Өндірістік жоспар

Главная » Рефераттар » Өндірістік жоспар

Бизнесжоспардың бұл бөлімінде өндірістік үдерістің ең мағыналы тұстары суреттеледі. Атап айтқанда, тауар өндірісі үшін және шығарылған өнімді сатуға дайындау үшін не қажет, т.с.с. мәселелер. Жалпы өндірістік процестермен тікелей байланыста жүзеге асырылатын жұмыстаркәсіпорын үшін маңызды мәселелердің бірі, ақшалай алынған несие (ссуда), негізінен осы өндіріске жұмсалатыны анық. Өнім өндіруші өз өнімін қалай шығаратыны жөнінде сипаттама беруі керек, яғни, ол өзінің болашақ жоспарын қалай жүзеге асыратынын, қалай жұмыс жүргізетінін анық көрсетуі тиіс.

1) Қажетті материалдармен қамтамасыз ету мәселесі қандай?
Материалдар, қандай сапада болуы керек?
2) Сізге материалдарды кім жеткізіп береді және олар ңайда істейді? Оларға сенім артуға бола ма? Материал-дардың сапасы жақсы ма?
3) Өкелінген тауар үшін бірден аңы төлей аласыз ба, әлде ақы төлеудің басңа тәсілін қолданасыз ба?
4) Тауарларды (ауылшаруашылың, өнеркәсіптік) өзіңіз өндірген тиімді ме, әлде сатып алған тиімді ме? Неліктен?

Атқаратын қызметіңіздің қандай болатынын бағалау үшін, мынадай мәселелерге жауап іздеуіңіз керек:
1) Сіздің бизнесіңіз қалай басқарылады? Қызмет атқару мәселесі бойынша шешімді кім қабылдайды?
2) Өндірістік үдеріс барысы қандай болмақ?
3) Кәсіпорында қандай құрал-жабдықтар мен техниканы пайдаланасыз (пайдаланбақсыз)?
4) Алынған ңүрал-жабдықтар үшін төлем ақыны бірден жасауға мүмкіндік бар ма, әлде біртіндеп (бөліп-бөліп) төлейсізбе?
5) Өнім шығарудың өндірістік үдерісі ңандай болмақ? Кәсіпорынды кеңейтуге жер телімі жеткілікті ме?
6) Жаңа технология қандай мөлшерде ңажет болады? Басқа ұйымдармен (қайта өңдеу, бөлшек сауда, т.б. мекемелерімен) бірлесіп қызмет жасауға қажеттілік бар ма?
7) Сізге қандай еңбек капиталы қажет? Сіздің бизнес маусымдық сипатта ма?
8) Дайын өнімдер кәсіпорында жинақтала ма, әлде қоймада сақтала ма? Дайын өнімді баңылау қалай жүргізіледі? Өнімді сақтау орны бар ма немесе жалға алынғаң ба?
9) Егер жаңа өнім шығармаң болсаңыз, сіздің өндірістік қызмет бағытыңыз өзгере ме? (мысалы, жаңа техника, арнайы орын, қосымша жүмысшылар т.с.с. қажет бола ма?)
10) Өнім сапасын қандай жолмен арттыруға болады және таза пайда мөлшерін қалай көтеруге болады?
11) Кәсіпорын қызметіне қандай өсімдік (үй жануарлары) аурулары әсер етуі мүмкін? Оларға қарсы қандай емдеу жұмыстарын қолданасыз?
12) Кәсіпорын қызметкерлеріне қандай еңбек дағдысы қажет?
13) Кәсіпорын талабына лайық, жеткілікті дағдыланған жұмыс күші бар ма?
14) Мамандарды арнайы оқыту қажеттілігі бар ма? Егер болса, ол қандай әдіспен іске асады?
15) Өндірістік шығындар қай мөлшерде? Құрал-жабдықтарды, мүліктерді, арнайы орындарды ұқыпты түрде, тәртіппен қалай ұстап тұруға болады?

