Нерв системасының физиологиясы

Главная » Рефераттар » Нерв системасының физиологиясы

Нерв системасының филогенетикалық даму этаптары. Организм мен ортаның бір тұтастылық заңына керекті жағдай тірі организмнің өзгермелі тіршілік ортасына бейімделу өзгергіштігі болып табылады. Өзгермелі бейімделгіштікке қабілеттілігі жануар дүниесінде пайда болған.
Жануар дүниесінің дамуы, жануар организмінің құрлысы мен атқаратын қызметінің күрделеніп жетілуі нерв системасының пайда болуы мен дамуына байланысты. Нерв системасының дамуы тұтас организмнің сыртқы ортаның әсеріне бейімделу реакциясының одан әрі жетілуіне физиологиялық негіз бола алады. Нерв системасының дамуы жануар дүниесінің дамуындағы жаңа сапалы кезең болды. Жануарлардың жалпы даму процесінде нерв системасының дамуы заңды орын алады. Нерв системсының дамуы организмнің тіршілік ету ортасына бейімделу қажетгілігінен шыққан.
БІр орында қозғалмай тіршілік ететін губкадан басқа барлық көп клеткалы организмдердің нерв системасы болады. Ішек қуыстылардың нерв системасының құрылысы мен қызметі қарапайым болып келеді. Тұщы су гидраларының негізгі тартылып жиырылатын органы эпителиальды ет тканьдары. Олардың денелерінің сыртқы бөлігінде сезгіш түкшелер болады, сол түкшелерге бір нәрсе тисе олар тітіркенеді де қозу пайда болады. Пайда болған қозу гидраның бүкіл барлық тканьдарына тарайды. Сонымен гидраның денесінің сыртқы бетін тітіркендіргенде ол тартылып жиырылуымен жауап береді. Бірақ бұл уақьпта гидраның белгілі бір белігі жауап бермейді, бүкіл денесінің тартылып-жиырылуымен жауап береді. Себебі оның денесіндегі клеткалар бір-бірімен протоплазма өсінділерімен байланысып, диффузиялы нерв торларын құрайды. Қозу осы нерв торлары арқылы диффузиялы түрде гидраның бүкіл денесінде сорылу түрінде таралады. Сондықтан гидра осындай диффузиялы қозуға тұтас денесінің жиырылуымен жауап береді. Белгілі қалыптасқан нерв системасы алғашқы рет ішек қуыстылар (медузаларда) байқалады. Осындай құрылысы қарапайым нерв системасын диффузиялы тигггі нерв системасы деп аталады. Одан әрі эволюциялық даму кезінде қозғалыс органдарының күрделеніп жетілуімен байланысты нерв клеткаларының шоғырлануы журеді. Алдыңғы диффузиялы типте нерв клеткалары шашырай орналасқан болса, енді нерв клеткалары организмнің белгілі бір жерлеріне жинакталып шоғырлана бастайды. Осының нәтижесінде көптеген нерв түйіндері жасақталынады немесе оларды физиологияда нерв ганглиялары дейді. Нерв туйіндерінде нерв клеткаларының денелері орналасады. Осы нерв түйіндерінен олардың өсінділері таралып шығыл, сол жануардың әрбір бөліктеріне келіп ұласәды да нервпен қамтамасыз етеді. Осындай құрылысы бар нерв системасын түйінді немесе ганглионарлы типті нерв системасы деп аталынады. Мысалы: жауын құртының нерв системасы осы типке жатады.
