Нұрмұқан Жантөрин туралы

Главная » Рефераттар » Нұрмұқан Жантөрин туралы

Сахнаға шығып, рөл ойнаған актердің бәрі бірдей даралық тұлға дәрежесіне көтеріле бермейді. Күрделі типтер жасаған әжептәуір дарынды актердің өзінің шеберлігі бір шеңбердің аясымен өл-шенеді. Бүгінгі қазақ актер шеберлігі мәдениетінің көркемдік биігіне өлшем болатын өмірден сегіз жыл бұрын өткен Нұрмұхан Жантөрин өнері болатын. Ол өзінің дархан дарыны, өзіне ғана тән орындаушылық ерекшелігімен, көркем-әстетикалық талғамымен дараланған түпсіз қиялдың, шынайы шабыттың, терең ойдың ак-тері еді. Актер шеберлігінің мұндай жан-жақты қалыптасуы — сах-на мен әкран өнерінде сирек кездесетін құбылыс.
…1950 жылдың күзі. Ташкент қаласы, бүрынғы Шелковичная көшесіндегі колонналармен көмкерілген әсем үш қабат үйге орналасқан Манон Ұйғыр (бүрын А.Н.Островский атындағы бола-тын) атындағы Мемлекеттік театр өнері институты. Бүкіл Орта Азия мен Қазақстанға сахна кадрларын дайындайтын бірден-бір оқу орны ГИТИС-ке кинофильмге түскен Нұрмұхан Жантөрин келіпті деген хабарға жүрттың бәрі елең ете қалды. Мүнан бүрын Алматыдағы кино актер мектебін бітірген ол үш-төрт әріптестері-мен актер факультетінің 4-курсына қабылдануы да сирек кездесетін оқиға еді. Бойшаң келген, ат жақты акқүба сүлу жігіт Нұрмұхан институттың сүйіктісіне айналды. Қазақша-орысшаға бірдей жетік Нұрмұхан көп үзамай шәкірттер мен үстаздар арасында ерекше сый-қүрметке бөленіп, маңайындағыларды күлкіге көміп, шады-ман шат көңілінен қашан көрсең де жазбайтын.
Нұрмұхан Жантөрин оқыған жылдары қазақ жастарының бақытына әйгілі режиссер, тамаша педагог А.О.Гинзбургтің (атақты В.Мейерхольдтің сүйікті пюкірті) курсқа жетекшілік етуі олардың тиянақты кәсіби білім алып, таланттарының ашылуына ерекше ықпал етті. Талантты біліммен үштап отырмаса мүқалып қала-тынын Нұрмұхан оқып жүргенде-ақ есіне мықтап тұтты. Ол ар-наулы сабақтармен бірге, қоғамдық білімдерге де көңіл аудара-тын. Институттағы ғылыми жүмысқа да бар ынтасымен араласқан Нұрмұханның әстетика, философия жайында жазғандары өзі оқы-ған үжыммен бірге, Ташкент қаласындағы жоғарғы оқу орында-рының ғылыми-зерттеу жүмыстарының байқауларында ерекше аталып, сый-күрметке ие болуы да оның зеректігімен бірге, ойлау қабілетінің жетіктігін көрсетсе керек. Осындай жан-жақты білім, зеректік оның актерлік өнерінің шыңдалуына, пьеса мен рөл үстін-де өзінше ізденуін, өзіндік шығармалық келбетін қалыптастырады.
Институтты бітірердегі дипломдық жүмысы Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» трагедиясындағы Қодар мен Ю.Ко-ротковтың «Джон -бейбітшілік солдаты» пьесасындағы әйгілі негр әншісі Пол Робсон прототип етіп алынған Джон Робортсон рөлде-рін студенттік ғана емес, үлкен қаладағы өнерсүйер қауымның да жоғары бағалауы жас актердің талантын тануы. Соңғы спектакль-дің Хамза атындағы Өзбек академиялық драма театрының сах-насында көрсетілуі — Нұрмұханның актерлік болашағы үшін аса ерекше оқиға болды. Пьесаның осы театрдың репертуарында бо-луы да дипломдық спектакльдің жауапкершілігін арттыра түсетіні белгілі.
Өз шәкірттерінің шығармалық қиялын қозғап, сезімдерін оята-тын тамаша үстаз А.О.Гинзбург өзін қоршагандарды еріксіз елік-тіріп әкететін күдіретімен бірге, сабақта сахналық тапсырманы нақты да айқын қоя білетін және олардың бойына парасаттылық пен иманжүзділік, адамгершілік пен адалдық қасиеттерін екті. Ол барлығына бірдей жалпылама емес, әрбір шәкірттің жара-тылысындағы даралығына қарай үстаздық етуші еді. Дархан да-рынды Нұрмұхан Жантөрин осындай дайындықтан кейін 1952 жылдың тамызында Қазақтың академиялық драма театрына орна-ласып, қызығымен бірге бейнеті де мол сахна өнеріне араласып кеткен-ді. Ол кешкен шығармалық һәм өмірлік ғүмыр адамгер-шілік пен адалдық сипатымен, өзіндік даралығымен өзгеше.
