Негізгі микотоксикоздар

Главная » Рефераттар » Негізгі микотоксикоздар

Негізгі микотоксикоздар

Стахиоботриотоксикоз

Стахиоботриотоксикоз – Stachybotrys alternans саңырауқұлағымен зақымдалған сапалы емес азықты жегеннен пайда болатын жануарлар ауруы. Ең алғаш рет бұл ауру 1931 ж. КСРО кезінде жылқыларда тіркелген болатын. 1937-1938 жылдары кең таралған. Аурудың кенеттен пайда болуы, ауырған малдардың жоғары өлім коэффициенті, клиникалық белгілерінің ерекшелігі, этиологиясы айқын болмауы стахиоботриотоксикоздарды белгісіз ауру түрлеріне жатқызған болатын. Басында ауруды бактериалды және вирустық инфекцияларға жатқызған, бірақ бұл жануарлардың кеңінен улану себебін де бөлген жоқ болатын. П.Д. Ятель микологиялық мұқият зерттеулерінен аурудың азықтан пайда болғанын және оның St. аlternans саңырауқұлағымен зақымданғанын анықтаған болатын. Кейін стахиоботриотоксикоз кезіндегі клиникалық белгілерін,жануарлар бейімділігін, патогенезін зерттеу жұмыстары жүргізілген болатын (К.И. Вертинский, М.И. Саликов, Ф.М. Пономаренко, Ф.Х. Саркисов, В.И. Мутовин және басқалары, 1938-1944). Саңырауқұлақ табиғатта кең таралғандығын зерттеулер көрсеткен болатын. Ол АҚШ, Англия, Франция, Румыния, Польша және басқа елдерде анықталды. Жануарлардың шалдығу деңгейі әртүрлі. Стахиоботритоксикоздарға ең сезімтал жылқылар. Жылқылар стахиоботритоксикоздар жайлы алғаш мәліметтер К.И. Вертинский, А.Х. Саркисова (1951) еңбектері болып табылады. Кейін стахиоботриотоксикоздар басқа елдерде сипатталған болатын: Венгрия, Болгария, Румыния, Чехословакияда.  Көп уақыт бойы жылқылардан басқа жануарлар түрлері St. аlternans саңырауқұлақ токсиндеріне сезімтал емес және қалыпты жағдайда ауруға шалдықпайды деп саналатын. Бірақ стахиоботриотоксикоздармен елімізде 60-шы жылдары ірі қара мал жалпылама ауруға шалдығуынан бұл көзқарасты өзгерткен болатын. Микотоксикоз белгілері бар ауруларын толығымен зерттеу стахиоботриотоксикоз шошқаларда, қойларда, енекелерде, бизондарда, бұғыларда, құстарда кездесетіні анықталды. Эксперименталды жолмен стахиоботриотоксикоз жылқыларда, ірі қара малдарда, қойларда, шошқаларда, иттерде, көгершіндерде, мысықтарда, тышқандарда, теңіз шошқаларында, қояндарда жасалынды. Стахиоботриотоксикоздарға әртүрлі деңгейлі сезімталдық физиологиялық ас қорыту, жасының, азық сипатының және т.б. ерекшеліктеріне байланысты болуымен түсіндіріледі. St. аlternans саңырауқұлағы қалыпты жағдайда сабан, пішен, бұршақ, жүгері, мақта, мекенді зақымдайды. Саңырауқұлақпен зақымдалған азық қараяды, үстіне күйе жамылғандай болып көрінеді. Азықтың саңырауқұлақпен зақымдалуын жоғары ылғалдылық та әсерін тигізеді. Мұндай азық жеген жануарларда аурудың клиникалық белгілері пайда болады.  Жылқыларда қалыпты жағдайда стахиоботриотоксикоз ағымы қалыпты (жітілеу) және қалыпты емес (жіті) формада өтеді. Некроздармен, қантүзуші органдар, жүйке жүйесі, асқазан – ішек траты бұзылыстармен сипатталатын ауру. Қалыпты формасы – азықтық токсиндерін ұзақ, сублетальді дозасында қолданылғанда 3 кезеңде өтеді. Бірінші кезең саңырауқұлақпен зақымдалған азықты жегеннен кейін 1-3 күні анықталады. Ауруға шалдыққан мал ернінде некротикалық қабыршақтар мен жаралар пайда болады (сурет №1). Сілекей бөлінуі, мұрын ісінуі, конъюнктивит, ринит, стоматит байқалады. Мұрын қуысынан катарльді экссудат бөлінеді. Саливациямен қатар, жас бөліну, конъюнктивит гиперемиясы, қабақ ісінуі болады. Көп жағдайда лимфа түйіндері (жақ асты) мен бастың жалпылама ісінуі тіркеледі. Осы кезде жануардың тәбетінің тез төмендеуі мен апатиясы байқалады. 15-20 күннен соң екінші кезең басталады. Мұнда қан дискрезиясы, екіншілік некроздар, әлсіздік, тер бөлінуі, шаншу, дене температурасы жоғарлауы байқалады. Екіншілік кезеңге токсикоздың клиникалық белгілердің дамуы тән. Алғашқы кезде лейкоцитоз болып, кейін лейкопенияға ауысады. Лейкоциттер саны 1-3 мың/ммдейін азаяды. Жалпы нейтрофилдер саны да азаяды. Ауру дамуына орай тромбопения мен қан ұйюының реакциясы төмендейді, толық қан ұйымауына дейін. Екінші кезең 15-20 күнге дейін созылады, кейде 50 күнге созылуы мүмкін.

