Нормативтік – құқықтық актілердің түсінігі

Главная » Рефераттар » Нормативтік – құқықтық актілердің түсінігі

Нормативтік – құқықтық актілердің түсінігі және жалпы сипаттамасы. Қоғамдағы  құқықтың ең  күрделі  негізін құрайтын  нормативтік – құқықтық  актілер. Бұл  жүйеге  қоғамдағы  қатынастарды ретеп, басқарып отыратын  нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың  басқа негіздері (әдет – ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы  мемлекеттік  қатынастарды реттеп, басқара  алмайды, тек  нормативтік  актілерге  қосымша  күш  ретінде жұмыс атқарады.

Нормативтік  актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде – мақсатын іске  асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды  реттеп, басқарады. Көне  дәуірде  нормативтік актілер тек  мемлекеттік қатынастарды  ретеп, басқарып отырды. Қазіргі  кезде әлемдегі  барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды  ретеп, басқарудың  басым  түріне  айналып отыр. Өйткені  қоғамда  мемлекеттік  билікті  іске  асыруда, демократияны  дамытуда, құқықтық  мемлекетті қалыптастыруда  нормативтік  актілер  ең  шешуші  рөл  атқарады.

Нормативтік – құқықтық  актілердің  мазмұнының сипаттамасы:

.
  • Бұл актілерді мемлекеттің  билік өкілеттігі  бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың  заңды  тәртібі болады. Оны  орындау  міндетті.
  • Бұл процесте мемлекеттің  егемендігі іске  асып отырады. Оның  маңыздылығы қабылданған нормативтік  актілерден  көруге болады.
  • Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық  нормалармен  сәйкес, дәлме – дәл болуға тиісті. Өйткені  мемлекеттік  органдар акті деген  атпен  әртүрлі  мағынада  құжаттар  шығарып жатады.
  • Нормативтік актілер заңды  бөлу  үшін міндетті  түрде тиісті  нысанда шығарылады. Онда барлық  реквизиттері көрсетілуі қажет.

Нормативтік актілердің  өмірге  келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы  объективтік процесс.   Оның негізгі  себептері: қоғамның экономикалық  базисының  өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық  мүдде – мақсаттарының  өзгеруі.

Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік  өзгерістерді  қалыптастырады:

— мемлекеттік  билік дамып, жаңарады;

— мемлекет  пен құқықтың функциялары  өзгеріп, нормативтік  актілерді дамытады;

— құқықтық  қатынастар прогрестік өзгерісте болады;

— рухани сана – сезім, білім дамиды.

Қоғамдағы  осы  объективтік және  субъективтік  өзгерістерді реттеп, басқару  үшін нормативтік  актілер  үнемі  үзіліссіз даму процесінде  болады. Бұл  процестің сапалы  дамуын қамтамасыз  ету үшін:

— құқықтық  шығармашылықтың  сапасын  жақсарту;

— лауазымды  тұлғалардың  кәсіпқойлығын, білімінғ тәжірибесін  көтеру;

— мемлекеттік  тұлғалардың  қызметінің сапасын  жақсарту.

.

Нормативтік – құқықтық  актілер – ресми заңды  нормативті  мемлекеттік күші  бар нормалар.

Нормативтік  актілер  мемлекеттік  билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық  мүдде – мақсатын іс  жүзіне  асыратын ең сенімді, шешуші  құрал. Оның құқықтың  басқа  негіздерінен  ерекшелік  белгі – нышандары:

— нормативтік  актілер  мемлекеттің өкілетті  органдарының  бекіткен немесе жалпы  халықтық  референдумда қабылданған нормалар;

— нормативтік  актілердің  мемлекеттік күші  бар құжаттары ерікті орындалмаса, оны  еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;

— нормативтік  актілер ресми  түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т,б.  болып  шығады, олардың  заңды нысандары болады;

— нормативтік актілер  жалпы  қоғамдық, күрделі  қатынастарды реттеп, басқарады.

Құқықтық-нормалар актілерін жіктеу, әртүрлі негіздерге байланысты іске асырылады: занды күшіне, мазмұнына, көлеміне және әрекет сипатына, субъектісіне оларды шығарылуына байланысты болады.

Занды күшіне байланысты, барлық нормативті-құқықтық актілер зандар және заңға қосымша актілерге бөлінеді.

