Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектеріндегі жастар мəселесі

Home » Рефераттар » Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектеріндегі жастар мəселесі
Рефераттар Комментариев нет

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Қазақстан мемлекеттінің қалыптасуымен қарқынды дамуының жəне қоғамды жаңаша реформалаудың нақты стратегиялық, концептуалдық үлгісін ұсынып, оны жүзеге асыруға бар күш -жүгерін,саналы ғұмырын арнап келе жатқан ұлы қайраткер. Ел басқарған қайраткердің халыққа арнаған қай сөзінің де жөні бөлек.Өйткені ол сөзден саңлақ саясаткердің жүрегін жарып шыққан оқшау ойы,тегеурінді тұжырымы,кең ауқымды көзқарасы «мен мұндалып» тұрады.Оның үстіне, Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың «желдің өтінде,елдің бетінде » жүргенін айқын аңғартатын, «қазақтың ұлттық қасиеттерінің қайта қалыптасуына қамқорлық жасау-менің Президенттік те,перзенттік те парызым » дегенді ант еткендей нық сеніммен айтатын адам екенін ескерсек, ол ойларды саралайтын сынның да салмағы арта түспек.Сондай- ақ егемен елінің ертеңі үшін түн ұйқысын төрт бөліп жүрген мемлекет басшысының бүкіл дүниедегі өзгерістерге мəн беруіне,тікелей араласпаған күннің өзінде алдын ала шаралар белгілеуіне тура келетін тұстар аз болмайды.

Бодандықтан бостандыққа қадам басқан жаңа тұрпатты мемлекеттің күрделі кезеңінде Президент еліміздің ертеңі мен болашағы үшін ұлттық мемлекеттің мызғымас негізін қалап,ғасырлар бойы аңсаған азаттықтың баянды болуы мақсатында тың жол- қазақстандық жолды қалыптастырды.Елбасы əлемдегі дамыған мемлекеттердің бай тəжірбиесін таразылай отырып,тəуелсіздігін жаңа алған еліміздің жаһандық өркениет көшіне қосылуының бірден-бір дұрыс жолын нұсқап жəне жүзеге асыруды өз жауапкершілігіне алып,оны жыл сайынғы халыққа арнаған Жолдауларында егжей-тегжейлі баяндап келеді Тəуелсіз Қазақстан өзінің аңсаумен алған азаттығымен қоса тіршілігін біліммен байытып, ғылыммен жетілдіруді мақсат етуі қажет. Егеменді елдің болашақ ұрпақтарын тəрбиелеудегі аграрлық білім берудің мақсаты нарықтық қатынастарды тиімді жолға қоюды көздеген экономикалық өркендеуден де, орасан өзінің қыйындығы мен маңызының тұлғаланып тұрғанын түсінуіміз керек. Осы аграрлық білім беру саласында дербестігімізді алған алғашқы азаттық жылдарында, республикамызда көптеген жұмыстар жасалынды. Күні бүгінге дейін Қазақстанда жоғары аграрлық білім берудің өткені мен бүгінгісін жəне болашағына кешенді түрде жан-жақты талдау жасалған еңбектердің болмауы, бүгінгі таңда осы салада ғылыми- зерттеу жұмыстарын қажет етеді.

Тəуелсіздіктің алғашқы жылдары Қазақстан қарсыдан соққан жел мен жауған жаңбырға,өзінің шаршап-шалдыққаны мен қорқынышына,айналасындағы əр түрлі қиын жайларға қарамастан,тау асулармен тайсалмай жүріп келе жатқан жолаушының жағдайын көзге елестететін.Алғашқы қадам- өте күрделі.Жаңа мемлекетімізді құруға кіріскенде, ең алдымен біздің үйіміздің мықты ірге тасы,негіздердің негізі қажет екенін түсіндік Біз тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап даму мақсатындағы айқын ұстанымды қабылдадық, бұл ұстаным мемлекет пен қоғамның күш-жігерін біріктіріп,өсу мақсаттарына қол жеткізуге бағыттады. Бұл ретте біздің еліміз үш кезеңді өтті. Біріншісі (1991-1995 жылдар) бұл кезеңде біз кеңестік жүйені бұзып, мемлекеттің негіздерін құрумен айналыстық. Екінші кезең (1996-2000 жылдар) –экономика мен саяси жүйенің терең құрылымдық өзгерістерін іске асырумен байланысты болды. Үшінші кезең (2001-2006) — экономикалық өсу уақыты. Бейбітшілік пен тыныштық, бүгіндері басымыздан өткеріп отырған экономикалық қауырт шақ жəне азаматтарымыздың өмірлік құштарлығы,өз күштері мен ертеңгі күндеріне деген сенімдері,біз үшін үйреншікті құбылысқа айналып отыр.

