Моңғолдардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы

Главная » Рефераттар » Моңғолдардың Қазақстан аумағына шапқыншылығы

kalka2Моңғол шапқыншылығы. Шыңғысхан 1206 жылы Онон өзені бойындағы киіз туырлықтылардың Ұлы құрылтайында өзін әлем билеушісі деп жариялады. Моңғол мемлекетін құрған кезденақ, жаулап алу саясатына көшті. Шыңғыс әскерлерінің найман мен меркіттерді, Орман жұрты мен Қытайдың бір бөлігін бағындыруы, Шығыс Түркістанның, Қарлұқтардың ханы мен Алмалықтың билеушісінің өз бетімен моңғолдар билігін мойындауына әкелді. Қарақытай мемлекетінің жойылуынан кейін, Шыңғысхан Орталық Азия даласының жалғыз билеушісіне айналды. Шыңғысхан мемлекеті Хорезм шахы мемлекеті шекара аймағына жақындады. Шыңғысхан мен Хорезм шахы Мұхаммедтің арасында соғыс себептері Шыңғысханның жаугершілік әскери стратегиялық саясаты мен тастай берік қатаң әскери-әкімшілік сипатында жатыр. Мүндай жүйе Түрік қағанаты кезінде өмірге келді. Шыңғысхан империясының халқы да ондық, жүздік, мыңдық, түмен (он мың) болып бөлінді. Мұның үстіне экономикалық мүдде, демек, Орталық Азияны басып өтетін керуендік сауда жолдарын өз бақылауында үстап отырудан түсетін олжаны да ескермеуге болмайды.

Бүкіл Орталық Азияны жаулап алу арқылы ол Иран, Ауғанстан, Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа елдеріне жол ашты. Шыңғысхан әскері Хорезм жорығына әскери жағынан да, дипломатиялық айлашарғылар жолымен де мүқият дайындалды. Алдымен Шыңғысхан Хорезмшахтың шеткі аймағы саналатын Отырар қаласына сауда керуенін жіберді. 1218 жылы моңғол керуені Отырар қаласында опат болады. Отырарды қыпшақтың үран тайпасы билеушісінің үлы Қайыр хан (Иналчук) билеп түрды. Осылайша, моңғол-қыпшақ қатынастары шиеленісті, Шыңғысхан әскерлері үлкен дайындықтардан кейін 1219 жылы ерте көктемде Алтай асып, Ертіс бойына келеді. Шыңғысхан Ертіске келген кезде мүндағы түркітілдес тайпалар (керейіт, жалайыр, қоңырат, найман) леклегімен оның қолына қосылды. Шыңғысхан қолы Ертіске аяқ тіреген кезден бастапақ, Қазақ даласы моңғолдардың Хорезм жорығының майданына айналды. Шыңғысхан Ертістің бойында түрып әртүрлі әскеристратегиялық қадамдар үйымдастырады, соғыс тактикасын жасайды. 1219 жылы тамыз айының соңында Ертістен қозғалған қалың қол Сырдарияға еш бөгетсіз келіп жетті. 1219 жылы қыркүйекте Шыңғысханның екі үлы Шағатай мен Үгедей қолдары Отырарды қоршауға алды.

Шыңғысханның негізгі күші Бұқараға бет алды. Бүл әрекет Самарқанд, Бұқара, Үргеніш жағынан Отырарға келетін жолды жауып тастады. Отырар осылайша моңғолдардың қоршауында қалды. Отырар қорғанысы 1219 жылы қыркүйектің орта кезеңінен 1220 жылы ақпан айының соңына дейін бес айға созылды. Қала билеушісі Қайырхан мен отырарлықтар қаһармандықпен, қасық қаны қалғанша ерлікпен шайқасты. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Сыр бойындағы қалаларды жаулап алу үшін аттанды. Отырардан кейін, Сығанақ халқы 7 күн, 7 түн қарсыласты. Сырдарияның бойымен Жошы әскері Өзкенд, Барқалықкент, Ашнасты бағындырып, Женд, Жаңакент қалаларына қарай аттанады. Осы жерден Ходжентті алу үшін соғысып жатқан моңғол күштеріне ңосылады. 1220 жылдың көктемінде Ходжент қаласын алумен Орталың Азияны жаулап алу жорығының бірінші кезеңі аяқталып, Шыңғысхан әскерлері екінші кезең Самарқанд жорығына кірісті.

