Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар

Главная » Рефераттар » Негізгі дидактикалық тұжырымдамалар

Оқыту үдерісі дидактикалық жүйелер деп аталатын бірқатар психологиялық-педагогикалық тұжырымдамаларға негізделеді. Дидактикалық жүйе бірыңғай тұтас құрылымды құрайтын және мақсаттарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін элементтер жиынтығы болып табылады. Жүйені сипаттау білім беру мақсаттарын, мазмұнын, дидактикалық үдерістерді, әдістерді, құралдарды, оқыту формалары мен принциптерін анықтауды кажет етеді.
Осы кезге дейін қолданылып жүрген барлық дидактикалық тұжырымдамаларды үш топқа жіктеуге болады. Олар дэстүрлік, педоцентрикалық және казіргі жүйелер деп топталады. Бұлай топтау окыту үдерісі объектісі мен пэніне қатысты жүргізілді.
Дэстүрлі оқыту жүйесінде сабақ беру, яғни мұғалімнің іс-әрекеті басым қарастырылады. Бұл жүйеге Я.А. Коменскийдің, И.Г. Песталоц-цидің, И.Гербарттың және неміс классикалық гимназиясының дидак-тикалық тұжырымдамалары кіреді.
Дәстүрлі оқыту жүйесіне қатысты И.Гербарттың оқыту жүйесіне ерекше тоқталуға болады. Гербарт ілімі бойынша оқыту мақсаты интеллектуалдық біліктерді, түсініктерді, ұғымдарды, теорияларды калыптастыру болып табылады. Сонымен бірге ол тәрбиелей окыту идеясын тұжырымдады. Ол оқыту тэрбиелік сипатта болуы керек деп есептеп, білімдерді окушының сезімін, еркін дамытумен байланыстыру қажет деп тұжырымдаған. Бұл идеяны казір тұлғаның мотиваңиялық-қажеттілік сферасын калыптастыру деп түсінуге болады. Гербарт идеясының тағы бір ерекшелігі — ол оқытуды кұрылымы бойынша төрт сатыға бөледі: түсініктілік сатысы — материалды бөлін және оны тереңдете қарастыру; ассоциация сатысы — жаңа материалды өткен білімдермен байланыстыру; жүйе сатысы — қорытындыларды, ұғымдар мен заңдарды түжырымдау; әдіс сатысы — теорияны түсіну, оларды жаңа күбылыстарға, ситуацияларға қолдану. Қазіргі тілмен айтқанда баяндау, түсіну, жалпылау, колдану элементтері жиынтығы оқыту қүрылымын қүрайды. Шынында, бүл теория оқыту үдерісін мүғалімнің тиімді іс-әрекетін қүру ретінде түсіндірді. Гербарт дидактика үшін қажеттілік ретінде мүғалімнің іс-әрекетін үйымдастыруға жэне жүйелеуге үмтылды. Гербарттың этикалық және психологиялық түсініктері идеалистік және метафизикалық сипатта болды. Бүл оның дидактикалык жүйесіндегі кемшіліктердің байкалуына алып келді. Мүндай кемшіліктер қатарына көпсөзділік, жаттандылық, интеллектуализм, баланың қажеттіліктері мен мүддесінен жэне өмірден алшақтык жатады. Сондыктан бүл жүйенің басты мақсаты дайын білімдерді беруге үмтылу, ақыл-ой белсенділігін оятпай, ойлау қабілетін дамытпауы, өктемшілдік сипатына байланысты окушының өз бетінше жүмыс істеуін дамытпауы сынға алынды.
Педоцентрикалык жүйеде оқыту үдерісінде баланың іс-әрекеті -окуға ерекше мән беріледі. Бүл жүйе негізінде Д.Дьюи жүйесі, Г.Кершенштейнердің еңбек мектебі, XX ғасыр басындағы В.Лаяның реформалар кезеңі теориясы жатыр.
Д.Дьюи көзқарасына сэйкес окыту үдерісін баланың қызығу-шылыктарына, қабілеттіліктеріне жэне қажеттіліктеріне сэйкес күру қажет деп есептейді. Бүл бағыт бойынша оқыту мақсаты -баланың жалпы жэне ақыл-ой қабілеттіліктерін, эр түрлі біліктерін калыптастыру деп анықталды.
Жаңа педагогика өкілдері оқу үдерісінде оқушының белсенділігін арттыруды дидактиканың басты проблемасы ретінде қарастырды. Бұл идеяға сәйкес окыту үдерісі қүрылымы: іс-эрекет барысында қиын-дықтарды сезіну, қиындықтар мәнін жэне проблеманы түжырымдау, проблеманы шешуге қатысты болжамды жасау жэне оны тексеру, корытынды жасау және меңгерілген білімдерге сэйкес жаңа іс-әрекет жасау деп көрсетіледі. Оқыту үдерісі кезеңдері зерттеушілік ойлау мен ғылыми ізденісті тудырады.