Біз оларды, Астанадағы ғимараттардың үстінен күнде ертемен баяу көтеріліп келе жатқан күн шапағаттарын байқамайтынымыз сияқты, жаңағыларды да көбінесе байқай бермейміз.Ал осыдан он жыл бұрын дəл осылай болатына ешкім де сенген жоқ.. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаев Қазақстан халқына 2005 жылғы «Қазақстан экономикалық, əлеуметтік жəне саяси жедел жаңару жолында» атты жолдауында: «Осы заманғы білім беру жүйесінсіз əрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз. Демек, барлық деңгейдегі техникалық жəне кəсіптік білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шаралар қолдануымыз шарт» — деп, атап көрсетті [1]. Мұндай ғылыми зерттеу жұмысы аграрлық білім беру жүйесін ұйымдастыруда жəне жетілдіруде өткендегі қателіктерді қайталамау үшін қажет. Қай кезеңде болмасын аграрлық білім беру жүйесі басқа салаларға қарағанда жоғары қарқынмен дамыды, білікті мамандар даярлауда мол тəжірибе жинақталды. Бұл тəжірибе қазіргі күннің өзінде де көптеген жағдайда ауыл шаруашылығының түпкілікті жұмыс қорытындысы мамандар мен олардың басшыларының ұйымдастыру, саяси жəне іскерлік қасиеттеріне байланысты екендігін мойындатады. Демек, ауыл шаруашылық кадрларының өндірісті дамытудағы, жаңа технологияны игерудегі белсенділік үлгілерін, өндіріс басшыларының жарқын өмір жолдарын көрсетудің тəуелсіз Қазақстанның ауыл шаруашылық мамандарын тəрбиелеуде айтарлықтай маңызы бар. Екінші жағынан, ауыл шаруашылық мамандары мен басшыларының қызметі өз кəсіпкерліктерімен ғана шектеліп қоймай, міндетті түрде мəдени-тəрбиешілік ісімен де жалғасты. Қоғам олардан ұжыммен жұмыс істей білетін, жоғары мəдениетті жəне аса білімдар болуларын талап етті. Еліміздегі жаңару үрдістер өткен тарихымызды объективті тұрғыдан дұрыс бағалауға, мəдени құрылыс саласында, оның ішінде жоғары аграрлық білім берудің тарихын жаңаша көзқарас тұрғысында зерделеуге, егеменді еліміздің бүгінгі күн талаптарына сай нарықтық қатынастарға көшуге байланысты жоғары білімді реформалауға жəне оның жоғары білім тұжырымдамасын ғылыми негіздеуге мүмкіндіктер мен қолайлы жағдайлар жасалды. Жоғарыда аталған қайшылықтарды болдырмау үшін ауыл шаруашылық мамандарын даярлауда өткен тарихи тəжірибенің жағымды жақтарын пайдалана отырып, бүгінгі талаптарға сəйкес Қазақтанда аграрлық білімнің қалыптасуы мен даму тарихын бір жүйеге келтіру, зерттеу жұмысымыздың өзекті мəселесіне айналып отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə. Назарбаевтың «Жаңа əлемдегі жаңа Қазақстан» Жолдауында жаңа кезеңнің негізгі міндеттерінің бірі «…осы заманғы білім беру, «парасаттың экономиканың» негіздерін қалыптастыру, жаңа технологияларды пайдалану мамандарды дайындау сапасын көтеруге басты себеп болатын, инновациялық экономиканы дамыту» деп атап көрсетілген, сол себепті де елімізде болып жатқан əлеуметтік-экономикалық өзгерістерге байланысты білім беру жүйесіне қойылып отырған жаңа талаптарға сай студенттердің белсенділігі мен жеке даралық қабілеттерінің жетілуіне əсер ететін жаңа ақпараттық технологиялар қолдану əлемдік білім кеңістігіне енуге жол ашуда. Осы орайда жоғарғы оқу орнын оқу үдерісінде ақпараттық технологияларды пайдаланудың мəнін ашуды талап етеді. Сондықтан біздің зерттеу проблемамыздың əдіснамалық негізіне жоғарғы оқу орнындағы оқыту жүйесі, оның ішінде кредиттік оқыту, ақпараттық технологиялар пайдалану мəселелері алынды.