.

811443252Бұқара, Самарқанд,Үргеніш қалаларының тұрғындары мен қаланы қорғаған әскер қажырлы қарсылық көрсетті. Рашид ад-Диннің хабарлауынша, Хорезм мемлекетінің аса бай бас қаласы Самарқандты жаудан қорғау үшін жиырма ұрыс пілі әкелінген екен. Жалпы қаланы 11 мың әскер жан-тәнімен қорғады. «Алынбайтын қамалды» бұзу үшін Шыңғысхан да барлық мүмкіндіктерін қолданып, қамал бұзатын қондырғылар, отты ысқырғыш жебелер, жарылғыш заттар қолданды. Осы жорық кезінде өзендерден өтетін ұзын саны 48 көпір салынған екен. Шыңғысханның үш ұлы Жошы, Үгедей, Шағатай бастаған 50 мың қол 6 ай бойы Үргеніш қаласын ала алмады. Әмударияның ағысын қалаға қарай бұру және барлық әскери-тактикалық амалдарды қолдану арқылы 1221 жылы 5 мамырда Үргеніш қаласы алынды. Жалпы моңғолдар қатты қарсылық көрсеткен қалаларды өртеп, қорғаушыларын, қашанда, адам айтқысыз қаталдықпен жазалап отырды. Он саусағынан өнері тамған шеберлер моңғол астанасына айдап әкетілді. Хорезм жорығы кезінде мұсылмандар саны жағынан артық болғанымен, ұйымшылдықпен табанды қарсылық көрсете алмады. Тек отырарлық Қайыр хан, Жалел ад-Дин (Хорезм билеушісі Мұхаммед шахтың ұлы), ходженттік Темір Мәлік сияқты жекеленген адамдар ғана жанқиярлық ерліктерімен көзге түсті. Мұхаммед шахтың ізіне түскен Жебе, Сүбедей әскерлерін ертіп Жошы да Аралдың солтүстік шығысындағы Қыпшақ далаларына келеді. Бұл күштер Әзірбайжан жерлері арқылы 1220 жылы Кавказға басакөктеп кіріп, аландар мен қыпшақтарды (орыс жылнамаларында половецтер) талқандайды. Хорезм билеушісі Мұхаммедтің ізіне түсіп көзін жоюды желеу етіп, бүкіл Батыс Дешті Қыпшақ жерлерін бағындырады. Қыпшақ елі тұтқиылдан көктен түскендей пайда болған моңголдардың шапқыншылығынан ауыр қырғынға тап болды. Қыпшақтардың бір тобы туған жерін тастап, бассауғалап жан-жаққа тарыдай шашылды. Қалған бөлігі Русь мемлекетімен бас қосып атақты Калка ұрысына орыстар жағында моңғолдармен шайқасты. Калкадағы жеңістен соң, моңғол әскері Шығыс Дешті Қыпшақ (қазіргі Қазақстан даласы) арқылы Ертістегі Шыңғысхан ордасына 1224 жылы оралды. Нәтижесінде қаңлы-қыпшақ жері Жошы ұлысының қарамағына қарады. Бұл болашақтағы Батысқа жорықтың бастамасы, барлау дайындығы болатын. Мұсылман жылнамашы Жувейнидің айтуынша, ұшы-қиыры жоқ Қыпшақ даласының табиғаты Жошыға бірден ұнаған. Осылайша, 1219—1224 жылдары моңғол шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына қосылды. Дегенмен бұл жердегі қыпшақтармен қақтығыстар кейін де орын алған. Мысалы, араб жазушысы Ибн Васылдың көрсетуінше, «1229—1230 жылдары Батыс Қазақстан аумағында моңғолдар мен қыпшақтар арасында соғыс өрті лаулаған». Әсіресе 1237 жылы қыпшақтар көп қарсыласты. Моңғолдардың қысымына төтеп бере алмағандары Шығыс Еуропаға қашты. Қыпшақтардың бір бөлігі Венгрия корольдығына қызмет етеді. Моңғолдарға тұтқынға түскен қыпшақтар құлдыққа сатылды. Ондай құлдар Египет пен Дели сұлтанатында көп болды. Түркітектес құлдардан құралған Египеттегі мамлюктер гвардиясы, негізінен, қыпшақтардан тұрды. XIII—XIV ғасырларда моңғолдардан қашқан әлем мұсылмандарының бассауғалайтын жері Египет болды. Кейіннен олар араб-мұсылман өркениетін Шығыстағы моңғолдардан, Батыстағы еуропалық крест жорығы шапқыншылығынан сақтап қалды. Қазақстандағы түркі тайпаларының өкілдері —қыпшақтар, қаңлылар, қарлұқтар, наймандар, керейттер моңғолдардың жаулап алу жорықтарына қатысты.

