Нұрсұлтан Назарбаев – тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы

Home » Рефераттар » Нұрсұлтан Назарбаев – тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы
Рефераттар Комментариев нет

Қазақтың арғы-бергі тарихын қарап отырсақ, ел бастаған ханы мен қостаған бұқарасының сан тарау өмір жолдарынан өткендігі жөнінде мол мағлұмат ала аламыз. Дегенмен, сол сан тарау жолда ұлттық қасиетімізді ұлықтап, жеке шаңырақ көтеріп, қазақ деген халықты сақтап қалу тек дана басшылардың ғана қолынан келгені сөзсіз. Арғысын айтпағанда, қазақ хандығын құрған Керей мен Жəнібек хандардан бері қарай ел тұтқасын ұстаған даналарымыздың білімі мен білігі, жауына бас имес қасиеті, саясаткерлігі өте жоғары болғандығы аян. Сол ел бастаған хандар мен билердің алып жүрген жүгін артық-кемсіз арқалау бүгінгі күні Елбасымыз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың иығына түсіп отыр. Абыроймен атқарылып келе жатқан бұл қызметте бүгінгі күні басқа ешкімді елестету мүмкін емес.

Нұрсұлтан Əбішұлының “Қазақтың бүкіл тарихы – бірігу тарихы, тұтастану та- рихы. Қазақ тек бірігу, бірлесу жолында келе жатқан халық” деуінде үлкен мəн жатыр. Өйткені, татулық пен бірлікті насихаттап қана қоймай, соның үлгісі болып келе жатқан Қазақстан – əлем тыныштығының тілекшісі. Тəуелсіз еліміздің өркениетті даму жолындағы ұлан-ғайыр ізденістері мен ұлы істері іргемізді бекітіп, керегемізді кеңейте түсуде. Табалдырығымыз тастай берік, маңдайшамыз көтеріңкі. Осының арқасында əр күнімізді бағалайтын салауатты өмірге жеттік. Қалың елі барын базарлап, бағы мен бақытын бөлісіп жататын Қазақстанның тіккен байрағы мен көтерген шаңырағы əлем елдері арасында жамандықтан аман-есен келе жатыр. Неге десеңіз, қазақтың бағына туған Елбасымыздай нар тұлға өмірдің небір жауапты кезеңдерінен елімізді биік дəрежеде алып өтіп келеді. Жоғары тапқырлықпен, жүз ойланып, мың толғанып ақыл- ойын салмақтап, парасат сүзгісінен өткізе отырып қабылданған, Елбасы қол қойған əрбір құжат – Қазақстан болашағына жасалған қадам. Сол қаламның ұшында тұрған ел тағдыры, бүкіл ел атынан шешім қабылдау қаншалықты жауапты екенін барлығымыз да сезінеміз. Нəтижесін де көзбен көріп отырмыз. Еліміздің еңсесі көтеріліп, белі бекіп, бұғанасы қатқан өсу жылдары да оңайлыққа түскен жоқ.

Қожа Ахмет Ясауидің бір сөзі бар: “Диқан болсаң, қолыңа кетпен ал да халқыңа нан бер, ғалым болсаң, қолыңа қалам ал да халқыңа мəн бер”. Оған шығыс данасы Əл- Харизидің “сөз бар болғаны гүл ғана, ал іс – сол гүлден түйнеген жеміс” деген сөзін қосыңыз. Ғұламалар ойының астарлы түйіні халқыңды жеткіз, еліңе қызмет қыл, бағын аш дегенге саяды. Қазақстанның қазіргі жағдайына, халықаралық қауымдастықтағы орнына, экономикадағы, реформалық өзгерістердегі жетістіктеріне үңілсек, сөз жоқ, Елбасының парасатты істерінің жемістері көрініс береді. Президенттің көтеріп жүрген жүгі ең ауыр жүк. Елбасымыз 1980 жылдардан бастап-ақ.,елдің жағдайы,саяси ахуалы, жастардың болашағы толғандырыр еді. Бұған, білікті қазақстандық мамандар дайындау жолындағы “Болашақ” бағдарламасынан бастап жыл сайын көтеріліп жатқан интеллектуалды мектептер орталығы мен заманға сай университеттердің ашылуы, осының дəлел.

