Минералдардың физикалық қасиеттері

Home » Рефераттар » Минералдардың физикалық қасиеттері
Рефераттар Комментариев нет

Минералдарды зерттеп, сипаттап, атын анықтау үшін олардың физикалық қасиеттерін зерделейді. Минералдардың физикалық қасиеттеріне оның түсі, кристаллдарының пішіні, мөлдірлігі, қаттылығы, тығыздығы, жымдастығы, бөлінуі, жылтырлығы, радиобелсенділігі және т.б. жатады.

Минералдардың кесек күйінде түсі. Минералдардың көбінің атауы олардың түсіне байланысты берілген. Мысалы, гематит гематико (грек) – қан сияқты; рубин – рубар (лат) – қызыл, альбит – альбус (лат)–аº. Минералдар түсі әр түрлі болуы мүмкін. Ол химиялық құрамының, құрылысының ерекшеліктеріне, олардың ішінде химиялық және механикалық қосындылар болуына байланысты, басқа қасиеттерін өзгертпей, түсін өзгертуі мүмкін. Сондықтан бір минералдың әр түрлі түсі болуы мүмкін. Мысалы, ақ, сары, жасыл, көк, қоңыр және қызыл түсті корунд болады.

Онымен қатар әр түрлі минералдар бір түсті болуы мүмкін (қызғылт гипс және қызғылт галит). Сонымен, минералдардың түсі көбінесе тұрақты белгі болып саналмайды, бірақ кейбір минералдар үшін бұл өте тұрақты қасиет. Мысалы, малахиттың түсі әрқашанда жасыл, киноварь – ашық қызыл немесе ақшыл қызыл және т.с.с. Түсті жаңа сынықта байқау керек, өйткені бұзылу әсерінен түсі өзгеруі мүмкін.

Минералдың сызықтағы түсі (ұнтақ түсі). Минералдардың кейбіреулерінің бөлшекті күйінде (ұнтақта) түсі кесектегіден басқаша. Минералдың ұнтақтағы түсін анықтау үшін оны ұнтақтамай-ақ, оның сызықтағы түсін анықтаса болады. Яғни, жылтырлатылмаған фарфор пластикаға сызу керек. Мысалы, пититтың түсі қызыл- ұнтақта қара, гематит кесекте қара, ұнтақта шиелі-қызыл. Көп жағдайда сызықтың түсі минералды анықтау үшін өте сипатты белгі, сондықтан бұл белгіге назар аудару қажет.

  1. Мөлдірлік –жарық өткізу қасиеті. Бұл қасиетіне байланысты минералдар келесі түрлерге бөлінеді:
  2. Мөлдір – жарықты жақсы өткізеді (тау хрусталы, кальцит, галит), минерал арқылы басқа заттар көрінеді;
  3. Жартылай мөлдір – жарықты ішінара өткізеді, олар өте жіңішке пластикаларда мөлдір (опал, халцедон);
  4. Жарықты шала өткізетін –жарық сәулесін сәл ғана өткізеді, олар тек қана жұқа шетінде ғана мөлдір болады (дала шпаты).
  5. Мөлдір емес- жарық өткізбейді (пирит, графит, магнетит).

Минералдың мөлдірлігін анықтау үшін оны жарыққа қаратып ұстайды. Мөлдір минералдар арқылы жазуды  оқуға болады, жартылай минералдар арқылы тек қана жарық көрінеді, бірақ жазу оқылмайды; Жарықты шала өткізетін минералдарда жарық тек қана олардың жұқа шетінен ғана өткізеді. Минералдар жылтырлығы дегеніміз- минералдар бірінің әр түрлі дәрежеде жарықты шығылыстыруы. Жылтырлық металл сияқты және металл сияқты емес болып бөлінеді. Металл тәрізді жылтырлықта минералдар беті жаңа өнделген металлға ұқсайды. Мұндай жылтырлық элементтерде, сульфидтерде және кейбір тотықтарда болады (алтын, геленит, пирит). Металл тәрізді емес жылтырлық келесі түрлерге бөлінеді:

а) алмазды-өте жарық, жылтырайды, алмаз ұшқыны сияқты (сфалерит, киноверь);

б) шынылы-шыны бетінің жылтырлығы сияқты (кальций, тау хрусталы);

в) жібекті- жібек жібінің жылтырлығына ұқсайды (асбет, гипс);

г) құлпырма-әр түрлі жарықта өзінің қарқындығын кемпірқосақты реңінде өзгереді (слюда, тальк);

д) майлы – минералдың беті май немесе парафин жағып қойған сияқты (кварц, күкірт);

ж) күңгірт –көмескі, минерал беті жылтырамайды.

Минерал қаттылығы – минералдардың сыртқы механикалық әсерге қарсы тұру дәрежесі. Минералдардың салыстырмалы қаттылығын бағалау үшін арнайы минералдар жинағын қолданады. Бұл минералдар жинағы Моос шкаласы деп аталады. Оның ішінде әр түрлі қаттылықты 10 минерал бар, олар 1-ден 10-дейінгі баллмен белгіленеді. Алмаз-ең қатты минерал, ол тальктен 4000 есе қатты. Сонымен минерал қаттылығы баллмен көрсетіледі, абсолютті және салыстырмалы маңызы бар. Қаттылықты анықтау үшін берілген минералдың таза жерін Моос шкаласындағы минералдың үшкір шетімен тырнайды. Егер Моос шкалаласындағы минерал берілген минералдан жұмсақ болса ол онда өзі үгіліп, із қалдырады. Моос шкаласының минералы зерттеген минералдың үстінде анық тырналған жер байқалатындай межеге жету керек керек. Содан кейін сол минерал Моос шкаласындағы минералды тырнай ма екен, соны анықтайды. Егер олар бір-бірін тырнап із қалдырса, минерал қаттылығы шкаладағы минерал қаттылығына сәйкес деп саналады. Моос шкаласының минералдарынын басқа қаттылықты анықтау үшін әр түрлі нәрселерді қолдануға болады. Мысалы, графит-1 тырнақ қаттылығы 2,5-ға тең, шыны 5-5,5 құрыш пышақ 5,5-6, тау хрусталы -7. Қаттылығына байланысты минералдар 4 топқа бөлінеді.