Этникалық өзгерістер. XIII ғасырда Шыңғысхан империясының құрылуы, оның біртіндеп Орта Азия жерлерін жаулап алуы жөнінде екі түрлі көзқарас қалыптасқан. Оның біреуі, бұл жаулаушылық Орта Азия халықтарының құрамына, олардың этникалың мәдениетіне үлкен өзгеріс әкелді, ұзақ мерзімдік күйзеліс тудырды дейді. Екінші бір көзқарас бойынша, моңғол шапқыншылығы Орта Азия халықтарының этникалық құрылымы мен аумағына көп өзгеріс әкелген жоқ. Біздің пайымдауымызша, кеңестік ресми тарихнама моңғолдар экспансиясының Орта Азия халықтарының этникалың құрамына мәдениетінің дамуына кері әсерін асыра бағалаған. Әрине, бұл — жаулаушылықтың белгілі бір жаманшылығы, күйзелісі болды. Оны мүлде жоққа шығаруға болмайды. Сонымен қатар бұл жаулаушылың халықтар дамуындағы этникалық үрдістерді ондаған, жүздеген жылға шегерді деген қорытынды жасау да қате болар еді.

Қазақстан жеріне басып кірген Шыңғысхан әскерінің құрамында болған моңғолдардың саны туралы нақты мәлімет жоң. Шыңғысхан жорығына, оған сол кезде бағынышты болған ұйғырлардың, қарлұқтардың, т.б. жекелеген түркі тайпаларының әскерін қосқанда, Орталың Азияға басып кірген әскердің жалпы саны 150 мыңдай адам болған. Жаулап алу барысында бүл әскер моңғолдардың және Оңтүстік Сібірдің, Алтайдың, Батыс Моңғолияның түркітілдес тайпаларының есебінен толығып отырды. Алтайдың шығысы мен жоғарғы Ертіс өңірінен ауған барлас, төлеңгіт, барын, т. б. түркі тайпалары Жетісуға қоныстанды. Жаулап алу барысында моңғол жауынгерлерінің, моңғол әскері құрамындағы түркітілдес жауынгерлердің бір бөлігі жергілікті жерлерді басқару, күзет қызметі үшін қалдырылып отырды. Бірақ олар жергілікті халықтан қыз алып, бірте-бірте тұрғылықты елмен сіңісіп кетті. Моңғолдардың Батысқа жорығы, ең алдымен, Қазақстан жерінен басталды. Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы бүкіл әлемде бұдан жақсы жер, бұл ауадан таза ауа, бұл судан тәтті су, бұл көкмайса мен жайылымдардан кең жайылым жоқ деп білді. 1236 жылы Шыңғысханның немересі Бату ханның бастауымен Шығыс Еуропаға аттанған моңғол әскерінің құрамында көшпелі қыпшақтар мен басқа да түркі тайпаларының өкілдері едәуір көп болды. Осы жорықтың нәтижесінде 1243 жылы Алтын Орда құрылды. Моңғол әскері Жайықтан әрі өткен кезде оның қатарына оңтүстік орыс жерін мекендеген половецтер мен саксиндер де қосылған еді. Моңғол шапқыншылығы әсіресе Жетісудың, Шығыс Қазақстанның этникалық құрылымына көбірек әсер етті. Моңғолдардың жаулап алуы кезеңінде Сыр өңіріндегі қала, дала халңының саны күрт азайып кетті. Әсіресе Отырар, Сығанақ және Ашнас ңалаларының халқы моңғолдарға қарсы шықңаны үшін көбірек қырылған. Моңғол шапңыншылығы бүл өңірде бүрын ңалыптасып қалған шаруашылықэкономикалық, мәдениэтникалық дамуға біршама тежеу болды. Сонымен қатар моңғол шапқыншылығы Қазақстан жерінің этникалың қүрылымына, аз да болса, өзгеріс әкелген саяси фактор болды. Бір жағынан, Қазақстан жеріне сырттан келген моңғол, түркі тектес тайпалар ңоныстанса, екінші жағынан, жергілікті халыңтың біраз бөлігі Шыңғыс үрпаңтарының жорықтарына тартылып, елімізден тыс аймақтарға ауды. Моңғолдардың келуімен тайпалардың басңару жүйесінде, шаруашылықта, түрмыстіршілігінде, салтсанасында белгілі бір өзгерістер болды. Әсіресе оңтүстік, оңтүстікшығыс өңірлердегі қалыптасып қалған қала мәдениеті, егіншілік біраз күйзеліске ұшырады, кей жерлерде мүлде құрып, қайта бұрынғы қалпына келе алмай қалды.

