Нейрон жайлы жалпы түсінік

Главная » Рефераттар » Нейрон жайлы жалпы түсінік

Организмдегі ең күрделі құрылым жүйке жүйесі болып табылады. Ол өзара тор құра бірігетін ондаған миллиард жүйке торшаларынан кұралған (адамда жүйке торшаларының жалпы саны 50 миллиардқа жетеді). Демек, жүйке жүйесінің құрылымдық және функционалдық негізі — жүйке торшасы немесе нейрон. Нейрон деп жүйке торшасы мен оның өсінділерінің жиынтығын айтады. Әрбір нейронда төрт құрама болады: жүйке торшасының тұлғасы (денесі), қысқа өсінділер — дендриттер, ұзын өсінді -нейрит, аксон және аксон үштары немесе терминалдар. Нейронның аталған құрамаларының әрқайсысы өзіне ғана тән қызмет атқарады.

Нейрон түлгасы, немесе сома, талдау — синтездеу процестерін жүргізеді. Оның қүрамында ядро, рибосомалар, эндоплазмалық тор және басқа қосындылар болады. Нейрон денесінде медиаторлар, торша белоктары және басқа компоненттер түзіледі. Сома нейронның әрекетін, біртұтастығын қамтамасыз етеді. Ол зақымданса, бүкіл нейрон қызметі бұзылады. Аксон жүйке импульстерін басқа торшаларға — жүйке, ет немесе секрециялық құрылымдарға, жеткізеді. Аксон — жүйке торшасының ұзын өсіндісі. Бірқатар ақ-сондар орталық жүйке жүйесін (ми мен жұлынды) шеткі ағзалармен жалғастырады. Сезімтал (сенсорлық) нейрондар аксоны тітіркеністі шеткі рецепторлардан ОЖЖ-не жеткізеді. Қозтгыш (моторлық) нейрондар аксоны жүйке импульстерін ОЖЖ-ден дене еттеріне, ішкі ағзаларға жеткізеді.

Аксонның негізгі қызметі — жүйке импульсін өткізу. Бұл импульстер аксон мембранасының өтімділігінің өзгеруіне байла-нысты электр потенциалы түрінде аксон бойымен сомадан жүйке үшына дейін толқын сипатта таралады. Аксон аяқталар жерінде тарамданып, жіңішке тармақтар (терминалдар) түзеді де, әрбір терминал өздері жалғасатын торшалармен арнаулы жалғамалар (синапс) құрады. Дендриттер жүйке торшасы өсінділерінің бүтақтана тармақтануы нәтижесінде пайда болады. Олар басқа нейрондар әсерін синапс арқылы қабылдайды. Әрбір жүйке торшасының дендриттерімен жүздеген немесе мыңдаган нейрондар аксонының терминалдары жалғасады. Әрбір қозған терминал медиатор бөледі де, дендрит мембранасының өтімділігіне әсер етіп, оның потенциалын өзгертеді.

Дендритте пайда болган синапстық потенциал одан әрі нейрон тұлғасына беріледі. Егер дендритте қоздырғыш синапстық потенциал пайда болса, онда жүйке импульсінің туындау жиілігі артады, ал тежегіш синапстық потенциал туындаса, керісінше, ол кемиді. Жүйке торшалары орталық жүйке жүйесінің функционалдық негізі болғанымен, олар жүйке жүйесіндегі барлық торшалардың тек 10 пайызын ғана қүрайды. Ал, жүйке жүйесіндегі торшалардың негізгі бөлігін нейрондар арасындағы кеңістікті толтырып тұратын глиялық торшалар құрайды.

Олигодендроциттер және жүйкеқап торшалары аксонды бойлай орналасады. Астроциттер қан тамырлары мен нейрон денесінің арасында жатады. Олардың кейбір өсінділері капиллярлар қабырғасымен жанасады. Тамыр маңындағы осы өсінділер жұлын-ми (гематоэн-цефалиялық) тосқауылы құрамына кіреді. Ол қаннан нейрондарға тасымалданатын қоректік заттардың құрамын реттейді. Микроглия торшалары ми фагоциттері бо-лып табыпады. Олар торлы эңдотелийлік жүйенің құрамына кіреді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.