Ғұндар

Арнайы әдебиеттерде ғұндар туралы бір ізді, дәйекті дәлелденген нақты мәліметтер жоқ. Дегенмен арнайы әдебиеттерде б.д.д. 220 жылдар шамасынан б.д. II ғасырына дейін Қытайдың Солтүстік жағын мекендеген көшпенді халық деп мәлімденеді. Аспан асты елінің тарихи жазба деректеріне қарағанда б.д.д. VII ғасырда, олардың басты жауы Ғүндар немесе Сюнну деген атпен танымал солтустіктегі көшпенді тайпалар болады. Бұлар кімдер еді, Қытай шекарасына қайдан келген еді?
Ғұндардың өмірге келуі. 1927-1937 жылдар аралығында Ішкі Моңголияда швед экспедициясының жүргізген қазба жұмыстары кезінде неолиттік мәдениет орны табылады. Оның соңғы өмір сүрген уақыты б.д.д. 2000 жыл шамасы деп белгілегеді. Мамандар пікірінше бүл мәдениеттің Солтүстік Қытай неолитіне «белгілі бір дэрежедегі қатысы болса да» одан түпкілікті айырмашылығы бар. Қайта қалпына келтіру жұмыстары, олардың өзен, көл жағасында өмір сүрген аңшылар, балықшылар, терімшілер болғаны туралы қорытынды жасауға мүмкіндік береді. Осы сүрақ төңірегіндегі айтыстар оқымыстылар арасында бүрыннан жалғасып келе жатыр.Тарихшы Николай Крадин, «Им-перия хунну» аталатын кітабында: «Дэстүрлі тарихнама ғүндар тарихының бастауын б.д.д. II мыңжылдыққа жатқызады, Шан және Инь дэуірінде Қытайдың солтүстігінде өмір сүрген «жун» жэне «ди» халықтарымен теңестіреді», — дейді. Дегенмен тарихшылар Хань дэуіріне дейінгі ғүндар тарихына, шежіре мэтіндердің айқындығына күмэн келтіреді. Зерттеушілердің бірі ғүндар мэдениетінің бастауын Монголия жэне Байкал сыртындағы (Забайкалья) тас қорымдар мэдениетінен көреді (Гумилев, Сосновский, Сэр-Оджав). Екіншілері, көне ғүн мэдениетінің белгілерін Саян-Алтай жэне Қазақстан жерінен табылған «скифтік-сібірлік» жэдігерлерден көреді. Оқымыстылардың келесі тобы ғұндар мэдениетінің бастауын, шамамен алғанда б.д.д. XIII ғасырына жататын «ордос қоласымен» байланыстырады (Вареное, Комиссаров, Коновалов, Миняев, жэне қытай археологтары)» [188].
Л. Гумилевтің «Хунны. Степная трилогия» кітабында гундардың тарих сахынасына шығуы Қытайда Ся династиясы билігінің жойы-луымен байланыстырылады. «…Ся династиясы тақтан қүлатылған-нан кейін, соңғы патша, қуғында жүріп қайтыс болған Цзе-куяның үлы Шун Вэй — отбасы жэне қарамағындағыларымен Солтүстік даласына кетеді. Шун Вэй, қытайдың дәстүрлі тарихы бойын-ша гундардың түпкі атасы болады. Осы мэліметке сэйкес гундар қытайдың өз ішінде қуғынға үшырағандары мен далалық көшпелі тайпа өкілдерінің араласып кетуі нэтижесінде пайда болады. …Хал-ка жазығында… ғұндар тарих сақынасына шығады. …далалық көшпенділер деп аталады» [185. 13-14 б.б.].
Арнайы эдебиеттерге сүйене отырып, ғүндердың қытайлықтар мен көшпенділердің қосындысы болатынын, сыртқы түрінде еуропалық белгілердің басым болғанын түсінеміз. Осыған орай Л.Гумилев, зерттеушілерге кең танымал «Көпір үстіндегі соқтығыс» деп аталатын Қытайлық барельефте (тегіс нәрсеге түсірілген бейне) атты ғұндардың мұрындарының үлкендігіне назар аударады. Қытай деректері олардың тізе бүкпеген қайсарлығын, тэртіпке бағынбайтынын, б.д.д. III гасырда олардың көсемі Мөденің біріктіргеніне дейін өзара жауласқан көптеген руларға бөлінгенін жеткізеді. Қытайлықтар өздеріне жақын өмір сүрген халықтар ара-сынан ғүндарды ерекшелеген, жабайылар ретінде кемсітпеген, олар-ды «аспанның асқақ өркөкіректері» деп атаған тэрізді.