В. Лай окыту үдерісінде қабылдау, өңдеу жэне байқату тэрізді үш кезеңді бөліп қарастырды: . Байқатуды біліхмдер негізіндегі түрлі іс-әрекет ретінде түсіндіреді. Бүларга шыгарма жазу, сурет салу, театр қою, практикалық жүмыстар жатады. Әрине, мүндай жұмыстар танымдық іс-әрекетті жандандырып, ойлау қабілетін дамытуға, проблеманы шешуді үйретуге, оқу үдерісін кызықты ұйымдастыруга мүмкіндік береді. Бірак бүл дидактикалык жүйеде балалардың үйымдаспаган өзіндік іс-эрекетіне ерекше мән беру жэне тек олардың гана мүдделерін ескеріп отыру материал іріктеуде жүйеліліктщ бұзылуына, уақыттың көп жұмсалуына, мүгалімнің екінші орынга ысырылуына, сол себепті окыту деңгейінің төмендеуіне алып келеді.
Казіргі дидактикалық жүйе сабак беру мен окуды оқыту үдерісшің екі жагы деп есептейді жэне олардың арасындагы дидактикалық катынасты дидактика пэні деп есептейді. Қазіргі дидактикалык тұжы-рымдама жүйесін багдарламалап окыту. проблемалық окыту, дамыта окьтту (П. Гальперин, Л. Занков, В. Давыдов), гуманистік (ізпліктік) психология (К. Роджерс). когнитивтік психология (Дж. Брунер), 80-жылдардагы жаңашыл педагогтердің педагогикалык технологиялары, ынтымактастық педагогикасы багыттары күрайды.
Казіргі оқыту жүйесіне катысты окыту максаты тек білімдерді гана қалыптастыру емес, оқушыларды жалпы дамыту, олардың интел-лектуалдык, еңбек, көркем біліктерін қалыптастыру болып табылады. Окыту үдерісі білім беру мақсаттары мен мазмүнына сэйкес болуы керек, сондықтан оны қос жақты басқарылатын үдеріс деп есептейді. Мүгалім оқушылардың оқу-танымдык іс-әрекетіне жетекшілік етуі керек, оны ұйымдастырып, жүргізш отыруы кажет.
Казіргі дидактикалык жүйенің қалыптасу ерекшеліктеріне көз жіберетін болсак, бірыңгай кеңестік дэуірдегі мектеп көп жагынан прогрессивтілікті қамтамасыз ететін, еңбек жэне политехникалық мектеп түрінде калыптасты. Бірак казір бүл жүйеге тэн біркатар кемшіліктер болганы бгзге мэлім. Мектепте демокрагиялык түжы-рымдама толық жүзеге асырыла алмады, бір мезгілде түлганың да, когамның да, мемлекеттің де білім алу кажеттіліктері бірдей канагаттандырылуы тиіс деген жалаң қагида орын алды. Бүл бюрок-раттықка алып келді. Қазірп кезде мектепті түрлендірудің бірден-бір көзі мектепті демократияландыру екені аныкталды. Демок-ратияландыру — жалаңдыкты, ресмилікті жоя отырып, педагогикалык үдерісті ынтымактастык педагогикасы негізінде құру леп танылады. Демократкяландыру дегеніміз адамға бағдарлану. оқушыны басты леп тану болса. ынтымақтастык — балалар мен ересектердін өзара түсінісуі, бір-біршің рухани элеміне кіре білуі және бүл іс-әрекеттің барысы меті нэтижесін ұжымдьтқ түрде талдай білуге негізделген гуманистік (ізпліктік) идея. Демократиялық жүйені ізгілендірудің басты ерекшелігі оқу-тәрбие үдерісінде окушылардың танымдық жэне рухани қажеттіліктерін толық қанағаттандыруға ұмтылу, оку еңбегі сипаты мен мазмұнын ізгілендіру, мектептің барлық істеріне окушылардың өзін тікелей қатысгыру болып табылады.
Ынтымақтастық педагогикасы окушыны өзара іштей байланысты түрлі іс-әрекеттердің, оның ішінде оку, ойын, қоғамдык-пайдалы еңбек, еңбек іс-эрекеттерінің субъектісі ретінде қарастырады. Бүл окушылардың окуға ұмтылуын, кызығуын дамытады, білімдерді меңгеруде, мектепте жэне одан тыс маңызды тапсырмал арды орын д ауда кабілеттіліктерін қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттырады. Мұғалімдер мен оқушылар арасында сенімді қатынас орнайды, әрқайсысынын өзінің міндеттерін орындаудағы талапшылдығы артады. Ынтымақтасгык негізінде еңбек жатады. Ынтымактастық -белгілі бір мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған, мұғалімдер мен оқушылардың біріккен. өзара байланысты іс-эрекеті.
Қазіргі дидактикалық жүйенің тағы бір маңызды ерекшелігі — ол ұжымдық іс-әрекетті негізге алуында. Ұжымдық жұмыс негізінде оқушылардын өзара дамуын, өзара рухани баюын камтамасыз етеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.