Үндi-будда мəдениетi

Home » Рефераттар » Үндi-будда мəдениетi
Рефераттар Комментариев нет

Жер шарындағы қасиеттi де, құдыреттi мəдениеттердiң бiрi — Үндi мемелекетiнде қалыптасып өркендеген үндi-будда мəдениетi. Үндi елiнiң ғасырдар бойғы мəдени дəстүрлерi оның талантты халқының дiни-сана-сезiмiнiң қалыптасып дамуымен тығыз байланысты болды. Үндi жерiне келген арийлер өздерiмен бiрге б.з.б. 2000 жылы шыға бастаған көне мəдени мұралардың бiрi- Ведаларды ала келiп, оны жергiлiктi халықтың арасына кеңiнен тарта бастады. Ведалар дегенiмiз – дiни сарындағы дұғалардың, құрандардың, құрбандық шалу кезiнде айтылатын суреттемелердiң, табиғаттың поэтикалық бейнесiнен хабардар ететiн өлеңдердiң жиынтығы. Үндiнiң атақты жазушысы Рабиндрант Тогор ведалық гимндердi “Халықтың қуаныш- шаттығы мен оның өмiрге деген сүйiспеншiлiгi мен қорқынышының поэтикалық куəгерi” деп өте жоғары бағалаған болатын. “Жаратушы əнi” гимнде бiздi қоршаған дүние былай деп сипатталады Ең алғашқы кезеңде дүние Хаос жағдайында болды. Бiрақ уақыт өткен сайын адамзат баласының тiршiлiк етуге деген құлшынысы байқалды, соның нəтижесiнде жарық, одан кейiн аспан мен су патшалығы пайда болды. Мiне дəл осы кезден бастап жер бетiнде тiршiлiк қалыптасты, ал құдайлар дүние жаратылғаннан кейiн барып пайда болды.

Шамамен б.з.б. 6000 жылында қалыптасқан упанишадтар үндi – арийлердiң дiни көзқарастарының дамуындағы басты қадам болып саналады. Өйткенi, упаншадтар адамның iшкi жан дүниесi, оның өмiрiнiң мəн-мағынасы, адамды ақиқат пен шындыққа апарар жолдар мен олардың бұл өмiрдегi маңызы, өлiм мен мəңгiлiк ұмыр жайындағы дiни-философиялық толғауларға толы болып келедi. Ең бастысы – упанишадтарда Бранхман мен атман идеялары кеңiнен көрiнiс тапқан Брахман-абсалюттi шындық, абсалюттi руханилық, бұл дүниеде одан тысқары ешнəрсе жоқ, олай болса бiздi қоршаған ортаның мəнi де осы Брахманда. Ол Атман болса осы жағдайларды ескере отырып- жеке тұлғаны мойындау. Упанишадтар дiни- философиялық ой-сананың дамуына түрткi болды, сөйтiп көп ұзамай-ақ онң алты мектебi қалыптасты. Үндi-будда мəдениетiне тəн қасиет дiн мен философияның өзара тығыз байланысты болып, ұштаса бiлуiнде. Бұл туралы Гегель былай деп жазды: “Үндi мəдениетi- жоғары дамыған сан- салалы құдiреттi мəдениет, бiрақ олардың философиясы дiнмен сабақтас,өзара тығыз байланысты болып келедi. Философия ғылымы айланысатын мəселелердi дiннен де көптеп кездестiруге болады. Сондықтан да болар, ведалар – дiннiң ғана негiзi емес, сонымен қатар философияның да негiзi болып саналады.” (Гегель Соч.Л., 1972. Т.9.С. 116) Бiр-бiрiмен өзара тығыз байланысты, iрi табиғи барлiкте болуына қарамастан үндi философиясының алты классикалық мектебi де адамның əлемге дүниеьанымдық қарым- қатынастарының сан-саласын қамтып, танып-бiлудiң түрлi əдiстерiн қарастырады. Мысалы “миманса” — дiни салт-жораларды түсiндiрумен айналысады жəне дiни құрбандықтар шалуды жақтайды. Құрабандық шалу – адамның құдай алдындағы өз парызын (дхарма) өтеуi болып санлады онсыз “карманың” құрсауынан адам еш уақытта шыға алмайды. “Карма” бүкiл үндi мəдениетiнде айрықша орынға ие болған. Кең мағынада алғанда карма дегенiмiз — əрбiр адамның тiршiлiкте жасаған iс-əрекеттерi мен оның салдарларыныңжиынтығы осы арқылы оның болашақтағы тағдыры анықталады ал тар мағынасындағы карма-адамның тiршiлiктегi жасаған iс- əрекеттерiнiң қазiргi өмiрi мен ьолашағына əсерi.

Кей жағдайларда жоғарыда атап көрсеткен “мимансаны” атеистiк iлiмге де жатқызады өйткенi ол дүниенiң атомдардан тұратындығын мойындайды. Сөйтiп дүниенi материалистiк ұрғыдан сипаттаудың арқасында Құдайды мойынаудың мəнi жойылды. “Веданта” брахманизмде ерекше орын алады. Тiптi қаншама ғасыр өтсе де оның бүгiнгi таңда да көптеген жақтаушылары бар. ХХ ғасырда Веданта мəселелерiмен үндiнiң ғалымы Вивеканада ал ХХ ғасырда Р.Тогор тiптi мемелекет қайраткерi Д. Нерудiң өзi дде айналысқан. Веданта дүниенiң жаратылуын Брахманмен байланыстырады. Бұд күйдi Атман деп атайды ол адамды ажалдан құтқарады. Сөйттiп өлiп тара жатқан тiршiлiк иесi қайтадан жаңғырады.

