Мысыр құдайлары

Главная » Рефераттар » Мысыр құдайлары

Мысыр Құдайлары Күндіз Ра аспан өзені бойымен жерге жарық түсіріп, күндізгі қайығы Манджетпен жүзіп жүреді, кешке жанындағы нөкерлерімен бірге түнгі қайығы Месектетке отырып, жер асты элеміндегі өзенмен жүзеді. Мэңгі түнек кеңістігіндегі түнгі саяхатында Ра басқа құдайлармен бірге он екі тозақ аймағынан өтеді, түнек әзәзілдерімен сайысады. Раның қатерлі жауларының бірі, жер асты элемінің эміршісі алып жылан Апоп оның жолына тосқауыл қою, жазым ету үшін өзен суын жұтып қояды. Жыланмен соғыста Ра мен оның нокерлері жеңіске жетіп, Апоп суды қайта қалпына келтіруге (құсуга) мэжбүр болады. Ра, таңертең жерге жарық түсіру үшін жолын жалғастырады.Мысыр аңыздары ішінде күнді құс ретінде бейнелейтіндері де бар. Мысалы, аңыз бойынша, мұхиттан көтеріліп төбе көрінеді. Ондағы жер мен ылғалдың қосындысынан жұмыртқа пайда болып, соны жарып құс — күн шығады. Келесі аңызда қүдайлық қасиеті бар Гоготун қаз төбеге үя салып, кейін күн қүдайы шығатын жүмыртқаны туады. Бүлармен қатар, күнді кешкісін жұтып қоятын, нэтижесінде түн келетін, ал келесі таңда оны қайта шығаратын аспан құдай эйелі туралы да аңыз айтылады.
Ежелгі Мысырда егін, мал шаруашылығының пайда болуы, күнделікті тұрмыста ірі қара малдың қолданылуына орай, күн қүдайы туралы аңыздарға өзгерістер енеді. Елдің белгілі бір аймақтарында аспан элемі үлкен сиыр түрінде сипатталады. Аңызда осы сиырды Шу құдай өз қолымен демеп, оның арқасына Ра отырады. Аспан сиыры өмірге экелген алтын бұзау күн түрінде көрінеді. Ра ежелден қалыптасқан аңыздық белгілерді сақтап, басы құс, денесі адам ретінде бейнеленді.
Ежелгі тұрғындар Күн қүдайы Ра жэне онымен байланысты құбылыстарға қызығушылық білдіреді. Сондықтан Ніл өңірінде өмір сүрген түрлі аймақ тұрғындарының бэрі Күнге табынып, Күн қүдайы туралы аңыздардың көбеюіне эсерін тигізеді. Ніл аңғарындағы халық бірігіп, бір орталыққа бағынған мемлекет құрылғаннан кейін, Ра, Амон жэне Осирис барша халыққа ортақ құдайлар ретінде мойындалады. Өзіндік шығу тарихтары бар бүл құдайлар табиғат қүбылыстарын, элемнің пайда болуын түсіндіруге қызмет етеді. Егер аңыздық деректерге сүйенер болсақ, онда хаостан шыққан Ра басқа қүдайларды жаратады, өз эйелі мен балаларының көмегімен хаостан жарық пен ғаламдық денелерді бөледі. Ғаламды жарату кезінде оған аспанды жерден ажыратқан баласы, жел құдайы Шу ерекше көмек көрсетеді.
Ежелгі грек авторларының мэліметтері бойынша, қүдайлар ішіндегі ең танымалы — Осирис. Аңызда ол жер қүдайы Себтің (қайсыбір мэліметтерде Кеб немесе Геб) аспан эйел қүдайы Нутпен байланысынан дүниеге келеді. Күн құдайы Ра эйелі Нуттың зинақорлыққа барғанын біліп, ашумен оның ешбір айда сэбиін босана алмайтынын мэлімдейді. Бірақ, эйел қүдайдың жанашыры Тот құдай аймен дойбы ойнап, эрбір күннің жетпіс екіден бір бөлігін ұтып алады. Оларды қосқанда шыққан толық бес күнді Мысырдың үш жүз алпыс күннен түратын жыл күнтізбесіне тіркейді. Мысырлықтар ай күнтізбесін күн күнтізбесіне сэйкестендіру үшін, жылдың соңында қосылатын күндердің пайда болуын осылай түсіндіреді. Жылдың он екі айына қосымша болатын осы бес күн ішінде, күн қүдайы қарғысының эсерінің болмайтынын аңыз жеткізеді. Осы күндердің бірінде Осирис дүниеге келеді.
Ежелгі Мысырдың Абидос қаласы орнына қазба жүмыстары жүргізілгенде, жер қүдайы Себ пен аспан сиыры Нуттың баласы Осирис қүдайға арналган ірі діни орталық, Мысырдың алғашқы билеушілерінің қабірлері орналасқан ғибадатхана табылды.
