ӨНЕР МЕН ОЙЫН

Home » Рефераттар » ӨНЕР МЕН ОЙЫН
Рефераттар Комментариев нет

Ойын дегеніміз – утилитарлық-амаляттық мақсаттан ада, оның үстіне, нәтижесі күтілетін өнім емес, өз алдына мақсат қоя білушілік. Онда асып-тасқан әлеует пен көңілділік рухы көрініс табады. Ойынға тән сипат жеңілдік, бейқамдық пен алаңсыздық ауаны болып келеді. Голланд философы И. Хейзинг өзінің «Ноmо ludens. Мәдениеттегі ойын элементін зерттеу» атты атақты еңбегінде: «Ойынға құлық қою дегеніміз – қасиетті немесе қарапайым мерекелік шешім мен ләззат алу <…>. Іс-әрекеттің өзі сезімнің асқақтауына және қажырлылыққа ілесіп, қуаныш пен бой жазуды сыйлайды»,-деп жазды[170]. Ойындық бастау көз адам өмірінің құрамында терең мәнге ие. Ол біз бұған дейін атап өткендей, тұлғаның тіршілік етуінің атрибуттарының бірі болып табылады. И. Хейзингше, барша адамзат мәдениеті ойынның негізінде өмірге келген.

XIX-XX ғғ. ойшылдары адам өміріндегі ойындық бастау көздің зор маңызы турасында әлденеше рет атап өтті. Кант эстетикасының ойындық сипаты жөнінде біз сөз етіп кеттік. Ф. Шиллер өзінің  «Эстетикалық тәлім беру туралы хатында» (15-ші хат) адам тек ойын үстінде ғана толық мәнінде өзімен-өзі бола алады деп тұжырымдады. Жазушылар мен ғалымдардың (Л. Толстой, Т. Манн, В.Ф. Переверзев) айтуынша, өнер өз мәнісінде, ойынның ерекше түріндегі ойындық іс-әрекет болып табылады. Ф. Ницше мен оның ізбасарлары өнердегі ойынға баса көңіл бөле отырып, қажырлы байыптылық пен көркем іс-әрекеттегі  рухани «салмақ артырушылықты» жоққа шығарды. «Өнер біздің өміріміздің жүгін арқалай алмайды. Екеуінің басын қосуға әрекет жасайтын болсақ, онымыздан түк шықпай өзіне тән жеңілдігінен айрылып қалады <…>. Егер бізді өнерді сол қалпында көңіл көтеру, ойын, ләззаттану ретінде алатын болсақ, онда өнер туындысы өзінің бізді таң тамаша ететін сиқырлығына ие болады» деп жазды X. Ортега-и-Гассет[171]. Осы сыңайда сөз өнері – риторикалық фигурлардың ойыны, «қалам биі» деп постструктурализмнің заманалық өкілдері ой қозғайды. Әлемге танымал француз филологы, структурализм мен постструктурализмнің өкілі Р. Барт жазушы іс-әрекеті мен оқырман қабылдауын ең бастысы мәтіннен ләззат алу болып табылатын тілмен ойын, не болмаса, білім мен ақылмандық үшін ең маңызды өнердегі  «хош иісті нәр» деп ұғынады[172].

Көркем іс-әрекеттің ойындық бастау көзін көкке көтере дәріптеу опа әпермейді, не болмаса, өнер аясын көп сөзділікпен тарылтып жібереді. А.А. Ухтомский әлем таныған ғалым-физиолог ғана болған жоқ, сонымен бірге, зерделі гуманитар ғалым ретінде өнерді ойындық және көңіл көтерушілік деп ұғынатындармен қызу дау-дамайға да түсті: «Өнердің тек «ләззаттану мен дем алудың» өзегіне айналғандығы, ендігі жерде зиянды, ол кесік айтып, өзекті өртеп, ішті әлем тақырып етуімен қасиетті, әрі шексіз  <…> Бетховен өз тамаша туындыларын адамзаттың «ләззат алуы» үшін тудырған жоқ, қайта адамзат тағдыры үшін азап шегіп, ұйқыдағы жүректерді ояту үшін барын салды»[173] дейді.

Ойын (мәдениеттің басқада формалары сияқты) белгілі бір шек пен аяға иелік етеді. Ойындық бастау көз белгілі бір мөлшерде адамның шығармашылық (оның ішінде – көркемдік) іс-әрекетінің әрін кіргізіп, оған түрткі болып, үнемі селбесіп ілесіп жүреді. Осы тұрғыдан келгенде ол өнерден түбегейлі өзгешеленіп тұрады: егер ойындық іс-әрекет өнімді емес болып табылса, онда көркем шығармашылық туындыны құндылық ретінде өмірге әкелудің нәтижесіне бағыт ұстайды.  Оның үстіне, көркем-шығармашылық процесте және де өнердің туындыгерлігінде ойындық реңк не солғын көрініс беріп, не мүлде кезікпеуіде мүмкін. Шын мәнісінде, нағыз көркем туындының бойында ойындық бастау көз ең бастысы автор байыптылығының «сырт қабығы» сипатында да қылаң береді. Оның жарқын мысалы: Пушкин поэзиясы, оның ішінде, «Евгений Онегин» романы бола алады.

LEAVE A COMMENT

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.