“Санкхья” материалдық дүниенi де рухани дүниенi де мойындайды. Бұл ағым бойынша материя үнемi қозғалыста жəне тəуелсiздiк жағдайында өмiр сүредi бiрақ ешнəрседен бейхабар күйде болады. Рухани дүниенiң енжарлығы басым бiрақ бұл жерде саналылық басымдылық танытады. Ендеше материя мен рухты яғни “соқыр” мен “ақсақтың” бастарын бiрiктiрсе олардың бойындағы кемшiлiктер мүлде жойылады сөйтiп бұл дүниеде жаңа құбылыстар пайда болады адам бейнесi қалыптасады. Оның тəндiк болмысына қайғы-қасiреттер жазылған ал одан арылу үшiн руханилылық материалдықтан бөлiнуi шарт. Бұл — өмiрге келу мен өлiмдер тiзбегiнiң торынан шығып нағыз бостандық пен əдiлеттiлiкке жету жолы. Санкхья будда дiнiнiң идеялық жағынан қалыптасуына да үлкен ықпал жасады. Осы бiр орайда иогтардың ерекше рухани жағдайға жетудiң өзiн-өзi шектеу /аскетизм/ жəне қалыпты жағдайдан мүлде басқаша көңiл күйде болу жəне т.б. жатады Үндi поэзиясының тамаша туындысы “Махабхараттада” санкхья iлiм мен иог тəжiрибелерiн өзара байланыстырып бiрiктiру қажеттiгi атап көрсетiледi. Иогта психикалық белсендiлiктi шектеп басу тəсiлдерi мен кез келген ақыл-ой қызметiн тоқтату əдiстерiн қолдануға ерекше назар аударылады. Демек иогтардың шынайы дарындылық қасиетерi мен құдiреттен басым түсу қабылеттерiнiң сыры осы бiр жағдайларға да байланысты болып келедi. “Ньяя” логика заңдарына сүйенедi оны ұғынып-бiлу-адамның жан дүниесiн тазартуға себепкер болатын ой-пiкiрлердiң қалыптасуына көмектеседi. Ньяя негiзiнен брахманизмнiң соңғы жүйесi – вайшешикаға жақын болып келедi. “Вайшешика” адам өмiрiне пайдалы шындықтың алты түрiн көрсетедi (субстанция сапалылық iс- қимыл(карма), жалпылық, ерекшелiк, мəндiлiк). Вайшешика бойынша, физикалық дүние атомдардан тұрады жəне ол мəңгiлiк болып санлады. Бiрақ физикалық дүние атомдардан тұрағанымен, оың басты қозғаушы күшi карма заңдарына сəйкес əрекет ететiн құдай болып саналады.

Брахманизмде о дүниемен салыстырғанда адам өмiрiнiң өткiншi екендiгi жəне оның мəнсiздiгi туралы идеялар басты орын алған. Адамның о дүниедегi тағдыры оның бұл дүниелiк ғұмырындағы адамгершiлiк iс-əрекеттерiне байланысты. Ендеше, бұл дүниеде күнəкар болғандар атап айтқанда адам өлтiрушiлер-жыртқыш аңдарға, ет ұрлаушылар — қаршығаға, астық ұрлаушылар- сабауқұйрыққа, брахманды өлтiрушiлер- ит пен есекке, ал маскүнемдiкке салынған немесе ұрлық жасаған брахманның өзi де сарыбас жыланға айналады.Брахмандарды сыйлап — құрметтеу, күншiл болмау, адамның өзiн-өзi ұстай бiлуi, мейiрiмдi болу жəне т.б. қасиеттер қоғамның əрбiр мүшесiнiң өз орнын табуына мүмкiндiк беретiн басты шарттар болып саналады. Б.з.б. У1 ғасырда үндi елiнде, кейiннен дүниежүзiлiк дiнге айналған, булдда дiнi қалыптаса бастады. Оның негiзiн қалаушы ханзада, кшатрийлер варнасына жататын Будда болоды. Оның шын аты-Сиддахартха, ал оның анасы əйел патша Майя едi. Ұлы ханым Майяның шапағаты жер жүзiне тарады, оның жүрегiнiң тазалығы, өз-өзiне сенiмдiлiгi, парасаттылығы мен салмақтылығы, бұл қасиеттi ананың қадiр-қасиетiн арттыра түстi. Буддизммен қатар джайнизм ағымы да дами бастады. Оның негiзiн қалаушы – Махавира (Вардамана)болады. Бұл сектаның жолына түсушiлер кармадан азат болудың басты құралы ретiнде-аскетизмдi насихаттады.Нағыз джайнистердiң фанатизмiнде шек болмады. Олар бұл өмiрдiң барлық рахатынан саналы түрде бас тартты, басқаны былай қойғанда, олар өмiрлерiнiң соңғы сəттерiнде тамақтанудан да бас тарты. Джайнизм брахманизммен ымраға келудiң арқасында осы уақытқа дейiн Үндi мемлекетiнiң қоғамдық-саяси өмiрiнде өз ықпалын сақтап отыр. Махавираның жолына түскендер негiзiнен-саудагерлер болды. Будда өзiнiң дiни уағыздарында брахманизидi де, джайнизмдi де сынға алады. Брахманизмдегй байлық пен сəн-салтанатты өмiрге бойұрушылық, Ал джайнизмдегi аскетизм Будданы қанағаттандырмады, сондықтан да ол орталық меженi қалап алады. Ол өзiнiң негiзгi дiни көзқарастарын ‘Бенерес уағыздары” атты еңбегiнде жүйелi түрде баяндап бердi. Онда былай делiнген: “Рухани тiршiлiгi таза адам бұл өмiрде екi нəрседен арасын аулақ салу керек. Оның бiрiншiсi-сауық-сайран мен дкманды қызыққа толы өмiр, бұл адамның рухына қарама-қайшы келетiн бишаралық, өткiншi өмiр, ал екiншiсi- ерiктi түрде қалап алынған азапты, қатыгез өмiр, бұл өмiрде мəнсiз, мағынасыз. Рухани дүниесi бай адамдар өмiрдiң аталған екi жағынан да өздерiн алшақ ұстағандары жөн. Ең бастысы, адамдар танымға, бiлiмге бастайтын, олардың ақыл-ой өрiсiн кеңiтетiн дұрыс жолға түсулерi қажет”.(Попов Е.В. Введение в культурологию.М., 1995. С.167). Бұл жол тармақтары көп сегiз салалы жол. Олар адал, сенiм, əдiл шешiм,шындық сөз, шындық өмiр, шыншыл ұмтылыс, шындықпен еске алу жəне адамның өз бойындағы қасиеттерiн үнемi байыту болып табылады.

