Миф сөзінің мәні

Главная » Рефераттар » Миф сөзінің мәні

«Миф» сөзінің шығу төркіні  көне гректің mythos – әңгіме, әңгімелеу, баянша, аңыз – деген ұғымынан бастау алады; оның латынша аналогы fabula (әңгімелеу, мысал). Жаңа уақытта миф ойдан шығарылған оқиға емес, «құдайлар мен аңызға айналған қаһармандар т.б.» турасындағы алыс дәуірлердің тарихи құндылығы ретінде басқаша ұғыныла бастады.

Енді соңғы кезде мифтің жаңа мәні ғылыми қолданысқа енді. Мифология ерекше ойлау тегімен байланысты халықтардың өмірінде өшпестей болып қалыптасқан дәуірден үстем, транстарихи саналатын  тарихи қоғамдық ойлау формасы болып табылады. Миф біздің өміріміздің бәр жерінен табылатын мәңгілік. Сондықтан, ғалымдар бүкіл әлемдік тарихи мифологиялық процесс турасында орынды сөз етеді.

Мифологияның қоғамдық сананың негізгі формасы ретіндегі қасиеттерін атап өтейік. Біріншіден, миф болмыстың іргелі бастау көздері: табиғатқа тұтастай, халық, ұлт, адамзат және ғарыш өміріне  қатысты тақырыптық жалпы маңыздылыққа ие. Мифтегі ең мәндісі «хаос пен реттілік (ғарыш)» логикалық оппозициясы. Мифология (Ницшелік барлық құндылықтарды қайыра бағалауға дейін) бұлжытпай хаосқа қарағанда ғарыштық  реттілікті жөн көретін классикалық әлем келбетін ұстанды.

.

Екіншіден, мифтегі (көрініс беретін идея, концепциялар) мәндер өздерін ұстанатындар тарапынан күмән келтірілмейтін, сараптама жасалмайтын бірден бір ақиқат деп ұғынылады. Мифологиялық түсінік «толыққан ақиқат» деп ұғынылып; «өзінің ақиқаттығына күмән тудырмайды» деп тұжырымдады Шеллинг. Логикалық реттелген формаға ие болуы мүмкін болса да, мифология өзінің мәнісі бойынша рационалдылықтан тысқары болып, өзіне шаң жуытпайды. Беделді ғалымының сөзі бойынша, миф әлемі дегеніміз «абсолютті реалдылық», сараптама жасалған шақта ол өзімен-өзі болудан қалып, беймифтеніп шыға келеді. Миф өзіне толықтай беріле сенуді талап етеді, өйтпеген жағдайда ол қияли дүниеге айналады. Мифті қабылдаушылар оның миф екендігін біле тұра оны нақты ақиқат деп санайды.

Үшіншіден, мифтік форманың өнер туындысы формасынан өзгешелігі өзгеріске икемділігі мен көнімділігі болып табылады. Бір миф кейде әрі сөздік, әрі әлпеттік (мүсін немесе бейнелеу) формада жүзеге асады. Оның үстіне олар (бізге жақын тән болып келетін) әлдебір образдылықпен байланысын не әлсіретіп алады, не одан мүлдем ажырап қалады да, дәлелдеуді қажет ететін аулақтанған ұғымдарға айналады.

Миф шығармашылығы формасы мен мифтердің тіршілік кешу ауқымы өте кең  ол соңғы екі жүз жылдықтарда  (романтизм дәуірінен бастап) түбегейлі зерделенді. ХІХ ғасырдағы мифологиялық мектеп басты назарды тарихи ежелгі мифтерге аударды, ХХ ғасырда ғалымдар зерделеу аумағына Жаңа уақыттың, оның ішінде заманалық мифтерді де енгізді. Ең бастысы мифология бүгінде дәуірден үстем әмбебаптық деп пайымдалады. Архетип туралы К.Г.Юнгтің ілімі тап осындай, мифология онда «зор рухани мұраны» құрайтын   «ұжымдық санасыздықтың проекциясы (алға талпынысы)» болып табылады.

Аксиология аспектісіндегі миф

Мифологияның құндылығы бір мәнділікте болып келмейді, сондықтан (бізге жақын дәуірлерде), табиғаты мен қоғамдық өмірі туралы қып-қызыл айтыс-тартыстың алаңына айналды. Мифологияның мәдениетке қатынасы көбіне танымдық салада әр қилы ұғынылады. Бір-біріне кереғар екі концепция бар. Оның біріншісі XVII-XVIII ғғ. европалық рационализмінен бастау алатын мифтің қоғамдық құбылыс екендігіне сын көзбен қараушылық. Екіншісі бұған керісінше мифті маңызды қоғамдық құбылыс деп санаушылық.

