Өндіріс және өнімділік

Главная » Рефераттар » Өндіріс және өнімділік

Біздің өміріміздің материалдық негізін құрайтын өндірістер арқылы экономика дамып отырады. Кез келген экономиканың көзі — бұл қоғамда орналасқан ресурстар. Қазақстан — ТМД елдерінің ішіндегі ресурстарга бай елдердің бірі. Оның табиғи қорлары мен жағдайлары көп түрлілігімен, қорлардың көлемділігімен және жоғары сапалылығымен ерекшеленеді. Экономикалық ресурстар — бұл тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын барлық табиғи, адами және капиталдық ресурстар. «Өндірістік ресурстар» түсінігін экономикада «өндірістік факторлар» деп қарайды. Мұндағы «өндірістік ресурстар» түсінігіне қарағанда «өндірістік факторлар» түсінігі көнерген. Өндіріс өзара әсерлесетін факторларды ұсынады, олар белгілі бір сандық және сапалық сәйкестікте болуы тиіс. Егер де шаруашылықта бес трактор және бір тракторшы болса, қалған төрт трактор болашақ материалдық ресурс болып саналады. Өндіріс — бұл адамның тұтыну қажеттілігін қанағаттандыратын қызмет. Табиғаттың өзінен адам өзіне қажетті нәрсенің бәрін ала алмайды, сол себепті өндіріс -кешенді қажеттілік.

Қоғамдық өндіріс қорытындысының жалпылама көрсеткіші нәтижесі -жалпы ішкі өнім болып табылады (ЖІӨ). Жалпы ішкі өнім — бір жыл ішінде ел аумағында өндірілген тауарлар мен қызметтердің біртұтас құны. 1992 жылдан 1999 жылдар аралығында Қазақстан дағдарыс кезеңін бастан кешіруіне байланысты мемле-кеттің дамуы тұрақты болмады. 1992-1995 жылдары республикада өндіріс қарқыны төмендеді. Макроэкономиканың көрсеткіштеріндегі дағдарыс 1996-1997 ж.ж. орын алды, бұл кезде жалпы ішкі өнім көлемі азайып кетті. 1997 ж. Қазақстанда дөнді дақыл өсіруден рекордтық өнім алынды, өнеркәсіптік өндіріс көлемі, құрылыс, сауда өсті. Жалпы ішкі өнімнің өсуі 1991 ж. 27%-ды көрсетті. Ал 2000 ж. жалпы ішкі өнімнің өсуі 1999 жыл-мен салыстырғанда 9,6%-ды құрады. Жалпы ішкі өнімнің артуы төмендегідей негізгі факторлардың қорытындысы болды: инфляцияның төмендеуі, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, шетелдік инвестиция тарту т.б.

Қазақстандағы жалпы ішкі өнімнің өнеркәсіп саласында өскендігін байқаймыз. Қазақстан өнеркәсібінің құрылымындағы негізгі өзгерістер мұнай мен табиғи газда 1995 ж. -10,3% -ға, 2005 ж. -50,4% -ға өскендігі көрінеді. Мұнай шикізаттарын экспорттау 1995 ж. — 20,8% -ға өсті, 2005 ж. -62,5% -ға артқан. Өнеркәсіптен кейін жоғары өсім деңгейі қызмет көрсету саласында байқалады: 2005 жылы ЖІӨ-нің 41,9%-ы. Қызмет көрсету саласындағы соңғы жылдардағы өсу — қызмет көрсету нарығының дамығанын көрсетеді, яғни экономиканың тез өсетін саласына айналды.

.

Жалпы ішкі өнім көрсеткіші өмір сүру деңгейінен бөліне ме? Өмір сүру деңгейінің шынайы бейнесін көру үшін жалпы ішкі өнімнің жан басына шаққандағы мөлшерін білу керек. Жан басына шақңандағы ЖІӨ мөлшері сол елдің тұрғын санына байланысты. Егер өндіріс көлемі өссе тұрғындар саны да өседі, мұнымен біз сол елдің өмір сүру деңгейінің орташа деңгейін көре аламыз.

Өнімділік түсінігі

Өмір сүру деңгейін жоғарылату үшін өндіріс көлемі өсу керек. Өнімділік — бұл ресурстарды қолданудағы тиімділік шаралары. ТМД елдері мен Қазақстанның шаруашылық тәжірибесінде өндірісті тиімді қолдану көмегімен әр түрлі көрсеткіштерді көрсетті. Осындай көрсеткіштің бірі — еңбектің өнімділігі болып табылады. Еңбек өнімділігі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым елде өмір сүру деңгейі жақсы болады. Еңбек өнімділігі — белгілі бір уаңыт: бір сағат, күн, ай, жыл ішіндегі бір жұмысшының өндірген өнімінің саны. Сол себепті өндірілген тауар физикалың өлшем-мен (дана, тонна, метр), сондай-ақ (теңгемен) ақшалай өлшенеді. Мысалы: «Қуат» құрылыс компаниясында 2000 құрылысшы жұмыс істейді. Олар бір жылда 120 000 м2 тұрғын үйді тұрғызады. Мұнда еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда жылына 60 м2 құрайды. Бұл жай ғана арифметикалық жолмен анықталады: 120 000 : 2000 = 60.