.

Дегенмен де ңалыптасып келе жатқан халықтың мәдениеті мүлде тоңыраған жоқ. Жаулаушылар көбіне жергілікті халықтардың тілін, әдет-ғүрпын, дінін қабылдады. Бұл жөнінде XIV ғасырда өмір сүрген араб географы әл-Омари өте бейнелі жазған: «Ертеде бұл мемлекет (Алтын Орда — Ә.Т.) қыпшақтардың елі болған, біраң өздерін татарлар жаулап алған кезде қыпшақтар солардың бодандарына айналған. Сонан соң бұлар олармен араласып, туыстасып кеткен де, қыпшақтардың табиғи және нәсілдік қасиеттері үстем болып шығып, олардың бәрі нақ қыпшақтар сияқты болып кеткен…»

XIVXV ғасырлардағы этникалық даму. Алтын Орданың шығыс бөлігінің басым көпшілігін қыпшақтар, қаңлылар, керейлер, үйсіндер, кенегестер, арғындар, т.б. тайпалар құрады. Алтын Орда мемлекетінің аясында біріккен түрлі тайпалармен ңалыптасып келе жатқан халықтар арасында өзарашаруашылық, мәдени араласқүраластық күшейді. Қандас туыстың байланыстармен қатар аумақтық — көршітуыстың байланыстардың жиілеуі ңазаңтың жекежеке тайпаларының халық болып қалыптасуын тездетті. Моңғолдардың езгісі, үстемдігі жағдайы түркі тілдес, туыстас тайпалардың жаулаушыларға қарсы ортақ қарсылығын, олардың өз арасындағы ынтымағын күшейтті, ендігі жерде өзара бірігу қажеттігін сезіндірді. Бүл, бір жағынан, жалпы түркілік этникалық сезім мен сананың оянуына түрткі болды. XIV—XV ғасырларда Қазақстан жері мен көршілес аймақтарда Ақ Орда, Моғолстан, Әбілңайыр хандығы, Ноғай Ордасы мемлекеттері өмір сүрді. Аталған мемлекеттердің түрғындары цазац, өзбек, моголдар, ногайлар деп аталған. Бүл атаулардың сол кезде этникалың та, саяси да мәні болды. Әдетте, халықтың атауын этноним десек, ал мемлекеттің атымен аталатын атауды политоним дейміз. Сонымен бүл атаулардың «ңазақ», «өзбек» дегендері этноним болса, ал «моғолдар, ноғайлар» деген үғым «моғол мемлекетінің халқы», «ноғай ордасына қарайтын халық» дегенді білдіреді, яғни этносаяси үғым. Тарихиэтнологиялық әдебиетте белгілі бір тарихиэтнографиялық аймақта құрылған мемлекет түрғындарын этносаяси цауымдастыц деп атайды. XIV—XV ғасырларда Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы, Моғолстан сияқты бірнеше мемлекеттердің ңүрамында болған қазақ тайпаларының халық болып топтасуы баяулап қалды. Бүл әсіресе Моғолстанда баяу жүрді. Өйткені Моғолстан мемлекетінің этникалық қүрамы, тіптен алаңұла болды. Оған қазаңтың үйсін тайпасымен бірге қырғыздар, кейде Шығыс Түркістанның ұйғыр тайпалары да кірді. Моғолстан мемлекеті шағатай ұрпағы мемлекетінің ыдауы кезінде пайда болған болатын. Моғолстанда «моғолдар» деген сөз жинаңтаушы этникалықсаяси термин қызметін атқарды. Оған дуғлат (дулат), керейіт (керей), қаңлы, ңарлүң, барлас, шорос, жалайыр, т.б. енген. Бұл рулардың негізгі бөлігі кейін Үлы жүздің қүрамына енді. Ақ Орда мемлекетінің қүрамына Қыпшақ одагындағы өте жақын туыстас тайпалар кірді. Сондықтан да Ақ Орда мемлекетінің аясында этникалық, этно-мәдени, тілдік қатынастары әлдеқайда жылдам дамыды. Қазақстан жерін ерте дәуірде және орта ғасырларда мекендеген тайпалардың ішіндегі ең тұрақтысы қыпшақтар болды. Олар XI—XIII  ғасырларда Қыпшақ мемлекеттік бірлестігін құрды. Алтын Орда мемлекетінің құрамында да қыпшақтар негізгі этникалық топ болды. XIV ғасырда Орда Ежен мен Шайбан ұлыстарын біріктірген Аң Орда мемлекетінің негізгі халқын тағы да қыпшақтар құрады. Көшпелі өзбектер мемлекеті деп аталатын Әбілқайыр хандығы құрамында да қыпшақтар болды. Кейін, ңазаң халңы қалыптасып болған кезде де, оның құрамындағы үлкен тайпаның бірін қыпшақтар құрады.