Сол жылдары Нұрсұлтан Əбішұлы жергілікті тұрғындардың əлеуметтік жағдайына, баса назар аударып, қатты көңіл бөлді. Əсіресе, денсаулық сақтау саласы мен ауысымдық жұмыста істейтін мұнайшылардың тағамдық құрамы қандай, қарапайым жұмысшыға тиісті жағдайлар жасалған . Бір қарағанда елеусіз көрінетін мəселе сол кездің өзінде Елбасы назарында болған. Орталық Комитеттегі жастар жағы сол кездің өзінде-ақ Нұрсұлтан Назарбаевты құрметтеп, қадірлейтін болған. Қазақстан басшылығына Н.Ə.Назарбаевтың келуі бейне егемендіктің жыл құсын- дай болды да шықты. Н.Ə.Назарбаевтың Қазақстан басшылығына келуінің алдында таратылған Маң- ғыстау облысы қайта құрылды. Облыстың қайта ашылуы сол кезеңде үлкен серпіліспен пара-пар болатын.

80-ші жылдардың аяғына қарай КСРО халықтарының съездері болғандығы та- рихтан белгілі. Бұл маңызды жиындар Н.Ə.Назарбаевтың алмас қылыштай жарқылдап, көзге түскен сəттерінің бірі болатын. Өйткені, үлкен айтыс-тартыста оның байсалды ойы мен батыл шешімдері кім-кімді болмасын бейжай қалдырмайтын. Айта кететін тағы бір жəйт – Мəскеудегілердің Н.Ə.Назарбаевты Одақтың Үкімет басшылығына құп көргендігі. Егер Кеңес Одағы таратылмаған жағдайда Нұрсұлтан Əбішұлы Одақ Үкіметінің басшылығына баратынын, бармайтынын кім білген, бірақ, сол лауазымға оның лайықты екендігі кəміл болатын. Ал оның бірден бір себебі, Елбасымыздың бойындағы шешім қабылдау деңгейінің жоғарылығы, батылдығы мен білімділігі көптің көз алдында көрінуінде еді. Сол жылдары Елбасымыздың елдегі мемлекеттік саясат туралы АҚШ Президенті Джордж Буш өзінің досы Н.Ə.Назарбаев туралы жылы лебіздерін айтып, оған қоса үлкен ілтипат білдіруі мені мақтаныш сезіміне бөлеген. Алып держава саналатын АҚШ елінің беделді басшысы Қазақстан турасында жағымды ой білдіріп, құрметтеуі Н.Ə.Назарбаевтың халықаралық дəрежедегі беделі өте жоғары екендігінің, олармен достық қарым-қатынаста болғандығының бір ғана дəлелі.

Бүгінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, əлемге танылуда. Яғни, əлемдік өркениет көшінде өзіндік бет-бейнесі: мақсаттан тұтар мəдениеті, лайықты салт- дəстүрлері бар, бастан кешкен қасырет қатпары да қалың халқымыздың өміріндегі аса маңызды, ал біткен істермен бағамдар болсақ Қазақстанның дамуы қарқын жүруде. Қазақ халқы ұлт болып ұйығалы бері тап бүгінгідей біртұтас, қуатты мемлекет құрып, өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндігі болған емес еді. Қазір ол Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше мемлекеттердің ортасынан лайықты орнын иеленіп, өзгелермен заман талабына сай, өркениетті қарам-қатынасқа көшті. Əйтсе де, бүгінгі күнге дейнгі кезеңдер біздің еліміз үшін оңай болмағаны мəлім. Мемлекетіміздің келешек тағдыры қыл үстінде тұрған күндер мен түндер аз болмаған. Бірақ сонын бəріне қарамастан, қиыншылықтарымыз əлі де бола тұрса да, халқымыз осы кунге деейн талай қауіп-қатерлерден аман өтіп еңсесін тіктей алды. Оның үстіне халқымыздің бағына орай, осындай қиын кезеңде ел басқару тізгіні Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев сынды өз жұртының арман-мұңын сезіне білетін тəжрибиелі саясаткер, биік парасат иесінің қолында болуы, бугінгі биігімізге толымды табыстармен жетуімізде еліміз үшін аз рөл атқарған жоқ. Ел басқару ешқашан да оңай болған емес. Ал тəуелсіздікке қолы жаңа іліккен елді қиын кезеңде басқарудың ауыр жүгін тек ердің ері ғана көтере алатыны анық. Елбасымыздың осындай тұлға екендігін бүгінде тек өз халқымыз ғана еме, көзі ашық, көңілі ояу əлем жұртшылығы жақсы хабардар. Сонымен, біз бүгінде тəуелсіз Қазақстынның алғашқы жетістіктерін еліміздің тұңғыш резиденті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен байланыстырып жатырмыз. Шын мəнінде Нұрсұлтан Əбішұлының еліміздің бертінгі тарихыннан алатын орны ерекше үлкен əңгіменің арқауы. Мұны қалың жұртшылықпен бірге əсіресе біз,кейнгі жастар жағының біліп, сезініп өсуі ерекше орынға ие.