Нормативті-құқықтық актілердің заңды күштері оларды жіктеудің ең маңызды белгісі. Мемлекеттік нормативтік реттеудегі олардың орнын және жалпы жүйедегі маңыздылыгын белгілейді. Құқықтық шығармашылықтың теориясымен тәжірибесіне сай, жоғарғы құқықтық-творчестволық органдардың актілері төменгі сондай органдарға қарағанда көбірек зандылық күшке ие.[9, 186-б]

Нормативті-құқықтық актілер мазмұндарына сай жіктеледі. Ондай бөлулер көп жағдайда шартты. Шарттылықты объективті түсіндірсек — барлық нормативті-құықтық актілердегі нормалар біржақты мазмұда болады. Кейбір актілерде тек бір ғана құық салаланың нормалары болады (мысалы: Еңбек құығы, отбасы құқы, қылмыстық заңдар). Салалық нормативтік актілермен қатар, әрекет жасайтын комплексті сипаттағы акгілер. Олар әтүрлі құқық салаларын, белгілі қоғам өміріне реттеуге қызмет жасайын нормаларды қосып алады. Шаруашылық, сауда, әскери, теңіз заңдары — комплексті нормативті-құқықтық актілердің мысалдарына жатады.

Көлеміне және әрекет сипаттарына байланысты нормативті-құқықтық актілер бөлінеді:

— барлық қатынастар жиынтығының белгілі түрін қамтитын Калпы әрекеттегі актілер;

— тежеулі актілер, тек жарты көлемдегі жерлерге, не сол жерде тұратын белтілі адамдарға ғана қатынасы бар;

— ерекше өрекеттегі (төтенше) актілер. Олардың реттеу мүмкіндігі, тек қана төтенше жағдай туғанда, соған арналған акт (әскери әрекеттер, табиғи қиыншылықтар).

Мемлекеттік құқықтық шығармашылықтың негізгі субъектілерінің нормативті-құқықтық актілерін заң шығарушы биліктің актілері (зандар), атқарушы биліктің актілерде (қосымша заң актілері), сот билігінің актілері (жалпы сипаттағы заңды актілерге) бөлуге болады.

Заң — мемлекеттің ең басты және айырықша нормативті-құқықтық актісі. Ол қоғамның ең маңызды жақтарын және мемлекет өмірін реттейтін құқықтарды жинақтайды. Заңның түсінігін құрастыруды ерекше заң жолымен мемлекеттің жоғарғы өкіметтік органымен қабылданатын нормативті-құқықтық актіден бастауға болады. Ол ең жоғарғы заңдьглық күшке ие және еліміздегі халықтардың мүдделеріне, қажеттіктеріне сай, маңызды, қоғамдық қатынастарды реттейді.

Осы берілген түсініктемелерден, негізгі заң белгілері шығады және ол ең жоғарғы зандылық күші бар нормативті-құқықтық актының негізгі дерегі ретінде болады.[4,145б.]

1) заңдар, мемлекеттің жоғарғы өкілеттік органымен қабылданады не халықтың өзімен референдум арқылы қабылданады;

2) заңдар жеке адамдардың мүдделерін қолайлы қанағаттандыруды талап ететін, ең маңызды қоғам өмірінің мәселелері жөнінде қабылданады;

3) зандар, заңға қосымша нормативті-құқықтық актілерге тән емес, ерекше занды тәртіптерге сай қабылданады. Занды қабылдау, өзіне төрт түрлі міндетті кезеңдерді қосып алады: заңның жобасын жасау, заң шығаратын органға өткізу, заңның жобасын талқылау, заңды қабылдау оны жариялау (халықты таныстыру). Референдум нәтижесінде занды қабылдау, сол сияқты референдум туралы занда көрсетілгендей, зандылық тәртіппен іске асырылады.

4) заңдар мемлекеттің басқа оргаңдарының тарапынан бақылануға не бекітуге жатпайды. Олар, тек заң шығаратын биліктегі орган арқылы, өзгертілуге не тоқтатылуға тиіс. Конституциялық кеңес не басқа сондай, сот, парламент-қабылдаған заңды конституциялық емес, деп танығанмен оның күшін тоқтату тек заң шығарушы органның қолыңда.

5) заңдар мемлекеттің барлық құқық жүйесінің біртұтастығын көрсетіп, барлық нормативтік-құқықты актілер жиынтығының құрамын қамтамасыз етеді, әрқайсысының заңдылық күшін, нормативті-құқықтық актілердің бір-біріне қатынасын реттейді.

