Назым сөз

Home » Рефераттар » Назым сөз
Рефераттар Комментариев нет

Әлімсақтан Бабыл жері жаңашыл поэзияның отаны саналған, ал бұл назым сөз өнерінің негізін салушы Басрадан шыққан Башшар ибн Бурд (168-784 ж. қ. б.) деп есептеледі. Жер қазушы (таййан) отбасында зағип боп туған болашақ шайырдың жасынан дене мүсіні науша болғаны сонша, бір қасида өлеңінде ғашықтық дертінен арып-ашып, ескек желмен дөңгеленіп журе беретін әлжуаздығын айтып зарланғанша тындап отырған жұрт қыран-топан күлкіге батады екен. Шайыр жырға кірісер алдында алақаньга шапаттап, жөткірініп, жан-жағына түкірініп алатын болған. «Ол кезде Басрада ғашық жастар Башшар жырын қоспай ән айтпайтын, ал жоқтау айтатын әйелдер мен әнші кыздар осы шайырдың шығармаларымен күн көріп, дәулетті, текті кісілер ақынның сын сырығының ұшына ілігіп кетуден сақтанысып жүрер еді. Башшар Басрадан ұзақ шығып, Бағдадқа да барған, ел-Маһди халифаның алдында қасыда толғаған, сонда айтқан жырының ұзын саны 12 мың еді дейтін әңгіме бар. Жырды құнды бағзының шайыры сияқты саф араб әуезімен айтқан. Басра маңында көшіп-қонып жүретін Қаис Ғайлан бәдәуи тайласына барып қасида толғаған және ана тілінің тереңіне емін-еркін бойлай білгені сонша, кейінгі ғалымдар талантына бас иіп, сілтеме жасаумен болады. Бірақ Башшар қайтсе де ескінің ақыры еді. Бүл дәуірдің ақындары назым жыр құрастырған кезде дала гүлінің орнына бақша гүлін әкеліп, болмаса атақты Ибн Йусуфтың бауыры әл-Касим сықылды әңгі есекті қолға үйретілген ешкіге ауыстырса да, тіпті Ибн әл-Ғаллаф (318-930 ж. қ. б.) құсап үй мысығын құлағынан сүйреп әкеп жатса да, ешкім жаңа түр, соны мазмұн таба алмады, табуы да неғайбыл еді. Жалғыз құбылыс — «айтқыштық» — мәдениеттің құлдырау, сему дәуіріне тән осынау назым сөз белгі ғана біршама жаңа болатын. Бұл белгі араб поэзиясына үлкен шаһарлардағы алақұйын тірлік әбден орныққан шақта опырып-сындыра кірді. Насыр сөздегі сияқты бұл жолы да қызық атаулыға көзжүмбай елігу көне жыраулар поэзиясына тән талғам-тұшымды жөргегінде тұншықтырды. Насыр сөзде байыпты машық пен әзіл-оспақ мәнерін астастыра білген әл-Джахиздің жаңа стилі көпірте мақталып жатса, әдебиетші Абу Зайд сияқтылар да жоға-рыдағы Башшардың біржақты қадим әріптестері салып кеткен қанунды бұзып, әлгі байсал баян мен әжуа стилін алма-кезек қолдануын ұнатты. Әл-Асмағида Башшардың талант қырына қайран қалумен болды, ал жаңа атаулыны тосырқай қабылдайтын ескішіл Исхак әл-Маусили керісінше Башшарды іске алғысыз етіп, хұснилық пен құбыжықтықты қатар қоятын талғамсыз шектен шығушылығын айып етіп тағады. Башшар бір тұста Сулайманың сүйегін қант құрағына ұқсатса, бір айналып соққанда әлгі сүйекке жуашық жақса, пияздың ащы исі мүшкі жұпарына орын беретіндігін толғайды. Кененің жырауы үшін ойдың артына ой жасырып, назым сөз қолдан күрделендіріп қалып қиятын «бытпылдық» жараспайды, дегенмен осы тәсіл ІІІ-ІХ ғасырда да тез етек жайғандықтан өлең шіркін қашанғы өдетіне баеып, әйтеуір өзгеден өзін ерекшелеп тұратын нұсқалылықтың (бадиг) жетегінде кетеді415. Заманының күшті ақьшдарьшьщ бірі Ибн әл-Мұғтаза (296-909 ж. қ. б.) тіпті осының өзіне тұтас рисала арнаған. Әрқандай «бытпылдық» поэзияда болатындай, көп үзамай мұңда да дерексіз абстракция пайда болды; енді өлеңнен алдымен мән-мағына, өлең өрімі мен бейнелеу жүйесінен өзара шаршамай шырмалған байланыс іздеу өзінше бір дағдыға айналды. «Башшар ибн Бурд пен оның жақтастары назым сөзге әкеп қосып, жүгенін сыпырған және де бұрындары мүшірік ақын мен мұсылман шайырының өңі түгіл түсіне кірмеген идеялар осылай басталған. Бұл жағынан да Башшар көздеген нысанадан табылады, «себебі назым сөзде ол әзіне жаратылыс сыйлағанды, талант боп бойға сіңгенді қанағат етпей, ой