Кешегі Кеңес Одағы тарағанға дейін қазақстандықтар, Елбасымызды негізінен жігерлі, өткір, білімді басшы ретінде танитын. Елбасымыздың, еңбек жолын қарапайым жұмысшылықтан бастап, үлкен республиканың жоғары лауазымды басшыларының бірінің деңгйіне дейін өскеніне сүйсінеміз. Сөйлей кетсе, шешендігіне, көптің алдына шықса, жұрттың назарын аударыпала қоятын көсемдігіне таңырқаймын. Оның үстіне түсі де жылы, иманжүзді жан. «Түсі игіден түңілме» дейтінді пір тұтатын қазақ мұны да жақсылыққа жорыған. Ең бастысы – тəңіріміз Нұрсұлтан Əбішұлына тартымды, кескін-келбетке қоса, кемел ақыл дарытыпты. Əлем берекесі ең алдымен қауіпсіздікте, тыныштықта екені айтпаса да түсінікті. Дегенмен, осы байлықты адамзат баласы жеткілікті түрде бағалай бермейді. Өйткені, дүниені жаулаған өзімшілдік пен эгоизм бұдан басым түсіп жатады. Көршілерімен сыйыспай, бір-бірінің мазасын алып, оның соңы үлкен дау-дамайға соғып жүрген жағ- дайлар да орын алуда. Екі ортада қарапайым халық жапа шегеді. Осы орайда ежелгі көршілеріміз, Шығысымыз бен Солтүстігімізді барынша қауіпсіздендіру мақсатында шекарамызды айқындап алуымыздың өзі неге тұрады?! Аюдай айбатты Ресеймен жəне аждаһадай айбарлы Қытаймен тең дəрежеде мемлекетаралық қарым-қатынас орнатып, қазақтың көк байрағын бүкіл дүниеге мойындату ата-бабаларымыздан армандап келе жатқан ұлы мұратымыз екендігін ешкім де жоққа шығара қоймас деп ойлаймын. Ел жүгін бір өзі арқалап жүрсе де еш мойымаған, қайта жаңа креативті ойларымен көптеген саясаткерлерді жолда қалдыратын Елбасымызға қызыға да, қызғана да қарайтындар баршылық.

Əрине, Біздің Президентіміз Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың халыққа сіңірген еңбегі зор. Оның басшылығының арқасында халқымыз азаттық алып, Қазақстан егемендікке, сосын тəүелсіздікке қол жеткізді. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі 1990 жылдың 24 сəүірінде Н.Ə. Назарбаевты Қазақ КСР-ның Бірінші Президенті етіп сайлады. Қазақстанда 1991 жылдың бірінші желтоқсанындағы бүкілхалықтық сайлауда ол ел Президенті болып сайланды. Қазақ КСР-ның Қазақстан Республикасы болып өзгеруіне байланысты Қазақстын Ресиубликасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысына сəйкес 1991 жылдың 10 желтоқсанынан бастап, тəуелсіз мемлекеттің көшбасшысы — Н. Ə. Назарбаев Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріседі. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Н.Ə.Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тəуелсіздігі туралы» Конституциялық заңға қол қояды. 1991 жылдың 21 желтоқсанында Алматы қаласында бұрынғы КСРО құрамындағы 11 республиканың басшылары кеңесіп, ТМД-ны құру туралы келісімнің хаттамасына қол қояды. Қазақстан Респбликасының тəуелзіздігі мен ұлттық сипатын жаңа мемлекеттік рəміздер бейнелейді. 1992 жылдың 4 маусымында ҚР-ның мемлекеттік туы туралы», «ҚР-ның Мемлекеттік елтаңбасы туралы» жəне ҚР-ның Мемлекеттік əнұранының музыкалық редакциясы туралы» заңдар күшіне енді. Сол жылдың 111 желтоқсанында ҚР-сы мемлекетттік əнұранының мəтіні туралы» заң қабылданды. Қазақ жерін де тұңғыш рет егемендіктің барлық белгілері: талассыз аумақтық шекарасы, кəсіби басқару апараты, тұрақты əскері жəне салық жүйесі бар қазіргі заманға сай демократиялық мемлекет құруға жол ашылды. Н. Ə. Назарбаевтың басшылығымен елде дербес қаржы жүйесі қалыптасты. 1993 жылдың 15 қарашасында ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Тауар тапшылығы жоғалып, өнім сапасы жақсарды. Өтпелі кезеңнңі ауырпалыған артқа тастап, тиімді нарықтық экономиканы қалыптастыра алды. 1991-1995 жылдары елімізде отандық дамудың түрлі қырларына жауап бере алатындай саяси жəне құқықтық жүйе қалыптасты. Азаматтар экономикалық еркіндіктің арқасында меншік иелеріне айналды. Сонымен қатар, еліміздің Қарулы Күштерін құрды.