Мемлекеттің нормативтік-құқықтық жүйесіндегі заңдардың бастаушы және белгілеуші жағдайы, қоғамдық қатынастарды реттеудегі заңдылықтың, заңның үстемділігінің негізгі талаптарының бірі болып есептеледі. Ешқандай заңға қосымша актілер зандылық реттеу аясына кіре алмайды. Заңдар екіге бөлінеді: констигуциялық және жай заңдарға. Конституциялық зандардың негізіңде барлық нормативті-құқықтық актылар құрады және талданады.

Конституция, басқа нормативті-құқықтық актыларға және заңдарға қарағанда ең жоғарғы заңды күшінде болады. Жай заңдар, конституциялық актыларға сай қабылданады және әрекетке келеді қоғамдық өмірдегі белгілі және тежеулі аяларды реттейді. Заңға-қосымша (нодзаконные) нормативтік-құқықтық актілер: бұл құзретті оргаңдардың құқықтық-шығармашылық актілері, заңға негізделген және оған қарсылығы жоқ. Заңға — қосымша актілердің заңдылық күштері заңға қарағаңда аздау болады, олар заңдардың заңдылық күшіне негізделгеніне байланысты қарсылық жасауға мүмкіндігі жоқ. Қоғамдық қатынастарды реттеудегі тиімділікке тек соңда ғана жетуге болады, егер жалпылама мүдделер, жекелеген мүдделерге сай келсе. Қосымша акгілер болса, негізгі принципиальды заңдардың жағдайларың әртүрлі жекелеген мүдделердің ерекшеліктеріне сай нақтылау үшін қажет.

Өздерінің мазмұндарына байланысты заңға-қосымша актілер, әдеттегідей әртүрлі атқарушы биліктің актыларына жатады және олар  жергілікті, ведомстволық, ішкі ұйымдастыру актыларына бөлінеді.

  1. Жалпы заңға — қосымша (подзаконные) актылар. Бұл жалпы құзретті нормативті-құқықты актілер, олардың әрекеті сол жердегі елдің барлық адамдарына қатынасты болады. Өзінің құқықтық жүйедегі реттелуіне, зандылық күшіне және маңызына байланысты заңның артынан жүреді. Заңға — қосымша актыларға байланысты қоғамдағы мемлекеттік басқару іске асырылады, қоғам өмірінің экономикалық, әлеуметтік және басқа мәселелері реттеледі.

Жалпылама заңға — қосымша актілерге жоғарғы (орталық) атқарушы билік органдарының нормативті-шығармашылық актілері жатады. Олар елдің президентінен не үкімет басшысынан шығады. Мемлекеттік басқару нысанына байланысты (президенттік не парламенттік республика) жоғарғы атқару билігінің нормативті-құқықты актілері (сырттан қарағанда) екі түрлі заңға — қосымша актілерден тұрады.

Президенттің нормативті жарлығы. Заңға — қосымша актілер жүйесіңде, олар жоғарғы заңды күшке ие және заңдарды дамыту, жетілдіру негізінде шығарылады. Президенттің құқықтық-шығармашылығы өкілдік қызметі, еліміздің Конституциясымен не арнайы конституциялық зандармен белгіленеді. Олар әртүрлі қоғам өмірінің мемлекетті басқаруға байланысты жақтарын реттейді. Мысалы, Қазақстан республикасының 1995 жылғы Конституциясының ІІІ-тарауының 21-бабындағы Республика Президентінің жарлықтарыңда:

1) Президенттің Республика Президентінің актілерін шығаруды талап ететін конституциялық өкілеттігі жүзеге асырылады;

2) Мемлекеттік билікгің барлық тармақтарының келісімді жұмыс істеуін және өкімет органдарьшың Қазақстан халқы алдында Конституциямен және заңдармен белгіленген жауаптылығын қамтамасыз ету мәселелері шешіледі;

3) Парламенттің заңдық құзіретіне кірмейтін, сондай-ақ Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың заңмен белгіленген құзіретіне жатпайтын мәселелерді, құқықтык реттеу жүзеге асырады;

4) Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік-саяси дамуының стратегиялық мәселелері бойынша шешімдер қабылданады — деп анық көрсетілген. Сонымен қатар, Конституцияның 22-бабында Республика Президентінің өкімдерімен:

1) Әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке сипаттағы шешім жүзеге асырылады;

2) Республика Президентінің құзіретіне сәйкес конституциялық мәртебесі жоқ лауазымды тұлғалар қызметке тағайындалады және босатылады.