Содан кейін соңғы, үшінші кезең басталады. Дене температурасы 40-41,50С көтерілуімен, жүрек қызметі бәсеңдеуімен, ауыз кілегейінде некроздармен, азықтан толық бас тарту, жүдеу мен өліммен сипатталады. Буаз малдар іш тастайды. Шаншулар байқалады. Перистальтика күшейеді не бәсеңдейді. Токсинді бүйрекке әсеріне байланысты несепте белок анықталады, цилиндірлі және эпителиальді жасушалар. Пульс бәсең, аритмиялық (60-120 соққы 1 мин-та), жануар жатып қалады, тірі массасы кемиді. Үшінші кезең ұзақтығы 1-6 күн, өліммен аяқталады. Аурудың бірінші және екінші кезеніңде ғана өзімен қайта қалпына келуі мүмкін. Қалыпты емес (жіті) форма зақымдалған азықтың көп мөлшерде бірден жегеннен пайда болады. Мұнда дене температурасы 2-4 күні азық жеген соң көтерілуі тән. Кілегей қабықтар цианозы, өкпе ісінуі, кілегейлер геморрагиясы, орталық жүйке жүйесі бұзылуы, бас бұлшықеттерінің клоникалық құрысуы, жүрек-қан тамыр жүйесінің бұзылыстары байқалады. Пульсі әлсіз, аритмиялы, 80-100 соққы минутына, температура 40-410С сақталады. Жануар 1-3 күннен соң өледі. Ірі қара малда стахиоботриотоксикоз организмге түскен микотоксиндер көлеміне қарай, жылқыларда сияқты, екі ағымға бөлінеді: жіті және созылмалы микотоксикоз. Жануардың ауруы жіті ағымында 1-4 күннен кейін өліммен аяқталады, ал созылмалы ағымындаауру бірнеше аптаға созылады. Жіті токсикоз әлсіздікпен, азықтан бас тартумен, жануардың кенеттен өлімімен сипатталады. Айқын клиникалық белгілері болмайды. Созылмалы токсикоз микотоксиндердің аздаған мөлшерінде ұзақ уақыт бойы организмге түсуінен пайда болады және екі кезеңде: субклиникалық (жасырын) және клиникалық.

