Нормативтік – құқықтық актілерді талқылау

Главная » Рефераттар » Нормативтік – құқықтық актілерді талқылау

1.1  Талқылау түсінігі және қызметтері. Құқық нормасын талқылау  құқықшығармашылық үрдісінде құқықты  жүйелеуде және  тіпті құқық  қолдануда  маңызды орыннға ие. Құқықты қолданудан  бұрын  оның мағынасын ұғыну керек. Ал кей жағдайда  түсіндіру қажет. Құқық нормаларын талқылау – барлық құқық  субьектілері (мемлекеттік өкілетті органдар, қоғамдық  бірлестіктер және  жеке  азаматтар)  құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру.

Құқықты талқылаудың қажеттілігі неде  деген сұрақ туындайды.

  1. Заңды нормалардың абстрактісімен байланысты. Құқық нормасы жалпы сипатта. Сондықтан нақты оқиға  осы  норманың  әрекетіне сәйкес келе ме, жоқ па дегенді нақты түсіндірген жөн.
  2. Құқық шығармашылық үрдісінің жеткізіліксіздігі. Заң шығармашы барлық құқық нормаларды нақты және ұтымды құрастыра алмайды. Құқық нормасының мағынасын нақты ұғыну қажет.
  3. Арнайы терминдерді түсіндіру қажеттілігі.

Құқық нормасын  талқылау үрдісі  өзі екі жеке дара  сатыдан тұрады: ұғыну және  түсіндіру. Ұғыну-норманың мазмұнын «өзін үшін» сезіну түсіну үрдісі. Түсіндіру-игерген құқық норма мазмұнын басқаларға  жеткізу, түсіндіру үрдісі. Түсіндіру тек  қарапайым таным үшін емес құқық нормасын зерттеу және  құқық нормасын іске асыру мақсатын көздейді.

.

Құқық нормасының мағынасын әдістер (тәсілдер) мен талқылау көлемі арқылы ұғынады.

Құқық нормаларын талқылау – құқық актілерінде орын алатын құқық нормаларының мазмұнын ұғыну және түсіндіру.  Талқылау барысында нормативті нұсқаудың мазмұны, олардың әлеуметтік бағытталғандығы, құқықтық реттеу жүйесіндегі ролі мәселелері шешіледі. Талқылау заңдық нормалардың абстрактілігіне, арнаулы терминологияға, құқық шығармашылық әрекеттің ақаулығына байланысты қажет. Құқықтық нормаларды талқылау әрекетінің мақсаты заңдық нұсқауларды біртектес дұрыс түсінуді және оларды орынды қолдануды қамтамасыз ету болып табылады.[2,23-б.]

Талқылаудың екі жағы танылған:

  • мазмұнын субъектінің өзінің ұғынуы;
  • өзгелерге түсіндіруі.

Ішкі интеллектуалды процесс ретіндегі норма талаптарын ұғыну мен құқық мазмұны туралы өзіндік тұжырымдарын құқықтық актіні қалай түсіну қажеттігін көрсету мақсатында сыртқа шығару құқықты талқылау ұғымына бірігеді. [2. 52-54б.]

Құқықты талқылау мәселелері құқық қолдану мен құқықты жүзеге асыру көлемінен асып кетуде. Себебі, ол мемлекеттік — құқықтық өмірді ғылыми және кәдуілгі тану процессінде дербес мағынаға ие. Сондай-ақ, қолданыстағы құқықтың мазмұны туралы нақты түсініктің болуы құқықшығармашылық әрекетінің барысында да аса қажет. Онсыз жаңа құқықтық акт қабылдау немесе бар актілерді жүйелендіру мүмкіндігі болмай қалады.

Талқылау объектісі болып заңдар және заңға бағынышты актілер саналады. Оларда бекітілген нормалар ғана емес, актілердің преамбуласы да, өзге де бекітілген ережелері маңызды болып табылады.

Талқылау пәні заңда көрініс тапқан заң шығарушының тарихи еркі танылады. Заңды қолдану уақытындағы заң шығарушының да еркі ескеріледі, себебі талқыланған актілерден кейінгі шығарылған құжаттарда алдыңғы актінің мазмұны тікелей немесе жанама түрде бұзылуы мүмкін. Әрине, бұндай жағдай заңдылықтың қатаң режимі сақталған және құқықтық тәртіп орнатылған жағдайда орын алуы тіпті де мүмкін емес

1.2  Құқық нормаларын талқылау тәсілдері (әдістері)

 Талқылау әдісі дегеніміз құқық нормасының  мазмұнын анықтауға бағытталған амал, құрал, тәсілдердің жиынтығы.

Келесі әдістерді бөліп көрсетеді:

  1. 1. кез келген құқықтық акт заң шығарушының ойын сөзбен өрнектейді. Грамматикалық әдісі (тілдік) – тіл заңдылықтары, грамматика ережелері,  орфография көмегімен талқылау;

2.Логикалық – логика  заңдылықтары  мен ережелері  көмегімен талқылау;

  1. 3. Жүйелік-құқық нормасының өзге нормаларымен жүйелік байланысын анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу;
  2. тарихи-саяси нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру;
  3. 5. арнаулы заңдық- заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын ашу арқылы талқылау.