Үкіметтің қаулысы. Бұл заңға — қосымша актылар, Президенттің жарлығына сай қабылданады және қажетті жағдайларда көбінесе, мемлекеттің экономикасын, әлеуметтік құрылымды, денсаулықты сақтау, білім туралы мәселелерін бөлшектеп реттеу үшін қабылданады. Конституцияның Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы 2 тарауының Республика Үкіметінің актілері туралы 10 бабында көрсетілгендей.

  1. Үкімет қаулыларына Республика Премьер-Министрі қол қояды.
  2. Республика Премер-Министрі өкімдер шығарады. Премьер-Министрдің өкімдері-әкімшілік-өкімдік, жедел және жеке дара силаттағы мәселелер бойынша шығарылады.
  3. Өздерінің құзіреті шегінде қабылданған Үкімет қаулылары мен Республика қаулылары, Республика Премьер-Министірі әкімдерінің Республиканың бүкіл аумағына міндетті күші болады.
  4. Үкімет қаулылары мен Республика Премьер-Министірінің өкімдері Республика Үкіметінің регламентінде белгіленген тәртіппен әзірленеді және қабылданады.
  5. Үкімет қаулыларының күшін Республика Президенті мен Үкімет жоя алады.
  6. Премьер-Министрдің өкімдерінің күшін Республика Президенті, Үкімет және Премьер Министр жоя алады.
  7. Жергілікті заңға-қосымша актылар. Бұл жергілікті жердегі өкілетті биліктің және жергілікті өзін-өзі билеу органдарының нормативті-құқықтық актілері. Оны жоғарыдағы органдар қабылдайды. Ол актілердің әрекеті (қыймылы) сол жердің көлеміне байланысты шектеледі. Оларға нормативті күші бар шешімдер, не муниципалитеттің, мэрлердің, әртүрлі мәселелер бойынша жергілікті сипаттағы қаулылары жатады.
  8. Ведомстволық нормативтік-құқықтық актілер бұйрық, нұсқау. Бірнеше елдерде басқару органдарының құрамындағы белгілі оргаңдар (министрліктер, ведомстволар) құқықтық шығармашылық функцияларымен шұғылданады, олардың заң шығаратын билігі, президентпен және үкіметпен рұқсат етілген. Бұл жалпы әрекеттеп нормативті-құқықтық актілер, тек шектеулі алдағы қоғамдық қатынастарға қатысты болады (кеден, банк, көлік, мемлекеттік — кредит т.б.).
  9. Ішкі ұйымдастыру туралы заңға — қосымша актілер. Бүл нормативтік актілерді өртүрлі үйымдар өздерінің ішкі мәселелерін реттеу мақсатында шығарады және сол ұйымдардың мүшелеріне ғана қатысты болады. Белгілі жоғарғы заңдылық күші бар актілердің қатарында, ішкі — ұйымдастырушылық актілер, әртүрлі қатынастарды, нақты мемлекеттік мекемелердің, өндірістердің, әскери бөлімдердің қызметіңце туындайтын мәселелерді реттейді. Қазіргі мемлекетгердің нормативтік-құқықты актілер жүйесі біркелкі емес. Бұл мемлекеттік басқару нысандарының ерекшеліктерімен, әр елдің көп ғасырлық әдеттерімен, ұлттық және басқа факторлармен түсіндіріледі. Дегенменде, көптеген нормативтік-құқықтық актілер жүйесі заңдылық күші бар актілердің деңгейлік белгісіне сай құрылады. Төмендегі актілер қоғамдық өмірдің тұрақтылық мүдделері және оның үйлесімді ұйымдастырьшуы үшін жоғарғы органдардың актілергегі ұйғарымдарға сай болуы тиіс. Барлық қарама-қайшылықтар, заңға-қосымша актілердің бір-бірінің арасындағы қайшылықтар өркениетті мемлекеттерде заң шешеді, себебі олар ең жоғарғы занды күшке иелігі бар.

Нормативті-құқықтық актілердің заңды күштерінің деңгейі әртүрлі, бірақ солардың бойындағы нормалардың міндеттілігі барлықтарына, кімге олардың жарлықтарының қатынасы болса, абсолютгі түрде бірдей екеңдігін айтуымыз қажет. Осындай принципиальды ережелер құқықтық мемлекеттің негізгі қызметін құрайды.

