Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық театры

Главная » Рефераттар » Нартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық театры

teatr-risНартай Бекежанов атындағы Қызылорда облыстық қазақ драма театрының түп төркіні 1955-ші жылы Жетісу жерінде, Талдықорған шәһарында сол өңірден орын тепкен Қаратал, Ақсу аудандарындағы колхоз-совхоз театрларының тарихымен байланысты. 1960-шы жылы жетісулық сол ұжым жаңа мекен Қызылордаға ауысты. Ел арасынан шыққан бірнеше талантты актерлер тобы театрмен бірге Ақмешітке ере келді. Олардың арасында С.Рақышев, Ш.Бәкірова, С.Шотықов, Ж.Әбілтаев, Балғымбаев, С.Масина, О.Нәсімханов, Мәрденов, Көпбаев, Көпбаева, Тәшібаева, Ж.Бағысова, Манасбаева, Кәнетов, І.Шәкіров сынды жас әрі тәжірибелі өнерпаздар болды.Бір кездері тұңғыш кэсіби театрдың ту тіккен жерінен жаңа драма ұжымының орын тебуі жергілікті халық үшін ғаламат қуанышқа айналған еді. Қ.Қуанышбаев, Ә.Қашаубаев, И.Байзақов, С.Қожамқұлов, Қ.Жандарбеков, Е.Өмірзақов, Ж.Шанин, Қ.Бадыровтар бастаған сахна өнерінің отаны іспетті көне Қызылорданың рухани көркі барынша аспандай, асқақтай түскен еді. Театрдың эуелгі басшылық міндеттерін Ж.Әбілтаев (бас режиссер 1955-63 ж.ж.) С.Рақышев (директор 1955-60 ж.ж.) сынды өнер иелері атқарды. Негізгі шығармашылық қүрылымы жетісулықтардан түратын театр үжымы жергілікті ел-жүрт арасынан да дарынды қыз-жігіттерді іріктей жүруді үмытпады. Театрдың алғашқы кэсіби директоры Тәшкен театр өнері институтының түлегі С.Тұрлымұратовтың басшылық қабілеті осы театрда жарқырай көрінген еді. Сонау жердің шеті, алыс елден бас режиссерлік қызметке келген Ереван театр өнері институтының тәрбиеленушісі РС.Андриясанның да (1963-1965ж.ж.) жастық ізденістері осы аталған театрда бастау алды. Ол театрдың тұңғыш кәсіби режиссері ретінде өз қызметін жалғастырып әкетті. Қызылордалық ежелгі театр дәстүрін қалыптастырудағы Түрлымүратов -Андриясан бірлігін айрықша атап өтуге тиіспіз. Көркемдік деңгейлері атап өтуге тұрарлық қойылымдар жарық көріп жатты. Р.Андриясан режиссурасы «Қонақ үйдің қожасы», «Аңсаған менің әнімсің», «Қайдасың әке?» секілді басқа да дүниелермен айшықталды. 1964-ші жылы Алматы консерваториясы, театр факультетінің режиссерлік бөлімін тәмамдаған маман Маман Байсеркеұлы алғашқыда жай режиссерлікке бекітіліп, қызмет бабымен эуелде Қостанайға сосын Қарағандыға ауыскан Р. Андриясанның орнына бас режиссерлік міндетін мойнына алды (1964-1970 ж.ж.).

Талап қоя білгіштігімен, өзіне тән суреткерлік ұстанымымен, әрбір көркем дүниеге зор жауапкершілікпен қарай білер қаталдығымен дараланған Маман Байсеркеүлы артистер құрамының шеберлік тұрғысында күшейе түсуіне барынша күш салды. Сақа артистерге талап зорайып, орта, жас буын өкілдері орындаушылық шеберліктерінің сапасына сыни көзқарас қатая түскен-тін. Сол тұстарца Алматы консерваториясының актерлік бөлімін бітіріп келген Т. Пірімжанов, Ш.Әбдібаев, Ә.Арысбаева секілді жастардың театрға қабылдануы да режиссердің сұранысын қанағаттандыра түскен. 1968-ші жылы аталмыш труппа құрамына Қарағанды театрынан Хұсейін Әмір-Темір шақырылып, актерлік қызметке араласты. Соның нәтижесінен де болар, 1967-ші жылы театр ұжымы Алматыда өткізген тұңғыш гастрольдері кезінде аса жоғары бағаға ие болды. «Оптимистік трагедия», «Ана жер-ана», «Арман азабы» (режиссері М.Байсеркеүлы), «Қонақ үйдің қожасы» (режиссері Р.Андриясан), «Қарагөз» (режиссері Мен-Дон-Ук) қойылымдары өзіндік көркемдік құндылықтарымен қалың жұртшылықты тәнті етті.