Буддизм бойынша, өмiрдiң азаптары жайындағы қасиеттi шындық мынандай: өмiрге келу – азап, көздеген мақсатына жете алмау – азап. Ал аталған осы азаптардан құтылудың басты жолы – сегiз салалы қасиеттi өмiр жолын т аңдап алу. Будда iлiмi адам бойындағы iзгiлiк, адамгершiлiк қасиеттердi одан əрi дамытуды насихаттайды. Онда былай делiнген: “Бұл дүниеде өшпендiлiпен жеңуге болмайды, адам ашу-ызасын ақылға жеңдiрiп, зұлымдықты қайырымдылықпен ауыздықтауы қажет. Ұрыста мың адамды жеңiп шығуға болады, ал нағыз жеңiс адамның өзiн-өзi жеңiп шығуы болып табылады”. Будда дiн жолына шын берiлген адамдарды төрт қағиданы мүлтiксiз орындауға шақырады. Олар: зұлымдықтың алдын алу, зұлымдық пен қатыгездiкке жол бермеу, iзгiлiк пен қайырымдылыққа даңғыл жол ашу, адамгершiлiк қасиетердi батыл қолдау. Будда iлiмi үндi халқының сүйiспеншiлiгiне бөленiп, кең қолдау тапты. Будда өз шəкiртiне арнаған сөзiнде былай дейдi: “Сендер бұл iлiмдi дүниежүзiнiң барлық елдерiне таратыңдар. Оларға кедейлер мен бұл өмiрден жəбiр көрушiлердiң, байлар мен тектiлердiң ьiрдей екендiгiн, күндердiң күнiнде үндi қоғамындағы барлық касталардың осы дiннiң ту астына бiрiгетiндiгiн халыққа түсiндiрiңдер.” Шындығында да, будда дiнiн əлемнiң көптеген халықтары мен қоғамның түрлi топтары шын ықыластарымен қабылдады. Адамзат дүниесiне, адамға жəне оның жасампаздық iс- əрекеттерiне құрметпен қарап, зорлық-зомбылық пен қатыгездiктерден бас тартуға шақырып, адамгершiлiк пен iзгiлiк принциптерiн алға тартқан бұл дiн Үндiстан мен Қытайда, Тибет пен Жапонияда, Непал мен Тайландта, Цейлон мен Вьетнамда, Монғолия мен Комбоджада кеңiнен тарап, миллиондаған халықтың құрметiне бөленедi.

Будда дiнiнiң кеңiнен талралуы жағдйында оның екi тармағы өмiрге келдi. Оның бiрiншiсi – махаяна, Бирма мен Тайландта, ал екiншi тармағы-хинаяна Цейлонда қалыптасты.Махаянаның қалыптасып, дамуына ерекше еңбек сiңiрген Нагарджуна болды. Будда дiнiнiң бұл салалсында Будда құдай дəрежесiне жеткiзiлiп, оған құдайдай табыну уағыздалды. Ендiгi жерде адамдардың барлық саналы iс-əрекеттерi Буддамен байланыстырылды. Мұндай жағдай, брахманизмге бiлдiрiлген үлкен құрмет болатын, сөйтiп буббизм үндi халқының бұрыннан қалыптасқан дəстүүрлi дiндермен одан əрi жақындаса түстi. Қытайда будда дiнiнiң идеялары б.з.б. 1- шi ғасырды тарай бастады. Будда дiнiмен бiрге Қытайда үндi өнерiнiң де ықпалы күшейе бастады. Ол Қытай ғана емес Кореяға, одан əрi Жапонияға да қанатын кең жайды. Тибетте буддитзм ламаизм түрiнде қалыптасты. Ламаизм бойынша жоғарғы шiркеу қызметкерлерi құдайдың сүйiктi құлдары болып саналады, ал монахтар (ламдар) дiндер адамдарға ұстаздық етумен айналысады. Қытайда буддизм конфуцийлiк-даосистiк дiнмен қатар өмiр сүрдi. Буддизм мен дасосизмнiң өзара ұштасуының нəтижесiнде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниенi менсiнбеушiлiк, жеке бастың мəселелерiне баса назар аудару, интуитаизм бұл ағымның басты белгiлерi болып табылады. “Дзэн-буддизм” кейiннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бұл iлмде əскери өнерге айрықша мəн берiлiп, ал адамның жан-жақты жетiлуiнiң тез жүзегег асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. ХХ ғасырдың ортасына қарай дзэн- буддизм Батыс Еуропа елдерiне де тарап, өзiнiң өмiршеңдiгiн байқата бастады. Жоғарыда атап көрсеткенiмiздей, махаяна үндi халқының дəстүрлi дiни наным-сенiмдерiне өте жақын болып шықты. Əрине, буддизмнiң пессимистiк сарыны үндi халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа брахманизмнiң жарқын идеялары одан гөрi жақындау болатын. Бiрақ, бұл жағдайға қарамастан үндi қоғамы буддизмнен де мүлде бас тартқан жоқ. Сөйтiп буддизм мен брахманизмнiң бiраз қағидаларының өзара сабақтастығының нəтижесiнде жаңа индуизм ағама пайда болды.