Қоғамдық қатынастарды нормативті реттеуді басты және белгілеуші орынды заң алады. Заңға-қосымша актілер тек көмекші және талдаушы роль атқарады. Құқықтық мемлекетте, заң өзінің әрекетімен қоғамдық өмірдің негізгі жақтарын қамтиды, ол негізгі басты мүдделердің жеке адамның құқығымен бостандығының кепілі.

Сот билігінің актілері.

Сот органдарының шешімдері нормативтік сипатқа ие болады, тек соттың тәжірибесін біріктіру нәтижесіңде ғана, өзінің негізінде жекешелік, құқық-қолдану сипатында болады. Сот тәжірибесі құқықтың деректері болуға сол жағдайда жетеді, егер нормативтік ұйғарымдарда түсініксіздік қарама-қайшылық не белгісіздік болса, сот еріксіз түрде, құқық нормаларының мазмұнын нақтылауға не дәледдеуге, құқықтағы табылған жетімсіздікке байланысты жаңа нормаларды сол істі шешуге қолданады.

Заң: оның ұғымы және демократиялық мемлекеттегі ролі   [5, 155-163б.]

Заң – қазіргі заманда  мемлекеттің ең жоғары нормативтік  актісі. Ол  қоғамдағы ең  күрделі, маңызды мәселелерді, қатынастарды қамтиды. Заң қоғамдағы барлық  нормалардың атасы деуге болады. Заңның белгі – нышандары:

— заң парламентте немесе жалпы  халықтық референдумда қабылданады;

— заң  арнаулы процедура  арқылы қабылданады;

— заңды ешқандай  орган тексере, өзгерте  алмайды;

— заң  қоғамдағы  нормалардың  кіндігі, атасы.

Заңның  үстемдігі  арқылы қоғамдағы  заңдылық, тәртіп  қамтамасыз  етіледі. Заң арқылы қоғамның мүдде – мақсаты, мемлекеттік  билік, саясат  іс жүзіне  асады. Заң  арқылы адамдардың бостандығы  мен  құқықтары, демократияның  басқа да  талаптары қалыптасады.

Нормативтік актілердің әрекет етуінің шектері

Қоғамдағы сан  қырлы қарым – қатынастарды  реттеп,  басқаратын  нормативтік актілерді  заң  жүйесі  деп атайды. Бұл ресми  заң күші  бар құқықтық  нормалардың  қызметін үш  түрге  бөледі: нормативтік  актілердің  уақыты, нормативтік актілердің  кеңістігі, нормативтік актілердің  адамдардың қамтуы. Әр нормативтік  актінің  мазмұнында осы үш қызметтің  қайсысы бар  екенін  білуге  болады. Яғни  норманың қанша  уақытқа заңды күші  болатын, қандай  өлкелерге қолдануға  болады, қандай  мамандағы  адамдарды қамтиды? Міне осы  сұрақтарға  жауапты  норманың өзі береді. Өйткені норманың өзінде  іс — әрекеттің  шеңбері, кеңістігі және қандай  қызметтегі, мамандағы, жұмыстағы  адамдарға  тиісті  шығарылады, толық көрсетіледі.

Нормативтік актілердің  заңды күшінің  басталуы мен  аяқталуын, оның  қоғамды қамти ма және  адамдардың  қаншасын  қамтуын халық  жақсы білуі қажет. Оның  маңызы  өте зор. Сонымен осы үш мәселеге жеке – жеке тоқталайық:

Нормативтік актілердің  заңды   күшінің  уақыты – бұл  мәселені төрт  топқа бөліп  қарастырған жөн:

  • норманың заңды күшінің басталу уақыты;
  • аяқталу уақыты;
  • заңның кері күші;
  • жойылған норманың күші кейбір жағдайда сақталуы.