Елбасымыз тарихқа «Бейбітшілік миссиясы» ретінде енген, Семей ядролық полигонын жабу секілді ғаламдық маңызға ие шараларға қол жеткізе білді. 1995 жылдың 30 тамызында Конститутциялық өзгерістер процесі аяқталып, қазіргі Қазақстан Республикасының қолданыстағы Конститутциясы қаблданды. Н.Ə. Назарбаевтың 1992 жылғы 16 мамырда республикалық баспасөзде жарық көрген «Қазақстынның егемен мемлекет ретінде қалыптасу жəне даму стратегиясы» атты еңбегінде қоғамды реформалау, нарықтық экономиканы дамыту, демократияны, құқықтық мемлекетті орнықтыру мəселелері қозғалды:

1) Ішкі жəне сыртқы саясат саласында: жас егеменді мемлекетті күшті президеттік республика құру бағытында дамыту, көппартиялық жүйе құру, басты саяси сақсат ретін де тұрақтылықты қамтамасыз ету жəне экономикалық реформаны сəтті жүзеге асыру үшін жағдай жасау, республиканың егемендігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өзін- өзі басқарудың геосаяси тəртібін ақтай отырып, көпқырлы жəне əр түрлі əскери саяси жəне экономикалық тепе-теңдікті сақтау еліміздің дүниежүзілік қаымдатығы саяси салмағын көтеру, демократиялық бостандық пен адам құқығын қорғау негізінде əлемдік экономикадан өз орнын табу, əлем шарушылық байланыстарына кіру технологиясында Қазақстанның тиімді геосаяси жағдайын пайдалану;

2) Экономика саласында:меншіктің негізгі түрлері жеке жəне мемлекеттік меншікті өзара үйлестіре отырып бəсекеге негізделген əлеуметтік нарықтық экономиканы қалыптастыру, адамның эконоикалық өзін-өзі анықтау қағидасын жүзеге асыру үшін құқықтық жəне өзге де жағдай жасау, əлемдік тауар нарығында өзіндік нақтылы ұстанымды қалыптастыру, қазіргі шетелдік техника мен хехнологияны енгізу арқылы өңдеуші салалар мен өндірісті дамыту, Қазақстанның дамуына шетелдік инвестицияны тарту;

3) əлуметтік даму саласында: халықтың əл-ауқатын жақсарту, яғни ұмтылған əрбір адамды кəсіпкерлік бостандықпен жəне де өзге де қызмет саласында өз мумкіншілігін жүзеге асыруын қамтамасыз ету этникалық өзіндік болмысты дамыту мен Қазақстанның ұлттық-мəдени көпқырлылығын сақтау, экономиканың тұрақтануы мен өсіі бойынша зейнетақы мен жəрдемаыларды, еңбек кірістерін, оның əлемдік шаруашылық байланыстарымен ыпалдасуын арттыру.