.

Қыпшақтар — қазақ даласында ерте заманда да, орта ғасырларда да үлкен саяси және этникалық біріктіруші рөл атқарған тайпа. Сондықтан шығыс авторларының жазбаларында қазақ жері ылғи да Қыпшақ даласы (Дешті Қыпшақ) деп аталады. Батудың әскери құрамасына қыпшақтармен қатар арғындар, наймандар, оғыздар, бұрақтар, ойраттар, қарлүқтар, қосшылар, үйсіндер, қоңыраттар, керейлер және барластар кірген. XI ғасырдан бастап ежелгі қазақ жерінде қыпшақ тайпасы үлкен әскери, саяси ықпалға ие болғанын байқауға болады. Яғни, бүл кезеңде қыпшақтар қазақ тайпаларын этникалық жағынан біріктіруші қызмет атқарған. Қыпшақ этносаяси қауымдастығына кірген тайпалар бірлестігінің бірнеше ғасырлың тұрақтылығын байқаймыз. Әрине, сыртқы жаулаушылықтар салдарынан, әр кез әртүрлі мемлекеттердің құрамына бытырап, бөлініп кіру салдарынан олардың өзара этникалың, мәдени, шаруашылық байланыстары әлсіреп, үзіліп те отырды. Бірақ бұл сыртқы факторлар қазақ халқының үздіксіз тұрақты түрде қалыптасуын баяулатқанымен, тоқтата алмады. XIV ғасырдың 50—60жылдары Ақ Орданы, яғни Шығыс Дешті Қыпшақты мекендеген тайпаларды қыпшақ деп атамай, көбінесе өзбек деп атайды. XIV—XV ғасырлардағы Шығыс Дешті Қыпшақтың жұртына қатысты «өзбек» атауы елдің аты емес, яғни этноним емес, мемлекеттің құрамына енген жергілікті түркі және сіңісіп кеткен моңғол тайпаларының ортақ саяси атауы деп түсінген дұрыс. Көшпелі өзбектерге үш үлкен тайпа (халық) кіреді: 1) шайбандықтар, яғни Мұхаммед Шайбаниға бағынған шығысқыпшақ тайпалары; 2) Еділден Сырдарияға дейін көшіп жүрген қазақтар; 3) маңғыттар — Ноғай Ордасының халқы. Алтын Орда әртекті этникалық қауымдарды жаулап алу жолымен біріктірілген болатын. Жошы ұлысында (Алтын Орда, Ақ Орда) моңғолдар өте аз болды.