Шаруашылығы. Археологиялық қазба жүмыстары ежелгі за-мандарда Қытай мен далалықтар арасында қалыпты қатынастың болғанын көрсетеді. Тарихи эдебиеттерде б.д.д. 1200 жылдар шама-сында ғүндарда бір орталыққа бағынған мемлекеттің пайда болған. Бүл олардың түрмысы мен өмірлік үстанымдары сипатында, халық өмірінде айтарлықтай алға басулардың болғанын көрсетеді. «Олардың үйі жоқ жэне жер өңдеп, егін егумен де айналыспайды. Тек шатыр-ларда өмір сүреді. Жасы үлкенді сыйлайды жэне жылдың белгілі бір уақытында өздерінің шаруаларын реттеу үшін жиналады» [185. 25 б.].
Ғүндар тарихында ерекшеленетін екінші кезең осы уақытта Гоби шөлінен өту мүмкіндігіне ие болуымен байланыстырылады. Л.Гумилевпікірінше,ержүректеңізшілерретіндефиникиялықтардың Еуропаға баратын су жолын ашқаны тэрізді, ежелгі көшпенділердің адамзат тарихы дамуына сіңірген еңбегі мал шаруашылығымен айналысып, Гоби шөлінен жол салып, Сібірді ашуы болды. Тарих тағдара үшін осы екі жаңалықтың да маңызы үлкен болды, бүлардың қайсының маңызды екенін айту қиын, — дейді.
Шөл даладағы өткелдің пайда болуы мал шаруашылығы жетістіктерімен байланыстырылады. Жартасқа салынған суреттен шөл дала «кемесінің» өгіз жегілген күймелі арба болғаны көрсетіледі. «Дала ушін мыңдаған жылдарга созылған қақтығыс жазба дерек-терде сақталмаған. Дегенмен б.д.д. III ғасырға таман ежелгі ғүндар барлық далалық кеңістіктің, Гоб шөлінен Сібір тайгасына дейінгі аймақтың қожасы болды. Енесей мен Абакан жағалауларында ағаш шалаштар жанында көшпендінің киіз үйі пайда болады» [185. 26 б.].
Б.д.д. IV ғ. ғүндар Гоби шөлінің оңтүстік бөлігіне өтіп, қытайлықтарды қорғануға мэжбүр етеді. Осы соғыстардың ескерткіші — ¥лы Қытай қорғаны мен Монғолиядағы тас тақта қорымдары. Л.Гумилев бүл туралы: Орталық Монғолия мен Оңтүстік Байкал даласында қайталанбас өзіндік ерекшелігімен «Тас тақта қорымы мэдениеті» пайда болады. Бүл ежелгі ғұндар мэдениетінің бастапқы сатысы, — деп көрсетеді.
Осы уақытқа жеткен деректер мен зерттеушілер еңбектері, тас тақта молаларды қалдырған адамдардың негізгі кэсібінің малшаруашылығы болғаны меңзеледі. Осыған қоса мамандар, көшпенді тірлік ерекшеліктеріне қарамай, ғұндардың металл өңдеуді, қол өнері ісін жэне егін шаруашылығын жақсы игергенін мәлімдейді. Қорымдардан Индия мұқитынан алынған каури қабыршақтары, ақ цилиндр моншақтар, қытайлық үлгідегі ыдыс қалдықтары табылған. Бұл ежелгі Ғұндардың байланыстары ауқымының кең болғанының дэлелі.