Сонымен бірге Президент тəуелсіздіктің толыққанды шежіресін жазу міндетін де ұлт зиялыларның алдына талап етіп қойды.Бұл көп томдық «Тəуелсіздік шежіресі», «Елбасы жолдады- елі қолдады», «Əлем Қазақстан туралы.Əлем Президент туралы », «Елмен сырласу», атты төрт түрлі сериямен жарық көріп отыр. «Тəуелсіздік шежіресіне» Елбасы қол қойған мемлекеттік маңызы бар құжаттар- Жарлықтар, Заңдар, Өкімдер, Қаулылар енгізілді. «Елбасы жолдады- елі қолдады» делінетін серияда Президенттің 1996-2008 жылдар аралығындағы Қазақстан халқына Жолдаулары толық қамтылды. Үшінші серия «Əлем Қазақстан туралы.Əлем Президент туралы »деп аталады.Мұның бірінші томына ел егемендігінің алғашқы 1991 жылы-тəуелсіз Қазақстан мемлекеті мен оның тұнғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың атына жолданған əлем елдері басшыларының,көрнекті қоғам қайраткерлерінің құттықтаулары, жүрекжарды лебіздері енгізілді.Жер шарының əр қиырынан келіп түскен ыстық ықылас, шын жүректен щыққан хаттарды тебіренбей оқу мүмкін емес.

«Елмен сырласуда» Елбасының Қазақстан Респбликасы Парламенті отырыстарында, баспасөз конференцияларында,ел алдында сөйлеген сөздері,көгілдір экранда тікелей эфир арқылы еліміздің көркеюі жолындағы көкейкесті мəселелерді көтерген баяндамалары ,сөздері,ел жəне шетел журналистеріне берген сұхбаттары жинақталды.Қалың көпшілікке екі тілде ұсынылып отырған көптомдық кітаптарда тəуелсіздіктің алғашқы күндерінен бергі Қазақстан мемлекетнің қарбаласқа толы тіршілік тынысы, арман-тілегі ,ілгері талпыныс-талабы сан қырынан айшықталады.Сондай-ақ бұл еңбектерде Қазақстан Республикасы тұңғыш Президентінің халқына, Отанына деген шынайы сүйіспеншілігінің,атқарып келе жатқан ұшан-теңіз қызметінің əр сағаты, əр аптасы, ір айы,əр жылы хронологиялық ретпен берілді. «Қазақстан Республикасы» деп аталатын көп сериялы жинақ тұңғыш рет жарық көріп отыр жəне мұны тəуелсіздік шежіресі, егеменді еліміз бен тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жемісті қызметінің айнасы, жаңа заманның – жаңа тарихы десе де болады.Бұл,түптеп келгенде, дербес, жаңа мемлекеттігіміздің шежіресі, анық тарихы.Бұл игі бастама бұдан былай да жалғасын тауып, жаңа томдар жарық көре береді,Қазіргі таңда ұлы далада байырғы бабаларымыз жасаған байтақ тарихты баяндайтын біршама еңбектер жарық көрді.Дегенмен біз жас ұрпақтың бойына,санасына отаншылдықты,мемлекетшілдікті сіндіреміз десек, осы жаңа тарихымызды оқытуға күш салуымыз керек.Шындық жылнамасындай бұл қажаттық көптомдық еңбек еліміздің жаңа тарихын, талайлы тағдырын «Мен өз халқымның жолында басымды бəйгеге тіккен адаммын» деп ағынан жарылған Президентіміздің өлшеусіз еңбегін қастерлей білетін отаншыл, мемлекетшіл оқырман қауымның сүйіп оқитын кітабына жəне жаңа тарихымызды насихаттаудың мүлтіксіз құралына айналатынына еш күмəн жоқ. Елбасымыздың тарихи еңбектері өте мол, ол біздің мақтанышымыз, үлгі тұтар тұлғамыз.Оның келесі еңбегі «Ғасырлар тоғысында» Əр ұрпақ тарихты қайта жазып шығады- деген сөз бар.Бəлкім, ол- ақиқаттан онша алыс кете қоймайтын тұжырым шығар.Бірақ солай екен деп,күні кеше өз басымыздан өткендердің көрер көзге өңін айналдырып жеберушілікпен келісе қоюға болмас.Оны айтап отырған себебім:қазір саяси мемуар жазу қайтадан үрдіске айналды.Жалпы алғанда бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес- сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен,мемуар жанрына жатпайды.Егер бізге салса,бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты.Адамдар, əдетте өткеннің мəніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді.Негізгі көзделген мəселе осы кітапта – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мəселелердің күрделі табиғатына өз көздерімен үңілдіріп,өз тұжырымдарын жасауға көмектесу. «Ғасырлар тоғысында »Алғаш рет басылып шыққан жері Алматы «Өнер» 1996жылы жарық көрген.негізінен көлемі жағынан ауқымды, шынайы жалған тарихи еңбек.Қасқаша айтатын болсақ 3 тараудан құралған 8-255 беттер аралығында қамтылған.1тарау Күні кешегіні көзге елестетсек 2 тарау Жол айрығында 3 тарау Мағұрып мен Машырақ арасында.

