Ғұндардың археологиялық ескерткіштері

Home » Рефераттар » Ғұндардың археологиялық ескерткіштері
Рефераттар Комментариев нет

Ғұндардың археологиялық ескерткіштері және материалдық мәдениеті. Қазақ ұлтымыздың Еуразияның кең-байтақ даласында ежелден бері өмір сүріп келген ертедегі ру-тайпалардың сан ғасырлар бойы өзара араласу, біртұтастану сияқты үрдістердің нәтижесінде пайда болғаны баршаға мәлім. Бұл тайлалардың ішінен қуатты мемлекетке айналып, тарихта, мәдениетте, өнерде белгілі із қалдырғандарының бірі — ғұндар. Өкінішке орай, тарихи шығармаларында ғұндардың тарих сахнасында көп уақыт болмай, өзімен бірге тек қана өлім мен зорлық-зомбылық әкелген жабайы халық болғаны жөнінде пікір қалыптасқан. Алайда соңғы тарихи және археологиялық зерттеулер бұл халықтың әлем тарихындағы алатын орнын қайта қарау мәселені көтерді. Көптеген ғалымдар ғұндардың жоғары дамыған мәдениеті мен олардың әлем өркениетіне қосқан үлестері туралы өз пікірлерді айтады.

Мәселен, орыс тарих шығыстанушы Лев Николаевич Гумилев: «Ғұндар европалықтарға қарағанда дамымаған деп есептеген ертедегі және қазіргі пікірлердің негізі жоқ. Керісінше ғұндардың ақылы мен іскерлігіне баға беру керек», — деп жазады. Сонымен қатар, ғұндардың орнын белгілі шығыс зерттеушісі А.Н. Бернингам да жоғары бағалайды. Оның пікірі бойынша «ғұндар тарихта прогрессивті рөл атқарды. Олар феодалюмнің пайда болуына әсер етті».

Көшпелі ғұндар мемлекеті өз кезінде Шығыс, Батыс Еуропа, Таяу Шығыс, Қара теңіз аймағы мен Орталық Азия, Қытай арасындағы халықаралық, сауда, экономикалық, мәдени байланыстардың негізгі буыны болды. Ғұн жері арқылы мемлекеттер, халықтар бір-бірімен қатынас орнатты [1,4].
Көшпенділердің жалпы өркениетке қосқан үлесінің маңызы зор еді. Ғұндар шығыс мәдениетінің өкілдері бола тұрып, европалықтардың дүниетанымдық көзқарастарын күрт өзгертті. Тарихшы-жазушы Мурад Аджидің айтуы бойынша, ғұндар Европаға келген кезде, өзінің тазалық пен мұнтаздылықпен, әдемі жібек киімімен, шалбар мен өкшесі бар аяқ киімімен европалықтарды таң қалдыртқан екен [2, 190].

Ғүндардың материалдық мәдениеті жөнінде сөз етсек, ғұндар сақ тайпаларының мәдениетін жалғастырушысы, одан әрі дамытушысы болған екен. Ғұн қоғамындағы сауда қатынасының, темірден жасалған бүйымдардың, тері өңдеудің кең өріс алуы, көлөнердің пайда болуы өркениеттің қозғаушы күші еді. Ғұндарда жоғары дамыған материалдық мәдениеті мен әскери өнерінің жетілдірген техникасы мәлім болды [3, 190]. Ғұндар қару-жарақтарды, жылқы тұқымдарын, көлікті және әскери бекіністерді дамыта отырып, Шығыс Европа, Византия, Ресей, Иран және Қытай елдеріндегі әскери өнерінің даму үрдісіне ықпал тигізген болатын [2, 190]. Әйгілі Шыңғысханның тұсында болған әскердің ондыққа, жүздікке, мыңдыққа, он мыңдыққа бөлінуі ғұндар кезінде пайда болды. Бұл тәсілді Аттила (Еділ патша) ойлап тауып, оны Еуропаға жеткізген. Еуропадағы рыцарлық, яғни мұздай қаруланған атты жауынгерлік те ол жаққа Аттиламен жеткен еді [4, 118]. Аттила бастаған ғұн әскерлерінің шабуылы туралы бүкіл Европа аңыз етіп айтатын. Атты әскер
құйғытып шауып келе жатқан бетінде самсаған сансыз жебелерден оқ жаудырып, жау әскерінің есін кетіріп барып шайқасты бастайтын. Ғұндардың аттары бөлекше еді, ыстық-суыққа бірдей төзімді бұл жануарлар иесінің айқайынан, тізесін қағуынан-ақ ойындағысын жасай беретін, ғұндардың екі қолы дәйм бос болатын, жекпе-жек шайқас кезінде әлгі аттар дұшпанды тұяғымен талтап тұратын. Ғұн жауынгерлері ұзындығы бес футтай ауыр садақтан шіреп кеп тартқанда 100 метрде жердегі қалқанды қақыратып кете беретін. Әсіресе, атты әскердің артынан ілесіп жүріп, жауынгерлерге жебе жеткізіп беріп тұратын ат арбалар сол кез үпгін ерекше жаңалық еді [5,4].

