Миокард инфарктысы

Главная » Рефераттар » Миокард инфарктысы

infarkt-miokardaМиокард инфарктысы 1948 жылдан бастап дүние жүзіндегі халықтар арасындағы жиілене бастады. Одан адам өлімі де көбейді. Миокард инфарктысының басты себебі жүрек етін қоектендіретін ұсақ артерияларда қан айналысы бұзылады. Сөйтіп жүрек етінің қан жетіспеген жері босап елжірей бастайды. Егер жүрек етінің босап елжіреген жері көлемді болса, ауру ұстаған кезде адам өліп кетуі мүмкін. Мұндай кезде дәрігердің де көмектесе алмай қалуы жерінде болса оны емдеп жазуға болады. Инфарктың осы түрі тәжірибеде жиі кездеседі. Енді жүрек миокардын қоектендіретін қан тамырларының әрекеті неге бұзылады ? деген сұраққа жауап берейік. Атеросклерозда қан тамыры қабырғаларына май қосындысының қабаттасып, қан жүретін жолы тарылады, кейде тіпті бітеліп қалады. Сөйтіп, қан әдеттегісіндей емін-еркін аға алмайды. Ал, артериолдар бітелгенде қан жүрмей мүлде тоқтайды. Миокардтың қанға зарыққан жері босап, өлеттеніп, инфаркт басталады. Кейде қан тамыры атеросклероздан сау болса да күтпеген қайғы-қасірет, жұмыста болатын түрлі реніш жағдайлар нерв жүйесін зақымдай береді. Ондай адамның мінез-құлқы өзгереді, ашушаң, кейігіш болады. Шатынап зақымданған нерв жүйесі жүректі қысады, миокард артериолдарын құрыстырады, қан жолын тарылтады, кейде қан жүрмей қалады да инфаркты басталады. Қазақтар арасында «жүрегі жарылғанша қуанды немесе қорықты, яки жүрегі жарылып өлді…» дегеннің мәні күтпеген және ойламаған жерден оқыс хабардың нервке тиіп, жүректі инфаркке ұшыратуы болып табылады.

Гипертония ауруы бар адам нерв жүйесін қажытпайтын зиянды жағдайлардан аулақ жүрмесе қан тасуы онан сайын күшейеді. Мұның өзі жүрек етіндегі жіңішке артерияларды кернейді, тіпті жарып та жібереді. Сөйтіп жүрегіне қан кетіп қайтыс болады. Көбінесе жүрек етін қоректендіретін қан тамырлардың жолы бірден тарылмайды. Сондықтан миокардтағы қан айалымы кем-кемнен бұзылады. Өйткені қан жолын тарылтатын атеросклероз процесі егде кісілерде баяу басталады. Мұнұң себебі жұмыс істеу қабілеті нашарлаған ұсақ тамырлардың орнын басатын және функциясын атақаратын қосымша тамырларды организм алды ала дайындайды. Жастарға қарағанда егде адамдардың инфарктысының қатты болмайтыны осыдан.

Кейде кенеттен қан қысымының артуы бірден инфактіге соқтырады. Бұл секілді қауіптен алдын ала сақтану үшін қан қасымын төмендетін дәрі немесе басқа да шаралар жасалуы керек болады. Миокардтың өзінде қоректік заттар алмасуының бұзылуынан да жүрек инфарктысы басталуы мүмкін. Бұл секілді жағдай, әсіресе бүйрек безінің әрекеті қозғанда, яғни оның күшті гормондары – адреналин, норадреналин және катехоламиндар нормадан артық өндірілгенде шығады. Өйткені қанға араласқа осы гормондар кенеттен қан қысымын арттырып, жүректі қоректіндіретін артерияларды құрасытырып, қанның жолын бөгейді. Өмірде кездесетін тұрмыстың неше алуан соқпағы, қайғы-қасірет, уайым т.б. ұзаққа созылған сайын адамның нерв жүйесін зақымдайды, психикасын бұзады. Мұндайдың түбі сау жүректі де инфаркқа шаптыруы ғажап емес. Әсіресе бұл гипертония және атеросклероз ауруларында өте қауіпті. Оны естен шығармау керек. Жүрегі ауыра берген адам қалай күтінуі керек ? Дәрігер практикасында жиын-той, мерекеде қонақта боп мөлшерсіз ішіп-жегеннен кейін  қан қысымы артып ауырған, тіпті кенеттен қаны «тасығаннан» кейін миокард инфарктысы басталған науқастар аз кездеспейді. Содықтан мөлшерден тыс ішіп-жеудің түбі жақсылыққа соқпайды.

Темекі секілді зиянды әдеттен қашқа жөн. Өйткені шылым уы – никотин қан тамырды құрастырып, қан айналымын бұзып жүректі ауыртады. Сондай-ақ адамның бойы мұздап тоңбағаны жөн, себебі суықтан қан тамыр құрысқыш келеді. Сондықтан жүрегі ауру адам жылдың маусымына, күн райына қарай киініп, күтінуі керек. Жүрек ауруына қарсы тиісті шара қолдану үшін алдымен инфарктың белгілерімен таныс болған жөн. Миокард инфарктында жүрек ине қадалғандай шыдатпай шаншып ауыртады. Мұндайда созылмалы жүрек ауруы бар адам әдеттегі ұстамасы деп басқа төнген қауіпке мән бермей, емдеу кезеңін өткізіп алатыны ғажап емес. Егер де жүректің ауырғаны тез тарамаса, бірнеше сағат, тіпті тәулікке созылса кейде одан да ұзап кетсе жүрек инфарктісі екенін шектенуге болмайды.

Миокард инфарктысы көбінесе түнде басталады. Инедей қадалған шаншу әуелі төс астынан басталып, кейін жүректі тұтас қамтиды. Егер аурудың белгілері инфаркке ұқсаса, шұғыл дәрігер шақыртылсын. Маман келіп жеткенше адамды қоғалтпай, төсекке жатқызып, итроглицерин берілсін. Жүрек тұсына грелка қойға жөн. Екі жауырын ортасына горчичник басуға да болады. Сол қолды шыдайтындай етіп, ыстық суға малса оның ауруын жеңілдетеді.

Кейде миокард инфарктысы ұстамасын жүрек қыспасымен шатастырады. Сөйтіп аурудың емдеу мерзімін өткізіп те алып жүргендер аз емес. Бұл секілді қауіпті қатерден аулақ болу үшін мына белгілерге сүйенген жөн. Миокард инфарктысы ұстамасы бірнеше сағатқа, тіпті тәулікке дейін созылуы ғажап емес, ал жүрек қыспасында қадала шаншып ауыратын жағдай көбінесе бірнеше минуттан кейін басылады. Миокард инфарктысы ауруында нитроглицерин, жүрек қысылады,

Жұмыс тәртібін белгілі бір режіммен құрған жөн. Айталық әрбір екі сағаттан кейін 10-15 минут, ал түстегі астан кейін 15 минуттай таза ауада серуендеу адамның көңілін көтереді, күшін арттырады. Жұмыс үстінде және тұрмыста кею, қайғыру, көбінесе жүрек қыспасына ұшырататын жағымсыз факторлар. Сондықтан жұмыста және семьяда жолдастық, ағайын-тумалық көңілді жағдай жасауға қам етілсін. Науқас адам өзін емдеп жүрген дәрігермен жиі кездесіп, ақылдасып тұратын болсын.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.