Өкiмет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шiркеуле тұрғызып, үндi қоғамында айрықша беделге ие болған будда дiнiнiң өз позициясын (беделiн) ешбiр қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсiндiруге болады екен ? Бұл сұраққа мəндi жауап беру үшiн будда дiнiнiң рухани дəстүрлерiн əлеуметтiк негiздерiмен толығырақ танысуымыз қажет. Үндi елiне келген арийлер варналарға бөлудiң (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер жəне шудралар) негiзiн қалады, ал құлдар мен шетелдiктер варналарға кiрмедi. Варналарға бөлу- үндi қоғамының негiзi болып табылатын село қауымының беделiн бұрынғыдан да көтере түстi. Оларды ақсақалдарбасқарды, қауымдар өз iштерiнде туындаған мəселелердi өздерi шештi жəне өкiметке белгiлi бiр мөлшерде салық төлеп тұрды. Өкiмет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң дiни наным- сенiмдер, салт-дəстүрлер жəне т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы- натуралдық шарушылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңiнен қолданылды. Қауымдар өмiрiнiң тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қақтығыст ар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгерiп отырғанмен, қауым тiршiлiгiнiң қаймағы бұзылмады. Бұл жайында Д.Неру былай деп жазды: “Үндiстанның саяси құрылымының негiзi- өзiн- өзi басқаратын село қауымы болды. Қоғамдағы өзгерiстер бұл құрылымға iшiнара өзгерiстер енгiзгенiмен, оның тамырына балта шаба алмады. Ел билеушiлерiнiң бiрде бiреуi село қауымының құқығын бұза алмады жəне оларға берiлген жеңiлдiктердi орындауға мəжбүр болды” (Неру Д. Открытие Индии.Кн М.,С.223-224) Мемлекеттiң басшылық орындарында кшатрийлер отырды, бiрақ олардың билiгiн селолық қауымдар дер кезiнде тежеп отырады. Əрi дiндар, əлi бiлiмдi брахмандар кшатрийлерден жоғары тұрды жəне қоғамда үлкен роль атқарды. Демек, бархмандар да , кшатрийлер де өз варнларында қалды., брахманның жанұясында өмiрге келген жас сəби брахман болып қала бердi, өйткенi ол ешуақытта да кшатрийге айнала алмады. Касталық құрлыс жүйесiнiң келесi өкiлдерi вайшьилер (диханшылар, қолөнершiлер мен саудагерлер)- жəне шудралар (жалдамалы жұмыскерлер, жалшылар) болды. Осы аталған төрт варна Үндiстанның касталық құрлысының негiзiн қалады. Ал Үндiстанға қоныс аударып келегн түрлi халықтардың өкiлдерi бұрынғы касталарды толықтырып отырды, немесе өздерiнiң дербес касталарын құрды. Мысалы кəсiптерiне сəйкес тас қалаушылардың, ұсталардың, терi илеушiлердiң касталары құрыла бастады. Касталық құрлыс жағдайында қалыптасқан ережелердi мүлтiксiз орындау талап етiлдi. Мысалы касталар арасында үйленуге қатаң тыйым салынды, тiптi түрлi касталар өкiлдерi дастархан басында бiрге отырып тамақ та iше алмайтын болды. “Буддизм” осы касталардың iшiнде кшатрийлердiң дүниетанымы ретiнде қалыптасты, сондықтан да болар брахиандардың озбырлықтарынан зардап шеккен қарапайым халықтың басым көпшiлiгi кшатрийлердi батыл қолдап отырды. Осы орайда село қаымдарының буддизнiң əлсiреуiне себепкер болғандығын атап өтпеске болмайтын сияқты. Буддизм мен джайнизмнiң күштемеу прнциптерiне ерекше көңiл бөлiнуiнiң арқасында диханшылыққа деген көзқарас өзгкрк бастады. Бiр кездерде үндiлер мен арийлердiң мақтанышына айналған егiн шаруашылығының қоғамдағы ролi төмендедi, соның салдарынан шаруашылықтың бүл саласымен айналысушы диханшылар қоғамдық өмiрде төменгi сатыдан орын алды. Сөйтiп, селолық қауымдар ешбiр дiни соғыстарсыз, айтарлықтай қарсылылқсыз будизмнен индуизмге бет бұра бастады. Бiрақ, олар булдда дiнiнiң көптеген дiни-адамгершiлiк қағидаларын өз бойларында сақтап қалды. “Индуизм”-бiр-бiрiнен тəуелсiз бiрнеше дiни наным-сенiмдерден тұратын дiни-мəдени ағым. Оның негiзiнде- Брахманға, Вишнкға, Шиваға табыну мен тантризм жатыр. Осылрдың iшiнде Вину мен Шиваның мерейi үстем болды.

“Вишну”-адамдардың адал қамқоршысы, көмекшiсi. Ол адамдарды зұлымдықпен қатыгездiктен қорғайды, оларды қауiп-қатерден сақтайды жəне адамдарға шындықты жариялап отырады. Ал оны жүзеге асырушы Будда. Сөйтiп, Будданың беделi көтерiлiп, Құдай дəрежесiне жеткiзiлдi. “Шива”- қатал да, қорқынышты құдай. Оның ұш көзi бар, денесiне жыландар жабысқан, мойнында-бас сүйектер. Шива -өнер мен ғылымның, салтанатты өмiр мен махаббат сайранының құдайы. Үндi халқының санасындағы құдайлардың басқа дiндердегi (христиан, ислам) құлайлардан басты айырмашылығы-олардың Жер бетiндегi тiршiлiктiң қайнаған ортасында болуы жəне оған белсене араласуы болып саналады. Вишнудiң əйелi Лакшми əсемдiк пен бақыт құдайы, ал Шиваның əйелi КАли қырып-жою мен өлiм құдайы. Үндi-буда дiнiндегi бұл дүниеге көзқарастар қарама-қайшылықтарға толы болып келедi. Будда дiнiнде ғана емес, тiптi сансарлардың өзiнде де өмiрдiң қайғы -қасiретке, жамандық пен жауыздыққа жəне тағы да басқа келеңсiз көрiнiстерге толы екендiгi жан-жақты сипатталады. Үндi- будда дiнiндегi адамдар төрт эткалық нормаларды негiзге алу қажет Олар дхарма, артха, кама жəне мокша. “Дхарма”- будда дiнiндегi моральдық заңның басты бөлiгi болып есептеледi. Үндiлердiң қасиеттi кiтаптарында /смрити/ дхарманың тiзiмi, яғни түрлi касталардың мiндеттерi мен функциялары атап көрсетiлген. Касталық жүйеде бұл парыз-мiндеттерден ауытқуға жол берiлмейдi. “Артха” – адамның күнделiктi тұрмыс-тiршiлiгiндегi iс-əрекеттердiң нормалары болып табылады. “Кама” -адамның көңiл-күйiнiң талаптарын қанағаттандыру ұндылықтарын анықтайды, солардың жолдарын белгiлейдi. “Мокша”- торығып-түңiлкден, жалғыздықтан қала құтылу жөнiндегi iлiм.