Норманың заңды  күшінің басталу  уақыты: кабылданған  немесе ақпаратта басылған күннен, норманың өзінде көрсетілген күннен  басталады. Кейбір нормаларда  басталу уақыты бірнеше түрге  бөлінеді: заңның әр  бөлімі немесе әр  бабы әр  уақытта басталуы  мүмкін, бұл  заңның өзінде көрсетілуі тиіс. Кейбір  нормада заңды күшінің басталуы бір  оқиғамен байланысты  болады, ол да көрсетіледі. Норманың заңды  күшінің  аяқталуы: уақыты бітсе, жаңа  заң қабылданса, заңды күші жойылса, заңды өмірге әкелген оқиға – себептер жойылса. Заңның  кері  күші — өмірде болған бір  оқиғадан  кейін қабылданып, күшіне  енген заңның  сол іске  қолданылуы. Әлемдегі  мемлекеттердің тәжірибесі  бойынша, заңның  кері күші  болмайды. Заңның  кері  күші  болады, егер сол жаңа  заңның өзінде  анық көрсетілсе. Жойылған  норманың заңды күшінің  сақталуы – жаңа  нормаға сәйкес қатынасты реттеп, бір жолға  қойғанша  біраз  уақыт болады. Осы кезде  ескі  заң  жойылса да өмірде  қолданылып  жатады. Жаңа   заң  жергілікті басқару органдарға жетпесе ескі  заңға сәйкес мәселе  қарала  береді – тек  жауапкершілік жеңілдейтін  болса.

Нормативтік  актілердің  заңды  күшінің кеңістігі – мемлекеттің  жоғарығ  басқару  органдарының  заңдары, нормалары қоғамның барлық  территориясына  заңды күші  болады, оны  орындау  барлық  жеке және  заңды  тұлғаларға сәйкес қабылданады. Кейбір  заңдар бір өлкеге немесе бірнеше  өлкеге  сәйкес қабылданады. Мұндай  заңның  күші  сол өлкелерде  ғана болады. Облыстық, аудандық, қалалық басқару  органдарының  қабылданған нормаларының заңды күші өз  әкімшілік – территориясында  ғана  болады.

Нормативтік  актілердің  заңды  күшінің  адамдарды  қамтуы. Мемлекеттің  құқықтық  нормалары толық өз елінің азаматтарын, осы  елде  тұратын шет  елдердің азаматтарын қамтиды. Бәрі өздері тұрған мемлекеттің  заңдарын, тәртібін  орындауға міндетті. Егерде заңдылықты, заңды бұзса жауапкершілікке тартылады. Мемлекеттің кейбір  заңдары барлық азаматтарды қамтымауы  мүмкін. Министрліктердің, ведомостволардың  нормативтік  актілері тек өз  жүйесіндегі азаматтарды қамтиды.

Адамдарды қамту  нормативтік  актілердің өзінде көрсетілуге тиіс: норма кімдерді, қандай территорияны, өлкені, облысты қамтиды, қандай мамандарға  қолданады. Басқа елдердің азаматтары  да өзіміздің  азаматтармен  тең  құқықты. Тек  олар сайлауға қатыса  және сайлана  алмайды, әскер қатарына шақырылмайды.

Нормативтік шарт құқық нысаны ретінде

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны.

Нормативті келісім құқық шығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын актілермен қатар қолданылуы мүмкін. Нормативті келісім халықаралық құқықта да маңызды роль атқарады.

Нормативтік – құқықтық акт мазмұны

        Қоғамдағы  құқықтың ең  күрделі  негізін құрайтын  нормативтік – құқықтық  актілер. Бұл  жүйеге  қоғамдағы  қатынастарды ретеп, басқарып отыратын  нормативтік актілердің басым көпшілігі кіреді. Құқықтың  басқа негіздері (әдет – ғұрып, мораль, діни т.б. нормалар) жалпы  мемлекеттік  қатынастарды реттеп, басқара  алмайды, тек  нормативтік  актілерге  қосымша  күш  ретінде жұмыс атқарады.

Нормативтік  актілер қоғамның, жеке адамдардың мүдде – мақсатын іске  асыратын экономикалық, саяси, әлеуметтік, ұлттық, халықаралық қатынастарды  реттеп, басқарады. Көне  дәуірде  нормативтік актілер тек  мемлекеттік қатынастарды  ретеп, басқарып отырды. Қазіргі  кезде әлемдегі  барлық мемлекеттерде құқықтық нормалар қатынастарды  ретеп, басқарудың  басым  түріне  айналып отыр. Өйткені  қоғамда  мемлекеттік  билікті  іске  асыруда, демократияны  дамытуда, құқықтық  мемлекетті қалыптастыруда  нормативтік  актілер  ең  шешуші  рөл  атқарады.