Республикадағы эконоикалық дағдарыс жағдайында экономикалық қайта құрулардың өзіндік үлгізсін жүзеге асыру мен нарыққа өту курсы қолға алынды. Сонымен бірге ғылыми-техникалық жəне өндірістік қуатты тиімді пайдалану, өңірлер мен шаруашылық қызметінің субьектілерінің балама меншік формаларын қалыптастыру қажеттілігі де назарда болды. Қазақстан үшін ғана емес, əлемнің көптеген елдеріндегі экономикалық тұрақты- лықты шайқалтып кеткен жылдары еліміз көп нəрседе ұтты, оған қоса сындарлы ке- зеңде ЕҚЫҰ-ға мүше 56 мемлекет арасынан қара үзіп шығып, беделді ұйымға төр- ағалық етуінің өзі үлкен жетістікті білдіреді. Мұндай абыройға жеткен де бар, жетпеген де бар екенін ұқсақ деймін. Əлемнің дамыған елдерінің қатарына жетуі үшін елімізде индустриялық-инновациялық даму жолында 160 ірі жоба жүзеге аспақ. Ауыл шаруа- шылығы мен аграрлық сектор да даму алдында тұр. Азық-түлік өнімдерінің басым көпшілігі сырттан келетінін ескерсек, əлсіз тұсымызды нығайтуға көңіл бөлініп отырғандығы қуанта түседі.

Еуразияның дəл кіндігінен, кешегі еркін көсілген атамекен Сарыарқаның төсінде дүниенің өркениетіне тəн жақсылықтың бəрін бойына жиған əсем де көркем қала Астанамыз көз алдымызда өсіп келеді. Кешегі елеусіз провинциалдық қаланың азғантай уақыт ішінде əлемнің əсем шаһарларының қатарынан орын алуы таң қалмасқа болмайтын жағдай. Солай болуы заңды да. Өйткені, Астана жобасы – бүгінде іске асқан Елбасының ұлы жобалары ішіндегі сүбелісі. Қазір Астана тек астаналықтардың емес, кең байтақ қазақ даласын мекендеген барша қазақстандықтардың мақтанышына айналды. Бүгінгідей дүрбелеңге толы дүниеде төрткүл əлемнің тамыр соғысын тап басып, досы мен қасының қабағындағы кірбіңі мен ерніндегі емеурінін көңіл көзімен көріп, көрегендікпен көш бастау əсте де оңай емес. Оның үстіне айбынды мемлекеттер арасында орналаса отырып, олардан оқ бойы озып шығу үлкен қажыр-қайратты қажет етеді. Қазір біз экономикалық даму жөнінен ТМД елдерінің алдына шықсақ, ол Президентіміз Н.Ə.Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы, сарабдал саясатының ар- қасы. Елдегі саяси тұрақтылық пен ынтымақтастық еліміздің еркін дамуына жол ашып отыр. Ал мұның ар жағында Елбасымыздың “Халқымды қалай аман сақтап, қалай бақуатты тұрмысқа жеткіземін? Қазақстанды қалай қабырғалы, қуатты мемлекетке айналдырамын?” деген жан-жүрекке салмақ салар терең ойлары, қайсар қайрат пен асқақ армандары жатқандығын ұғынар едік. Қазіргі Қазақстанның негізін қалаушы Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев туралы айтқанда нарықтық экономикасы мен бейбітшілікке негізделген сыртқы саясаты бар зайырлы, демократиялық қазақ жəне басқа да ұлт өкілдерінің ынтымақ бірлігі жарасқан еліміз, есімізге түседі. Елбасымыздың арқасында Бүгінгі Қазақстан ББҰ, ЮНЕСКО, ЕҚЫҰ секілді беделді ұйымдардың мүшесіне айналды. Осындай, бар қазақты бір тудың астына біріктіріп, ұлан-ғайыр елдің іргесін бекіту біздің ата-бабаларымыздың арманы еді. Бұл да, Алла тағала сəтін салып, Елбасымыздың тұсында жəне басшылығымен жүзеге асып отыр. Ғасырларға жүк болар еліміз үшін аса маңызды мəселелерді шешуде Елбасымыздың жеке азаматтық абырой-беделінің жоғарылығы да үлкен рөл атқарды. Елді, халықты үлкен іс, ұлы мақсатқа жұмылдыратын идея керек болса, Елбасының елді дамытудағы ойлары дəл соның өзі. Ал біз – ел бастаған Елбасының ұлы істерінің қостаушысымыз. Мақсатымыз – айқын, жолымыз – анық !

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.