  1. жұмсақ (қаттылығы 1-2) –тырнақ минералда із қалдырады;
  2. орташа қатты (қаттылық 3-4) –тырнақ минералда із қалдырмайды, минерал шыны үстінде тырналған із қалдырмайды;
  3. қатты (қаттылық 5-7) –минерал шыныда тырнаған із қалдырады, бірақ тау хрусталінде тырнаған із қалдырмайды;
  4. өте қатты (7- ден жоғары) – минерал тау хрусталінде тырнаған із қалдырады.

Жымдастық-минералдарлың механикалы әсердің арқасында дұрыс пластиналарға, жіпшелерге, дұрыс бөлшектерге бөлінуі. Жымдастық келесідей түрлерге жіктеледі: Аса жетілген – минералдар тырнақтың күшімен әр түрлі жұқа пластиналарға жеңіл бөлінеді (слюда, биотит). Жетілген – минералды ұрғанда анық бағытта дұрыс бөлшектерге бөлінеді (кальцит, дала шпаты, галит). Жетілмеген – минералдар бөліктерге қиын бөлінеді, бөлшектердің аз мөлшері дұрыс пішінді, өзге бөлшектерінің сынған жерінің беті дұрыс пішінді емес болып келеді. Сынықтық. Минералдар сынғанда сынықты пішінді анықтайтын үсті пайда болады. Жымдастығы бар минералдар, тегіс сынық береді, мысалы кальций, галит. Жымдастығы жоқ минералдарда мынадай сынық түрлері бар.

  1. Түйіршікті – сынықтың үстінде бөлек минералдар құрылатын кристалдар көрінеді (апатит, матматит, антидрит).
  2. Жерлі – сынық беті күңгірт, кедір – бұдырлы, шаң басқан сияқты (каолинит, лимонит).
  3. Шаянды – толқындары айнала орналасқан батыңқылықты немесе дөңестілікті беттер бұзылғанда пайда болады (тау хрусталы, магнезит).
  4. Шөгірлі – сынық сүргілемеген ағаш беті сияқты (роговая обманка).
  5. Тегіс емес – сынғанда, тегіс емес бет пайда болады (кварц, нефелин).

Минералдардың үлес салмағы 0,6-дан 23–ке дейінгі арада байқалады. Үлес салмағына қарай барлық минералдар 3 топқа бөлінеді. Үлес салмағы 2,5-ке дейінгі жеңіл минералдар (күкірт, гипс, галит). Үлес салмағы 2,5–нан 4 дейінгі орташа салмақты минералдар (доломит, кварц, слюда). Үлес салмағы 4-тен жоғары ауыр минералдар (гематит, барит ж.т.б.)

Құлпырма түсінің өзгеруі (побежалость). Кейде негізгі түстен басқа бұзылудың әсерінен минералдар бетінде пайда болатын шұбар түсті жіңішке пленка болады. Шұбар түсті бет пайда болу құлпырма түс өзгеруі деп аталады. Пленканың түсі минерал түсінен өзгеше болады. Құлпырма түсі өзгеру кемпірқосақты (халькопирит) және бір түсті болады мысалы, алтынды (қоңыр железняк). Магниттік – минералдардың магнитті тілді ауытқуы немесе өздерінің магнитпен тартылуы ( магнетит, темір, никель). Минералдардың дәмі суда жақсы еритіндерде ғана анықталады, мысалы; Галит- тұздалған, Сильвин – ащы тұздалған, Карналит- ащы, Квасцы — қышқыл, Селитра – күйдіретін, Жез тотияйын- тұтқыр.

Тұз қышқылынан қайнау. Карбонатты жыныстарды анықтау үшін минералға 10% HCl  тамызады, егер минерал көпірсе яғни құрамында карбонат болғаны (лесс, әк тас, бор). Тұз қышқылы карбонаттарға әсер еткенде карбонаттар ыдырау реакциясы жүріп, көмір қышқыл газдың шығуы, байқалады;

CaCO3 + 2HCl = CaCl2 + H2O + CO2^

CO2 шығуы қайнаумен және көпіршік шығуымен ере жүреді.

Минералдардың суда еруі. Барлық минералдар суда ерімейтін (кварц), аз еритін (кальций, доломит, гипс) және жақсы еритіндерге (галит, сильвин, селитра) бөлінеді. Иіс. Кейбір минералдарда өзіне тән иісі болады: пиритке магнезитке күкірт- қышқылды газдың иісі тән; құрамында күш әлі бар бар минералдар – сарымсақ иісі бар; фасфориттерді бір-біріне үйкелегенде күйген сүйектің иісі пайда болады. Жануы. Барлық минералдар жанатын (күкірт, янтарь) және жанбайтындарға бөлінеді.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.