түбірін, ақиқат кенін, татаусыз теңеулер қазынасын ізерлей іздеп, күшті дарынының арқасында тауып отырады. Әсіресе, бұл жаңа лептің сипаты ретінде зағип ақынның өзімен сүхбаттасқан бір әйелдің даусына ғашық болып шығарған жыры көрсетіледі. Бұрынғы ақыңдар сұлудың алма бетін раушан гүліне теңеп келген еді, ал мына шайыр, керісінше, раушан гулін «бір-біріне оңай демімен жанасқан ғашықтардың ыстық бөденіне» шендестіріп, тыңдарманды одан әрі ынтықтырады. Тегі грек Ибн ар-Румидің (280-893 ж. қ. б.) шашын тақырлап алып отырған бір адамға арнап шығарған жыры нағыз талант табына піскен бәйіт деп бағаланады: «Оның жамалы түннің арқасында өсетін жаздың күні секідді басьшың арқасында өседі», бүл жерде ақын түн мен күн деп шаштың мөлт қаралығын, беттің наурыз қарындай ақтығын меңзейді. Сол ибн ар-Румидің Башшарды арғы-бергі заманның тендесі жоқ ақыны деп жариялауға дәті барған, мұнысымен ол заманындағы әдебиет білгірлерін түгел түршіктірді. Есесіне араға 200 жыл салып талғампаз Ибн Рашик (463-1071 ж. қ. б.) Ибн ар-Рамидің өзін жаңа лепті ең мықты ақын деп бағалады: оның «Руми үшін айналаны әсемдікке бөлеп қою түк емес деген сөзі ілгеріде өзіміз келтірген тосын теңеулі өлеңі хақыңда айтылған. Жаңа стиль дарынды ақындарды өз жанынан өз тілінше ой айтуға жігерлендірді. Бұл ақындардың аңғал сөйлеп бопсалауға, ыңғайлы қалын-штампттарды ерсілі-қарсылы сапырылыстырып қолдануға еш қақысы жоқ еді. Үшбу стильдің арқасында бүгінгі біз Башшардың қыршын кеткен қызына арнап шығарған шекер жырын оқып, тәнті бола аламыз: Сириялық Абу Фирас та (357-968 ж. қ. б.) ескі бағыттан бұлжымайды. Бәрінен бұрын оның өз шығармаларында халифалықтың күнбатыс шекарасындағы буырқанған әскери уақиғаларды өлеңдеріне мейлінше аз арқау еткісі келген ниеті назар аударарлық. Хамадани өміріне немере іні болып келетін шайыр үлкен істердің қайнаған ортасында жүруі керек еді, оның «мадақ» жырының қомақты бөлігі ақыңдық пен ойдан шығарылған дүние болғанның өзінде де оларда шындық өмірдің үшқындары болмауы мүмкін емес-ті. Әлгі уақиғалардан бейхабар адам шайырдың жазғандарын оқып отырғаңда дәл сол түста сириялықтар мен гректер, мұсылмандар мен христиандар заманына мәлім бүкіл қару атаулымен мұздай құрсанып алып, өзара табан тіресе соғысқанын сезбес те еді. Фирас бәйіттерін екі бәдәуи тайпасының арасында күңде болып жататын ру алакөздігінің шежіресі деп те қабылдауға болады. Шайырдың грек қаласына қамалған шағына жататын өлеңдерін өз басым ұйқасты назым сөздің қатарына жатқызуға бейілмін, ал егер ас-Сахиб, ас-Сағалиби сияқты жазушылар әлгі шығармаларды асыра дәріптеп жатса, мұның өзі Фирас тұсында насыр сөз бен назым сөздің бір-біріне қосылып кеткендігінің бір дәлелі. Марқұмның жеке басына қатысты әңгіме осымен тәмам, ал енді кейінгі бөлікті басқа кез келген кісінің өліміне бағыштай беруге болады. Шайыр астананың бейбіт тұрғыны бола тұра қала тіршілігінен үзап шығып, үдайы бөдәуи өмі-ріне тән соғыс, шөл дала, желмая, мінісіп жүйріктерге толы жауынгер романтиканы әуезе етеді. Сөйтсе-дағы осы бір өлендер ақынның өз жүрегін жарып шыққанын, белгілі бір дәрежеде жанының отыз бүктеу, қырық қаттауынан өтіп барьш назым сөзге айналғанын ағатсыз сезінесің. Бүл жағынан әлгі баяу ырғалған бәйіттер «мені Ибн әл-Хаджжаджаның ақындық керігінен еткен адам жазды» деп тұрғандай-ақ. Әсіресе, Хорасаннан келген тәуап етушілердің құрметіне халифа тарапынан берілген салтанатты қонақасы үстінде оқыған қасидасының шоқтығы биік. Өртке тиген дауылдай өжет бәйіт «ә» дегенде-ақ хаж барысында кездесер қауіп-қатерді баяндауымен, әсіресе артта қалғандардың талайлы тағдырын болжауымен тас жүректі де түрпіктірерлік болып шыққан.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.