Жануарлардың эволюциялық дамуына күрделі өзгерістер жүреді осыған сәйкес нерв системасының дамуында да сапалы өзгерістер жүреді. Түйінді типті нерв системасында нерв клеткаларының концентрацияға келуі оның денесінің көпшілік бөлігінде байқалса, енді нёрв клеткаларының шоғырлануы жануардың тек бір екі бөлігінде байқалады, кеуде және бас бөлігінде. Олардың одан әрі күрделенп даму кезінде осыдан бас миы мен жұлын дамып жетіледі. Осындай құрылысы бар нерв системасы түтікшелі типті нерв системасы деп аталынады. Бұл тек жоғарғы сатыдағы омыртқалы
жануарлар мен адамдарға тән тип болып есептелінеді. Түгікшелі типті нерв системасының негізі нейрондар. Сонымен нерв системасы өзінің дамуында осындай диффузиялы, түйінді және түтікшелі даму этаптарынан өткен. Эволюциялық дамудың кезінде сапалы өзгерістер нерв системасының әрбір бөліктерінде де жүреді. Әсіресе нерв системасының дамуы оның рецепторлық бөлігінің дамуымен байланысты болған. Алғашқы да жануарлар организмнің сыртқы ортадән берілетін тітіркендіргіштің әсерін қабылдайтын әдейі маманданған рецепторы болмаған, Олардың рецепторлық қызметін сыртқы тері жабындысының беті атқарған яғни бір нәрсе жануардың денесінің бетіне тигенде олар тітіркену жағдайына келіп отырған. Сыртқы дүниенің дамуымен бірге жануарлардың сыртқы тері жабындысының сыртқы ортадан берілген тітіркендіргіштің түріне қарай маманданып дамуы жүреді. Бұл процесс рецепторлардың сезімталдығының күшеюімен қатар жүреді. Бұның өзі сыртқы ортадан берілген әртүрлі сигналдарға организмнің дәл және өте жылдам бейімделу реакциясын қамтамасыз ететін әдйі физиологиялық аппарат рецептордың дамып жетілуіне әкеліп соқтырады. Сонымен эволюциялық даму кезінде рецепторлардың дамуы негізінен екі бағытта жүреді- біріншіден олардың тһіркендіргіштің әсеріне сезімталдығының жоғарлауы, екіншіден: белгілі бір тітіркендіргіштердің (жарықтардың, дыбыс толқындарының ж.б.) әсерлерін қабылдауға әртүрлі фуппа рецепторларының маманданып жетілуі.

Нейрон-нерв системасының құрылымдық және функционалдық негізі. Нерв системасы нерв клеткасынан немесе нейроннан тұрады. Нейрондардың өздеріне тән спецификалық қызметтері-тітіркендруді қабылдап, нерв импульстарын жасақтау және оларды басқа клеткаларға өткізу. Нейрондардың мөлшерлері бірдей болмайды. Мысалы: олардың кейбіреулерінің диаметрі 4-6 мк. Болса, екінші біреулерінің (үлкен жарты шар ми қыртысының пирамидтты клеткаларының) диаметрі 130 мк-ға дейін барады. Нейрондардың формалары әртүрлі болып келеді. Өрмекші, жұлдызша, жіп тәрізді, пирамида тәріздес, үш қыры, дән тәрізді т.б. Нейрондардың басқа клеткалар сияқты өздеріне тән белгілі структуралық құрылысы болады. Нейронның мембранасы, ядросы, протоплазмасы ж.б. структуралық элементтер болады. Осымен қатар протоплазманың ішінде энергетикалық материалдың ролін атқаратын тифоидты заттың болатыны анықталған. Нейронның денесінен нерв өсінділер басталып шығады. Олардың кейбіреулері ұзын, екінші біреулері қысқа болады. ¥зын өсіндісі-аксон, ал қысқа өсіндісін дендрит деп атайды, Нерв өсінділері ағаштың бұтақтары сияқты тарамданып отырды, аксон аз тарамданады, дендрит көп тарамданады. Аксон нейронның денесінде пайда болатын қозу импульстарын жеткізіп отырады. Аксон ұзына бойы сыртынан жұқа миэлин деп аталынатын қабықпен қапталған, бірақ оның сырты түгел қапталмаған, оның нейронның денесінен бәсталар жерінің және дендритке айналар бөлігінің сыртында миэлин қабығы болмайды яғни аксон нерв клеткасының денесінен шыққаннан кейін сыртының миэлин қабығын жойып барып дендритке айнала бастайды. Дендрит аксонның жеткізген қосу импульсгарын қабылдап жұмыс органына береді. Сонда аксон қозуды жеткізуші, дендрит қабылдаушы. Нерв клеткасының денесінен шығатын өсінділердің санына қарай нейрондар ультиполярлы, биополярлы, мультиполярлы болып бөлінеді. Егер нерв клеткасының денесінен бір нерв өсіндісі таралып шығатын болса, онда оны ультиполярлы нейрон, екі өсінді таралып шығатын болса биополярлы, көп өсінділер шығатын болса мультиполярлы нейрондар деп атайды. Нейрондар атқаратын физиологиялық қызметтеріне қарай афферентті (орталыққа тепкіш), эфферентті (орталықтан тепкіш), аралық болып бөлінеді. Афферентті нейрон қозуды орталыққа жеткізеді, ал Эфферентті нейрон қозу импульстарын орталықтан кері қарай жеткізіп отырады. Аралық нейрон қозу импульстарын орталық нерв системасының әрбір (бас миының) бөлімдеріне жеткізеді. Сондықтан аралық нейрон тек бас миы мен жұлында орналасқан.