Нормативтік – құқықтық  актілердің  мазмұнының сипаттамасы:

  • Бұл актілерді мемлекеттің  билік өкілеттігі  бар органдары қабылдайды. Қабылдаудың  заңды  тәртібі болады. Оны  орындау  міндетті.
  • Бұл процесте мемлекеттің  егемендігі іске  асып отырады. Оның  маңыздылығы қабылданған нормативтік  актілерден  көруге болады.
  • Нормативтік актілердің мазмұны құқықтық  нормалармен  сәйкес, дәлме – дәл болуға тиісті. Өйткені  мемлекеттік  органдар акті деген  атпен  әртүрлі  мағынада  құжаттар  шығарып жатады.
  • Нормативтік актілер заңды  бөлу  үшін міндетті  түрде тиісті  нысанда шығарылады. Онда барлық  реквизиттері көрсетілуі қажет.

Нормативтік актілердің  өмірге  келуі, дамуы, өзгеруі, жаңаруы  объективтік процесс.   Оның негізгі  себептері: қоғамның экономикалық  базисының  өзгеруі, соған сәйкес қоғамның саяси, әлеуметтік, мәдени, таптық  мүдде – мақсаттарының  өзгеруі.

Бұл объективтік өзгерістер өмірге субъективтік  өзгерістерді  қалыптастырады:

— мемлекеттік  билік дамып, жаңарады;

— мемлекет  пен құқықтың функциялары  өзгеріп, нормативтік  актілерді дамытады;

— құқықтық  қатынастар прогрестік өзгерісте болады;

— рухани сана – сезім, білім дамиды.

Қоғамдағы  осы  объективтік және  субъективтік  өзгерістерді реттеп, басқару  үшін нормативтік  актілер  үнемі  үзіліссіз даму процесінде  болады. Бұл  процестің сапалы  дамуын қамтамасыз  ету үшін:

— құқықтық  шығармашылықтың  сапасын  жақсарту;

— лауазымды  тұлғалардың  кәсіпқойлығын, білімінғ тәжірибесін  көтеру;

— мемлекеттік  тұлғалардың  қызметінің сапасын  жақсарту.

Нормативтік – құқықтық  актілер – ресми заңды  нормативті  мемлекеттік күші  бар нормалар.

Нормативтік  актілер  мемлекеттік  билікті, саясатты орындайтын, қоғамның халықтық  мүдде – мақсатын іс  жүзіне  асыратын ең сенімді, шешуші  құрал. Оның құқықтың  басқа  негіздерінен  ерекшелік  белгі – нышандары:

— нормативтік  актілер  мемлекеттің өкілетті  органдарының  бекіткен немесе жалпы  халықтық  референдумда қабылданған нормалар;

— нормативтік  актілердің  мемлекеттік күші  бар құжаттары ерікті орындалмаса, оны  еріксіз орындату мемлекеттік органның міндеті;

— нормативтік  актілер ресми  түрде: заң, қаулы, жарлық, ереже т,б.  болып  шығады, олардың  заңды нысандары болады;

— нормативтік актілер  жалпы  қоғамдық, күрделі  қатынастарды реттеп, басқарады.

Нормативтік актілердің  түрлері:

— заңды күшіне  қарай нормативтік  актілер екі  топқа  бөлінеді: заңдар  және  заңға тәуелді нормалар. Мемлекеттің  дәрежесі  жоғарылаған  сайын нормативтік  актілердің де  заңды  күші жоғарылай  береді;

— нормативтік  актілердің мазмұнына  қарай бірнеше  түрге бөлінеді: өндірістік, шаруашылық, әлеуметтік, мәдени т.б. қоғамның салаларына сәйкес;

.

— нормативтік  актілердің іс — әрекетінің шеңберіне қарай үш  түрі  болады: қоғамдық  іс — әрекеттер, шектеулі  іс — әрекеттер, төтенше  іс — әрекеттер;

— субъектілеріне қарай нормативтік  актілер үш топқа  бөлінеді: заң  шығарушы органдардың актісі, заңды орындайтын органдардың  актілері, сот жүйесінің актілері.

Нормативті-құқықтық акт — қазіргі мемлекеттердің негізгі деректердің бірі. Оңда көптеген жеке адам туралы маңызды көзқарастар оның мүдделері, қоғамдық қатынастардың қажеттіліктері көрсетіледі. Басқа құқық деректері (құқықтық дәстүрлер, соттық және әкімшілік прецеденттер) жалпы реттеушілік маңыздылыққа ие емес. Олар жекелеген, көмекші, не қоғамдық қатынастарды реттеудегі толықтырушы рольдеріңде болады.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.