Моңғолия қазақтары тарихынан

Home » Рефераттар » Моңғолия қазақтары тарихынан
Рефераттар Комментариев нет

Моңғолиядағы қазақтар туралы шет елдік Ғалымдар жазған ғылыми әдебиеттер

mongolykazak

Моңғолия қазақтары тарихынан

1.1. Линда Бенсон (Linda Benson), Ингвар Сванверг (Jngvar Svanberg) “Қазақ атауы туралы анықтама”, “Қазақ халқының тарихы”, “Қазақтардың орналасу жайы”. Қытай қазақтары: Саны аз ұлт өкілдері туралы мақалалар (Kazaks of China essavs an etnic minority) Авторлардың бірі Швециялық философшы, тарихшы Линда Бенсон ҚХР, Шыңжан өңіріндегі ұлт топтарын зерттеген ғалым. Ол “Іле көтерілісі”, “Қазақтар үшін аты аңызға айналған Оспан батыр” атты еңбектердің авторы. Мұнда Моңғолия қазақтарына қатысты да деректер бар. Ингвар Сванберг (Ingvar Svanberg) Шведтің тарихшы, этнограф ғалымы. Туркия, Алемания, Швеция, Тайван және Шыңжандағы қазақтардың тарихы, олардың салт санасы, әдет ғұрпын зерттеген. Автордың “Шыңжандағы орта жүз қазақтарының көшпенді өмір салты: 1911-1949 ж.ж” атты еңбегі жарық көрді. Еңбекте Моңғолиядағы қазақтар туралы мәліметтер бар. Сондықтан біз осы еңбектен үзінді келтіруді жөн көрдік. үзінді 2005 жылы Алматыда “Санат” баспасынан жарық көрген “История Казахстана в западных источниках ХІІ-ХХ в.в.” еңбектің ІІІ томынан алынып қазақ тіліне аударылды. “Қазақ” атауы (synonymia) туралы анықтама (1) Тіптен де жуық уақыт, біздің ғасырымыздың (ХХ ғ.) басына дейін қазақтарды қырғыз, қырғыз- қазақ, қырғыз-қайсақ, казак-киргиз деп түрлі-түрлі атап келді. Оның себебі (орыстар авт.) қазақтарды орталық азия халықтарының бірі тұрғысынан емес, оларды тек Орыс патшасына қызмет еткен казактардан ажырату үшін осылай атап жібергендігінде жатса керек. Біз бүгіндер Қырғыздар (Qirgiz) деп атап жүрген жұрт Қара қырғыз немесе Тау қырғыздары деп аталады.(2) Жергілікті халықтың төл атауы кеңестік ресми саясатта мойындалуына байланысты 1926-жылы КСРО-да “Қазақ” деген ресми атау алғаш еңгізілді. Сөйтіп осы бір көшпенді халықты нақты танып білудің басты тетігі ретінде “қазақ” атауы халықаралық танымға ие болды. Қазақтар өздерін “қазақ” (Qazaq) деп атайтындығынан болар қытай тіліндегі әдебиеттерде қазақтарды “Хасаки” деп атайды. Біз орыс арасында “қазақ”деп әдейі танылған осы ат-атауды қолдануды жөн көрдік.