Мифтенген сананы дәйектілікпен қабыл алмаудың жарқын үлгісі – Р.Барттың «Мифология» кітабы (1958), онда миф «идеологиялық өтіріктің» артына тығылған «жалған ақиқат», олар қалай талқыланып, жинақтала бастаған кезде кейбіреулер оның арбауына түсіп қалады деп сипатталады. Мифтердің мақсаты,- деп есептейді автор,- әлемді «қозғалыссыз қалдырып» өлтіру; миф қоғамға болмыстың мәңгілік сәйкесімдігі туралы түсінікті сіңіріп, сонымен бірге оны аяқ асты етеді[308]. Бұдан көрініп тұрғаны, Барт мифологияны өмірдің нақтылығын тұтастай бұрмалаушылық  пен кедейлендіруші деп ұғынады.

Автордың сөзімен айтқанда Аристотель мен Декарттың ғылыми дәстүріне бағдар ұстаған Ю.М.Лотманның семиотикалық мәдениеттанушылық еңбектерінде де мифтенген сана тап осыған ұқсас тәпсірленеді. Бұл арада миф мәдениеттің шеңберінен шығып, мәдени (рационалды-логикалық ая) және мифологиялық (бейрационалдық) кеңістіктер бір-біріне қарама-қарсы қойылады[309].

Г-Г.Гадамер және Д.С.Лихачев сынды ойшылдар мифологияны басқаша ерек мәдени құндылық ретінде қарастырады. Г-Г.Гадамер өзінің «Миф және парасат» атты мақаласында ғылыми және мифологиялық әлем келбеті бір-біріне қарама-қарсы емес, «миф пен парасат ортақтас болып келіп, тарихтың жалпыға ортақ заңдылығымен өмір сүреді» де, бір-бірімен септесіп, бірін-бірі толықтырып отырады. «Мифті поптардың алдауы мен әйелдердің бөстекілігі деп шекеден шікірейіп қарамай, оның ғасырлар қойнауынан жеткен ақылмандық үніне құлақ түру керек». «Мифтік дуа» деп атап өтеді философ,- рационалдықтан тыс, бірақ та, миф ерікті емес фантазия арқылы «өмірдің ұлы рухани және әлеуетті күшін қалыптастыратын» өзіндік ғылымнан тыс ақиқатты таратушы болып табылады[310]. Осы ыңғайда, Д.С.Лихачев та миф ізгілік пен құндылықтың «мәліметтер қорабы» болып табылады; «біздің тірліктегі өмір сүруімізді жеңілдетеді» деп ой толғайды[311]. Сонымен бірге, қолданыстағы мифтер шындық болмысты бұрмалауы да мүмкін. Осылайша, мифологиялық құндылықтардың әр тектілігі айқындалып, халық санасындағы «мифтік тұманға» қоғамды ақиқатқа жақындатушы атына заты сай мәдени феномен қарсы қойылады.

Келтірілген миф турасындағы түйіндеулер танымға, ақылға, ақиқатқа қатысты болып, дәлелді ой тұжырымдауымызға негіз болады.  Сонымен бірге, Г-Г.Гадамердің, әсіресе, Д.С.Лихачевтің пікірлері, біздіңше, нақтылай түсуді керек етеді. Байқайтынымыз, «мәліметтер қорабына» адамзаттың өзін қоршаған ортадағы тек мифологиялықты ғана емес, тікелей өмірлік, өзіндік ғылыми игергендерінің бәрін де жатқызуға болады. Күнделікті тәжірибе мен ғылыми іс-әрекет талпынысы «мәліметтер қорабының» біршама айқындықта болғанын қалайды да,  феноменді танып білу мен ұғынудың толықтығына, қасиеттерінің көп қырлылығы мен көп мәнділігін сезіне алуымызға септеседі. Миф турасында бұны айта алмаймыз, бұл жерде кестелендіру, жеңілдетілу, бір мәнділік сіңіру байқалады. Ф.А.Степун игерілетін тақырыптың формасын ықшамдаудың екі жолы бар: бірі оның мазмұнын, екіншісі – оның мазмұнының тақырыбын ықшамдау деп тұжырымдайды[312]. Осының соңғысы берілген нәрсенің реңкін, күрделілігін, қарама-қайшылығын керек етпейтін мифке қатысты. Мифтің болмысты кестелендіруі синедохаға және кейбірде гиперболаға ұқсайды. Міне, осы сипат бізге жақын дәуірлердегі айқын емес «қораптағы» мифологиялық объектілерге тән болып келеді. Мифтер зат, феномен, тіршілік туралы білімнен, яғни, ақиқаттан (бос және жартыкеш түрдегі), болмысты бір жақты, кез келген бұрмалаушылық пен адасушылықтан тұрады. Басқаша айтар болсақ, мифология түйсіктік аяндық пен рационалдық жетімсіздіктің қабысуының ақиқаты. Сапасы сан алуан мифтерден құрылған мифология өзіне әрі құрметпен, әрі сын көзбен қарауды қажет етеді.