Зерттеушілер олардың элеуметтік құрылымдарының да айқын-далмағанына назар аударады. Молалардың орналасуы қауымдық-рулық байланыстың берікті туралы пайымдау жасауға мүмкіндік береді. Дегенмен мүның бай мен кедей отбасылары болған жоқ дегенді білдірмейтініне, ғүндардың патриарқалдық ру шеңберінен шықпағанына сілтеме жасалады. Көсемдер, ақсақалдар мен танымал батырлар жоғарғы топ өкілдеріне жататыны қай уақыттан да мэлім. Сондықтан бүлардың қорымдарының қатардағы руластарынан айырмашылығының болып, «бүғылар тасы» атануын түсінуге бо-лады. Деректер тас тақташалардың бүғылар бейнесімен, күн табағы жэне қару-жарақпен өрнектелгенінен мэліметтер береді.
«Бүғылар тасы» бүл сайын далада тікесінен тік қойылған түтас тас тақта немесе қабір басына ескерткіш ретінде қойылған жазуы бар тас тақта. Бұлар алғаш рет Сібір мен Байкал төңірегінен табылған. Сайын далада олардың жалғыз жэне қатарласа тұрғандары да кездеседі. Әдетте бүл құрылымдардың ортаңғы түхы бүғылар, сирек те болса жылқылар, адамдар немесе фантастиклық жан иелерімен бедерленген. Осыдан бүларды қорымдарға қойылған болуы мүмкін деген де жорамалдар айты-лады. Мамандар ежелгі замандарда қорым басына тас тақталар қойылғанын, бірақ оларда салынған суреттердің болмағанын мэлімдейді. Көне ғұндар мэдениетіне жанасатын тас тақта қорымдарының уақыт жағыанан алғанда кейін пайда болған қорымдардан айыр-машылығы болды. Л. Гумилев оны: біріншіден, ғұндар кең көлемді қолданды, ал бұл тас тақта қорымдарында өте сирек кездеседі… Екіншіден, ғұндардан патша корымдарын кездестіреміз. Бұл түсі-нікті, өйткені б.д.д. III ғ. Ғұн тайпаларының бірігуінің жүзеге асырыл-ғаны, бір орталыққа бағынған мемлекеті пайда болғаны айтылды.
Ғұндар діні. Ғұндар жыл сайын көктемде «өз аталарына, аспан, жерге жэне рухтарға» құрбандықтар берген. Күн сайын щаньюй екі рет, таңертең шыққан күнге, кешке айға қүлшылық жасаған. Іс-эрекет «жүлдыздар мен айдың туған түріне қарай» басталатын. Бұған қоса шаньюйдің «аспан мен жерден туғанын, күн мен ай-дан билікке тағайындағанын» есепке алатын болсақ, онда табыну нысанының Ғарыш болатыны түсінікті. Ғұндарда жанданған ғарышты бейнелейтін балбал тас болған, Ғарыш жандандырылған… Жанданған Ғарышқа деген сенімді ғұндар өз елдерінің батысында қоныстанған юэчжей, динлиндерден алған. Өйткені шығысазиялық моңғолтектестерде мұндай сенім болған жоқ, керісінше олар поли-спиритуалистер (спритуализм-рухты, материядан бөлек өмір сүретін ерекше субстанция деп қарау), көптеген рухтарға сенушілер бол-ды. Шығыста полиспиритуализм ата-баба рухын, табиғат рухынан ажыратты жэне олардың бэрін де шақыруға немесе қуып жіберуге, наразылығын тудыруға немесе көңілін аулауға болатын… Ғұндар о дүниелік өмірге, рухтарға …өмірдің жалғасы деп сенеді. Осыдан салтанатты екі қабат табытқа салып жерлеу; мэйіттің жаурама-уы үшін қалың зерлі жүн мата, қымбат бағалы аң терілеріне орау; оған о дүниеде қызмет ететін бірнеше жүз бірге өлген достар мен қызметші қыздар… Адамды қүрбандыққа беру тек шаньюй немесе жоғарғы дәрежелі ақсүйекпен шектелмейді. Бақсының айтуымен, «жауынгер», мүмкін ата «рухтардың талап теуімен» құрбандыққа ержүрек түтқындар беріледі… Бүл діни жүйе бір құдайға деген сенімді білдірмейді, тек жындар, зұлым жэне шекті жан иелерін құрмет тұтумен шектелді… [185. 81 б.].
