Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу

Главная » Рефераттар » Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу

Нормативтік-құқықтық актілерді жүйелеу: түсінігі және түрлері. Заң шығару жүйесі жүйе болып қалуы үшін (қажетті және жеткілікті элементтерінің жиынтығына ие болуына ішкі жағынан келісімді, қарама-қайшылықта болмауына) жұмыстарының жөнді болуына, сонымен бірге, жетілдірілуіне және дамуына ең қажеттісі арнайы процестердің тоқтаусыз ықпалы болуы керек. Жүйелеу — бұл бекітуге және нормативтік материалдарды сырттай және іштей жөндеу арқылы жетілдіру, мақсаты заң шығару жүйесін қолдау және қүқық субъектілерін қажетті нормативтік-құқықтық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады.

Жүйелеудің қажеттігі сонда, ол жаңа нормативтік-құқықтық актілерді шығаруға арналған тоқтаусыз процестермен қамтамасыз етілген, уақыт өткен сайын, кейбір актілер өзінің күшін жоғалтады, ескіреді, заңды ұйғарымдардың арасындағы қарама-қайшылық көбейе түседі, т.с.с.

Жүйелеудің тәжірибелік маңызын 1833 ж. М. М. Сперанский нықтап көрсеткен (ол Ресейде ғана емес, Еуропа бойынша ең белгілі кодификатор (кодекс шығарушы). Оның айтуы бойынша, «Заңдарды бір құрылымға жинау — мемлекетке қажеттіліктің бірі». Ол жүйелеудің заң ғылымдарына маңыздылығын айтқан. Казіргі юриспруденция негізінен үш жолды түрдегі жүйелеуді пайдаланады — инкорпорация, консолидация және кодификация.

Инкорпорация — жүйелеудің түрі (жолы), онда нормативтік-қүқықтық актілер сыртқы өңдеуге түседі (не жалпы жағдайда, ондайға түспейді) — алфавитті (қаріпті), хронологиялық, жүйелілік (пәнділік) және белгілі тәртіпте бір қосылымда, не болмаса басқа басылымда орналасады. Инкорпорацияға мынандай сипаттар тән:
1) ол арнайы ретінде, сол сияқты арнайы емес ретіндегі сипатта болады;
2) инкорпорацияның субъектілеріне мемлекет органдары, қоғамдық үйымдар және жекелеген адамдар жатады;
3) инкорпорация нормативті мазмүндағы актіге тиіспейді: қүқық нормалары жүйелеу кезіндегі әрекеттеріндегідей сол күйінде инкорпорацияға айналады;
4) нормативтік-актілер қүқықтық-шығармашылық органдарымен қалай, қай түрде қабылданса, сол күйінде инкорпорацияға айналады, сыртқы өңдеуге түседі;
5) сыртқы өңдеу дегеніміз:
а) мәтіннен күшін жоғалтқан жекелеген баптар, пункттер, абзацтар алынып тасталып, жаңа өзгертулер (актінің шыққан кезінен бастап) енгізіледі;
ә) нормативтік ұйғарымдары жоқ бөліктері алынып тасталады;
б) инкорпорация нәтижесінде заңдар жинағы, басқа нормативті актілер басылып шығады.

Кодификация — жүйелеудің түрі (жолы), ол құқықтық-шығармашылық сипатта болады және жаңа нормативтік-қүқықтық жинақты шығаруға бағытталған (заңдар негізін, кодексті, т.б.). Ол негізгі әрекеттегі заңдарды өңдеу арқылы жүргізіліп, белгілі әлеуметтік аяның, ішкі келісілген бірлікті қамтамасыз ету мақсатында.

Кодификациялауға мынандай сипаттар тән болады:
1) ол өте қиын және жетілген жүйелеудің нысаны;
2) шынында ол қүқықтық-шығармашылықтың түрі, себебі коди-фикацияның объектісі ретінде тікелей қүқық нормалары көрінеді;
3) кодификациялауды әр уақытта тек міндетті мемлекеттік органдар ғана, конституциялық не басқа заңды өкілеттіліктің негізінде іске асырады;
4) инкорпорациядан айырмашылығы, ол түрақты сипатта болады, әр кездерде жүргізіледі және оның нәтижесі үзақ уақытқа белгіленген;
5) кодификация жүргізу құқықтық реттеуге жаңалық элементтерін кіргізеді (бүл әр уақытта «қүқықтық реформа» сияқты) және ондай жағдай үлкен әлеуметтік қайта құрылымдармен байланысты.

Загрузка...

ОСТАВИТЬ КОММЕНТАРИЙ

Лимит времени истёк. Пожалуйста, перезагрузите CAPTCHA.