Алғашқы кезеңде (ұзақтығы 3-30күн) жануардың ауру екендігін визуалды түде анықтау мүмкін емес. Бұл кезеңде қан құрамының өзгеруі: лейкоцитарлы формулада сол жаққа ығысқан ядролы нейтрофилия. Қысқа уақыттық лейкоцитоз лейкопенияға ауысады. Осы жолмен лейкоциттер мөлшері 12-18 мың 1мм3 көбейіп, кейін 200 дейін төмендеуі мүмкін. Жануар өліміне дейін лейкопения сақталады. Ауыз қуысы кілегейінде шектелген некротикалық ошақтар пайда болады. Көп жануарларда жаралар қызыл иекте ғана емес, тілде де пайда болады. Қарын-ішек тракты жүйесі бұзылуы, гипотония, мес қарын атониясы тіркеледі. Жануар әлсірейді де, тәбеті төмендейді. Дефекация актісі ауырсынумен өтеді. Жүрек қызметі нашарлайды, жиіленуі мен аритмиясы байқалады. Құрғақ жөтел мен жиі тыныс алу пайда болады. Буаздылықтың екінші жартысында токсикоз іш тастауға алып келеді. Лактация кезең сиырларында сүт секрециясы мүлде болмауына дейін азаяды. Бұқаларда ұма терісінің сабанмен жанасуы салдарынан қабынуға және 1-2 күннен соң бөртуге алып келеді.  Клиникалық сатысында ауырған жануарлар температурасы біршама көтеріледі, профузды іш өту, кейде қан аралас. Жалпы күйі нашарлай бастайды. Азықтан бас тарту, бұлшықеттік діріл, жиі тыныс, мұрын ісінуі байқалады. Кейде ерні мен мұрын айналасында жаралар пайда болады. Мұрын қуысынан ең алдымен серозда, кейін серозды-гемморагиялық бөлінділер ағады. Сонымен қатар саливация, мұрын қуысы мен ауыз қуысы кілегейлерінің гиперемиясы жүреді.  Қойларда стахиоботриоткосикоз қалыпты ағымы ірі қара малдардың клиникалық белгілеріне ұқсайды және микотоксиндердің көлемі мен түсу ұзақтығына байланысты. Ең алғашқы клиникалық белгілер St. аlternans саңырауқұлағымен зақымдалған азық жеген соң 2-3 күнде байқалады. Тәбет төмендеуі, ауыз аймағында ісінулер, еріндерде беткі және терең эрозиялар, саливация, сүт өндіру төмендеуі байқалады. Ішек-қарын жүйесі қарыншалар атониясы мен диарея нәтижесімен бұзылады. Жүн түсу, жалпы әлсіздік, қимыл координациясының бұзылуы, рефлекстердің күшеюі, температура жоғарлауы, жүрек жұмысының нашарлауы, өкпе ісінуі тіркеледі. Жеке жануарларда мұрын қуысынан кілегей көп мөлшерде ағуы байқалады. Қан құрамы анемия дамуымен, гемоглобин мөлшері 12% төмендеуімен, эритроциттер саны 1млн 1мм3 азаюымен өзгереді. Лейкопения, тромбоцитопения, лимфацитоз, қан ұйындысының кешіктірілген ретракциясы болады.  Дифференциалды диагностика үшін қанның биохимиялық көрсеткіштерін бақылайды. Қанның морфобиохимиялық зерттеулері лейкоциттер саны ауру жануарларда сау малға қарағанда азаюымен сипатталды. Қалдық азот көлемі азаяды, билирубин мөлшері көтеріледі. Хлор мен каталаза құрамы төмендейді.

Шошқаларда стахиоботриотоксикоз екі формада өтеді: тері мен генерализациялық. Терілік формасы ісінулер мен ауыз бен мұрын шеттері гиперемиясымен анықталады. Мұрыннаң ең алдымен түссіз серозды экссудат, кейін сұрғылт түсті катаралды экссудат бөлінеді. Кейбір ісінулер үстінде эрозиялар пайда болуы мүмкін. Кейбір жануарларда ауыз айналасында, әсіресе шеттерінде және төменгі жақта қабыршақтар пайда болады. Қабақ пен кірпікте – экссудат пен экссудатты қабыршақтар, ауыз ұшында – сұрғыл-жасыл дақтар пайда болады. Желін айналасында зақымдаулар жиі болады. Тері қызыл түсті, кейін қоңыр немесе қоңыр-сұрғылт түсті қабыршақтармен қапталады. Бұл форма шошқа шаруашылық практикасында жиі кездеседі.

Генерализирленген форма – депрессия, саливация, тахикардия, бұлшық ет треморымен, іш өту, артқы мүшелер параличімен, лейкоцитозбен өтеді. Кейін ол лейкопенияға айналады. Тромбтар түзілуі мен қан ұйымауымен сипатталады.  Әртүрлі дене учаскелерінде, әсіресе ерін мен ауыз айналасында некроз ошақтары пайда болады. Жұқа жүнмен қапталған теріде (қарын, анус айналасы, көз айналасы) қан ағулар байқалады. Ең алғашқы мұндай ағымның клиникалық белгілері ауыз бен ерін кілегейінің гиперемиясы. Қан лейкоцитозы мен нейтрофилиямен өзгереді. Жеке жануарларда қозғалыс координациясы бұзылуы, анемия, эритропения, эозинофилия болады. Ақуыз сарысуы мен сілтілі фосфатаза деңгей төмендейді. Кейін лейкопения айқын білінген лимфацитозбен бірге дамиды, температура көтерілген және жүрек соғысы жиіленген болады.