Ежелгі тарихи мифтер мен әдебиет

Миф өз тамырымен белгісіз алыс дәуірлерге кетеді. Мифология адамзат мәдениетінің басқа формалардың өз кезегінде бірте-бірте пайда болған феномендік ілкі бастау көзін түзеді.  Миф шығармашылығының бірінші кезеңі – архаикалық ру-тайпалық мифтер. Оның сипаты  ұжымдық ойдан шығарудың мүлтіксіздігі басымдыққа ие болып, замана адамына тым қарабайыр, кейде тіпті абсурдты болып көрінеді. Бірақ та біздің ежелгі бабаларымыз үшін бұндай қиялдың жемісі еш күмән келтірілмейтін шынайы ақиқат болып саналған. Архаикалық мифтер дегеніміз – ілкі мәдени феномен ретінде айқын басымдыққа ие болып қана қойған жоқ,  сонымен бірге қашан дін, өнер, ғылымдар мен философия пайда болғанша адамзат санасының бірден бір формасы саналып келді. Мифология (жоралғымен бірігіп) жеке адамдар мен олардың қауымдастығының тәлімі мен санасын қалыптастырудың ұйымдастырушы және бекемдеуші әлеуетті болып табылды. Шеллинг бұл дәуірлерде мифология бірден бір бағдаршам болды деген ой айтады.

Архаикалық мифологияның басты объектісі – қиялда түрленген кейбірде қорқыныш пен үрей туғызатын, сондай-ақ, тәу ету нысанына (тотемге) айналған тайпаның ілкі бабасы мен жебеушісі саналатын табиғат құбылыстары: орман, дала, су рухтары болды. Кейбір жағдайда табиғи-ғарыштық күштерді (күн, ай, бұлт мифтері) адамдандырды.  Архаикалық мифологияның басым формасы табиғат құбылыстарын (рухтандыра, жандандыра) кейіптеу болып табылады. Миф шығармашылығы өзінің архаикалық кезеңінде-ақ тақырыбы ғаламзат пен адамзаттың пайда болуы болып табылатын этиологиялық (себептілік) мифтерді қалыптастыра бастады. Жарқанаттың түнде ғана ұшуын австралиялық мифтер оның ағашқа соқтығып көзін шығарып алуынан деп түсіндіреді. Р.Киплинг ертегілерінде осындай мифтік сілемдер («Пілдің тұмсығы неге ұзын?» т.с.с.) ұшырасады.

Этиологиялық мифтердің қатарындағы ең көп тарағаны – әлемнің қалай тұтастыққа айналғанын әңгімелеу.  Архаикалық мифологияда ғарыш пен жердің пайда болуы әлдебір оқиға, жекелеген факті, кейбірде әлдекімнің жасаған әрекеті негізінде тәпсірленеді. Әлемді жаратушы кейіпінде қарға, сиыр… сөз болады. Сонымен бірге, бірқатар архаикалық мифтердің тақырыбы ретінде әлем құрылысының жағдайдан тысқары константы болып табылады. Түрлі халықтарда ұшырасатын әлемдік тау, әлем ағашы туралы әпсаналар тура осындай.

Мәдениеттің дифференциялануы беки түскен кезеңде мифология дағдырысқа ұшырап: миф сыни рефлексия тудырып, өзінің өмір сүруіне шәк келтірді. Тіпті, Гомердің дәуірінде мифологиялық санада дағдырыс орын алып, құдайлар тарихы ендігі жерде өзіндік поэтикалық құндылыққа айналды деп тұжырымдайды Шеллинг. Сонымен бірге, рулық-тайпалық одақтардың күрделене түсіп, іріленіп, бірігуі кезінде мифология байығып, түбегейлі түр өзгешелігіне ұшырады. Бұрынғы рулық-тайпалық рух, әзірейіл және тотемдерден ендігі жерде құдаят және қаһармандық индвидтер үстем түсті. Мифтер политеистік, монотеистік діни санамен тығыз байланысқа ие болып (ғұрыптар мен дұғалардың, ал, монотеизмде діни ілім догматтары мен ережелерін, канонданған мәтіндерді)  компоненті түзді.