Талқылаудың  нәтижесі мәтін  мен заңды нормалардың нақты  мазмұнын қатынастарына  байланысты  әр түрлі болуы мүмкін. Осы қатынастан  шыға келе, көлемі бойынша  талықлаудың үш түрі  бар:

  1. Сөзбе сөз- құқық  нормасының  мағынасымен оның  мәтіндік  көрінісінің мағынасы дәлме дәл  сәйкес келуі; мысалы, Парламент-Қазақстан Республикасының заң шығару қызметін  жүзеге  асыратын ең жоғарғы өкілді  органы;[14, 166-б.]
  2. Шектеулі құқық  нормасының нақты  мағынасы оның мәтіндік көрінісі болып  табылған  кезде   қолданылады; мысалы, «Балаларына қамқорлық жасау — ата-анасының парызы» деген  конститутциялық нормада  кәмелетке толмаған  балалар  туралы  айтылуы;
  3. Таралушықұқық нормасының нақты  мағынасы оның  мәтіндік көрінісінен кең  мағынаға ие болған жағдайда; мысалы, сот  тәуелсіз  және заңға ғана  бағынады- деген жерде «заң» терминіне тек заңды  ғана  емес басқа да  сот жетекшілік ететін  құқықтық-нормативтік актілерді (Констиутциялық кеңес пен Жоғарғы соттың нормативтік қаулыларын ) түсіну керек.

Талқылау тәсілдері құқықтық актілерді талдау әдістерінің салыстырмалы ерекшеленген жиынтығы. Оның мынандай түрлері бар:

— грамматикалық (тіл заңдылықтары, грамматика ережелері, орфография көмегімен талқылау);

— логикалық (логика заңдылықтары мен ережелері көмегімен талқылау);

— жүйелік (құқық нормасының өзге нормалармен жүйелік байланысын анықтай отырып, оның нақты орнын ескере отырып шешу);

— арнаулы заңдық (заңнамада қолданылатын заңдық терминдердің мазмұнын ашу арқылы талқылау);

— тарихи — саяси (нақты құқықтық норманы қабылдаудың саяси және нақты тарихи астарын анықтай отырып түсіндіру).

Құқық нормаларын талқылау барысында талқылау актілері қабылданады. Оған мынандай белгілер тән:

  • заң нормасы мазмұнын түсіндіру қызметін атқарады;
  • нормативті емес, нақтыландырушы нұсқаулардан тұрады;
  • дербес маңызы болмайды, талқылау жасалынып отырған актілермен бірге қолданылады;

—     құқық нысаны немесе қайнар көзі бола алмайды.[3 ,97-105б.]

1.3  Талқылау түрлері және субъектілері

Құқық нормасын талқылау үрдісі өзі екі жеке дара  сатыдан тұрады: ұғыну және түсіндіру. Ұғыну — норманың мазмұнын «өзін үшін»  сезіну түсіну  үрдісі. Түсіндіру — игерген құқық норма  мазмұнын басқаларға жеткізу, түсіндіру үрдісі. Түсіндіру тек қарапайым таным  үшін емес құқық нормасын зерттеу және  құық нормасын іске асыру  мақсатын  көздейді.

.
.

Талқылау субъектілері деп құқық нормасының мазмұнын түсіндіруге заңмен, арнаулы құзіретті органдардың өкілеттілігімен рұқсат етілген құқық субъектілерін айтамыз. Құқықты талқылаудың түрлеріне байланысты талқылау субъектілері де әртүрлі болады. Кәдімгі талқылау субъектісі ретінде кез келген адам танылатын болса, кәсіби талқылаудың субъектілер заң мамандары болып табылады. Ал, ресми талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Конституциялық Кеңес пен Жоғарғы Сот Кеңесіне берілген. Конституциялық Кеңес Парламент қабылдаған заңдарды, халықаралық шарттарды бекіткенге дейін  Конституцияға сәйкестігін қарайтын, дау туған жағдайда Республика Президентінің, Парламент депутаттарының сайлауын өткізудің және республикалық референдум өткізудің дұрыстығы туралы мәселені шешетін, Конституция нормаларына ресми түсіндірме беретін арнаулы мемлекеттік орган болып табылады. Жоғарғы Сот Кеңесі соттардың қарауындағы істерге байланысты талқылау жасауға құқылы.

Талқылау субъектілеріне байланысты екі топқа жіктеледі: ресми және биресми. Ресми талқылау – құқық нормаларының мазмұнын арнаулы заңдық нәтиже туғызатын актілерде арнаулы мемлекеттік органдардың түсіндіруі. Ресми талқылау нормативті және казуалды болып бөлінеді. Нормативті түсіндіру біртектес барлық істерді шешу барысында міндетті болатын, жалпы сипаттағы түсіндірме. Оның өзі екіге бөлінеді: аутентикалық және легалдық. Аутентикалық талқылау деп  нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруін айтамыз. Легалдық талқылау — басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет органдарының талқылауы. Казуалды түсіндіру нақты істі қарау кезінде міндетті болатын түсіндірме. Қазақстан Республикасында заң актілерін талқылау құқығы Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне және сот органдарына берілген.

Биресми талқылау деп заңды міндеттілік күші болмайтын, талдау тереңдігімен, сенімділігімен және негізделгендігімен сипатталатын құқық нормаларын талқылаудың бір түрін айтамыз. Ол үшке бөлінеді: доктриналды, кәсіби және кәдімгі талқылау. Кәдімгі талқылау – құқықтық нормаларды әрбір жеке азаматтың өзінің білім деңгейіне және жеке сенімдеріне сәйкес түсіндіруі. Кәсіби талқылау деп құқықтық арнаулы білімі бар мамандардың өз қызметін жүзеге асыру барысында беретін құқық нормаларына түсіндірмесін айтамыз. Доктриналды талқылау – монографияларда, ғылыми еңбектерде және тағы басқа құқық нормаларын ғылыми саралау кезінде жүргізілетін талқылау.

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.