Кітап өте күрделі жазалған тарихи еңбек.Елбасымыздың еңбегі «Тарих толқынында» Еңбек 1999 жылы «Атамұра» баспасында басылып шыққан.Бұл еңбек негізінен 8 тараудан тұрады.Атап кетсек олар: 1 тарау Ұлттық келбетті ұлықтайық 2 тарау Қазақ даласы- ұлы түркі елінің қара шаңырағы 3 тарау Мəдениет келешегі 4 тарау Алаш мұрасы жəне осы жаман 5 тарау Ұлттық бірегейлік туралы 6 тарау Тоталитарлық тəртіп пен ұлттық ұғымдар 7 тарау Орталық Азияның тəуелсіз мемлекеттері жəне тарих тағылымдары 8 тарау Тарихтың шеңберлері жəне ұлттық зерде. Менің тарихқа ден қоюымның сыр-себебі де бүгінгі күннің оқиғаларының тарихтың «табын» сезінгендігімде деп білемін.Бұлайша пайымдау көп ұлтты қоғамда айрықша мəн-мағына арқалайды.Тарихқа терең түсінікпен ден қоймай тұрып,оны тұжырымдау мүмкін емес. Қазақ болмысының келесі бір ерекшелігі –оның тарихшылдығы.Қара халықтың тарихтан хабардарлығы мейлінше жоғары болған.Керек десеңіз,білім институттарының дамыған жүйесі бар бүгінгі күннің өзін бұрынғы қазақтардың санасындағы жаппай тарихшылдықпен салыстыруға болмайды.Тарихи білімнің мұндай жүйесі қатардағы көшпелілер үшін тарихи-мəдени оқиғалардың ағыны ретінде бала кезінен сана-сезіміне сіңіп отырған.Халық тарихын түсініп –білу əрбір адамның өз басындағы сезім-түйсікпен астасып отырған.Ру шежіресін білу –сахара төсінде көшіп- қонған қазақтар үшін өмірлік қажеттілік. Тарихтың жəдігерлері туралы,оларға деген көзқарас туралы айтқанда,менің көкейімде тұрған нəрсе –ұлттық рух деп аталатын,бірақ та анықтауы қиын «тарихтың затын» материалдық жағынан тұрлаулы етіп тұрақтандыру қажеттігі.Қазақтың сана –сезімі өткендегі,қазіргі жəне болашақтағы –тарихтың толқынында өзінің ұлттық «МЕН» дегізерлік қасиетін түсінуге тұңғыш рет енді ғана мүмкіндік алғандығы жайлы жəне бұл мүмкіндік қана; ол шындыққа, тек қазақтардың ғана емес,барлық қазақстандықтардың жаппай санасына орныққан фактіге айналуы қажет екендігіжайлы жазылған еңбек болып келеді.Келесі еңбегі «Еуразия жүрегінде» Бұл кітапта елбасымыздың қалауымен шыққан өзінің жазған еңбектері Астана 2005 жылы жарық көрген.Негізгі мазмұны 3 тараудан жəне бөлімдерден тұрады.Олар: 1 тарау Астана аңсары 2 тарау Қала шежіресі 3 тарау Елорда эстетикасы. Алайда осы еңбек елордамыз Астана жайлы барлық мəліметтерді нақты айқындаған.Бұл астаналық нышандар -əлем картасының ең үздік жолбасшылары.Олар бұл күнде солай жаратылған сияқты қабылданады.алайда олар белгілі бір адамдардың дарынымен жəне еңбегімен жасалған.Астананы құру –ұлттық тарихтың жаңа мəтінін жазу.Негізінен осы еңбекте күрделі шешімдер, қанаттастардың көмегі, сəулет саласындағы ізденістер,қаланың болашағы туралы ойлар,өлкенің аңыздары мен жер-су атаулары,тұрмыстың түйіткілдері,тарихи салыстырмалар,Астананың бедері мен əсемдігі,бір сөзбен айтқанда жаңа елордаға арналған ойлар мен істер бəрі осы кітапта жазылған,бейнеленген. Келесі ұсынылып отырған «Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев — тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы» атты еңбек Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ə.Назарбаевтың қызметіне арналған.Кітапта Президент өмір жолының шахтерлер мен металлургтер өлкесіндегі еңбек жолынан басталып,əлемдік ауқымдағы көшбасшылыққа көтерілуіне дейінгі кезеңі қамтылған.Осындай қолбасшымыз бар екеніне мақтан тұтып,оған деген шексіз алғысымды білдіремін.

Əдебиеттер: 1. Қазақстан тəуелсіздігінің қалыптасу тарихы. 2. Бейбітшілік кіндігі 3. Еуразия жүрегінде 4. Тəуелсіз мемлекеттің негізін қалаушысы.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.