Микробтар — адам досы

Главная » Рефераттар » Микробтар — адам досы

1387110132_1285702522Ашытқысыз қамыр көтерілмейді. Ал ашытқы — микробтардың немесе микроағзалардың бір тұқымы. Сол секілді спирт, шарап және сырада да ашытқы арқылы жасалады. Айран мен қатықты да ашытатын микробтардың бір түрі. Микробсыз айран да қатық та болмас еді. Көптеген микроб тұқымдарының тіршілікке пайдалы екені ертеден-ақ аңғарылған еді. Ғалым Манассеин 1871 жылы ұзақ тұрған кейбір тағамдардың (нан, айран, ет, т.б.) көгере бастағанына көңіл аударды. Ғылым тілінде оны грибок дейді. Грибок тез дамитын болғандықтан ол ғылымның зерттеуіне де қолайлы болды. Манассеин осындай грибогы бар басқа микробтардың өспейтінін аңғарды. Микроб қалай адам досы бола алады ?

Бұдан бір жыл соң, 1872 жылы профессор Полотебнов та мұндай грибок бар жерде іріңдеткіш микробтар тұқымының құрып кететінін байқады. Ғалым өз жорамалдауын дәлелдеу үшін адам денесіндегі ойтүскен жаралар мен басқа да іріңді жараларға сол грибокты жапсырып көріп еді, оның нәтижесі де қызық болып шықты. Жараның іріңі тоқталып, тез жазылды. Бұдан кейін Полотебнов грибокты операция жасалған жерлердегі жарамен тері астындағы іріңдерді емдеуге қосты. Сөйтіп Манассеин мен Полотебнов XIX ғасырдың екінші жартысында грибогы бар жерлерде өзге микробтардың қырылатынын анықтады. Микробтар — адам досы болуға негіз бар.

.

ManasseinМанассеин мен Полотебновтың грибоктың емдік қасиеттері жайындағы құнды қиялдары енді ғана жүзеге аса бастады. 1929 жылы профессор Флеминг стафилококктар (іріңдеткіш микробтар) өсірілген шыны табақшадан бір ғажап жағдайды аңғарды. Ол сол табақшада бұрын ғылымдар тәжірибесінде кездеспеген бір көк дақ пайда болды. Ол дақ үйдің қабырғасында, ұзақ тұрып қалған нанда өсетін кәдімгі грибок еді. Аңғарып қарағанда сол көк дақтың асты мен оның төңірегінде стафилоккок микробы өспегеі анықталды.

.

Сөйтіп, ғалымдардың алғашқы жорығы енді шындыққа айналды. Грибок стафилоккок микробтарының жауы екені анықталды. Алайда, стафилоккок тұқымдастары да аз емес. Бұл тұқымға стрептококктар да жатады. Кейбір ауруларда адам денесіне қан арқылы ірің жайылады, буындары іседі, қызамықты, тағы басқаларды да жұқтыратын осы стрептоккок. Өкпені қабындыратын пневмоккок, ми қабын қабыдыратын менингококктар да осы стрептоккок тұқымына жатады. Ақыры, бір кезде Манассеин мен Полотебновтың аңыз еткен грибогы заманымыздағы озат медицинаның мол қорына айналды. Осыдан алынған пеницилиннің қасиеті, әсіресе Ұлы Отан соғысы кезінде жете сыналды. Жарақаттанған солдаттардың 75 пайызы осы дәрімен жазылып, қайтадан майданға оралды. Бұл соғыс тарихында бұрын болмаған жағдай еді. Ал соғыстан болған жараларды асқындырмай тез емдеп жазуға, талай жанның өмірін ұзартуға осы пенециллин грибоктары өте жақсы әсер етті. Мәселен, пенициллин микробы шыққанға дейін бас сүйегі мен ми қабы жарақаттанған адамдар арасында өлім өте жиі кездесетін, яғни осы жарақатқа душар болғандардың үштен бірі, кейде үштен екісі өліп кететін-ді. Ал 1944 жылдан пенициллин практикаға енгеннен бері бас сүйегі мен ми қабы жарақаттанған елу кісінің ең көп дегенде 2-еуі ғана өлетін болды.

Совет ғалымдары Гаузе мен Бражникова 1942 жылы тағы бір антибиотик ашты. Ол грамицидин еді. Бұл препарат іріңдеп тесілген сүйек ауруларын, жазылмай ұзаққа созылған жараларды және денедегі күйіктерді тез жазатын болды. Сол 1942 жылдары ғалымдар 3. В. Ермольева мен Т. И. Балезина грибоктың өзге бір құнды түрін тапты. Грибоктың ол түрінен тағы бір қасиетті антибиотик өндірілді. Бұдан кейін профессор Н. А. Красильников аспергиллин деген жаңа антибиотик шығарды. Бұл антибиотиктер осы микроб арқасында жүзеге асып жатты. Ауэромицин, альбомицин тәрізді антибиотиктер де соңғы жылдардың жетістігі еді. Бұл дәуір медицинада шынында да антибиотиктің жаңа дәуірі деп аталады. Жаңа дәуірдегі дәрілердің саны мен сапасы артумен қатар, олармен емдеудің жаңа тәсілдері көбейіп келеді. Бұл дәрілер денеге алғашқы кезде инемен ғана енғізілсе, қазір таблетка түрінде де беріледі. Жараға май түрінде де жағылады, іріңді қуыстар ерітінді түрімен де жуылады, сондай-ақ, бумен қосып ішке демалатын антибиотик түрлері де табылады. Сөйтіп ғасырлар бойы зерттелген грибок енді емдік керемет қасиеті бар дәріге айналды. Антибиотик ғылымы жарыққа келгелі аз уақыт болсада ол табиғатта кездесетін грибоктардың бес жүзден аса түрін тауып отыр. Бірақ осылардың әзірге медицинада пайдаланылып жүргендері жиырма шақтысы ғана. Ал топырақта өсетін грибоктардың бір түрі — актиномицет кейініректе табылды. Өмірде кең таралған антибиотикалық дәрілердің көпшілігі осы актиномицеттен жасалып отыр. Актиномицеттің бір түрінен профессор С. А. Ваксман (АҚШ) стрептомицинді жасап шығарды. Бұл дәрінің жарыққа келуі туберкулезбен күрестің жаңа дәуірін ашты. Әрине, стрептомициннің шығуы ғылымның өмір үшін күресіндегі бір ірі табысы еді. Стрептомициң табылғанша туберкулезді жеңетін әсерлі дәрі-дәрмек болмады. Бұл дәрі табылғанша туберкулездең өлгендер көп болушы еді. Қазір туберкулезден өлу бұдан былай да кеми бермек. Ми қабы туберкулезін (меңингит) дәрігерлер бұрын емдемейтін. Дәрігерлер мұндай адамдарды карап өлім «үкімін» алдын ала шығаратын. Қазір, жағдай өзгерді. Стрептомицин пайдаланыла бастағаннан бері менингитпен ауырған әрбір жүз адамның 85 проценті сауығатын болды. Қандай ұлы жеңіс десеңші ! Микробтар — адам досы болуға толық негіз бар. Әрине егер сіз микробтар немесе микроағзалар туралы толық білгіңіз келсе мынаны оқыңыз.