Қазақ халқының тарихы туралы шет елдік Ғалымдардың жазғаны

ХІІІ ғ. Орта кезінде Шыңғыс ханның тұңғышы Жошының ұлы Баты Орталық азиядағы Түркі тайпаларынан құралған тайпа бірлестігін құрды. Бұл бірлестік “Ақ орда” деп аталды. Ақ орданың ханы Барақ 1428 жылы өзінің қарсыласы Әбілқайырдың қастандық әрекет салдарынан өлтірілді. Нәтижесінде Барақтың екі ұлы (3) Жәнібек пен Керей 1450-жылдары 200 мың адамымен бұл аумақтан кете тұруға мәжбүр болды. Бұл топ Орталық азияның билігін басып алған Әбілқайырдан құтылып Ыстық көл мен Қашғар аралығындағы Моғолстанның батысына қоныс іздеп келіп Моғолстан ханы Есен-Бұғаның рұхсатымен Шу бойына қоныс тебеді. Осы көшпенділер мұнда Қазақ хандығы деп аталатын мемлекеттің шаңырағын көтерді. Қазақтар Қасым ханның қол астында (ол 1495 жылы туып Қазақ хандығын 1511-1523 жылға дейін билеген адам) (4) бас қосты. Шежіре бойынша ол Жәнібек ханның ұлы. Осынау көшпенді халықтардың бірлестігі негізінде қазақ халқы қалыптасты. Сөйтіп қазақ ат-атауы 1520-1530 жылдары дала тайпаларының арасына таныла бастады. (5) ХVІ ғ. қазақтар орталық азия даласында өз аумағын кеңейте түсті. Қасым ханның кезінде олар бір халық еді, оның мұрагері Таћир ханның тұсында көп ұзамай қайтадан тайпа бірлестіктеріне бөлініп кетті.(6) ХVІІ ғ. басында Қазақ мемлекеті ұлы орда, орталық орда, кіші орда делінетін үлкен үш конфедерацияға бөлінді. (7) Мұндай бөліс кәзірге дейін жалғасуда. Жоңғар-Моңғол империясыныың ХүІІІ ғ. орталық азияға жасаған шабуылы кезінде қазақтың кейбір тайпалары орыстарды паналады. Олардың алғашқысы болып Кіші жүздің ханы Әбілқайыр 1731 жылы Орысқа бет бұрды, 1740 жылы Орта жүз ханы, 1742 жылы ¦лы жүздің бөлімдері сол жолды таңдады.(8) 1756 жылы Чин армиясы Жоңғарларды талқандап бытыратып жіберуі нәтижесінде қазақтың негізгі жауы бас көтеруден қалды.(9) Нәтижесінде қазақтың орта жүз, ұлы жүз бөлімдері бұрын жоңғарлардың иелігінде болған аумақтарға қарай жылжыды. Ал қазақтың ұлы жүзі Чин империясына төлем төлейтін болды, орта жүз де осы жолды таңдады. Мұнда аз да болса әсері болғанымен орыстар дала халықтарының ішкі ісіне араласпады (10). Сөйтіп қазақтар орыс пен Қытай арасын жалғайтын келісім (buffer) аймағына айналды. Халқын хандары өздері басқарды. ХүІІІ ғ. басында кіші жүз екіге жарылып 5 мың отбасын құрайтын бір бөлімі Бөкей ханның басшылығында кейін Астрахан (бұрынғы Қажы тархан. авт.) губерниясының билігінде қалып қойған аумаққа қоныс аударды. Бұл бөлім кейін Бөкей ордасы деп аталды (11). І Александр патшаның тұсында қазақ көшпенділеріне қатысты жаңа саясат жүргізіле бастады. Орта жүзді Бөкей және Уәли хандар басқарды. Бөкей хан 1815, Уәли хан 1819 жылы қайтыс болғанын сылтауратып патша жарлығымен хандық жүйені жойып Орта жүзде 1822 жылы жаңа әкімшілік басқарудың жаңа жүйесін еңгізді. Орта жүздің территориясы бірнеше әкімшілікке бөлінді, ал құқықтық нормалардың орындалуын орыстың әскери соты қадағалайтын болды, құлдыққа шек қойылды. 1824 жылы кіші жүзде хандық жүйе жойылып, орысқа бағынышты аймақ ретінде реформа жасалды. Патша саясатындағы мұндай өзгерістер қазақтардың қарсылығына ұшырады. Бірақ орыстар көшпенділер үшін қалайда өзінің отаршылдық саясатын жүргізе берді. Салықтың жаңа түрі іске қосылды, 1830-жылдардан бастап қазақтар үшін диханшылықпен айналысуға тиым салынды. 1847 жылы ¦лы жүз тәуелсіздігінен айрылды (12). Осыдан кейінгі уақытта орыстың қысымы күшейе түсуінің салдарынан қазақтың бір бөлімі Чин империясы билігіндегі Қытайға қарай ауып, Түркістанның солтүстік өңіріндегі таулы өлкелерге қоныс тепті. 1864 жылы Тарбағатай протоколы бойынша Қытай мен Ресей шекара сызығы біржола айқындалуы нәтижесінде көптеген қазақ ауылдары Чин империясының қарамағында қалып қойды.

