Наркоз және наркоздық заттар

Главная » Рефераттар » Наркоз және наркоздық заттар

Наркоз (narcosis) — дегеніміз арнаулы дәрілік заттардың әсерінен орталық жүйке жүйесіндегі нейронаралық синапстарда болатын қозудың өткізгіштік құбылысының әлсіреуі. Қазіргі дәрілік практикада наркоз дегеніміз ауырсыну сезімдігінің жалпы әлсіреуі, осының әсерінен болатын сезімділіктің жойылуы, қаңқа еттерінің босаңсып, толық қозғалыссыз күйге көшуі болып табылады. Наркозды ерте кезден — ақ адамдарға операция жасағанда аурсыну сезімділігін әлсірету үшін қолданған. Бұл ғылымда өте үлкен жаңалық ретінде қаралып, 1847 жылы әлемнің барлық еддеріңде мереке ретінде атальгп өткен. Наркоздық заттар тек медицинада ғана емес, сонымен бірге ветеринарияда да үлкен маңызға ие бодды. Алғашқы кездегі наркоздық заттар наркоздау тәсілін нашар білгендіктен өте улы болды. Соңғы кездерде наркоздық заттардың жаңа түрлері ашьглып, оларды беру төсілдері жетілдірілгеңдіктен олардың организмге қолайсыз әсері азая бастады.

Орталық жүйке жүйесі сыртқы және ішкі тітіркендірулерді қабылдай отырып, организмдегі ең күрделі және маңызды кұбылыстарды реттеп отырады. Сондықтан да наркоздық заттар ауырсыну сезімділігін әлсіретіп, сезімділікті төмендетіп, кейбір мүшелерді қозғалыссыз күйге түсірумен бірге, жалпы организмге де өсер етеді. Наркоз кезіндегі мүшелер қызметінің өзгеруі өте күрделі, өйткені жүйке жүйесінің тежелу кұбылысы бірден басталмай әртүрлі сатылардан өтетіндіктен кейбір орталықтар ерте, ал кейбіреулері кеш тежеледі.

Наркоздық заттардың орталық жүйке жүйесіне алғашқы әсері ауырсыну сезімділігінің әлсіреуімен қатар жүретін естен айырылуды немесе есеңгіреп талып қалуды еске түсіреді. Осы сатыда орталық жүйке жүйесі едәуір әлсірегенімен, ми қыртысының ауырсыну сезігіш орталықтарының әлсіреуі басым болып анальгезия кұбылысы айқындала бастайды. Наркоздық заттардың мөлшерін көбейткенде көп реттерде есеңгіреу кұбылысы қозуға ауысады. Бұл сатыда жануарлар өте қатты тынышсызданып, қозғалыс координациясы өзгереді, сонымен қатар көз қарашығы кеңейіп, қызуы көтеріледі. Жануарлардың осындай күйге түсуін И.П.Павлов наркоздық заттарға байланысты еместігін, бірақ орталық жүйке жүйесінің әртүрлі бөлігінің өрқалай тежелуіне байланысты екендігін дәлелдеп берді. Осы кезенде мидың тежеу орталыктары өте қатты өлсіреп, оның төмен орналасқан бөліктерінің қызметі жоғарғы жүйке жүйесінің тежеу және координациялық әсеріне байланыссыз болады. Сондықтан негізгі қозу қүбылысы болмайды да, бұл күйді жалған қозу деп айтуға тура келеді.

Организмдегі бұдан кейінгі өзгерістер мидың бірқалыпты тежелуі, ал жүлынның біршама әлсіреуі түрінде болады. Бұл әсердің клиникасы бүлшық еттер жиырылуының әлсіреп, организмнің ауырсыну сезгіштік құбылысы төмендеген ұйқы түрінде өтеді. Одан өрі наркоздың әсері күшейе түседі, организмнің ауырсыну сезгіштігі тіптен нашарлайды, сонымен бірге бұлшық еттер босаңсып рефлекторлық қозу толығымен жойылып, наркоз құбылысы басталады.
Наркоздың әртүрлі сатысы болуымен қатар практикада оның төрт даму дәрежесін кездестіруге болады:

Наркоздың бірінші дәрежесін базистік немесе беткейлік наркоз дейді. Наркоздың бұл дәрежесінде организмнің ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылады, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендейді, ал тыныс алу, тамыр соғу, қан қысымы өзгеріссіз қалады.
Екінші дәрежелі наркозды — айқын наркоз деп атайды. Наркоздың бұл дәрежесінде организмнің ауырсыну сезгіштігі толығымен жойылып, көлденең жолақты бұлшық еттердің тонусы бірден төмендегенімен, тыныс алу жүйесі мен жүректің қызметі өзгермейді.
Үшінші дәрежелі наркозды — терең наркоз деп атайды. Наркоздың бүл дәрежесінде рефлекстер толығымен жойылады, тыныс алу әлсірейді, қан қысымы төмендейді, тамыр соғуы жылдам болғанымен, әлсіз болады.
Төртінші дәрежелі наркозды — аса терең наркоз немесе мөлшерден шектен тыс асып кетуі деп те айтады. Наркоздың бұл дәрежесінде ең маңызды орталықтардың қызметі бұзылады: қан қысымы бірден төмеңдейді, тамыр соғуы әлсірейді, тыныс алу сиреп, бірқалыпсызданады. Егер де тыныс алу және жүрек-қан жүйесінде патологиялық құбылыстар болатын болса, наркоз мөлшерінің шектен тыс асып кетуі жануарлардың өліміне әкеп соқтырады.

Наркоз кезінде орталық жүйке жүйесінің барлық бөлігі әлсірегенімен, тыныс алу мен жүрек жүмысын реттейтін сопақша ми қызметі аса қатты өзгеріске үшырамайды. Бірақ, сопақша ми қызметіндегі біршама өзгерістің өзі тыныс алу мен жүрек қызметін өлсіретіп, қан қысымы төмендейді. Сондықтан да наркоздық заттар концентрациясының аз ғана ұлғаюы, тыныс алудың әлсіреуіне, тіптен сал болып қалуына (паралич) әкеп соқтырады. Кейде, тыныс алу орталығының салдануы жүректің тоқтауына ұласады. Осыларды ескере отырып ветеринарияда негізінен жеңіл наркозды қолданады. Наркоздың бұл түрі жануарлар үшін қауіпсіз жөне көптеген операцияларды жасауға жеткілікті болады.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.