Дхарманың құндылығы-шындық пен ахимасқа шын берiлгендiкке тығыз байланысты. Ол зорлық- зомбылыққа мүлдем қарсы. Сонымен бiрге ашу мен жек көрушiлiк сезiмдердi ауыздықтау, өзiн-өзi ұстай бiлу, пайдакүнемдiк пен зұлымдық мақсаттардың болмауы-дхарманың басты қағидалары. Адамдардың бұл өмiрдегi табиғи iс-əрекеттерi қандай болу керек деген сұраққа дхарма былай деп жауап бердi “Жауыздыққа жауыздықпен жауап берме, əрқашанда əдiлеттi iстердiң жаршысы бол. Əлсiздер сенiң өктемдiгiңдi ешқашан да кешiрмейдi, сондықтан да мұндай əдiлетсiз қылықтарға жол берме. Адам өмiрде өз жолын таба бiлу қажет”. Бұл дүниедегi өмiрдiң рахаты мен қызығын, мəн-мағынасын тсiндiруде индуизм мен буддизмнiң арасында пiкiр алшақтықтары аңғарылады. Мысалы, Кама адам өмiрiнiң мəн-мағынасына, ондағы қызықтар мен шат-шадымнан өмiрдiң сан-саласына баса назар аударса, ал Будда дiнi сабырлылық пен ұстамдылықты, тұрақты махаббат пен орташа өмiр сүрудi уағыздайды. Үндi-будда мəдениетiнiң қалыптасып, одан əрi дамуына касталық құрылыс үлкен ықпалын тигiздi. Өйткенi əрбiр варна-өздерiне ғана тəн салт-дəстүрлерi мен дүниетанымы қалыптасқан жəй ғана тұйық əлеуметтiк топ қана емес, олар белгiлi бiр мəдени құндылықтардың ортасы болып саналады. Брахман болу, брахманға қызмет ету, брахманнан оқып-тоқу үндi қоғамындағы басты құндылық болып саналады, өйткенi брахмандар-даналықтың, əлиелiктiң, киелiлiк пен iзгiлiктiң жаршысы. Үндi елiнде əлеуметтiк құндылықтарды бағалауда адамдардың қоғамдағы iс-əрекеттерiне айрықша назар аударылды. Ел басшылары мен əскери адамдар брахмандардан төмен тұрғандарына қарамастан, қоғамда пайдалы қызметтер атқарғандықтан үлкен құрметке ие болды. Мысалы, көне заманда өз елiн сыртқы жаулардан қорғауда батырлығымен даңқы шыққан Винрамды үндi халқы осы уақытқа дейiн мадақтап, қастерлейдi. Бiр таңқаларлық жағдый, Үндiстанда оның дана басшылығы мен көзсiз Батырлығы ғана емес, сонымен қатар оны үндi күнтiзбегiн жасаушы ғалым ретiнде де танып, даналық пен кеңпеiлдiлiк сияқты тамаша қасиеттерiн үлгi тұтады. Мiне, сондықтан да болар, Викрам ғасырлар бойы халық батыры ретiнде үзбей жырланып келе жатыр.

Будда дiнi бойынша халық құрметiне ие болу-байлыққа байланысты емес, демек бұл дiнде адамның өзi бақытын байлық-мансаптан iздеп, баюды мақса етiп қоюы ешбiр қолдау таппайды. Олай болса, бұл өмiрдiң мəн-мағынасы жинаған ақшаман, немесе байлықпен емес, керiсiнше, адам бойындағы адамгершiлiк-iзгiлiкқасиеттерiмен өлшенедi, бұл жағдай-үндi халқының, өзiндiк ұлттық ерекшелiгi болар деген ойдамыз. Үндi-будда мəдениетi басты орынға əр адамның дiни- моральдық iс-əрекеттерiн қоя отырып, адамның табиғатпен де, өз-өзiмен де, қауыммен де үндестiк, iрi келiсiм табуына баса назар аударады. Бiрақ, үндi – будда мəдениетi халықты өкiметке қарсы əлеуметтiк қарсылықтан, əлеуметтiк белсендiлiкпен таптық күрестен сақтандырады. Л.С.Васильевтiң пiкiр бойынша Үндiлiктер тағдырдың жазмышымен таласуға болмайды жеп санайды, сондықтан да олар күш қолдануға қарсы, батыл əлеуметтiк қарсылықтарды жақтамайды. Олай болса, жақсы өмiрдi орнатуда күш қолдану сөзсiз “карма” заңдылықтарына нұқсан келтiрумен қатар, оның салдарлары да қоғамға айтарлықтай зиян келтiредi(Васильев Л.С. История Востока. Т.2 М., 1993,С.72). Үндi қоғамында ғасырлар бойы қалыптасқан мұндай жағдай, дəлiрек айтқанда, ұймыдасқан əлеуметтiк қарсылықтың болмауы- үндi халқының сыртқы күштердiң басқыншылық əрекеттерiне тегеурiндi, батыл түрде əлеуметтiк – саяси қарсылық көрсете алмай, дəрменсiздiк көрсетуне əкелiп соқты. Соның салдарынан үндi елi алғашқыда мұсылмандардың, ал одан кейiн ағылшын империализмнiң ұзаққа созылған азапты шеңгелiне түстi. Ол аз болғандай моңғолдардың үстемдiгi кезiнде Үндiстанның көптеген касталары мұсылманддық жолға көштi. Əсiресе, төменгi касталар ойланбастан-ақ өздерiнiң мəдениетiнiң дiни негiздерiн өзгертiп жiбердi.Тоқымашылар, саудагерлер, қасапшылар, тiгiншiлер жəне т.б. ислам дiнiн қабылдадаы, ал кейiннен мұндай жағдай индустар мен мұсылмандар арасындағы күрделi шиеленiстердiң орын алуына əкелiп соқты.

