Ми қыртысындағы тежелу процесі

Главная » Рефераттар » Ми қыртысындағы тежелу процесі

Ми қыртысының қалыпты қызметі қозу және тежелу процестерінің өзара әсері нәтижесінде қалыптасады. Қозу процесі шартты рефлекстің қалыптасуын қамтамасыз етсе, тежелу процесі — оны өшіріп отырады. Тежелу процесі рефлекстік реакцияларды ретке келтіріп, жетілдіріп отыруға жағдай тудырады. Ми қыртысында тежелудің шартсыз және шартты түрлері кездеседі. Шартсыз тежелу орталық жүйке жүйесінің кез келген бөлімінде байқалады, ол бүкіл жүйке жүйесіне тән құбылыс. Шартсыз тежелу шапшаң пайда болады да, онша ұзаққа созылмайды. Тежелудің бұл түрі сыртқы тежелу және шектеу болып бөлінеді.

Сырткы тежелу. Ми қыртысында әртүрлі ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштердің эсерінен жаңа қозу ошағы пайда болса, онда теріс индукцияның әсерінен қыртыстың басқа аймақтарының қозғыштығы төмендейді, оларда тежелу процесі басталады. Тежелудің бұл түрін индукциялық немесе сырткы тежелу деп атайды. Мысалы, итте қоңырау дауысына шартты сілекей бөлу рефлексі қалыптасқан дейік. Қоңырау соғылған кезде кенеттен бір бөгде дыбыс пайда болса (есік сарт етіп жабылса), сілекей бөлінбейді. Малдың бір жері ауырса, қуығы зәрмен кернелсе, қалыптасқан шартты рефлекс дұрыс атқарылмайды.

Шектеу. Организмге әсер ететін тітіркендіргіш күші тым артып немесе әсер мерзімі жорықсыз созылып кеткен жағдайда шектеу байқалады. Мысалы, қоңырау даусына шартты рефлекс қалыптасқан дейік. Егер қоңырау дауысы тым күшейтілсе (си-рена) немесе ол тоқтамай үзақ соғылса, рефлекс атқарылмайды. Оның себебі жүйке торшаларының эрекет атқару мүмкіндігінің белгілі шегі болады. Тітіркендіргіш күші не оның эсер мерзімі шектен асып кеткенде ми қыртысында дамыған парабиоз процесі тежелу сатысына дейін тереңдейді де, жүйке торшаларында қозу процесі тежелумен алмасады. Қыртыс торшаларының ла-бильділігі төмен болады, сондықтан олар тежелу күйіне оңай көше алады. Шектеудің қорғағыштық маңызы бар, ол жүйке тор-шаларын істен шығудан, орынсыз ширығудан сақтайды.

Шартты немесе ішкі тежелу ми қыртысына ғана тэн қү-былыс. Ол ми қыртысының шартты рефлекстік қызметімен байланысты. Шартты тежелу біртіндеп қалыптасады да, үзақ мерзімге сақталады. Ол шартты-бейтарап тітіркендіргішті шартсыз тітір-кендіргішпен демемей, нығайтпай қойған кезде пайда болады. Демелмеген тітіркендіргіш алдында өзі қозу процесін тудырған жүйке торшаларында тежелу процесін өршітеді. Демек, шарт-ты тітіркендіргішпен байланысты орталық басқа орталықтың эсерімен емес, өзінде жүретін процестердің салдарынан тежеледі, сондықтан да, оны ішкі тежелу деп атайды. Шартты (ішкі) тежелу өшу, жіктеу (дифференциялану), бөгеу, шартты тежеу болып бөлінеді. Өшу — шартты тітіркендіргішті шартсыз тітіркендіргішпен де-мемей, бекітпей қоюдың нэтижесінде туындайды. Егер шартты тітіркендіргішті жиі-жиі қайталап, оны шартсыз тітіркендіргішпен бекітпей қойса, шартты рефлекс күші бірте-бірте әлсіреп, соңынан ол тиылып, өшіп қалады. Бүл жағдайда шартты сигнал әсерімен шартты рефлекс орталығында қозу процесі емес, тежелу процесі туындайды. Рефлекстің өшу жылдамдығы оның беріктігіне бай-ланысты. Ерте қалыптасқан, жақсы бекітілген рефлекстер жаңа пайда болған рефлекстерге қарағанда, баяу өшеді. Егер рефлекс өшкеннен кейін шартты тітіркендіргіш әсерін біраз уақытқа доғарсақ, онда шартты рефлекс қайтадан қалпына келеді. Аз мерзімдік үзілістен кейін шартты сигнал шартсыз тітіркендіргішпен демелмей-ақ жауап реакциясын тудырады. Демек, өшу кезінде шартты рефлексті қамтамасыз ететін механизм жойылмайды, тек ішкі тежелу салдарынан ол уақытша эрекеттен шығарылады.