Солтүстік Қытай мен Қиыр Шығыстан бастап Дунай, Карпат өлкелеріне дейінгі аралықта ғұндар дәуірінен (б.з.б. 2 ғ. — б.з. 5 ғ.) сақталған қоныстар, обалар, ғұрыптық құрылыстар, металл өндіру орындары және кездей-соқ табылған көмбелер мен жекелеген заттарды кездестіруге болады. Ғұн дәуіріндегі археологиялық ескерткіштер үш топқа бөлінеді: 1. Шығыс ғұндардың ескерткіштері. 2. Қазақстан, Орта Азия, Еділ, Оңтүстік Орал жеріндегі ғұндар келіп, жергілікті тайпаларға араласуы нәтижесінде пайда болған ескерткіштер. 3. Қазақстаннан Оңтүстік Орал, Төменгі Еділ арқылы Европаға барған жаңа бірлестіктің қалдырған ескерткіштері.
Шығыс ғұндардың негізгі ескерткіштері Ордос, Моңғолия, Бурягаяда, ішінара Саян-Алтай, Енисей, Қиыр Шығыс жерлеріне тараған. Мұндағы ескерткіштері б.з.б. II — б.з. I ғасырлары аралығын қамтиды және «суджа» және «дерестуй» деп екі мерзімдік топқа бөлінеді. Оларды зерттеу жұмыстарына бір ғасыр бойы Азия мен Европаның ондаған ғалымдары қатысты [6, 23-24]. Алғаш 100-ден астам обаны Байкал сыртында (Бурятия) XIX ғасырдың соңында Ю. Талько-Грынцевич қазды. Байкал сыртындағы Селенга өзенінің бойында қазылған Иволга қалашығының маңызы зор. Бұл ең көп зерттелген археологиялық ескерткіштің 8 мың шаршы метрі, яғни бүкіл аумақтың 20%-ы қазылған екен. Иволга қалашығынан балшық қабырғалы, төбесі екі қанатты ағаш шатырмен жабылған 54 үйдің орны анықталды. Қабірлер ұзынша пішінде қазылған, мүрделер ағаш табытқа салынып, басы солтүстікке қаратыла 1-2 м тереңдікге жерленген. Ғұн көсемдерінің мүрделері өте терең шұңқыр ішіне орнатылған қос қабатты бөрене қималарға қойылған. Тақтай табыт пен бөрене қималар, қабірді бас жағына мал бастарының салынуы ғұн мәдениетінің тұрақты белгілеріне жатады. Жалпы Байкал сыртында 20 шақты қорымдары мен 900-дан астам қабірлері табылған.