Ағылшындардың үстемдiгi кезiнде шетел басқыншылар өз армияларын солтүстiк Үндiстандағы жоғарғы каста өкiлдерiнен толықтырып отырды: “əскери касталар” деп аталатын бұл үндiлер өз Отанының жауларына қызмет жасады. Индуизм мен буддизмнiң бiр-бiрiмен өзара тығыз байланыстылығына жəне олардың үндi-будда мəдениетiнiң басты бағыттары болғандығына қарамастан олардың өздерiне тəн айтарлықтай айырмашылықтары болды, ол ерекшелiктер олардың əлеуметтiк-саяси бағдарламаларына тығыз байланысты болды. Мысалы, индуизмде ұлтшылдық сарын басым болып келедi, сондықтан да бұл ағымдағы фанатик-ұлтшылдар мұсылмандарды мейлiнше жек көредi,ал бұл жеккөрушiлiктiң елдегi саяси ахуалға тығыз байланысты екендiгiн ешкiм де жоққа шығара алмас. Буддизмнiң касталық құрлыстың мүдделерiн қорғау мəселесiне ешбiр қатынасы жоқ, сондықтан да болар бұл дiни ағым саяси-əлеуметтiк мəселелердi шешуде үлкен икемдiлiк танытады. Тiптi кей жағдайда оның ұлт-азаттық жəне əлеуметтiк қозғалыстың саяси авангарды дəрежесiне дейiн көтерiлген кездерi де болды. Вьетнамды жаулап алу əрекетiне қарсылық ретiнде көптеген будда монахтарының өздерiн өртеп жiбергендiктерiн еске алсақ та жеткiлiктi сияқты, бiрақ буддизмнiң қоғамдағы саяси -əлеусеттiк мəселелердi шешудегi мүмкiндiктерi шектеулi болғандығын да естен шығармаған жөн.

Үндi-будда мəдениетiнiң қойнауында Үндiстанда Махатма Гандидiң (1869-1948) реформаторлық қозғалысы туындады. Ол бұл қозғалыс барысында өзiнiң табиғатта əрекет ететiн “махаббаттың өнегелiлiк” заңына ұдайы сүйенiп отырды. М.Ганди бұл жайында былай деп жазды.” Махаббат заңы бiздiң санамыздан тыс өмiр сүредi. Табиғат заңдылықтарына сүйенген ғалым қандай ғажайып жаңалықтар ашса, махаббат заңын өз өмiрiнде үлкен сүйiспеншiлiкпен қолдана бiлген адам да бұл өмiрде айтарлықтай табыстарға жетерi сөзсiз, ал кейде ғалымдардың жеткен межесiнен асып та түсуi мүмкiн”(Ганди М.К. Моя вера ненасилие.Вопросы философии.1992. 3.С.66). М.Ганди сатьяграха (“сат”-шындық, ал “аграха” – табандылық деген мағыналарды бередi/ қозғалысының дем берушi, басшысы болды. Ол өзiнiң iзбасарларының көмегiне сүйене отырып халықты талай хасырларға созылған қалың ұйқысынан оятты, Үндiстанда саяси-этикалық қайта құруларды жүзеге асырудың қажеттiгiн дiни-этикалық тұрғыдан негiздеп, дəлелдеп бердi. Ендеше, Ганди тарих сахнасына iрi саяси қайраткер ретiнде ғана емес, сонымен қатар дiни- реформаторлық қозғалыстың беделдi басшысы ретiнде шықты деп толық сенiммен айта аламыз. Гандидiң бұл қозғалысты ұйымдастырудағы басты мақсаты- халықты өздерiнiң əдiлеттi iсi үшiн табанды күрес жүргiзуге баулып, үйрету болды. Ол ондаған жылдар бойы тəуелсiз үндi мемлекетiн құру мақсатында дхарманы, ақиқатты жəне күш көрсетпеудi уағыздадаы. Ганди “Күш қолданбау, əдiлеттiлiк, қайрымдылық жан тазалығы, iзгiлiк сияқты қасиеттер – ағылшын отаршыларын елiмiзден қуып шығып, қанаушылық пен отаршылдық бұғауынан босануға толық ммүкiндiк бередi” деген сөздердi жиiқайталайтын. Бiрақ үндi қоғамын қайта құру мақсатындағы өзiнiң жасампаздық қызметiнде Ганди өзi де мүлдем күтпеген қиындықтар мен адам жанын түршiктiретiн талай сұмдық уақиғаларға тап болды. Мəселен, ағалшын империализiмнiң арсыз саясатында ғана емес едi, мəселе үндi халқының өзiнде де болатын. Өйткенi, бұл кезеңде индустар мен мұсылмандар арасында жан түршiгерлiк қанды шайқастар басталып кеткен болатын. Бұл қатыгез қақтығыстардың барысында адам қаны көп төгiлдi, ұлттың бiрлiгi мен мемлекеттiң мүддесi дiни-қауымдық фанатизiмнiң құрбандығына шалынды. Бiртұтас үндiстан мемлекетi екiге қақ жарылып, бiр-бiрiне қас екi мемлекет пайда болды (Үндiстан жəне Пəкiстан). Индустар қауымы дiни фанатизiмге жан-тəнiмен берiлiп қана қоймай əлеуметтiк теңдiкке де жауыға қарады. Қалыптасқан касталық жүйе үндi азаматтарының мемлекеттiк заң алдындағы теңдiгiн бұзды, ал мұндай келеңсiз жағдай мемлекеттiң ғана емес, сонымен қатар бүкiл үндi халқының тағдырына да өз əсерiн тигiздi.