Жіктеу — бір-біріне ұқсас екі шартты тітіркендіргіштердің бірін бекіту, бірін бекітпеу нәтижесінде қалыптасады. Мысалы, итте метрономның минутына 100 рет жиілікпен соғуына шартты сілекей бөлу рефлексі қалыптасқан дейік. Осыдан кейін ме-трономды минутына 96 рет соғатын жылдамдыққа қойып, оны шартсыз тітіркендіргішпен (тамақпен) ұштастырмай қою керек. Алғашқы кезде ұқсас екі тітіркендіргіш те жауап реакциясын тудырады. Бірақ бірнеше рет қайталаудан кейін екінші тітіркендіргіш (96 соққы) жауап реакциясын тудырмайды, ол шартты тежегіш тітіркендіргішке айналады. Оның эсерімен ми қыртысында тежелу процесі туындайды.

Бөгеу. Егер шартты сигнал әсерінің басталу мерзімі мен оны шартсыз тітіркендіргішпен ұштастыру уақыты алшақтау болса (2-3 минут), онда шартты рефлекстің басталуы дэл осындай мерзімге бөгеледі. Бул жағдайда шартты тітіркендіргіш әсері екі сатыға — әрекетсіз және әрекетті, бөлінеді. Бастапқы эрекетсіз са-тыда шартты сигналдың әсерімен шартты рефлекс орталығында тежелу процесі туындайды да, жауап реакция бөгеледі. Осыдан кейін бірінші саты аяқталып, тежелу тиылады да, қозу басталады, әрекет атқарылады.

Шартты тежеу. Егер шартты рефлекс тудыратын тітіркендіргішке тағы бір бөгде тітіркендіргіш қосып, оны шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырмаса, онда бұл қосарланған тітіркендіргіш әрекет тудырмайды, тежелудің туындауына себепкер болады. Мысалы, метроном дыбысын шартсыз тітіркендіргішпен ұштастырады. Ал метроном мен қоңырау тіркесін шартсыз тітір-кендіргішпен ұштастырмайды. Алғашқыда бұл тіркес метроном-ды жеке қолданғандағыдай рефлекс тудырады. Бұл генерализа-ция (жайылу) құбылысымен байланысты. Тәжірибені әрі қарай жалғастыра берсе, онда метроном мен қоңырау тіркесі өзінің оң сигналдық мәнін жоғарылатады, рефлексті тежейді, ал жеке қолданылған метроном шартты рефлексті тудыра береді. Демек, жануар шартты тітіркендіргіш эсерін де-мелмейтін тітіркендіргіштер тіркесінен ажырата алатын болады. Қалыптасу механизмі жағынан шартты тежеу жіктеуге ұқсас. Бұл жағдайда бір-біріне біршама ұқсас тітіркендіргештер жіктеледі.

Шартты тежеу қосалқы тітіркендіргіш пен оң әсерлі шартты тітіркендіргіш мерзім жағынан қабаттаса әсер еткен жағдайда ғана туындайды. Егер қосымша тітіркендіргіш әсері оң шартты тітіркендіргіш әсерінен аз ғанауақыт (10 сек) бұрын тиылса, онда екінші реттік шартты рефлекс қалыптасады.
Қорыта келгенде, ішкі тежелу шартты рефлекс доғасы орталықтарының арасындағы байланыстың жойылуының салдарынан пайда болады. Демек, ішкі тежелудің негізгі биологиялық маңызы оның ми қыртысын тіршіліктік маңызын жоғалтқан шартты рефлекстік байланыстардан тазартуында. Ішкі тежелу арқылы организм көптеген маңызсыз шартты рефлекстерден арылады. Шартты рефлекстердің тежелуі нэтижесінде организм сыртқы орта жағдайларына дәлірек бейімделеді, үлкен ми жарты шарларында талдау және жинақтау процестері дәл және нақтылы атқарылады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.