.

Нерв талшыктарының құрылысы мен қызметі. Нерв немесе нерв стволы көптеген нерв талшықтарынан тұратын өте күрделі құрылым болып есептелінеді. Нерв талшықтары нерв клеткасының денесінен басталып шығатын нерв есінділері. Олар миэлинді және миэлинсіз болып бөлінеді.
Миэлинді нерв талшықтары соматикалық нерв системасының құрамына кіреді яғни соматикалық нерв системасы нервтерінің нерв талшықтары миэлинді болып келеді деген сөз. Соматикалық нерв системасы организмнің барлық сезім органдарын, скелет бұлшық еттерін нервпен қамтиды. Миэлинсіз нерв талшықтары омыртқалы жануарларда негізінен симпатикалық нерв системасының құрамына кіреді, нервтерінің сыртында миэлин болмайды. Егер миэлинді нерв талшығын электронды микроскоппен қарасақ, онда оның мынадай құрылысын көруге болады. Сыртынан Швановск және миэлин қабықтарымен (2,3) қапталған. Орталық цилиндр осі (I) бетінің плазматикалық мембранасы болады. Орталық цилиндрдің ішіндегі сұйықтық бөлігі аксоплазма деп аталады оның ішінде диаметрі Ю0-4О0А0 өте жіңішке талшықшалар орналасқан, оларды нейрофибрилдер деп атайды. Нерв талшықтарының диаметрі 0,5-25 мк. аралыктарында болады. Миэлин қабығы әрбір 1-2,5 мм. арақашықтықта үзік жасәп отырады. Цилиндр осінің осы миэлин қабығы жоқ бөлігінің ені 0,5-1 мм және олар Ранвье үзіктері деп аталынады. Миэлинсіз нерв талшықтарының сыртында миэлин қабығы мен Ранвье үзіктері болмайды, олардың орталық цилиндр осі тек ғана швановск қабығымен қапталған. Нерв талшығының әрбір структуралық элементтерінің аткаратын физиологиялык рөлі. Нерв талшықтарының әрбір структуралық элементтерінің белгілі бір атқаратын қызметтері болады, Миэлин қзбығы екі түрлі қызмет атқарады- изоляторлық және трофикалық. Миэлин қабығы қозу импульстарын, электр тоғын, иондарды өсінің бойынан өткізбейді, себебі ол кедергісі өте жоғары липоидты заттан тұрады. Сондықтан ол электр тоғын өткізбейді. Трофикалық қызметі әлі толық зерттеліп болған жоқ бірақ оның орталық цилиндр өзіндегі зат алмасу процессіне қатысатындығы анықталған. Швановск қабығы орталық цилиндр осіндегі зат алмасу мен өсіу процессін реттеуге қатысады. Нейрофибрильдердің атқаратын рөлі әзірше жеткіліксіз зерттелген бірақ олардың нерв талшықтарының өсуіне қатынасының бар екендігі және сонымен қатар нерв клеткасының денесінде синтезделетін бір активті заттарды оның шеткі бөліктеріне тасымалдап отырады деген болжам бар. Миэлинді және миэлинсіз нерв талшықтарындағы қозудың пайда болуы мен таралуы. Г. Като, содан кейін И.Тасаки бақаның миэлинді нерв талшықтарына зерттеудің электрофизиологиялық әдісін қолданып, миэлинді нерв талшығындағы қозудың пайда болуының физиологиялық заңдылығын ашқан. Әсер етуші потенциал немесе қозу импульстары тек қана әрбір Ранвье үзіктерінде пайда болады, ал нервтің Ранвье аралық бөліктері іс жүзінде қозуға ұшырамайды, оның себебі жоғарыда айтылған.