Іш тастаған төлдері қалыпты, не мумифицирленген, мацерация белгілерімен болуы мүмкін. Ауру мегежіндерде торайларының жоғары өлім көрсеткішін көрсетеді, оның себебі желін зақымдануы мен сүт беру төмендеуіне байланысты. Патологоанатомиялық өзгерістер. Стахиоботриотоксикоз кезінде геморрагиялық диатез, некротикалық, дистрофиялық өзгерістер мен транссудация болады. Жылқыларда мұрынның кілегейлі пердесінде, ауыз кілегейінде, өңеш пен қарында некроздар, қан ағулар болады. Қаңқа бұлшықеттерінде, лимфатикалық түйіндерінде, бауыр, өкпе, бүйрекүсті, жұлын мен бас миында қан ағулар тіркеледі. Бауырда, бүйректе, миокардта дегенеративті өзгерістер айқын байқалады. Өкпе, теріасты клетчатка ісінген және қызыл түсті. Лимфа түйіндері лимфоциттерден бос болып келеді. Күйістілерде геморрагиялық диатездің йқын белгілерімен қатар, некротикалық және ішкі мүшелер дистрофиялық өзгерістері қан ағуларды тудырып, мес қарын, жалбыршақ пен қатпаршақ қабырғаларында некрозды ошақтар болады. Лимфа түйіндерінде қабыну және серозды процесстер өтеді. Плевриттер жиі байқалады. Өкпеде гепатизация мен бүйрек бұзылысы тіркеледі. Бас миында дегенерация, гиперемия, периваскулярлы гиперемия болады. Мүшелер мен ұлпаларда морфологиялық өзгерістері – некробиотикалық процесстер, альтерация. Өкпе ісінеді, бауыр некроздалады. миелобласттар гипоплазиясы байқалады.  Шошқаларда стахиоботриотоксикоз ас қорыту жүйесінде қабыну- некротикалық өзгерістермен, теріде, тері асты клетчаткада, бұлшықетте қан ағулармен сипатталады. Қарында және ішекте некроздың біршама ошақтары байқалады. Бауырға дистрофия тән. Емі стахиоботриотоксикозға шалдыққан малдардың өмірге маңызды органдарды, функцияларды сақтандыру, токсиндерден арылтуға негізделген. Қабыну және некрозды төмендететін заттар беріледі. Ең алдымен зақымдалған азықты рационнан алып тастайды. Жылқыларға қарынды тек сумен немесе белсендірілген көмірмен іш жүргізеді. Жануарларды аш диетада ұстайды. Суды көп мөлшерде береді. Рационға зығыр дәндерінің кілегейлі қайнатпаларын, сұлы жармасы, кебекті быламық қосады. Кейін сапалы, ылғаданған беделі сабан қосады. Жануар күйі жақсаруына орай қалыпты рационға көшіреді.  Организмді нығайтатын заттар ретінде глюкоза, жүрек жеткіліксіздігінде – кофеин тағайындайды. Сульфаниламидтер, ауыз суын қолдану да ұсынылады. Күйістілерге руминаторлы препараттар тағайындалады. Қабыну процестерін төмендеті мен некроз жараларын азайту үшін дезинфекциялық заттармен өңдейді: калий пермаганаты, люголь ерітіндісі. Екіншілік асқынуларды алдын алу үшін антибактериалды препараттар (пенициллин, стрептомицин, тетрациклин) қолданылады. Күресуі мен профилактикасы. Улану болған жағдайда рационнан күмән азықты және төсемені алып тастау керек. Барлық жануарларды клиникалық белгілерін анықтауда зерттеулер жүргізіп, симптоматикалық ем қолданады.  Жылқыларда ауру жануарды анықтау мақсатымен лейкоциттер, тромбоциттер, қан ұйындысының ретракциясын анықтау үшін қан алады. Ауру ағымының жеңілденуіне ұстау мен азықтандыру шаралары жақсаруы септігін тигізеді.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.