Көп тәңірге табынушылық туралы ұғым негіз болған антикалық мифологияны классикалық деп атау қалыптасып, бүкіл Еуропаның ортақ құндылығына айналды. Антикалық мәдениеттің құрамында мифтік тарихи дәстүр (В.Н.Топоров) еніп, мифтендірілген аңыздар мәнділікке ие болады да, миф шығармашылығының объектісіне ежелгі тарихи оқиғалар «Иллиада», «Одессея», «Энеида», ал, Еуропадан тысқары көне үнділік «Махабхарата» айналады. Сонымен бірге өтіп кеткен алтын ғасыр, одан кейінгі күміс және темір ғасырлары туралы миф біздің дәуірімізге дейін жетті. Осы дәуір туралы біз Гесиодтың «Еңбектер мен күндерінен», Овидийдің «Метаморфоза» поэмаларынан біле аламыз.

Политеистік негізінде адамдар қауымының тірлігіне араласатын «құдайлар пантоены» пайда болып, халықтық эпостарда айшықталады. Мифтендірілген аңыздардың қаһармандары ретінде көбіне құдайдың ұлдары, жарты тәңірлер (гректерде – Геракл мен Тезей; үнділерде – «Махабхаратадағы» Пандавтар) көрініс береді. Осылайша мифтік шығармашылық антропологияланып және тарихтандырылып, қаһармандық сипатқа ие болады. Мифология монотеистік діндерде (иудей, ислам, христиан) белсенді этикалық реңке бөленіп, канондық, апокрифтік, фольклорлық сипат иеленеді. /Космогондық бастау көз (әлемнің 7 күнде жаратылуы), антропогония (адамзаттың Адам ата Хауа ананың өмірге келуі) т.с.с./ Тарихи ежелгі мифология өзінің сипатталған үш түр өзгешелігін, өзінің мәдени-тарихын Жаңа уақытқа дейін сақтады. Вагнердің сөзімен айтсақ, «жаңа әлем» өзінің теологиясымен, ғылымымен, саясатымен, өнерімен «мифтен шығармашылық қуат алды».

Өнер мен әдебиетте күні бүгінге дейін тарихи ежелгі мифологияның сюжеттері мен персонаждары қолданыс тауып келеді. Олар өзгеріске ұшыратылып, түрлінше нұсқада кәдеге жаратылуда. Оларсыз Жаңа уақыт әдебиеті мен өнерін көз алдыңа елестету мүлде мүмкін емес. Мәселен, Гомердің «Одессеясы» Дж.Джойстың «Улисс» романына арқау болды.

Көріп отырғанымыздай, тарихи ежелгі мифтер (рулық-тайпалық және кейінірек пайда болған политеистік, монотеистік) мәңгілік өмірге ойындық сипаттағы көркем-образды мәлімет түрінде ғана емес, сонымен бірге, имандылық сұранысына жауап бере алатын терең мағынаға толы әлем туралы түсініктің арқасында ие болды. Тарихи ежелгі мифологияның Жаңа уақыт әдебиеті және өнерімен байланысына қарағанда осы кезеңде туған мифология одан да терең қарым-қатынасқа ие болды. Енді осы турасында сөз ететін боламыз.

Жаңа уақыттағы мифология мен әдебиет

Жаңа уақытта (әуелі Италияда, одан кейін Батыс Еуропаның басқа елдерінде, ал, кейінгі екі жүз жылдықта өзге аймақтарда) тарихи мифдерден өзгеше мифтер пайда болды. Ендігі жерде миф шығармашылығы жеке халықтар мен қауымдастықтың еншісіндегі дүние болудан қалып, жеке тұлғалардың философия, ғылым, өнер, көсем сөз салаларындағы еңбегінің жемісіне айналды. Бұрынғы мифтер жалпыхалықтық болса, ендігі мифтер элитаның немесе бұқаралық сананың құндылығы болып саналады. Оның үстіне неомифология тарихи мифтерге тән тұрақтылықтан, дәуірден астамдықтан ада, қосымша. Жаңа мифтердің аңыздармен байланысы әлсіз, оның үстіне ХХ ғасырға тән уақыт талабына басыбайлы болып келеді. Мифологияның мазмұны да бөлекшеленіп, дәстүрлі тұрпаттағы мифтермен қатар өткен мен болашаққа топырақ шашатын упопиялық мифтер легі туындауда. Бұның қатарына пантрагедиялық, ниглистік, пессимистік мифтерді қосатын болсақ, осы бір түрлі бағыттылық тарихи ежелгі және монотеистік мифтерге қарама-қайшылық тудыруда.  Иә, олар бір-бірімен бейбіт қатар өмір сүре алмайды. Ницшенің «бетерадамы» мен Маркстің әлемді құтқарушы «пролетар билігі» бір-бірін жоққа шығарады.