.

Театр ұжымы үшін тағы бір қуаныш — сол жылы аталмыш өнер отауына айтулы ақын-жыршы, ардақты әнші Нартай Бекежановтың есімі берілді. Бұл оқиға аталған өнер ұжымына күрделі міндеттер жүктегені айтпаса да түсінікті болар. Театрдың мәдени рухани жэне шығармашылық жағынан өсіп-өркендеуіне зор үлес қосқан, сол жылдарғы ізденіс шеберліктері үшін «Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағын алып үлгерген Маман Байсеркеұлы режиссерлік білімін көтере түсу мақсатымен (О.Ефремовтің шеберханасына) Мәскеуге оқуға кетеді. Ол оқуға кетерінде, шығармашылық тұрғыдағы театр басшылығын режиссер Т. Тұңғышбаевтың қолына тапсырады. Ол шама-шарқынша екі жылдай ұжым тұтқасын ұстап отырған. Одан кейінгі театр тізгіні тағы да қазақтың бір ізденгіш режиссері, өткір қиял иесі Тастан Өтебаевтың еншісіне тиеді. Қиялға жүйрік, отты, темпераментті кейіпкерлердің сахналануына өз қойылымдарында көп көңіл бөлетін Т.Өтебаев ондаған комедиялык, трагедиялық дүниелердің авторы атанды. Ол Баязитов, Шүкіров сынды қызылордалық авторлардың сахнаға шығуына жол ашты. Кезінде, Мен-Дон-Ук, Д.Садырова, Қ.Жетпісбаев, Ж.Омаров, Р.Сейтмет сынды белгілі режиссерлердің де Сыр бойына ат басын тіреп, қойылым түзулері, сөз жоқ мәдени табыстардың қатарына жатары сөзсіз. Белгілі режиссер Е.Обаев театрға арнайы шақырылып, «Айман-Шолпан», «Өзіме де сол керек», «Шұға» атты қойылымдарды көрермен назарына үсын-ды. Театр үжымының таптаурындыққа салынып кетпеуіне эртүрлі режиссерлік қолтаңбалардың әсері айрықша болға-ны бүкпесіз ақиқат. Сыр бойының төл перзенті Хүсейін Әмір-Темірдің ең алғаш режиссураға келуіне ықпал еткен де осы Қызылорда театрының үжымы. Актерлік өнерден көп тэжірибе жинақтап, Мэскеудің режиссуралық шебер-ханасынан өтіп келген ол «Еңлік-Кебек», «Король Лир», «Түнгі сарын», «Ақан сері-Ақтоқты», «Махаббат мүңы» сияқты, т.б. көптеген күрделі қойылымдарды сахналады. Актерлік кұрамның нығыздала түсуіне хал-қадірінше едәуір күш жұмсады. Тиісті орындардың пәрменімен ол Талдықорған театрына ауысқан болатын. 1988 жылдан театрдың көркемдік жетекшісі әрі директоры болып, он жылдан астам қызмет атқарған Ерғали Оразымбетов «Қазақстанның халық артисі» атағы дәрежесіне дейін көтерілгендігі мәлім. «Кавказдың бор шеңбері»(Б.Брехт), «Шие бағы» (А.Чехов), «Аққу жібек» (Д.Исабеков) секілді қазақ жэне классикалық туындылармен бірге қазіргі күн тақырыбына арналған пьесаларды театр репертуарына енгізген аса тэжірибелі режиссер Е.Оразымбетов қойылымдарында пластикалық, музыкалық қабілеттердің молынан пайдаланылып, сахналық қозғалыс үрдістеріне кеңінен назар аударылары, қашаннан табиғи заңдылыққа айналған. Сахналық шарттылық ұстанымдарына ерекше талғаммен қарайтын Оразымбетов режиссурасының шеберлік ауқымы қашан да мығым.

.
.

