Мысыр жазу өнері

Главная » Рефераттар » Мысыр жазу өнері

Мысыр жазу өнері — әлемдегі ең ежелгі жазу өнерлерінің бірі. Мыңдаған жылдарға созылған мәдени дамуында халық иероглифтермен және иератикамен жазған. Б.д.д. VIII ғ. тағы бір күрделі демотикалық жазу өнері пайда болады. Б.А. Тураев еңбектерінде иероглифтік, иератикалық жэне демотикалық жазу өнерлерінің қатынасы жалпы алғанда қолжазба, баспа жэне стенографиялық белгілеріміздің баламасындай деп түсіндіріледі.
И.С. Кацнельсон Мысыр эдебиетінің ежелгілігін тек Шумер эдебиетімен салыстыруға болатынын, ежелгі Үнді жэне Қытай мэдениеті мэтіндерінің бұдан он бес ғасыр кейін пайда болғанын көрсетеді. Оқымысты мысырлық көркем шығармалардың алғашқы пирамида тұрғызушылар дэуірінен бастау алатынын, бұлардан басқа халықтар мэдениет дамуының төменгі сатысында тұрғанда, кімнен болса да бір нэрсе қабылдау мүмкіндігі болмаған мысырлықтардың мэдениет саласындағы жетістіктеріне тек өздерінің қол жеткізгенін, олардың басқа халықтарға мәдениет дамуының барлық саласы, соның ішінде көркем шығармашылық бойынша да оқытушы болғанын дәріптейді [3. 464 б.]. Қоғам дамуында эдебиет өмірмен, идеологиямен тікелей байланысты, сондықтан:
а) 1900 ж. Флиндерс Петри тапқан Палермо тасы бұған мысал болады. (Италияның Палермо қаласының мұражайында сақтаулы тұрғандықтан, осылай аталған). Палермо тасында жазылған ресми деректер б.д.д. 3000 жылға жатады. Көлемі 43 х 25 см таста аңыздық кейіпкерлерге айналған Геб, Осирис, Сет, Гор, Тот және т.б мысырлык құдайлардың аттары аталады. Сонымен қатар, саяси оқиғалар, табиғат қүбылыстары, соның ішінде Ніл өзеніндегі су көлемінің де көрсетілуіне көңіл аударуға болады. Мысырдың ресми тарихының б.д.д. 3000 жылдан, Менес перғауынның елді біріктірген уақытынан басталатыны көрсетілсе де, оның тамырының одан да тереңде жатқаны туралы мэліметтер бар;
э) ресми ақпараттармен қатар, жеке адам өмірі де көркем бейнеленді. Мысалы, Уашптаха ежелгі патшалықтың V династия патшасы Ноферикар кезінде бас сэулетші жэне қазы қызметін атқарады. Сәулетшінің жүргізген құрылыс жұмыстарын көріп, мақтаған патша, оның мадақ сөзді есітпей тұрғанын байқайды. Мұны сезген тақ мұрагері мен сарай төңірегіндегілердің де «жүрегіне үлкен қорқыныш кіреді». Абыздар мен дэрігерлер аяқтарынан тік түрады, бірақ жасалған емнің бэрі зая кетеді, адал қызметші кенеттен қайтыс болады. «¥лы мәртебелі жүрегі мүңға толады, ол Ра құдайға арнап қүлшылық жасау үшін өзінің бөлмесіне кетеді…» Патша Уашптахты жерлеу жүмыстарын ұйымдастыруды оның үлкен үлына тапсырады. Бүл мэліметті осы заманға оның кенеттен қайтыс болғанын, эке қабірін барельефпен көркем бейнелеген баласы жеткізді деп айтуға болады. Зерттеушілер қабір мәтіндерінің іштей мазмұнды, көркем, діни жылы сезімге толы болатынын көрсетеді. Осы тарихи дэуір мастаба-лары қабырғаларында арфашылар мен эншілер де бейнеленген. Бұл лирикалық эндердің шырқалғаны туралы мэлімет береді;
б) көшірмешілер мадақталды. Мысалы, «Қашан да, қайда болса да, Жедефхорға ұқсас бола ма? Кім болса да, Имхотеп сияқты бар ма? Біздің ортамызда Нефри тэрізді ешкім жоқ. Бэрінен де бірінші — Хет-ти. Птахемжхути жэне Хахеперра-Сенеба, сенің атың менің есімде. Птахотеп немесе Карес тэрізді біреу бар ма? Болашақты болжайтын данышпандар — олар қалай айтса, солай болып шығатын. Бұл олардың кітаптарында жазылған. Олардың мұрагерлері — әртүрлі адам бала-сы. Олардың бэрі өздері туған балалар тэрізді. Олар өздерінің тыл-сым қасиеттерін адамдардан жасырды. Олар кетті, олардың аттары да өздерімен бірге жоғалды. Бірақ, қалдырған жазулары оларды еске түсіруге мэжбүр етеді» [3. 471 б.];
в) үгіт, нүсқау. Оның ең ежелгі түрі үлы сэулетші, данышпан Имхотеп атымен байланыстырылып, пайда болуы б.д.д. 2800 жыл-дар шамасы деп белгіленеді.
Ежелгі патшалықтан біздің уақытымызға толық нұсқасы жет-кен «Птахотеп нүсқаулары» тарихи дэуірде қалыптасқан эдеби түрдің болғанын көрсетеді. Шығарма V династия перғауыны Исе-си билігі кезінде жазылған. Кіріспеде Птахотеп Исесиден жаңа уэзір тағайындауын сүрайды. Қаусаған, сырқат меңдеген қарт, жоғарғы шенеунік міндетін бұрынғыдай тыңғылықты атқара алмайтынын бейнелі жеткізеді: қарттық жақындады, элсіздік пайда болды, қол-аяғы икемге келмейді, элсіздік жеңді, күш кетті, үні шықпайды, көзі көрмейді, құлағы естімейді, жүрегі тоқтайтын шамаға жетті, ақылы кеміді, жады жоғалды… Ол перғауынға адал қызмет көрсететін, өзінің орнын басатын баласына білімі мен тэжірибесін беруін қалайды.
Исесидің келісімін алған Птахотеп білімсізге сөз өнерін үйрететін тэлімгерлігін бастайды, өйткені «бұны кім ұғып алса, пайдалы, егер кім керісінше жасаса, зиянды». Уэзір тарихи дэуір моралін «өзіңнің басшыларың алдында иіл… сонда сенің үйіңе бере-ке кіреді» деп көрсетеді. Птахотеп «өз ойыңды жасыруға жэне тілді тартып сөйлеуге» кеңес береді.
«Жоғарыдағылардың қабылдауын күткенде, оның қызмет-шілеріне жағын, алдыңғы орынды алдын-ала құдай анықтайды, өлермендікпен ешнэрсеге жете алмайсың». Бір сөзбен айтқанда: жетістікке жеткің келсе, бэрінен бұрын басшының көңілін тап, өйткені жетістігің тек соған тэуелді. Қашан да орнатылған тәртіпті ұстан, құдай адамдар арасында қалыптасқан қатынасты аттаған адамға ешқашан көмегін көрсетпейді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.