Өнімділікті анықтайтын факторлар

Еңбек өнімділігі көптеген факторға, біріншіден, мамандардың біліктілік деңгейіне, еңбек тәртібінің бекітілуіне, адамдардың шығармашылығына, өндірістің автоматтандырылуы мен механикаландырылуына, технология мен жаңа техникаға байланысты. Жапонияда, АҚШ-та, Германияда бір жұмысшыға жылына 60 000$-дан келеді. Ал Қазақстан экономикасында 1998 жылы жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 115 мың теңгені құрады. Еңбек өнімділігі өсуінің бірінші шарты — еңбек ресурстарының сапасы: жұмысшылардың қызығушылығы, біліктілік, кәсібилік, төжірибе, білім. Қазіргі кезеңде Қазақстан үшін сапалы даярланған мамандар қажет. 2002 жылы қазан айында бұл мақсатқа орай Алматы қаласында Қазақстан — Британ Техникалық Уни-верситеті ашылды. Мұны ашу идеясын Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев ұсынған болатын. Университет еліміздің өнеркәсібі үшін жоғары біліктілікті мамандар дайындау жөніндегі мәселені шешеді.

.

Екінші шарты — технологиялық процестердің прогрессивтілігі. Жоғары технологиялық өндіріс — мемлекеттік бюджетті толтырудың негізгі бірден бір көзі. Жоғары технологияны қолдану өндірістің техникалық деңгейін және шығарылатын өнімнің сапасын жоғарылатады, қоғамның сұранысын қанағаттандырады. 1998 ж. маусымда «Алмас» ғылыми-зерттеу орталығында 8000 м тереңдіктегі геологиялық бұрғылау үшін қозғалмалы қондырғы құрылды. Импорттық жабдық қазақстандық жоба үшін екі есеге қымбат түсті. Өтпелі кезең Қазақстанның нарықтық экономикасына өз әсерін тигізбей қоймайды.

Үшінші шарты — күрделі қаржы жұмсалымының артуы. Қазаңстанның дамып келе жатқан экономикасы үшін ірі көлемді инвестициялық ресурстарды тарту қажет болды. Оларды қолдану ұтымды әрі тиімді. Бұларға ҚР-ның инвестиция жөніндегі Мемлекеттік комитеті бақылау жасайды. Егер 1996 ж. республикадағы негізгі капитал инвестициясы 80,9 млрд. теңгені құраса, 2005 жылы 667,6 млрд. теңгені құрады. Өнеркәсіптегі инвестиция түсімі көбі мұнай-газ кешеніне-2005 ж. 77,4% келген, ал басқа салаларда төмендегідей пайызды құрады: 1% — электроэнергетика; 0,5% — көмір өнеркәсібі; 1% — қара металлургия; 3% — түсті металлургия; 17,5% — өнеркәсіптің қалған салалары.

Күрделі қаржы жұмсалымының маңызы. Қазақстанның экономикасын дамыту үшін күрделі жұмсалымдарды қаржыландырудың көзі — шетелдік капитал. Қазіргі кезде ҚР-ның заңында әр түрлі формадағы шетелдік инвестициялар қарастырылған. Шетел инвестицияларын тарта отырып Қазақстан бірнеше мүмкіндіктерге ие болды: — табиғи байлық қорлары; — арзан жұмыс күшімен салыстыру; — жұмысшы күшінің жоғары деңгейі. Шетел инвестицияларының мүмкіндіктерін бағалай отырып, олардың екі көзін қарастыру керек: — халықаралық несие, яғни мемлекетаралық деңгейде алынған; — шетелдік фирмалардан алынған несие — бұл аз көлемдегі; бірақ Қазақстан экономикасының тұрақтануына және оның өсуіне өз өсерін тигізеді.

.

1996 -1999 жылдары аралығында ТМД мемлекеттері арасындағы шетелдік инвестиция тартудан Қазақстан лидер атанды. 1997 жылдан Қазақстан халықаралық қаражаттық ұйымдарға мүше. 2002 жылы қыркүйек айында Халықаралық рейтинг агенттігі МООО/Н’S Қазақстанның инвестициялық рейтингін көтерді. Қазақстан экономикасының әр түрлі салаларында өз инвестицияларымен келген ірі трансұлттық компаниялар мен өлемге әйгілі фирмалар табысты жұмыс жасап жатыр: «ШевронТексако», «ЭксонМебил», «Кока-кола Боттлерс» -ел экономикасының дамуына өз үлестерін қосуда.

Тұрақты және өзгермелі шығындар

Жалпы шығындар өндірісте тұрақты және өзгермелі шығындардан тұрады. Тұрақты және белгіленген шығындарға жылдық төлемдер, банкідегі несиеге қолданылатын пайыздық төлемдер, басқару қызметінің еңбек ақылары, ғимараттарды пайдалануға берілген төлемдер жатады. Тұрақты шығындарды өндіріс тоқтап немесе өнімі шықпай жатса да төлейді. Өзгермелі шығындарға өндіріс өнімдері үшін шикізатты сатып алуға кеткен шығын, жұмысшылардың жалақысы, электр энергиясына және шығарылатын өнім көлемінің өзгергеніне байланысты кететін шығындар жатады. Өндіріс көлемі неғұрлым ірі болса, соғұрлым өзгермелі шығын көп болады. Ал өнім аз шығарылса өзгермелі шығын азаяды. Тұрақты және өзгермелі шығындарды біріктіргенде өндірістің біртұтас шығыны шығады. Төменде өндіріс шығыны мен пайдасының шығарылатын өнім көлеміне қатыстылығын көрсететін құттықтау ашық хаттары өндірісінен мысал берілген.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.