1997-ші жылы 13-ші мамырда Қызылорда облыстық экімінің №493 шешіміне сәйкес облыстық мәдениет басқармасының №42 бүйрығымен аталған ұжым Нартай Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театры болып қайта құрылды. Театрдың Талдықорғаннан келген алдыңғы буын өкілдері мен тонның ішкі бауындай боп араласып кеткен Т.Айнакұлов, О.Әбдімомынов, Ұ.Байеділова, И.Рахманкұлов, Х.Саурықовтардың шеберлік тыныстары ашыла түсіп, олар кезінде академиялық қара шаңырақтан арнайы шақырылған С.Майқанова, С.Қожамқұлов, Ш.Жандарбекова сынды өнер саңлақтарымен қайсыбір қойылымдарда ғаламат ансамбль құрғаны театр тарихында қалды. Тағдырдың салғанына не шара? Көптеген театр артистері бақилық болды. Ұжым ақсақалы дэрежесіне жетіп қалған аса тәжірибелі актер С.Шотықовтың, бір кездері, күн көсемдер Ленин мен Сталин бейнелерін шынайы жасауымен ел-жұртты тамсандырған Т.Пірімжановтың қайталанбас актерлік техникасы, Ақан, Сырымның кейпінде сан толықсыған, ақындық жүрегінен әні мен күйі сорғалаған Ш.Әбдібаевтың, лирикалық мінез-кұлықтағы ару қыз-келіншектерді сызылта бейнелейтін Ә.Арысбаеваның бүл пәниден тым ерте кетулері шығармашылық ортаны ойсырата олқы түсіріп кеткені эбден рас. Театрдың байырғы суретшісі Ж.Әбіров маркүмды да еріксіз еске аламыз. Талантты кісі еді ғой, азамат! Көп жылдар бедерінде театрдың «жұлдызы» атанған Ж.Бағысова бұл күнде Көкшетау өңіріне түрақтаған. Сондағы театр сахнасында жемісті еңбек етуде.

Республикамыздағы өзге де драма ұжымдары секілді, Қызылорда театры да буын алмасу сәттерін бастан кешуде. Ол нәзік процестің әр ұжымда әртүрлі өтетіні әбден белгілі. Әйтсе де, Қазақстанның еңбек сінірген артисі Б.Алпысбаев, театрдың бас суретшісі, талантты қылқалам шебері, Қазақстанның еңбек сіңірген қызметкері С.Пірмаханов бастаған тәжірибелі өнерпаздар топ бастауда. К.Әбжанова, Ү.Бегімова, З.Төлепова, А.Артықбаева, Б.Махамбетова, Б.Ботбаев сынды дарынды жандармен қатар кейінгі буын өкілдері А.Байдэлиева, М.Пұшпақова, Б.Қожамүратова, Қ.Айтжанова, Е.Әбжэлиев, А.Қаржаубаев, Р.Ахметов, Ы.Баймағамбетов, Н.Көшербаев, ТТемірбеков, Б.Жұмаділдаев, З.Көздібаева, А.Қиятова, А.Қойшығұлова, К.Смайылов, т.б. өзара ортақ шығармашылық тіл табысып, күрделі сахналық туындыларды өмірге келтіру жолында бір кісідей еңбек етуде. Театр ғимараты бүгінгі дәуір талабына сай мұқият жабдықталған. Жеті жүзден астам көрермен қауымы еркін сыйып кететін үлкен залы бар. Шығармашылық топ күрамын алпыстан астам қызметкерлер саны толықтыра түскен. Аталған ұжым жөнінде ақын азамат марқүм Асқар Кіребаев қалам сілтеп, кітап жазды. Артықтығы жоқ, ол да болса ескерткіш, ол да болса естелік. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың бүл күндегі көркемдік жетекшісі, тэжірибелі өнер иесі Хүсейін Әмір-Темір «Король Лир», «Макбет» сияқты В.Шекспир шығармаларының да тамырын басып, эуселесін байқап жүрген парасатты суреткер. Сондай-ақ, М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, Б.Майлин, Қ. Мұхамеджанов, Т.Ахтанов, Д.Исабеков, Иран-Ғайып пьесаларынан да рухани эстетикалық нәр іздестіру жолында қиыс баспай келе жатқан сергек сахнагер. Ол таяуда ғана белгілі драмашы Д.Исабековтің «Мұңлык-Зарлық» атты мифологиялық, яғни, аңыз-ертегі желісінде жазылған, бірақ бүгінгі көрермендерге айтары бар тың дүниесін жарыққа шығарды. Ол премьераларға пьеса авторының өзі де қатысып қайтты. Бас режиссердің ендігі арманы, қалайда, Мұстафа Шоқайдың бейнесін сахнаға шығару. Оның ондай идеясын театрдың кезектегі режиссері О.Нүрмаханов та қолдайтын сыңайлы. Ендеше, «іске сәт» дейміз сыралғы әріптестерге. Жалпы, авторлармен тікелей, нақтылы жұмыс істеу -Қызылорда облыстық театрының ежелден келе жатқан төл әдеті. Ендеше, өнер жұмбағын, сахна қүпиясын іздеу сапарында жетістік-кемшіліктердің талай-талай түрлерін көріп, шарықтау шақтары мен құлдырау сәттеріне сабырмен қарай білетін байырғы ұжымға қашан да сәттілік тілейміз.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.