Неміс драма театры

Главная » Рефераттар » Неміс драма театры

Неміс театрының негізі 1980-ші жылы Теміртау қаласында қаланған. Мәскеуде білім алған, кәсіби шеберлігі жоғары актерлер бірнеше жылдар бойы өз спектакльдері арқылы көрермендерді куанышқа бөлеп келеді. 1989-шы жылы Қазақстан мен Ресейден жиналған 20 жас қыздар мен жігіттер Алматы қаласындағы театр институты жанынан ашылған неміс бөлімінің студенттері атанды. 1999-шы жылы осы бөлімді екінші (соңғы) толқын бітіріп шығып, театр жаңа актер, режиссерлермен толыға түсті. Германиялық И.Лаузундтың режиссерлігімен (Мюнхенде өткен жас театр ұжымдарының фестивалінде) «Ғажайып алаң» деп аталатын жаңа толқынның дипломдық спектаклі зор табысқа ие болды. Театр репертуарында орыс және неміс классиктерінің, шетел драматургтерінің пьесалары орын алды. Олар: Г.Лессингтің «Эмилия Галоттиі», Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббат», Н.Гогольдың «Үйленуі», Ф.Дюрренматтың «Физиктері», А.Вампиловтің «Провинциялык анекдоттары» т.б. Сондай-ақ театрдың шығармашылығы жайлы қазақстандық және шетелдік баспасөздерде жарияланған мың жарымнан астам публикациялар мен теле және радиорепортаждар және деректі фильмдер бар. Аталмыш театр 1980 жылдары Казақстандағы (аз санды ұлт ретінд е) неміс мәдениетін қолдау үшін ашылғанымен, қазір кез-келген көрерменге рухани ләззат сыйлау жолында аянбай еңбек етіп, сан жанрлы спектакльдер қойып жүрген Қазақстан мен Орталық Азиядағы жалғыз кэсіби театр. Театр — Қазақстан, Ресей, Германия, Австралия, Швейцария, Голландия елдеріне жасалған гастрольдік сапарларға, түрлі деңгейдегі фестивальдарға қатысулары арқылы көрермен қауымға өз ұжымының өнерін паш етіп келеді. Қазақстан, Ресей, Еуропа елдеріндегі түрлі ақпарат кұралдарында жарияланып жүрген ризашылық білдірген көрермендердің жылы лебіздері нағыз өнерде шекара жоқтығын дәлелдей түседі. Соңғы жылдары театр сахнасында импровизацияға құрылған «Ғажайып алаң», «Уникуб», «Адамдар» спектакльдері қойылды. Театрдың директоры әрі көркемдік жетекшісі — Н.В.Симонова.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.