Моңғолияда ғұндардың 30 шақты қорымдары белгілі, олардың ішінде 10-нан 300-ге дейін қабірлері орналасқан. Жалпы алғанда бұл қорымдарда 1 мыңнан астам обалары бар. Олардың басым бөлігі солтүстік пен орталық Моңғолияда орналасқан. 1924-1925 жылдары П. Козлов Солтүстік Моңғолиядаіы Ноян-Ола үлкен обаларын зерттеген. Бұл обалары зерттеліп, көптеген ғұн бұйымдары (қару-жарақтар, тұрмыс пен өнер заттары) және мыс, нефрит, ағаштан жасалған қытай бұйымдары мен жібек маталары табылған екен. Обалардың ғұн ақсүйектеріне тән екені анықталды [7, 255-258 ]. Ноян-Ола обаларымен қатар Моңғолияда Баин-Цзурхэ қорымдары орналасқан. Ноян-Оладағы Судзуюэ, Гуджиртэ, Цзурумтэ деген үш ірі қорымдарды атал өтуге болады. Ал Баин-Цзурхэ тауларындағы ірі қорымдары — Ильма, Черемуха және Суджи шатқалындағы қорымдар. Ноян-Ола мен Баин-Цзурхэ таулы алқаптарындағы ең ірі қорымдарды зерттеп, салыстыра отырып, хүн обаларының орналасу ерекшеліктері анықталды [8, 22].

Солтүстік Қытайдағы ежелгі көшпелілер өркениеті ғұндар дәуірінде шарықтау шегіне жетті. ҚХР-даХХ ғасырдың 70-жылдарынан бастап бұл өңірлердегі ғүн және өзге де көшпелілердің археологияііық ескерткіштерін зерттеу кешенді түрде қолға алынды. Ғұн өркениетіне қатысты сондай ірі археологиялық олжалардың бірі де, бірегейі де 1972 жылы Лепсі Моңғолияның Ордос үстіртіндегі Ехежау аймағының Ханцзин сомонындағы Алусаидэн обаларын қазған кезде табылған. Обалар бүлініл, тоналған, соған қарамастан қазба кезінде одан жалпы салмағы төрт мың граммнан астам келетін 218 дана алтын бұйым олжаланған. Бұл алтын бұйымдар құймалау, қалыптау, қақтап соғу сияқты технологиялық тәсілдермен жасалған.

Бұл жәдігерлердің ішіндегі ерекше көз тартар ең таңдаулысы — Алтын тәжі. Биіктігі 7,1 см, диаметрі 16,5 см алтын тәж қалыпталып құйылған және шығыңқы бедермен жасалған. Тұтас тәж екі бөліктен, тәж айдары мен тәтіден құралған. Алтын тәж түгелдей «аң стиліндегі» өрнектермен бедерленген.
Алтын тәжі табылған бұл оба, сөз жоқ, ғұн патшаларының (тәңір құттарының) бірінің немесе өзге бір жоғары мәртебелі көсемдерінің бірінікі екендігі, яғни «патшалық обалар» қатарына жататындығы еш күмән тудырмайды. Өйткені мұндай мол алтын-күміс сияқты асыл металдардан жасалған аса бай ақыреттік заттармен тек ақсүйек билеушілер, жоғарғы жүйедегілер ғана жерленген. Ғұндарға қатысты көне қытай жазба деректемелерін жан-жақты саралай отырып, қытай ғалымдары алтын бұиымдарға аса бай бұл сән-салтанатты «патша обасы» б.з.д. V — III ғасырларда Ордосты мекендеген ғұндардың линьху тайпасының көсемдерінің бірінікі деген ғылыми қорытынды жасаған. Ғұн тәңірқұтының бұл обасынан алтын тәжімен бірге жүздеген алтын бұйымдардың табылған. Олардың көпшілігі-дәстүрлі «скифтік-сібірлік» аң стилінде жасалған жапсырмалар, қалсырмалар, тоғалар, гривналар, сырғалар мен алқалар, алтын тізбек моншақтар және басқа да сәндік-әшекей заттар.

