Өмірбек Арыстанұлы Жолдасбеков өмірбаяны

Главная » Рефераттар » Өмірбек Арыстанұлы Жолдасбеков өмірбаяны

joldasbekovӨмірбек Арыстанұлы Жолдасбеков 1931 жылы 1 наурызда Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент ауданының Қызылсу ауылында дүниеге келді. 1949 жылы Шымкенттегі № 7 мектепті алтын медальмен бітіреді де, В.М. Ломоносов атындағы Мәскеу университетінің механика-математика факультетіне оқуға түседі. Университетті 1954 жылы бітіргеннен кейін Шымкенттегі Қазақ технологиялық институтының математика және механика кафедрасының оқытушысы, механика факультетінің деканы қызметтерін атқарды. 1961 жылы ол Мәскеу тоқыма институтының аспирантурасын бітіреді де осы жоғары оқу орнында оқытушы болады. Келесі жылы «СТБ тоқыма станоктары торсионды соққы механизмінің кинематикасы мен динамикасы» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғайды. 1962-1964 жылдары Қазақ политехникалық институтының доценті, кафедра меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректоры болып қызмет істеді. 1972 жылы «Жазық рычагты механизмдер теориясы» тақырыбында докторлық диссертация қорғады. 1970-1986 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің ректоры болды. Осы жылдары Өмірбек Арыстанұлының тікелей қатысып басшылық етуімен университет қалашығы кешенінің ғимараттары салынды. Ол ҚазМУ-да машиналар механикасының ғылыми зерттеу лабораториясын ашып, студенттер мен оқытушылардың ғылыми ізденісінің нәтижелері негізінде макеттер мен үлгілер жасайтын тәжірибелік эксперименттік завод және робототехника бойынша республикалық оқыту-зерттеу орталығын ашты. Алматыда механизмдер жэне машиналар теориясы Бүкілодақтық семинарының қазақ филиалын ұйымдастырды. Тәжірибелі ұстаз, машина жасау мен құрал жасау негізі саналатын машиналар механизмдері теориясының республикамыздағы тұңғыш маманы, осы сала мамандарын даярлау ісіне зор үлес қосты. Өмірбек Арыстанұлының өзі және лабораториялар мен кафедралардағы шәкірттері жоғары класты механизмдердің сандық, аналитикалық теориясын жасады. Ғылыми зерттеулер нәтижесінде түрлі жылжымалы жүккөтергіш құрылғылар, жалқы немесе қос жұмысшы тетікті тура тасымалды жүктиегіштер, құрылыс-монтаж жұмыстарына арналған механикаландырылған баспалдақтар, қойма жұмыстарын атқаратын бесаспап жүктиегіштер, грейферлы механизмдер, электртасымалдау желісін орнатуға және түсіруге арналған манипуляторлар, адам аяғы мен қолының протез механизмдері, сырғыма тиек жүрісі реттелінетін престер мен қос әсерлі престер механизмдері, корғасын көбігін қалқитын манипуляторлар жасады. 1989 жылы КСРО министрлер советі машина жасау жөніндегі бюросының ғылыми-техникалық Кеңесінде қаралып, машина жасау комплексінің салаларында кеңінен қолдану ұсынылды. Тоқыма станоктары мен айнымалы құрылымды механизмдер динамикасын зерттеудің сандық тәсілдерін жасады. Айнымалы құрылымды механизмдер негізінде темір штамптау өндірісіне муфтасыз пресс-автоматтардың тәжірибелік үлгілері жасалынып, сынақтан өткесін өнеркәсіпте пайдалануға шығарылды. Роботтар мен манипуляторлар механикасы мен басқару процестерін, жұғымды сұйық құйылған роторлы жүйелер динамикасын зерттеудің сандық тәсілдерін жасады. Қуысына жұғымды сұйық кұйылған роторлы жүйелердің тербелісі мен орнықтылығы жайлы есептердің шешімін анықтау, тербеліс амплитудасын кеміту мақсатында роторлы жүйелердің тиімді параметрлерін тандау тәсілдерін табу, сыртқы магнит өрісі әсері, білік пен тірек серпімділіктерінің әсерін зерттеу нәтижелері тамақ өнеркәсібінің технологиялық машиналарында қолданылды. Академик Ө.А. Жолдасбеков — Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының бірінші президенті, Республикалық еңбек партиясының Құрметті төрағасы, Халықаралық академияның бірінші вице-президенті және академигі, Ислам мемлекеттері Инженерлік академиялары федерациясының вице-президенті, ¥лттық Ғылым академиясының, Қазақстан Республикасы Инженерлік академиясының академигі, АҚШ инженер-механиктер Қоғамының, Халықаралық экологиялық реконструкция академиясының толық мүшесі, Пәкістанның және бірқатар ТМД елдерінің Құрметті академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты және Қазақстан ғылымының еңбек сіңірген қайраткері, В.Г. Шухов (Мәскеу қ.) және Әл-Хорезми (Иран) халықаралық Алтын медальдарымен марапатталған. Алты мәрте еліміздің Жоғарғы кеңесінің депутаты болып сайланды, 1998 жылдан өмірінің соңына дейін — Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі Комитетінің төрағасы болып қызмет етті. Өмірбек Арыстанұлы қазақша теминологиясының тұңғыш құрастырушысы, механизмдер мен машиналар теориясы және теориялық механика пәндерінен қазақ тіліндегі алғашқы оқулықтардың, орысша-қазақша терминологиялық сөздіктердің авторы. 400-ден астам ғылыми еңбектің, 12 монография, 30 оқулық пен оку құралдарының авторы, 126 авторлық куәлік пен шетел патенттерінің иегері. Академик Ө. А. Жолдасбеков 25 ғылым докторын және 100-ден астам ғылым кандидаттарын дайындады. Ол ұйымдастырған ғылыми мектеп әлемдік ғылымда лайықты орын алып отыр.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.