Мэдениет жетістіктері. Ғұндардың қол жеткізген табыстары ту-ралы Л. Гумилев келесі мэліметтерді береді:
— ғұндардың басты жетістігі Моңғолияның далалық аймағын игеруінде болды;
— жеткілікті мөлшерде жылқылар мен бұғауланған бұқалар са-нын көбейтіп, арба үстіне орнатылған киіз үйлерді (күймелі арбалар-ды) жасады;
— алғашқылардың бірі болып, мал шаруашылығы мен қатар қаумалаған өнімді аңшылықты қолданды;
— б.д.д. III ғ. құсбегілік өнерін өмірге енгізіп, аңшылықта сұңқарды пайдаланды.
Олардың баспанасы-арба үстіне тігілген киіз үйдіңкелесі ыңғайлы жақтары бар: бірінші, тастан тұрғызылған немесе қабырғалары қатып қалатын дер жайларға қарағанда жел, аяздан жақсы қорғайтындай жылы болды. Баспана, тұрақтар орны ауысты-рылып отырды, отынмен қамтамасыз болатын жерлерді қашанда табуға болатын. Екінші, арбаға орнатылған баспана қауіпсіздеу бол-ды. Ол барлық мүлікпен отырған жерді ауыстырып, жаудан құтылып кетуге мүмкіндік беретін… Тері киімдер берік, жеңіл жэне қолайлы болды. Тағам қолдағы малдың көптігінен эрқашан жеткілікті ет пен сүттен тұрды. Қалжырататын ауыр дене еңбегінің болмауы, аңшылықпен айналы-су денсаулықты жетілдірді, қалыптастырды. Жиі жасалатын эскери жорықтар батылдық пен жігерді жаныды [185. 79 б.].
Тарихи дәуір жазу өнері біздің уақытымызға жетпеген… Осыдан да болар, Хань дәуірінің қытайлықтары ғұндарды жабайы халық деп көрсетеді. Л. Гумилев, мүмкін бұл қытайлардың мэдениеттің жалгыз бастауы өз елі болады деп есептегенінен шығар дегенге меңзейді. «Өкінішке орай, ауыз эдебиеті жэне ғүндардың рухани мэдениетінің жетістігі, көрінісі болатынның бэрі жойылған. …олардың мәдениеті деңгейі, соның ішінде қолданбалы өнері Монғолия мен Ордоста жүргізілетін қазба жүмыстары кезінде қалпына келтірілуі мүмкін. Өйткені ғүндар замандасы болатын саян-алтай өнерінің жетістіктері үздік» [185. 80 б.].
Ғүндар шапқыншылығынан қорғану үшін Цинь-ши-хуан-ди Ұлы Қытай қорғанын түрғызған. Жанындағы көшпелі тайпалардың басын қосуға мүмкіндіктер алған ғүндар, Қытайдың Хань империя-сымен де белсенді соғыстар жүргізген…
Ғүндардың тарих сахынасынан кетуі ғүн жауларын өз жағына біріктіре білген император У-ди есімімен тікелей байланысты. Та-рихи деректер жауынан жеңілген, жаңа жерлерді іздеп батысқа бер бүрған ғұндар мемлекетінің б.д.д. 51 жылы екіге бөлініп кеткенінен мэлімет береді: Шығыс ғүндары Қытай императорының үстемдігін мойындаса, ал Батыс ғұндары Орта Азияға тықсырылады.
Ғұндар туралы кең таралған мэліметтерге сүйенетін болсақ, онда олардың Орта Азияға қарай шегінген бөлігі жолында кездескен халықтармен араласады. Белгісіз болашаққа бет бүрған осы батыс бөлік еуропаға келеді. Аландар, готтарды жеңіп, Римге жетеді. Міне осы Батыс бөлік еуропалықтарға «Ғұндар» деген атпен танымал болған. «Ресейдің оңтүстігіне келген ғұндар туралы алғашқы де-рек б.д. 160 жылы берген Диониси Периегетке тиесілі. Осы кезден ғұндар атын 175-182 ж.ж. аралықтарында Птоломей қайталайды… Көптеген еуропалық ру-тайпаларды ғұндардың қирата жеңуі, жазаға ұшыратуы, батыста бұлар туралы баскесерлер, қарақшылар атауының қалыптасуына себеп болды. Дегенмен қытай деректері бүларды «варварлар» ішіндегі ең бір мэдениетті халық деп сипаттайды» — дейді Л. Гумилев.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.