Үнді мәдениеті

Home » Рефераттар » Үнді мәдениеті
Рефераттар Комментариев нет

Ертедегі үнді мәдениетінің философиялық көзқарастары алғашқы қауымдастық қатынастар ыдырап, құлдық қоғам орныққан кезде тамыр жайды. Ежелгі үнді мәдениеті, қоғамы төрт варнадан (батыстық термин бойынша кастадан) — брахманнан, кшатриден, вайшьиден, шудрадан құралды. (Санскриттік сөз «варна» — жамылғы, қабық, түр-түс дегенді білдіреді). Әр варна — адамдардың қауымдастық салт-жорасын мұқият орындайтын және коғамдағы орны аныкталған, тіршілікте өз түсін бетке ұстаған, рәсіммен тұйықталған тобы. Әр варна мүшелерінің атқаратын дәстүрлі кәсібі болды. Олардың идеялық негізін түрлі діни-мифологиялық жүйелер құрады десек, бұл ой-пікірдің әлеуметтік шарттары мен себептері бар. «Брахман» термині ежелгі үнді жерінде «құрметті, тақуалы өмір» сүрген, «ақ» түсті ұнататын беделді құдайдың атауын білдіреді. «Кши» етістігі «иемдену, билік жүргізу, жойып жіберу, өлтіру» деген мағынаны білдіреді. Кшатрийлер «кызыл» рәміздікті ұнатады. «Вайшья» — тиістілік, тәуелділік мағынасын білдіреді, ваишилер сары түсті қабылдаған. Шудралардың түстік рәмізі — қара түс болған. Жоғары абыз брахмандар — ой еңбек пен моральдық билікте үстемдік етті, киелі мәтіндерді үйретті, рәсім-салтты жүргізді. Кшатрийлер әскери өнерде, билік жүргізді. Үнді мәдениетінде «вайшиліктер» жер өңдеді, қол өнерімен және сауда-саттықпен шұғылданды. Бұл үш варналар арийлык ақсүйек ортадан шыкты. Ақсүйек ортаның еркектері арнайы атақ-дәреже беру салтынан өтті, білімге тартылды, сүйтіп «екі мәрте туындады». Олар халықтың ең төменгі сатысы — шудрадан бөлек, бөлініп тұрды, өз ортасының рәсім-салтын қатаң сақтаған. Шудралар — дене жұмысымен айналысатын құлдар хайуандарға теңестірілді, өмірлік құқығы шектеуде өмір сүрді.
Көне үнді мәдениетінің қайнар көзіне «ведалар» жатады. Веда (санскриттен — «білім», «жүргізу» деп аударылады):
• үндіарий және дравид тайпалары мен халықтары әдебиеттерінің көне естеліктеріне, ескерткіштеріне ұқсайды;
• ертедегі үнділердің мифологиясын, космологиясын, әлеуметтік қатынастарын қамтитын діни және философиялық гимндердің, сондай-ақ табынудың, жалбарынудың, өлең айтудың, кұрбандық шалу салтының жиынтығы;
• арийлық дәуірге дейінге мифологиялық, діни және протодравиди тіліндегі космологиялық түсініктер;
• дүниеге деген жартылай діни, жартылай мифологиялық наным-сенім, жартылай жаратылыстану түсініктері.
Веда ілімі адамның ақыл-ойына, оның екі түріне — таза және таза емес, көгенделген және азат болған көріністері мен кезеңдеріне назар аударған. «Таза емес ақыл-ой тілектерге бағытталған, таза — тілектерден азат. Шынында да, ақыл-ой — адамның көгенделуі мен азат болуының себебі…. Азаттыққа ұмтылушы адам ақыл-ойын қабылдау заттарынан үнемі арыл-тып отыруы керек» (Ауд. Г.Ж.Нұрышева). Тәуелділіктен азат болу — ең биік күй, Брахманға жетер жол.
Праджапатидің құдіретті қуаты — тыныс пен тамақта. Тыныс пен тамақ сезім мүшелерінің — көру мен сезінудің қызметін қарқындатады, олардың бір-біріне ықпалын арттырады. Сезіну және сөйлеу қабілеттері өсімдіктер мен жануарларға да ортақ. Бірақ олардың төрттен бірі айтылмайтын, айтыла бермейтін сөз. Ал абыздардың көру, сезіну қабілеттері жетілген, айқындау және олар бірін-бірі толықтырады. Мұндай түсінік бірден орнықпайды. Абыздардың табиғи кұбылысы (тілі, сөйлеуі) тәжірибелік көрініспен жэне деңгеймен шектелмейді. Абыздар өзіне сеніп «Мен» деп сөйлейді, сұраққа жауап іздейді, ойында ұқсастықты сақтайды. Мұндай ой — сөйлеудің бастауы және бас негізі болып қабылданады.
Брахманның талпыныстары мынандай тоқтамдардан туындады:
• дүниеге деген стихиялы материалды нышандағы көзқарастардың қалыптасуына ықпал етеді;
• адам болмысының келбеттенуіне сөз де, ой да бірдей ықпал ететінін мойындады және осы бағытты қстады;
• ойлану қабілеті сөйлеуден бұрын қалыптасып, кейде озыңқырап тұрады;
• оның сөзі — жеке адамның тілі ғана емес, ол жеке заттан бөлініп, дүние мәнін іздейтін, соған енетін куат бастауына ұксайды.