Қоғамдағы қалыптасқан ахуалға байланысты сорақы қылықтар белең алды. Тiршiлiк иесi атаулыға жамандық жасамауды уағыздаған қайрымды, ақкөңiл индустар, мұсылмандарды көргенде кiрпiше жиырылып, қатыгездiк көрсетiп, мүлдем басқаша қарым-қатынастар жасады. Брахман өзiнiң кедейлiгiне қарамастан басқа касталардың өкiлдерiне өз қызын беруден үзiлдi-кесiлдi бас тартты. Дiни фанатизiм мен касталық дəстүрлер салдарынан туындаған қоғамдағы келеңсiз мұндай құбылыстар Гандидi қатты толғандырды. Ол “Мен индустар мен мұсылмандар арасында болып жатқан жыртқыштық əрекеттердiң дəрменсiз куəгерi болып қалмауым үшiн, Ұлы тəңiрiнiң көмегiн күтемiн” деп жазды (Намбудирипад Е.Махатма Ганди и гандизм М., 1960. С.157). М.Гандидiң бүкiл саналы өмiрi үндi-будда мəдениетiнiң құндылықтарын сақтауға, оны заман ағымындағы тағылық əрекеттерден қорғап қалуға бағытталды. Қалай болғанда да, үндi-будда мəдениетiнiң күш көрсетуден бас тарту, рухани тазалықты сақтай бiлу, табиғатты құрметтеп, аялай бiлу, өмiрдi қадiрлеу сияқты өмiрлiк қағидалары еш уақытта да өз мəнiн жоймақ емес, олай болса бұл мəдениеттiң басты құндылығы да, мəнi де осында болу керек.

Үндi өнерi Брахманизмнiң, буддизм мен индуизмнiң дiни-өнегелiк құндылықтарының тiкелей ықпалымен дамыды. Алғашқы дүниеге келген көркем шығармалардың мазмұны адамзатты қоршаған дүниенiң мəн – мағынасын шындық тұрғысынан көрсетуге бағытталды. Ведалар да, упанишадтар да көне үндi тiлiнде /санскрит/ жазылған əдеби ескерткiштер қатарына жатады. Олардың көркемдiк құндылығы бүгiнгi күннiң талабына да сай келiп отыр. Д.Неру үндi халқының көркемдiк мəдениетiн Батыс Еуропа өнерiмен өзара салыстыра отырып, олардың бiр-бiрiнен басты айырмашылықтарын да атап көрсететдi. Бiрiншiден, үндi халқының көркемдiк мəдениетi дiнмен жəне философиямен тығыз байланысты болып келедi. Бұл басланыстардың тамырынң тереңдiгi саншалық, үндi халқының көркемдiк мəдениетiне сай келетiн дiни-философиялық идеяларды бiлмей тұрып, бұл мəдениетi түсiнiп, бағалау мүмкiн емес. Үндi мəдениетiнiң қай туындысын алып қарастырсақ та, оларда дiни сарынның бар екенiн аңғарамыз.

Екiншiден, үндi өнерi қарапайым шаруаларға өте жақын болып келедi, өйткенi мəдениеттiң бұл саласының басты мақсаты-қарапайым халықтың жүрегiне дiни-философиялық идеяларды жеткiзу, карма заңдарын, дхарма талаптарын түсiндiру болып табылады. Үшiншiден, поэзимен, прозамен, драмамен, музыкамен айналысушы өнер адамдары өздерiнiң бойындағы қасиеттердi табиғат əлемiндегi құбылыстармен салыстырады жəне адамның табиғат əлемiндегi құбылыстармен салыстырады жəне адамның табиғатпен, əлеммен өзара үндестiгiн ашап көрсетуге тырысады. Төртiншiден, үндi өнерiнiң дамуныа құдайларды мадақтауға қарсы бағытталған дiни парасаттылық ерекше ықпал жасады. Ведалар құдайлар бейнесiне құлшылық жасауға қарсы болды, ал Будданың мүсiн өнерi мен кескiндеме өнерi саларында бейнеленуi буддизмнiң дамуының тек соңғы дəуiрiнде мүмкiндiк болды. Б.з. УП-УШ ғасырларында Үндiстанда Эллора үңгiрндде Кайлас ғибадатханасы салынды жəне Элефант үңгiрлерiнде Брахманның, Вишнаның жəне Шиваның тұлғалары сымбатталып жасалды. Ал, монғолдардың үстемдiгi кезiнде мүсiн өнерi саласындағы мұндай дəстүрлерге қатаң тыйым салынды. Ислам дiнiнiң қағидаларына сүйенген атақты Бабырдың ұрпақтары құдайларды бейгнелеуге мүлде қарсы болды. Бiрақ, оның сесесiне үндi өнерiнiң басқа салаларында мəдениет пен өнердiң тамаша туындылары өмiрге келдi. Солардың бiрi-тек қана үндi халқының ғана емес, сонымен қатар бүкiл адамзат баласының аялы да, қасиеттi ескерткiшi, əппақ мəрмəр тастардан асқан шеберлiкпен жасалған Тəж- Махал кесенесi. Көне үндi əдебиетiнiң асыл мұраларының бiрi – “Махабхаратта” поэмасы болды. Бұл əдеби туындының басты тақырыбы — құдайға, оның құдретiне табыну, оны мадақтау.”Брахман-мəңгiлiк. Ол-ұлы, ол-дана. Ол қай уақытта болса да қасыңнан табылады” — бұл ойлар поэманың өн бойынан орын алып, тақырыптың негiзгi арқауына айналған. Конфуцийде, Аристотельде, ал одан кейiн “Кантта кездесетiн “Өзiң қаламағанды, басқаға да жасама” деген қағиданың алғашқы рет осы “Махаабхараттада” айтылғандығын кез-келген адам бiле бермейдi. “Бхагавадгита” – “Махабхраттаның” бiр бөлiмi. Бұл шағын бөлiм өмiрдiң мəнi туралы терең философиялық толғауларға толы болып келедi. Оның басты кейiпкерлерi – Брахманның жердегi өкiлi – Кришна мен қайырмды əскер басшысы Арджуна.