Соңғы он жылдықтарда миф структуралық нышанға ие бола бастады. Постмодерндік әлем тұрақсыздығы концепциясы архаикалық мифтермен үндеседі. Осылайша, Ж.Далездің «Платон және симулякр» еңбегінде (1966) «антидауыстың» зұлым образы айшықталып, симулякр (түп төркіні платондық  «симулакрум» көшірменің көшірмесі болып табылатын: ағыл. simulation фр. simulacres, – симуляция – тәжірибені бекемдеудің ұғымнан тыс амал-тәсілін таңбалау үшін постмодернизм философиясына Батай енгізген термин, Клоссовски, Кожев, Бодрийяр және басқалар конмәтіндегі  референция [<лат. referre мәлімдеу] идеясынан бас тарту деп интерпретациялайды-Ә.Ә.) кейіптенеді.

.
.

Өткен ғасыр өзіне дейінгі дәуірлерге қарағанда болмысты мифтендіруге бейімділеу болып келді.  Сонымен бірге қосымша мифтенуге қоғамдық сұраныс та бар. Бірде ол адамды жек көрушілікке үндесе, бірде ол гуманистік идеяларды ту етеді. Т.Манның «Жүсіп және оның ағалары» роман мифі фашизмге, ол тудырған мифтерге өз үкімін айтқантын. Екінші мифтендірудің басты нышандарының бірі – тақырыбының кеңдігі. Ол өз заманымен үндеседі. Кейбірде, белгілі топтың, ұлттың артықшылықтары көкке көтеріле дәріптеліп кететін қатерлі жағы тағы бар. Жаңа заманда белгілі бір тарихи тұлғалар әспеттеліп мифтендіріледі (мысалға, І Петр бірде орыс империясын өмірге әкелуші, енді бірде деспот, антихрист). Сондай-ақ, мифтендірілген әдеби кейіпкерлер (Дон Кихот) өмірге келеді. Бұдан бөлек белгілі бір тарихи оқиға мифке айналады (1917 жылғы Қазан төңкерісі). Осы мифтендіруге БАҚ, оның ішінде, теледидар белсене үн қосады.

Осы миф шығармашылығы процесіне өнер қайраткерлері, әсіресе, қаламгерлер қатысады. Олар не өткенді ой талқысынан өткізеді, немесе өзінің дербес мифін өмірге әкеледі. Шеллингтің ойынша, «Мәңгілік мифті» Данте, Шекспир, Сервантес, Гете сияқты әдебиет алыптары өмірге әкеле алады; «Кез келген ұлы ақын көз алдындағы тұтасқан әлемнен және оның материалынан өзінің  мифологиясын тудыра алуға қабілетті»[313]. Әдебиетте романтизмнен бастап, дербес-авторлық миф туындыгерлігі белсене түсті. Ежелгі мифтермен үндес көптеген туындылар өмірге келді. Оларды мифке ұқсаушы деп атауға болады. Онда ежелгі миф автордың алға қойған мақсаты мен міндетіне және өзіндік сөзін айтуына бағындырылды. Осы тақлеттес неомифология Гете, Байрон т.б. шығармашылығында орын алды. ХХ ғасыр осы үрдісті іліп алып, ары қарай жалғастырды. Т.Манның («Жүсіп және оның ағалары»), Р.Рельке («Орфейге арналған сонет») т.б. туындыларды еске алайық.  Осы қатарға, Д.Андреевтің «Әлем райханы» трактатын да әбден қосуға болады. Біз келтірген авторлар көп ғасырлық адамзаттың діни және мифологиялық тәжірибелерін одан ары жалғастырушы шығармашыл мұрагерлері болып табылады.

Сонымен бірге, аяқталған ғасырда дәстүрлі наным-сенімдер мен мифтерді табандылықпен терістейтін әдеби мифологиялық  астардың  да болғандығын жасыруға болмайды. Сөздің мәдениеттанушылық кең мәнінде оларды авангардистік деп атаймыз. ХХ ғасырда басқа да өнер түрлері сияқты әдебиет те ницшелік  Дионистік пен «бетерадамға», сонымен қатар, горькийлік әлеуметтік-утопиялық мифологияға белсене үн қосты. Әдебиет пен мифология арасындағы байланыс тап осындай.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.