Делдалдар. Кеңесшілер. Бұл жерде мынадай мәселелерге назар салыңыз:
1) Өндірген өніміңізді әрі қарай қайта өңдеу қажет пе? Қайта өңдеу қандай болмақ?
2) Егер сіз бизнесті ұлғайтсаңыз, әсіресе оған дайын өнімді қайта өңдеуді және бөлшек сауданы қоссаңыз, сізге пайдалы ма, әлде қолайсыздың туғыза ма?
3) Кәсіпорындағы мамандандырудың артықшылықтары мен кемшіліктері неде?
4) Сіздің кәсіпорынға сырттан қандай техникалық ңызмет қажет болады?
5) Мамандар мен кеңесшілердің қызметін пайдалану мүмкіндігіңіз бар ма?
Өзінің шикізатын бақылауды, өндірістік үдерістерді қадағалауды және өнім өндіру жоспарын орындай алатыныңызды көрсету — сіздің басты маңсатыңыз.
Барлығын бірден жасау мүмкін емес. Бірақ «мен мұны кейін істеймін» деген ой жеңіл болғанмен, қауіпті пікір. Өз қызметін үйымдастыру үшін, ең маңызды мәселелерді шешу үшін және қаражатқа д еген сүранысты дұрыс анықтау үшін — кәсіпорынның даму жоспарын қүру өте пайдалы.
Өндірістік жоспарда қарастырылатын ең маңызды мынадай мәселелерге кеңірек тоқталайық:
1. Өнімді талдама жасау;
2. Өнімді дайындау;
3. Қызмет көрсету;

Өнімге талдама жасау. Кәсіпорынның құрылу барысында, бизнес-жоспар оның кез келген кезеңінде ұйымдастырылады. Мүмкін ол кәсіпорынның бастапқы кезеңінде жасалынатын шығар, әлі ешқандай өнім немесе қызмет түрлеріне талдама жасалмаған кезде (Бірақ, кәсіпорынның бүл аралығындағы қызметі өте қысқа ғой). Мүмкін бизнес-жоспар кәсіпорынның жетілген жағында немесе бір қүлдырау мезгілінде де жасалынуы мүмкін ғой. Осы аталған жағдайлардың қайсысында болғанда да, бизнес-жоспар, кәсіпорын өнімінің ілгері жылжуын қамтамасыз ететін талдама жасау керек. Бұл, әрине, жоғары сапалы өнімнің дайындалуына шешуші рөл атқарады. Дегенмен, жоғары деңгейдегі технологияны пайдалана отырып, төмен сапалы өнім шығаратын да кәсіпорындар кездеседі. Мұндай жағдайда, түпкі өнімге емес, өнімді талдама жасауға көңіл бөліну керек. Өнімді талдама жасауға байланысты, мынадай мәселелер есепке алынуы керек:

1) Өнім өндіру туралы идея мен наңты өнім арасындағы алшақтық жойылу керек. Бұл өте маңызды жағдай Қарыз берушілер, қағаз жүзінде ғана көрінген бизнесті қаржыландыруға тілек білдірмейтіні анық. Олай болса, жоғарыда аталған алшақтықты жаңа бизнестің алда болуына жол ашады.
2) Өнімді талдама жасауға арналған бөлімі, ғылыми нүсқау болып қана қалмау керек. Олай болса — үлкен қате. Көсіпкер өз әрекетін жалпылама түрде көрсету керёк. Егер жекелеген жүмыстарға қажет болса, қосымша ақпарат болуы тиіс. Ондай ақпараттың бар екендігі жоспарда көрсетіледі.
3) Кейбір жағдайда, зерттеу жүмыстары туралы көп ай-тыла бермей, қайта оның орнына, сол жүмыстарды жүргізген мамандар туралы толық айтылса сол ұтымды болмақ. Сонда кәсіпорын ңызметкерлерінің ңабілеттілігі мен бүрынғы өткен табыстары, пікір білдірушілер тара-пынан да жақсы бағаланған болар еді.

Өнімді дайындау. Өндіріс бизнесі — деген жалпы түсініктің ажырамас бөлігі, кәсіпорынның өз өнімдерін қалай дайындап шығаратындығы туралы мәселе. Бұл жөніндегі ақпаратты оқырманға жан-жаңты жеткізу -кәсіпорын ресурстарына, ондағы шығарылатын өнімдерге байланыстыра жүргізілетін шаруа.
Кәсіпорын ресурстарына жататындар:
1) өндіріс үшін бөлінген арнайы орындар;
2) құрал-жабдықтар;
3) материалдар;
4) кәсіпорын қызметкерлері.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.