Миэлинді нерв талшығындағы қозудың пайда болуы. Тыныштық жағдайда нерв талшығының барлық Ранвье үзіктері оң зарядталған яғни көршілес екі Ранвье үзігінің арасында потенциал айырымы пайда болмайды. Тітіркендірілген уақытта нерв талшығы мембранасының бір Ранвье үзігі (А), көршілес екінші Ранвье (Б) салыстырғанда теріс зарядқа ие болады. Ал, оның өзі электр потенциалының пайда болуын, яғни иондардың мембрана арқылы аксоплазмаға қарай қозғалуын туғызады. Нерв талшығының (Б) одан әрі келесі (В) Ранвье үзігін қозу жағдайына келтіре алады. Осылайша қозу импульстары нерв талшығының бойында орналасқан әрбір Ранвье үзіктері де пайда болып отырады. Миэлинсіз нерв талшығында Ранвье үзігі мен миэлин қабығы болмағандықтан қозу оның бүкіл ұзына бойында пайда болады. Енді осы миэлинді және миэлинсіз нерв талшықтарындағы қозу қалай таралады дейтін болсақ. Миэлинді нерв талшығында қозу бір Ранвье үзігінен екінші үзікке қарай секірмелі түрде таралады, себебі екі үзіктің арасындағы үзік аралық бөліктер іс жүзінде қозбайды (қозуды бойынан өткізбейді). Миэлинді нерв талшығындағы қозудың секірмелі таралып отыратындығын ең бірінші физиолог Б.Ф.Вериго айтқан болатын. Осы миэлинді нерв талшығындағы қозудың секірмелі таралуы организм үшін тиімді; 1.Нерв талшығының әрбір Ранвье үзіктерінің арасындағы біршама үлкен бөліктерінен секіріп таралатын қозудың таралу жылдамдығы жоғары болады; 2, Қозудың секірмелі таралуында энергия үнемді пайдаланылады яғни активті жағдайға нерв талшығының барлық мембранасы ұшырамай, тек оның азғантай бөлігі Ранвье үзігі ғана келеді. 3. Иондардың қозғалысы оның барлық бөлігінде емес, оның тек азғаңтай беліктерінде жүреді, Сондықтан жұмыс аз істелінеді, егер жұмыс аз істелінсе, энергия аз жұмсалынады. Миэлинсіз нерв талшықтарында қозу нерв талшығының шетінен бастап оның бүкіл ұзына бойымен таралады. Олай болса қозу жағдайына нерв талшығының барлық бөліктері ұшырайды, жұмыс көп істелінеді. Осыған сәйкес энергияның шығыны да көп болады. Нерв талшыктарының классификациясы. Қазіргі уақытта нерв талшықтары қозу өткізу жылдамлдығына, құрылысына қарай үш типке бөлініп, олар латынның А,В,С, әріптерімен белгіленеді. Нерв талшығының А типі тағы да төрт подтипке бөлінеді: 2, В, Ү, X олардың бәріде сыртынан миэлин қабығымен қапталған. Осылардың ішіндегі жуаны (А, 2) нерв талшығы жылы қанды жануарлармен адәмдарда оның диаметрі 12-22 мк, олар қозуды біршама жоғарғы жылдамдықпен өткізіп отырады — секундына 70-120 м, Бұл нерв талшықтар қозу импульстарын арқә миынан скелет бұлшық еттеріне және бұлшық ет рецепторларынан өзінің тиісгі нерв талшыктарына өткізіп отырады. Қалған үш типі А (У), А (5) нерв талшыктары жіңішке болып келеді, олардың диаметрі 2 тен 12 мк, және соған сәйкес қозу импульстары жай өтькізеді. Нерв талшығының бұл түрлеріне негізінен бір нәрсенің жанасып тию, кейбір ауырсыну, температура рецепторларынан және организмнің ішкі органдарынан орталық нерв системәсына қозу импульстарын жеткізіп отыратын сезімтал нерв талшыктары жатады. Нерв талшығының В типіне негізінен жұлынның миэлинді түйін алды нерв талшыктары жатады. Жылы қанды жануарларда осы нерв талшықтары қозу импульстарын 3-14 м /сек жылдамдықпен өткізіп отырады. Нерв талшығының С типіне диаметрі өте кішкентай (0,5 мк) миэлинсіз нерв талшықтары жатады, қозу импульстарын 2-6 м/сек жылдамдықпен өткізеді. (С) типінің көпшілігі симпатикалық нерв системасының түйін арты нерв талшығына жатады. Сонымен бірге нерв талшығының (С) типіне ауырсыну рецегггорларымен кейбір салқын, жылу және қысым рецепторларынан қозу импульсына өткізуге қатынасатын нерв талшықтары да жатады.