Ол екі ел театр өнерінің негізін қалаушылардың сахналық тәжірибесі мен өнерімен халықтық сипатты, ұлттық ерекшелік-ті ашудың үрдісін көкірегіне құйып, саналы түрде қабылдауды шығармашылығындағы басты шарт деп түсінді. Оның дара шы-ғармалық кескін-келбетіне әйгілі кинорежиссер Г.Рошаль: «Мүның бойындағы бар тамаша қасиет үлттық белгі-сипаттың айқындығы. Мүның болмысынан халқының биографиясын пайымдауга бо-лады. Бүл жай ғана үлттық типаж емес, мүның табиғи бітімінде, мінез-қүлқында, қимыл-ымында, көзқарасында халқының тари-хы жатыр», — деген сөзінде Н.Жантөриннің актерлік ерекшелігін сол уақыттың өзінде бағамдаған екен. Бүған үлы шебердің шы-ғармалық тарихи жолы толық дәлел. Ол тәжрибе мен теорияны үштастыра білген білімді де жоғары мәдениетті сахна қайраткері болып қалыптасты.
Актерлік шеберліктің шымыр мектебінен өткен Нұрмұхан Жантөрин көрінгеннің пешенесіне жазыла бермейтін тағы бір өмірлік тәжірибе мектебінен өтті. Қазақ сахна өнерінің негі-зін қалаған Қалыбек Қуанышбаев, Серке Қожамқұлов, Елубай Өмірзақов, Қүрманбек Жандарбеков, Қапан Бадыров және бү лардан кейінгі буынның талантты өкілдері жас актерді жатсын-бай бірден өздерінің қүшағына алды. Ол театрға келісімен үлттық сахна өнерінің қалыптасып дамуына ерекше ықпал жасаған М.Әуезовтің «Еңлік — Кебек», «Қаракөз», Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш — Баян сүлу» сияқты көркем дүниелерінің әр кезеңдегі қойылымдарында басты қаһармандардың рөлдерін ойнайды. Және бүлардың сахналық түлғасын сомдағандардың өзінен бүрынғы жо-лын қайталамай, өзіндік ой-түсінігімен, танымдық пайымдаулары-мен келген. Кебек, Сырым, Қодар — Н.Жантөрин орындаушылық өнерінің қүдіретін танытқан рөлдер. Бұлардың сахналық кескін-келбетін мүсіндеудегі үлкен жетістік актердің табиғи таланты-мен бірге, драматургиялық шығарманың егжей-тегжейіне дейін зерттеп танудан туған. Ол өзі орындайтын рөлдің әдеби негізіне терең бойлап, ерекшеліктерін тамыршыдай тап басумен бірге, түтас пьесаны бақайшығына дейін талдап, болашақ спектакльдің ой-түжырымын, көркемдік болмысын режиссерден бүрын танып, көкірек көрегендігімен айқындап отырушы еді. Спектакльді қабылдау, талқылауларында рөл, пьеса немесе қойылым туралы сөйлегенде жүрттың бәрі ауыздарын ашып, таң қалатын. Оның талдаулары мен ой-пікірлері өзінше қызық, ешкімге үқсамай, көпшілік байқамайтын жәйттерді тауып айтатын. Кейбір рухани әлем жайындағы ой агымы, қүнды пікірлерінің арты қайшылыққа тіреліп, актердің болашағына кедергі болған түстары да аз емес. Кешегі тоқырау заманы туғызған қаптаған қүнсыз пьесалардағы шала жансар рөлдерді ойнаудан актерлік таптаурындыққа түсіп кетуден, шеберлік босаңсуынан сақтап қалған осы ізденімпаздық, жаңа шыққан көркем туындылар мен шығармаларды қалт жібер-мей танысатын. Драматургия мен сахнадан таба алмағанын кітап-тан, өнердің басқа түрлерінен алды.
Н.Жантөрин жасаған бейнелерде актердің өзіндік даралығының айқын көзге үрып түратыны да талантқа қанат бітіретін осы білімпаздығы мен мәдениеттілігінде. Ол үлт сахнасының алып-тарымен тамаша достық шығармалық қатынаста болып, олардың халық өнерінен суғарылған табиғи дарыны мен ізденістерінен өзіне қажетін ала білген. Олармен тонның ішкі бауындай болған Н.Жантөрин актерлік шабытпен шектелмей, реті келгенде әзілің жарасса, атаңмен ойнаның керін келтіріп, үлкен ағаларымен алым-ды әзіл-оспағымен оралымды қалжыңымен де еркін араласатын.
Н.Жантөрин театрда ойнаған рольдерінде кейіпкердің ішкі сезімін тап басуды сонау институттағы үстазынан үйренген әдісті әрі қарай жалғастырып, тереңдете түседі. Сонан мүның жасаған көптеген сахналық бейнелері толыққанды, қойылымның басты идеялық-көркемдік мазмүнын ашудағы жетінші дәрежеде болды. Ол өмір болмысын терең танып, өзіндік ерекшелігімен жан-жақты суреттелуін шығармалық шартына айналдырды. Шығармалық жү-мыстан бөлек театр ішіндегі бөтен әңгімеден, үсақ-түйек ки-кілжіңдерден бойын аулақ үстады. Ол өзімен-өзі болып ешкім-ге тәуелді болуды қаламайтын, шығармалық үстанымы берік болды. Бірақ анық роль үстіндегі тыңғылықты ізденісі кейде режиссердің ой-түжырымына қайшы келіп, қойылымның көркем-идеялық мазмүнына ықпал ететін жағдайға көтеріліп кететін. Бүгінгі өмірді суреттейтін көркемдік сапасы төмен пьесалардағы солғын рольдерді ойнау Нүрмүқан үшін нағыз азап болды. Осы-дан барып режиссура мен актерлік өнер арасындағы сәйкессіздік, үйлесімсіздік қойылым сайын күшейе түседі.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.