Кәзіргі Моңғолиядағы қазақтардың орналасу жайы

Кәзірде қазақтар Кеңестер одағы, ҚХР, МХР-да өмір сүріп отыр. Қазақтардың барлық саны 8 млн. шамасында (Еңбек 1940-50 ж.ж. жазылғанын ескеру керек. Қ.З.) Көпшілігі Кеңестер одағында тұрады. 1926- жылғы сан тізім бойынша олардың саны 3 млн. 968 мың 289 адам болған екен. 1959 жылы қазақтардың саны 3621610 адам, 1970-жылы 5298818 адам, 1979-жылы 6556442 адамды құраған көрінеді. 1926-1959 жылдар аралығында қазақтардың санының азаю себебі көп адамның аштықтан қырылуы және 1920 жылдары жүргізілген күшпен коллективтендіру саясатының салдарынан көп адам Қытай және Ауғанстанға ауып кетуімен түсіндіруге болады. Кеңестер одағындағы қазақтардың ауқымды бөлегі Қазақстанда тұрады. 1979 жылғы сан тізім бойынша ондағы қазақтардың саны 5289349 адамды құрайды. Ал қазақстанда тұратын жалпы халықтың саны 14684283, қазақтар олардың 36%- ын құрайды. Мұндағы этникалық басқадай топтарға келсек орыстар 40%, немцтер 6%, украйндықтар 6%, қалғандары татар, ұйғыр, өзбек, кәрістер. ¤збекстанда да қазақтар тұрады. Ондағы қазақтың саны 1979 жылғы есеп бойынша 620136 адам. Туркменде 79539, Ресей федерациясында –518060 қазақ тұрады екекн. Қырғызстан, Тәжікстан қатарлы басқадай республикаларда да қазақтар тұрып жатыр. Ал Моңғолиядағы қазақтар туралы мәлімет тым аз. Ондағы қазақтардың саны жайлы нақты деректер жоқ. Кеңестік кейбір мәліметтерге қарағанда 1963 жылғы сан тізім бойынша Моңғолияда 43 мың қазақ тұрады делінген. 1976 жылы басылған қазақ энциклопедиясында қазақтардың санын 70 мың деп көрсетіпті. Ал мұсылман халықтары жайлы Америкадан алынған деректер бойынша Моңғолияда 1978 жылғы сан тізім бойынша 71 мың қазақ бар деп көрсеткен. 1980 жылдары алынған сан тізім бойынша ондағы қазақтардың саны 100-150 мың деңгейінде деп көрсетіледі, бірақ нақты тізім әлі де жоқ. Моңғолиядағы қазақтардың көпшілігі Баян-өлгий аймағында тұрады. Және бір бөлімі Қобда аймағында тұрады екен. Қазақтардан ауызша 1980-жылы алынған мәлімет бойынша Уланбатор қаласында жүздеген қазақ отбасы тұрып жатыр(14). 1920-жылдары орталық азияда Кеңестер одағы жүргізген коллективтендіру саясаты салдарынан мыңдаған қазақ солтүстік Ауғанстанға өтіп барып ондағы қала кедейлерінің қатарына қосылған. Кәзір олардың негізгі тобы Ханабадта, ал аздаған бөлімі Андхойда (Andkhui) тұрып жатыр. Кейбір деректер бойынша Герат маңы және солтүстік-батыс Ауғанстанның кейбір жерінде қазақтар тұрады. Олардың көпшілігі кіші-гірім қол өндіріспен айналысып, жүн-жұрқа сатып, заңсыз саудамен (контрабанды) айналысып, қайыр, зекет сұрап күн көреді. Олардың саны жайлы дерек тым сенімсіздеу. Бір кеңестік автордың жазғанына сенсек 1962 жылғы сан тізім бойынша Ауғанстанда 3 мың қазақ тұратын көрінеді. Ал америкалық дерек көзі бойынша олардың саны 1978 жылы 20 мыңға жеткен. 1970- жылдардан бастап ондағы қазақтар Туркия және басқа елдерге үздіксіз қоныс аудара бастаған. 1978-жылы Ауғанстанға Кеңес армиясы кіргеннен кейін көшіп кетушілердің саны өсіп ондағы қазақтардың саны азайып кетсе керек. 1950-жылдардан бастап Туркияда бірнеше мың қазақ тұрып келеді. Олар 1940 және 1950- жылдардың басында Шыңжаннан босып Пакистан, Кашмирге келгендер. 1952-жылы оларды Туркияға шақырып әкеліп Анадолыдағы босқындар лагеріне орналастырады. Кәзіргі Туркияда болып жатқан қоғамдық, экономикалық өзгерістерге байланысты 1960-1970 жылдары қазақтардың көпшілігі үлкен қалаларға қоныстанды. Бүгінгі күні оларды Стамбул, Анкара, Измир, Аданның халық көп тұратын аудандарынан кездестіруге болады. Ал олардың бір бөлегі әлі де алғаш келген Салихли, Исмил қия, Алтай қия, Султанхани, Анадолыда тұрып жатыр. Туркиядағы қазақтар көбінесе тері өңдеумен айналысады және пластмасс жасайтын өндірістерде жұмыс істейді. Бірнеше отбасы егістікпен айналысады. 1960-жылдардан бастап кейбір қазақтар Туркиядан өндіріс өркендеген батыс елдеріне қоныс аударды. Олар басында қара жұмыс іздеп барды, кәзір олар кіші-гірім тобымен европаның көптеген елдерінде тұрып жатыр. Олардың көпшілігі Батыс германия, Франция және Швецияда тұрады. Австрия, Голландия, Бельгия, Норвегияда да қазақтар бар. 1970-жылдары біре-жарым қазақтар Туркиядан Араб түбегі елдеріне қоныс аударды. 1963-жылы 60 қазақ отбасы Туркиядан Америкаға қоныс аударуға ниет білдіргенімен олардың бұл мақсаты орындалмады. Тек бірер адамға ғана АҚШ-қа өтуге рұхсат берілді, кәзір олар Нью- иорк маңындағы Буклинде тұрады. Біздің алған мәліметтеріміз бойынша жуықта қазақтардың Туркиядан Америкаға бет алған көші басталып кетті деседі. Сол сияқты Иран, Пакистан,Тайванда тұратын қазақтар да бар. “Моңғолия қазақтары” кітабынан.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.