.
.

Нерв талшығының өткізгіштік заңдылығы. Нерв талшығының қозу импульстарын өткізу заңдылығын қарастырғанда бірнеше ережелерді немесе жағдайларды еске алуымыз керек. Нерв талшығының қозу импульстарын өткізуіндегі ең бірінші жағдай орталық цилиндр осі мембранасының анатомиялық және функциональдық бүтінділігінің сақталуы. Сондықтан да нервтің кесіліп немесе зақымдалуын айтпағанның өзінде оның бүтінділігін бұзатын сыртқы ортадан берілетін кез-келген әсерлер нерв талшығының еткізгіштігі нашарлатады. Мысалы, нервтің байлану немесе нерв талшықтарының керіліп, тартылуы олардың өткізгіштігін бұзады. Сонымен бірге нерв талшығының өткізгіштігі басқа әсерлерден де төмендеп отырады. Мысалы, -шамадан тыс төмендегі температурада болуы, немесе қоздырылуы, қан айналудың тоқтауы, ауырсыну әсерін жоятын әртүрлі химиялық (новокаин, кокаин, дикаин) химиялық заттәрдың әсері нерв талшығының өткізгіштігін жояды. Осы айтылған жағдайларды ескеріп, қатаң сақтағанда ғана нерв талшығының физиологиялық бірқалыпты өткізгіштігін қамтамасыз етуге болады. Жекелегён өткізгіштік. Кез-келген бірнеше қозғаушы , сезімтал және вегетативті нерв талшықтарынан тұратын бір нерв стволын алып қарайтын болсақ. Осы үлкен нерв стволы сыртынан жалпы жалғастырғыш тканмен қапталған. Нерв стволының ішіндегі әрбір нервтердің өз алдына бөлек нерв талшықтары болады. Мысалы, қозғаушы нервтің өзінің нерв талшықтары, сезімтал нервтің өзінің нерв талшықтары т.б.с. немесе сол бір нервтің бірнеше жүздеген, мыңдаған өте ұсақ нерв талшықтарынан тұрады деп қарастыруға болады. Мысалы: Кез-келген нерв организмнің кеуде және құрсақ бөліміндегі органдарға, Шондан (седалищный) нервісі барлық бұлшық еттер мен сүйектерге қозу импульстарын жеткізеді, Сондә орталық нерв системасынан белгіпі бір нервке берілген қозу импульсы сол нервтің талшығы арқылы таралып отырады, немесе нерв талшығының бір шетінен тітркендірсек, онда қозу импульстарын әрбір нерв талшықтары өздерінің бойынан жекелеп өткізеді, I- талшық өзінің бойынан, 2-талшық өзінің бойымен т.с.с Осындай нервтің және оның нерв талшығының қозу импульстарын көршілес қатар жатқан нервтерге жібермей әрбір нерв талшғының өзінің бойынан жекелеп өткізуді жекеленген өткізгіш деп атайды. Екі жакты өткізгіштік. Бір нерв талшығын алып, оған тітіркендіргіш берсек, онда қозу осы нерв талшығының бойымен екі жаққа тарала бастайды яғни орталыққа тепкіш және орталықтан тепкіш бағытта, оны мынадай тәжірибе дәлелдейді. Қозғаушы немесе сезімтал нерв болсын кез-келген нерв твлшығын алып, оның екі жеріне екі пар электрод А, Б орналастырып және оларды жеке тоқ өлшеуіш аппараттармен қосамыз. Содан кейін нерв талшығының ортасынан тітіркендіргіш беріледі. Осы уақытта пайда болған қозу нерв талшығының бойымен екі жаққа бірдей тарала бастайды, оны электродтарға қосылған аппарат көрсетеді.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.