Брахман — абсолют, нақты нэрседен тәуелсіз, ешнәрсеге қатыссыз; біртұтас болмыс, әлемнің бастапқы себебі, болмыс емеске қарсы реалдылық; табиғаттан тыс, жоғары қасиетке бөленген космостық күш және дүниедегі қарама-қарсының бірлестігі, осыған орай поэтикалық-көркемдік көріністер көп таралған, оған табыну рәсім-салты әрқалай тамыр жайған; брахмандық мәтіндерде адамның этикалық түсініктерімен қатар өнегелілік, адамгершілік ережелері қатар кезігеді. Брахманда да құрбандыққа шалу ережелері, түрлі ұйғарымдар, мифтер мен тартулар, тіпті қайсыбір философиялык идеялар қатарласып қабаттасады. Құрбандық шалудың әртүрлі ведалық рәсім-жоралары кейіннен теодогиялық сипатқа ығысады. Брахман біртіндеп күрделі дәстүр мен ұстанымдарды дәуір ағымына ыңғайлайтын құралға айналады. Брахман түсініктері бертін келе абыздардың рәсім сақтау уағыздарын құрайды. Оның көне түрі «Шатапатха-брахман» (б.д.д. ІХ-VIII ғғ.) деп аталынады.
Ежелгі үнділер енді бірде заттардың дүниедегі айналымын су және тыныс арқылы түсіндіріп бақты, ізденіс тұйықтыққа ұласты. Себебі судан бәрі жаралады, әрі оған қайтып оралады. Су барлық нәрсенің абсолютті бастамасы ретінде көрсетіледі. Тыныс — сезінуге болатын материалды құбылыс; өмірдің бас белгісі, тыныс алған зат — тірі; болмыстың келбетсіз алғашқы негізі және жеке құдіреті, яғни оның қос табиғаты қатар өмір сүреді. Болмыстың бастапқы кұбылыстары тыныстың (прандар) түрлерінен күш алады және сол прандар адамның да, табиғаттың да ортақ қозғаушы қуатына жарайды деген пікірлер жиі қайталанады.
Дүниенің тұтастығы оның үш құрамынан — аспаннан, жерден, жер астынан қалыптасады деген түсінік ертерек таралады. Содан кейін адамды тірі табиғаттың бөлшегі ретінде қараушылық осы түсінікті толықтырды. Адамның өмірі жеке дене арқылы емес, жанның ағымы, болмыстың айналымы арқылы дүниемен ұласып жатады. Адамның өзін-өзі өңдейтін тұтас күйі, оның өзінің мінез-құлқына, ынта-ықыласына, кұдайларға құрбандық шалу рәсім-салтына, яғни дхарманың төменгі және жоғарғы сатысына сәйкес келеді. Төменгі дхарма ар-ұждан, адамгершілік, әділеттілік, міндет, діни қағида сияқты болмыс элементтерінен құралады. Дхарманың жоғары түрінде болмыс зандылықтарының асқақ деңгейде әрекет етуі түсіндіріледі, оны тіпті заңның және әділ жазаның кұдайы деп, кейіннен құдайдың өзі деп түсінушілік те, түсіндірушілік те қалыптасады. Өйткені өткінші 72 дхарма-элементтердің өзара әсер етуі және оның соңғы нәтижесі — абсолюттік тыныш күйі әлемдік процесті кұрайды, деген наным калыптасты. Үнді мәдениеті тұйық күйде қалмаған, өзге, көршілес елдердің мәдениетімен әрдайым байланыста болды. Оған үнді халқының рухани мәдениеті, діни-философиялық мұрасы, салт-дәстүрі шешуші рөл атқарды.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.