1979 жылдары Ішкі Моңғолияның Жоңғар сомонының Бортоғай ауылындағы Сигоу-пань обаларын қазған кезде табылған. Олардың ұзын саны 150 данаға дейін жетеді, дені алтыннан, онан қалса күмістен жасалған. Алтын-күміс бұйымдардың көпшілігі жапсырмалар, ілмек-тоғалар, қапсырмалар, гривналар, сырға-жүзіктер, қару-жарақ қынының қаптама әшекейлері, сондай-ақ өзге де сәндік заттар. Жәдігерлер түгел дерлік «аң стиліндегі» бейнелермен бедерленіп, безендірілген. Олардың арасынан кейбір ерекше көңіл аудартатын тартымды бұйымдарды жекелеп атасақ та болады. Солардың бірі грифондардың мүсіндері, олардың біреуінің ұзындығы 14 см, биіктігі 10,2 см, жалпақ алтыннан қиып, бедерленіп жасалған. Грифонның тұмсығы бүркіттің тұмсығына, дене тұрқы мен құлағы және құйрығы етқоректі жыртқыш аңдыкіне ұқсайды, төбесіндегі стильденделіп салынған имек-имек келген сала құлаш мүйізі құйрығына дейін жетіп тұр [9, 21-23].

Ғұн ескерткіштерінің келесі топтарына Қазақстан, Орта Азия, Батыс Сібір, Ораи мен Еділдің оңтүстік өлкелеріндегі түрлі жәдігерлер және б.з. IV-V ғасырларында Еуропаға барған ғұндардан қалған қабірлер мен көмбелер жатады. Шығыстағы ғұн мәдениетінің таза сипаттағы ескерткіштері бұл өлкелерге тән емес. Бұл аймақтарда жергілікті қаңлы, үйсін, сармат, т.б. мәдениеттерінің ескерткіштері тараған. Оларға шығыстық ғұн элементтері қосылып, кей өлкелерде «Кең-қол» тәрізді аралас сипаттағы ескерткіштері пайда болған. Жалпы, шығыстық элементгерден, әсіресе, қару-жарақтағы, қыны ыдыстағы, жекелеген бұйым түрлеріндегі ықпалдарды айтуға болады. Жерлеу ғұрпында да өзгерістер байқалады. Кеңқол ескерткішгері Шу мен Таластың жоғарғы алқаптарында ашылды, оның кейбір ықпалдары Оңтүстік Қазақстандағы Жамантоғай, Шәптіқұм, Бөріжар зирағынан байқалады. Сонымен ғұн әсері Жетіасар мәдениетінің (Арал маңы), Құлажорға (Шығыс Қазақстан), Қорғантас (Орталық Қазақстан) кезеңдерінің ескерпаштері зерттелуде. Жетісудағы Қарғалы, Теңдік зирагарынан көптеген сәнді алтын бұйымдар, Ақтастағы қоныс пен зираттан құнды деректер алынған. Қазақстаннан бастап Қара теңіз, Дунай, Карпатқа дейін тараған ІV-V ғасырларға жататын ескерткіштер ерекше топты құрайды. Бұлар, негізінен, қару-жарағы мен бағалы бұйымдары көп бекзадалардың, атақты жауынгерлердің қабірлері мен көмбелері болып табылады. Айрықша белгілері — полихромды стальмен жасалған бағалы бұйымдар. Асыл тастар, түсті шынылар орнату, эмальдау және алтын-күміс жалату тәсілдерін қолданып жасаған сәнді бұйымдар Қазақстаннан (Бурабай, Қарағаш, Қанаттас, Батыр), одан әрі батысқа қарай Еуропа жерлерінен көптеп табылды.

Сонымен қорыта келгенде, ғұндардың материалдық мәдениетінің жоғары дамығандығын ғұндарға қатысты табылған барлық археологиялық ескерткіштері дәлелдеп отыр. Бұл көшпелі халық тек қана соғыспен айналыспай, кілем тоқу, зергерлік өнері, металл өңдеу кәсібі, бейнелеу өнері және т.с.с. материалдық мәдениеттің салаларын дамыта отырып, жоғары деңгейге жеткізе білген.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.