Үні кетпес құлақтан… (Георг Отс)

Главная » Рефераттар » Үні кетпес құлақтан… (Георг Отс)

Осынау жібектей жұмсақ, мақпал да барқыт үнді, бекзат әншінің майда қоңыр әсем даусынан ләззат тапқан сәттерімді (өткен ғасырдың 50-60-70-ші жылдарындағы) орта мектеп оқушысы болсам-дағы, аса бір сүйінішпен, сағынышпен еске аларым түк те жалған емес. Иэ, сол кездері ғой деймін, Имре Кальманның «Цирк ханшайымы» атты шығармасы бойынша жасалған фильмдегі Мистер Икс есімді кейіпкердің бүкіл жер-жаһанды кезіп кеткені? Қандай кескін-келбет, бітім-пішімдесеңізші! Сүңғақ та созық бой, жарқын жүз, айқын қабақ, ашық маңдай! Жігіттің төресі дерсіз оны. Сызылта созылған эн иірімдері жүрегіңді қозғап, жаныңды әуен-әуез билейді. Мистер Иксті кейіптеген артист-әншіні сонда-ақ үнатқанмын. Танығанмын. Жақсы көріп кеткен едім. Оның өзіне ғана тэн ғажап тембрі, кең де асқақ үн ауқымы, даусындағы шексіз сүйкімділік, сезім дірілдеріне, жан ырғағына үйыған мөлдір бояу-нақыш, бәрі-бәрі, баяғы бір жұдырықтай нәзік жүрек төңірегінде тоқайласып, бейне бір айналасына уыс-уыс күміс шашып жатқандай-ақ, керемет әсерлерге бөлеген-тін адам атаулының түлабойын. Ышқынбайды. Күшенбейді. Қызармайды. Бозармайды. Қашан көрсең де — қалыпты болмыс.

Жүрегінен күй төгеді. Жанымен шырқайды. Сонысымен де сан жүректерді баурап алар еді. Сырт көздерді өзіне іңкэр ете түсті. Тәнті етті. Айтса, айтқандай-ақ, аталмыш әнші «ә» деп аузын ашқан бетте, алғашқы дыбыстардың өзінен-ақ кісі сенгісіз сиқырлық элемі ашыла бергендей болатын. КСРО Халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтардың иегері, көптеген орден мен медальдардың иесі Георг Отс қалай десеңіз де, біртума талант еді ғой! Ол 1920-шы жылы дүниеге келген. Санкт-петербургтік Карл Отс сынды өз кезеңінің тамаша әншісі, әйгілі тенордың әкелік тәрбиесін көрген Георг кейініректе Эстонияға қоныс аударады. Зерек ұл эуелден-ақ даралана берген. Әйтсе де, Эстонияның Халық эртісі, өзінің туған экесі Карл Отстың эсем үні оны қанша қызықтырса да, әсершіл баланың жүйрік қиялы алыс қиырларға жетелей берген.

Әуелде, француз лицейінде білім алды. Жүзу спортынан Эстонияның жеңімпазы атанды. Таллиннің әскери училищесіне де бас сұғып көрді. Тіпті, 1940-шы жылы Таллиннің техникалық университетінің сәулетшілік бөлімінен бір-ақ шықты. Соғыс оты бүрқ етісімен, ол қызыл эскер қүрамына тартылды. Жаңа басталған оқуы күрт үзілді. Әр түрлі әскери бөлімшелерде тер төгіп көрген Георг Отс, ақырында, өзін өнер әлемінен табады. «Эстония» деп аталатын опера жэне балет театрында алғашқыда хор эртісі, ал 1945 -ші жылдан сол театрдың эншісі атанады. Теориялық білімін толықтыруды үмытпаған ол Таллин музыкалық училищесінен кейін 1951-ші жылы біржола Таллин консерваториясын да тэмэмдап шықты.
Әкесі Карл өзі әншілік өнердің қиыр-шиырын тегіс адақтаған адам ретінде ұлының әншілік жолға түсуіне аса ризашылығын білдірмейді. «Инженер немесе дэрігер бол» деген тілегін айтудан жалықпады. Бэрібір оның өнер өлкесінен орын тебуіне тікелей қамқорлық көрсеткен (бертінде «Ванемуйне» театрының бас режиссері, КСРО Халық әртісі) Каарел Ирд пен КСРО Халық артисі, ғұлама ұстаз-әнші Тийт Куузик еңбектері өз нәтижелерін бермей қоймады. Опера театры сахнасында алғаш орындалған «Евгений Онегиндегі» Онегин партиясы болашақ үлкен эншінің зор кэсіби мүмкіндіктерін байқатты. П.Чайковский, М.Мусоргский, Моцарт, Дж.Пуччини, Г.Доницетти, Ж.Бизе, И.Дунаевский, Дж.Верди, Ю.Мейтус, А.Рубинштейн, С.Рахманинов сынды атақты композиторлардың шығарма-ларында сан қырларынан көрінген тамаша орындаушы Георг Отс тым үлкен биіктерден көрініп жүрді. Қүлаққа аса жағымды естілетін лирикалық баритон иесі Георг Отс опералық шығармаларда ғана дараланып қоймай, оперетта, эстрада жанрларында да жасындай жарқылдады.

Оның шығармашылығынан айрықша орын алатын Ф.Легардың «Көңілді жесір» (Данило), И.Штраустың «Сыған бароны» (Баринкай), И.Кальманның «Баядера», «Марица», «Цирк ханшайымы» (Раджами, Тассило, Мистер Икс) оперетталары ұлы әнші, дүлдүл орындаушы Георг Отстың сан кұлпыртуында әрқалай жаңғырып, жаңара түсті.

Сондай-ақ, эстрада жанрын да жатсынбаған жезтаңдай әншінің нәзік талғамы бұл саладан да талай-талай «ат оздырғаны» мәлім. Э.Колмановский, В.Соловьев-Седой, А.Пахмутова, Э.Флярковский, М.Блантер, Б.Мокроусов, К.Листов, А.Бабаджанян, О.Фельцман секілді орыс композиторларының ғажайып эуендері Георг Отстың тамаша орындаушылығы арқасында кезіндегі кеңестік кеңістіісті түгелдей шарлап кеткен еді десек, ол, әлбетте, асыра айтқандығымыз емес. Жэне де ол өзі орындаған әндерінің көбін орыс, ағылшын, француз, испан, неміс, эстон тілдерінде еркін шырқады. Камералық, концерттік талантымен ерекше көзге түскен үлкен дарын иесі орыс, Батыс Еуропа, Балтық жағалаулары халықтарының әсем саздарын қүйқылжыта шырқауда алдына жан салмады. Осындай биік дауыс иесі Георг Отс туралы музыкалық фильмдер түсірілуімен бірге, оның өзі де кино әртісі ретінде көптеген көркемтаспаларға тартылды. Әртістік шеберлігі жөнінен де алғы саптардан көрінді. Шет жүрттардың сахнасына сан мәртебе шықты. Бір Финляндияның өзінде отыздан астам рет болған.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.