқа төзімділігі азаяды. Егер уландыратын мөлшері ішке түссе, есі тез ауып мынадай симптомдармен белгіленеді: суық тер шығып, беті, көзі қызарады, Т0-сы  төмендейді, құсады, өз-өзінен тынышсызданады.

Өзіне белгілі емес нервтік симптомдар болады: (көзінің қарашығы қысылып немесе ұлғайып, көзінің бір орнында тұрмауы және анизокория) болады.  Тынысы азайып, көмей тынысы пайда болып, қан тамыр  соғысы жиілеп, алғашқы қан қысымының жоғарылауы коллапспен ауысады. Кеуде дірілі пайда болып, құсығына қақалып, кеңірдегі тарылады. Анықтама және ем үшін алкогольдік команы үш сатыға бөлуге болады:

— жоғарғы  сатысы;

— орташа сатысы;

— төменгі сатысы;

Алкогольдік уланудың ең негізгі асқынуы құсыққа қақалып, тыныс жолы бүлініп, тынысы тоқтау болып табылады.

ПМП-дегі  жедел көмек пен ем.

Түтікшемен асқазанды сумен жуып, сорғыш көмір  беру керек. Қүре тамырына глюкоза мен аскорбин қышқылын жіберу  керек, тері астына кордиамин, кофеин жіберіледі. Өте ауыр уланған болса, қүре  тамырына кордиамин 1 мл және коразол жіберіледі, кеңірдекті көпіршік пен  судан тазалап, оған түтікше қою керек. Оттегі беріп, қолдан жасанды  дем алдыру керек.

ЖмедБ -да және госпитальда:

Зәрді тездетіп шығаратын дәрілер, қүре  тамырына гидрокарбонат натрий,  кордиамин, кофеин, б/етке  витамин РР, аскорбин қышқылын беру керек. Оттегі емін қолданып, ауыз қуысы мен   кеңірдекті   тазалайды.  Антибиотиктерді  салу  керек (өкпенің ісінуін болдырмау үшін).

 Этиленгликоль СН2  ОН2 — СН  ОН дигидроксильдік өте сапалы спирттерге жатады және антифриздің құрамына кіреді, қатпайтын сұйықтық-  қыста моторларды мұздатпайтын зат (40-650 С.  “Тосол”,  В-2, П-1 және басқалар).  Онымен  қоса  ГТЖ-22 мен «Нева» ертіндісі — тормозды  тежелдететін гидравликалық сұйықтықтардың құрамына кіреді.

Этиленгликоль — түссіз, спирт сияқты сұйықтық, тәтті дәмі бар, иісі жоқ. Қайнау температурасы 1970 С. Сумен, спиртпен басқа сұйықтықтармен араласады, оның  судағы  ерітіндісінің қасиеті -650 С-қа  дейін қатпайды.  Этиленгликольді ішсе уланады. Бұл затқа  әр адамның сезімталдығы әртүрлі. Өлімге әкелетін мөлшері 50-500 мл-ге  дейін, орташа мөлшері (100мл).  Барлық спирттер сияқты  этиленгликольдың наркоздық мөлшері бар. Қан тамырлық және протоплазмалық «У» болғандықтан, этиленгликоль ми ісігі мен  өліеттілікті  тудырады. Соңында мида оттегінің жетіспеушілігіне әкеп соқтырады. Ең әуелі  уланғандар жүрек тамыр соғуының әлсіреуінен немесе өкпе  ісігінен  өліп кетеді.  Егер  уланғандар  мидың  бұзылу сатысынан шықса, әрі  қарай бүйрек  түтікшелерінің  жұмысының   бұзылу   симптомдарының  көрінісін көруге болады. Қымыздың қышқылы кальцияға қосылып бүйрекке механикалық кедергіш  жасайды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.