Осиристің дүниеге келу сэтінде Фива ғибадатханасынан үлы билеушінің, қүдіретті иенің дүниеге келгенін жариялаған дауыс естіледі. Абзал мемлекет басшысы ретінде ол елін адам етін жеген жабайылық жағдайынан қүтқарып, заңға бағындырып, қүдайларды қүрметтеуді үйретеді.
Осириске қатысты тағы бір аңыз түрі егін шаруашылығының кёң таралуынан мэлімет береді. «Өлілер кітабында» — дэн, ал «Пирамида мэтіндерінде» жүзім шоғы аталатын Осирис — табиғи өндіргіш күш, өлетін жэне қайта тірілетін осімдіктер қүдайы. Сондықтан егіннің егілуі г дәннің (Осиристің) жерленуі, коктеп жер бетіне шығуы — қайта тірілуі, піскен соң дэннің жинап алынуы — қүдайдың олтірілуі ретінде тусіндіріледі. Егіншілікке бай-ланысты жүргізілетін жү_мыстар Осиристің өлімі мен қайта тірілуі ретінде мысырлықтар санасынан кең көрініс табады. Осыған орай, өлген пергауындар магиялық жерлеу рэсімі арқылы Осиристің тірілгені тэрізді қайта өмірге ке-луге қүштарлық танытады.
Ортаңғы патшалық дэуірінен бастап Осириске тек перғауындар ғана емес, эрбір танымал, қара-пайым ортадан шыққан байлар да теңестіріледі. Қабір мэтіндерінде өлген адам атынан бүрын міндетті түрде «Осирис» есімі жазылады. Егер эрбір мысырлықтың жерленуі кезінде жасалуы керек болатып рэсімдер толық сақталса, о дүниеде мэңгілік өмір сүреді деген сенім қалыптасады.
Жер өңдеуді, дэнді дақылдарды егуді қолға алып, мысырлықтарға егін шаруашылығын үйреткен, жемістерді жинауды, жүзімнен шырын алуды жолға қойған Осирис, пайдалы еңбегінің нэтижесін адамзатқа үйретуге үмтылады. Астық, жеміс өнімдерін пайдалануға көшкен Мысыр билігін жүбайы Исидаға беріп, бар элемді аралап жер өңдеу, егін егу өнерін басқа елдерге таратады.
Барлық халық оны жақсы қарсы алып, қүрмет көрсетеді, белгілі уақыттан кейін ол, алғысын білдірген халықтардың берген үлкен сыйын алып, еліне оралады. Оның бүл ісіне қызғаныш білдірген бауыры Сет басқа қүдайлармен бірігіп, қастандық ұйымдастырады. Қүпия түрде ағасының бой өлшемін алып, соған шақтап өрнекті сандық жасайды. Бірде, құдайлардың көңіл көтеруі кезінде, Сет сандықты экеліп, кімнің денесі мен бойына шақ келсе, соған сандықты сыйға тартатынын жариялайды. Отырғандардың ешқайсының ойына сандық шақ келмейді, оған ең соңғы болып Осирис кіреді. Осы сэтті күтіп тұрған қаскөйлер сандық қақпағын жабыла жауып, шегелеп, Ніл өзеніне ағызып жібереді… [3. 173-175-6.].
Осирис пен оның баласы Гор туралы аңызда жарық пен түнектің арпалысы айқын көрсетіледі. Осирис өлгеннен кейін жұбайы Изида босанып, Гор дүниеге келеді. Ай құдайының көмегімен Сетті жеңген Гор экесін тірілтеді. Бірақ, жеңіс толық, түпкілікті болмайды. Осирис жер асты элемінде қалады. Жеңімпаз Гор тек күндіз үстемдік жүргізсе де, түнді Сетке беруге мэжбүр болады. Демек, күнделікті тұрмыс тэжірибелерінде көзге түсетін күн мен түн ауысуының аңыздық діни түсінігі, элем құпиясын тануға талпыныс ежелгі Мысырда ерте пайда болады. Аңыз бойынша, кейде күндіз де қиянатшыл қара Түнек құдайы аз уақыт болса да, нұрлы Күн құдайын жеңіп, өз жеңісін тойлайды.
Ежелгі мысырлықтар күннің тұтылуын: «Сет жабайы қабан бейнесінде Горға шабуыл жасап, оның бір көзін ойып алады. Көзінен айырылып, ауруға шалдыққан құдайды Тот емдейді, жанарын қалпына келтіреді» деп түсіндіреді. Гор зұлымдықты жеңіп, жердегі өміршеңдікті, өнімділікті қамтамасыз етеді. Ал о дүниеге барғанда өлілер патшалығына билігін жүргізеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.