Поэмада Кришна Арджунаға былай дейдi “Бұл дүниеде өлiм деген жоқ, өйткенi жанның көшуi- өмiрдi мəңгəлəк, ал өлiмдi қас-қағымдық сəт етедi”. Эпикалық “Рамаяна” поэмасының да үндi-будда мəдениетiнде алатын орны айрықша. Мұнда өзiнiң сүйген қызы Ситаны Құтқару жолындағы Рама патшасының басынан кешкен уақиғалар баяндалады. Сонымен бiрге, бұд баға жетпес мəдени мұрада көне замандағы ұндi халқының өмiрi кеңiнен сипатталып, олардың салт-дəстүрлерi, тiршiлiк-тұрмысы туралы құнды мəлiметтер берiледi. Мiне, сондықтан да болар француздың белгiлi тарихшысы Мишле “Рамаяна” поэмасы туралы былай деп толғана жазды:”Батысқа қарасам көңiлiм толмайды, тiптi ежелгi мəдениеттiң ошақтарының бiрi болған- Грекияның өзi де менi онша қанағаттандырмайды, тұншығып бара жатқандай əсер аламын, өйткенi олардың идеялары əрi жұтаң, əрi əсерсiз. Ал ұлы Азия мен дана Шығысқа көз жiберсеңiз. Онда менiң жүрегiм, менiң сүйiктi поэмам жатыр. Бұл əдеби туынды- кең байтақ үндi мұхитымен пара-пар (Попов Е.В.Индо-буддийский тип культуры. В кн Введение в культурологию. М.,1995.С.184).

Ведалар, упанишадтар, “Махабхаратта” жəне “Рамаяна” поямалары үндi халқының даналық энциклопедиясы болып снслады. Бұл мəдени мұралардың өмiршеңдiгi- ондағы адам өмiрiне тiкелеi қатысты даналық қағидаларға, тəлiм –тəрбиелiк ойларға, философиялық толғауларға жəне т.б. толы болуында болар. Бұл ойымыз дəлелдi болу үшiн көне үндi афоризмдерiнен бiрнеше үзiндiлер келтiрейiк “Адам-сəнi даналық, даналық сəнi-тыныштық, тыныштық сəнi-батырлық, батырлық сəнi-қайырымдылық”. Əйелдердiң мың кемшiлiгi жəне үш адамгершiлiк қасиетi бар: “олар-шаңырақты ұстау, ұрпақты жалғастыру жəне ерiмен бiрге о дүниелiк болу”. Қонған масаларды қууға жарамайтын иттiң құйрығынан, пайдаға аспайтын бiлiмдiлiктен не пайда, “Махаббат рахатын көрмесең денсаулықтан, табандылығың мен ұлылығыңнан не пайда?”, Арыстанды шатқалда, құсты аспанда, балықты суда ұстауға болады, ал əйелдiң беймаза жүрегiн еш уақытта да ұстай алмайсың.

Үндiнiң көркемдiк мəдениетiнде махаббат мəселесi мен əйелдер табиғатына ерекше орын берiлген. Əйелдердiң жаратылуы жайындағы мифтерде ойнақылық — мысқылдау сарына айқын аңғарылады. Мына бiр əңгiме осы пiкiрiмiздi дəлелдей түссе керек. “Еркектi жаратуға бүкiл материалдарды жұмсап қойғандықтан, əйелдердi жаратуға материал таппай жаратушу Тваштри құдай қатты сасады. Бiраз ойланғаннан кейiн ол əйелдi жаратудың жолын да, əйелдердiң бойынан лайық қасиетердi де табады. Олар: гүлдiң өсiмдiгi, жапрақтың жеңiлдiгi, сəуоенiң құбылмалылығы, желдiң өзгергiштiгi, бұлттардың жыласы, қоянның жасқаншақтығы, тотының паңдығы, жолбарыстың қаһарлығы, оттың қызуы, қардың ызғары, балдың тəттiлiгi, алмастың қаттылығы, жабайы үйректiң ақылдылығы, торғайдың сөзурлығы, тырнаның залымдылығы жəне тағы да басқа қасиеттердi араластырып жасап еркектiң қолына берген екен” Махаббат құдайы Кама мен оның əйелi Рати үндi ақындары мен жазушыларының ерекше құрметiне бөленген. Карма өмiрдiң қызығын қызықтауға тыйым салмайды. Тiптi қолдарынан өнер тамған əрi өнерлi, əрi ақылды “махаббат оттары” куртизанкалармен көңiл көтерудi күнə деп санамайды. У ғасырда өмiр сүрген үндi ақыны Махараши Вацияна өзiнiң “Кама-Сутра” деген өлеңмен жазылған шығармасында жыныстық қатынастар мəдениетi, əйел мен еркек арасындағы қарым-қатыснастар, сезiмдiк рахаттану мен дене сұлулығын жақсартатын əдiстер мен тəсiлдер кеңiнен сипатталып, баяндалған. Х1Х-ХХ ғасырларда бұл кiтап Батыс Еуропа Елдерiнде кеңiнен тарады жəне ол бойынша бiрнеше кинофильмдер түсiрiлдi. Мұндай дiни-эротикалық мазмұндағы шығармалар ХУП-Х1Х ғасырлар аралығында Үндi елiнде көптеп жазылды. Олардың авторлары Бихари дала (ХУПғ.), Чинтамани (ХУП ғ.), Бхаратчандро Рая (ХУШ ғ.), Рангина (Х1Хғ. Басы), Джан Сахаба (Х1Хғ.).

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.